Түркілер және олардың өмір сүру салты

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Түркілер және олардың өмір сүру салты

Материал туралы қысқаша түсінік
Түркілер және олардың өмір сүру салты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Дүниетану

Орта мерзімді жоспар бөлімі:

5-тарау «Өнер»

Күні:06.02.2019ж

Сынып: 3 «Б»сынып

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні: Қарауылбаева А Қ

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Түркілер және олардың өмір сүру салты

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу

мақсаты

3.3.2.1 түрлі материалдарды зерделеу арқылы түркілердің өмір салтын анықтау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: ежелгі түріктердің өмір салтын анықтайды

Көптеген оқушылар: Қазақстанның ресми, бейресми рәміздерінің маңызын түсіндіреді

Кейбір оқушылар: тарихи және мәдени ескерткіштерін қорғаудың маңыздылығын айта алады.

Бағалау критерийлері

Оқушылар :

-ежелгі түріктердің өмір салтын анықтайды

-өнердің адам өміріндегі рөлін анықтайды

-Қазақстанның ресми, бейресми рәміздерінің маңызын түсіндіреді

-тарихи және мәдени ескерткіштерін қорғаудың маңыздылығын айта алады.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

ЮНЕСКО

Мәдени мұра

Әлемнің жеті кереметі

Қазақстанның ресми және бейресми

рәміздері

«Алтын адам» «Бәйтерек», «Мәңгілік ел» салтанатты қақпасы

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Талқылауға арналған сұрақтар:

-ЮНЕСКО деген не?

-Қазақстанның қандай бейресми рәміздерін білесіңдер?

-Қазақстанның қандай мәдени ескерткіштері бар?

Жазуға берілетін тапсырмалар:

-«Қазақстанныңжеті кереметінің» тізімін жасау

-«Менің өлкемнің өнер адамдары» тақырыбына шығарма жазу

-«Мен ежелгі түркілерде қонақтамын» тақырыбында әңгіме құрау

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Жаратылыстану, әдебиеттік оқу пәнінен алған мәдени мұралар мен тарихи ескерткіштерді сақтау және қорғаудың маңыздылығы, ежелгі түркі халықтарының өмірі, көшпелі өмір салты мен отырықшы өмір салтының ерекшеліктері, Қазақстан халықтары мерекелері мен демалыс мәдениеті тақырыптары,өз ата тегінің шежіресі, спорт түрлері, ауа райының олайсыз жағдайларында өзін- өзі ұстау ережелерін туралы білімдерін қолданады.

Ойлау деңгейі:

Білу,түсіну,қолдану

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Денсаулық және

Техника қауіпсіздігінің сақталуы

Сергіту сәті мен белсенді іс-әрекеттерді орындаудағы қауіпсіздік

Ресурстар

жұмыс дәптері, қалам мен түрлі түсті қарындаш, стикер, кері байланыс парағы т.б

Бастапқы білім

Оқушыларда 1,2 сыныпта «Мен және менің отбасым» тарауларынан отбасы шежіресіжәне құндылықтары туралы түсініктері бар.3 сыныптың «Адамгершілік» тарауында жеке тұлғаның және отбасының дамуындағы еңбектің рөлі оқып талдаған.Ал, 3 сыныптың «Уақыт» тарауынан адамдардың көшпенді және отырықшы өмір салтының ерекшеліктері,ертедегі түркілердің өмірі туралы ,мәдени ескерткіштерді қорғаудың маңыздылығы туралы . түсінік қалыптасқан.Қазақстанның бейресми рәміздерінің бірі «Бәйтерек» монументтін сипаттай алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың

жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

«Гүлмен тілек»

Жұмыс ережесін келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты,дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

  • Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!

Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда)

«Барлық оқушылармен жұмыс»

ҚБ: Басбармақ арқылы бір-бірін бағалау.



«Гүлмен тілек» сергіту жаттығуы.


.

Барлық оқушыларға арналған сұрақтар

Сабақтың ортасы

Ширату тапсырмасы.

«Баяндама»

Мұғалім оқушыларға мәтінді оқуға ұсынады. Бұл «шпаргалканы» оқушы оң жағындағы көршісіне береді.

Көшпелі өмір дегенді қалай түсінесіңдер?

Белсенді оқу тапсырмалары(топта, ұжымда)

Оқушылар: Түркі дәуірінде қазақ даласында Тараз, Отырар, Сайрам және басқа да қалалар пайда болды. Түркілердің арасынан көптеген ұлы ғалымдар шықты. Мысалы, әл-Фараби және т.б Көшпелілер дөңгелектегі киіз үйдің орнына жиналмалы киіз үйді ойлап тапты. Ол киіз үйді санаулы сағаттардың ішінде бөлшектеп және жаңа жерге қайта құруға болатын.

«Біздің ұлы бабаларымыз Алтайдан Қара теңізге дейінгі Ұлы Даланы иемденіп жатты. Олар бізге өлмейтін батырлық эпостар мен үлкен рухани байлықтар қалдырды. Олар киіз үйді, қылышты, етікті, үзеңгіні, темір қорытуды ойлап тапты. Түркі академиясының құрамында түркі тарихы мен мәдениетін зерттейтін орталық құру керек».

Слайд көру және электронды қосымшадан тапсырма орындау.

Дескриптор:

ежелгі түріктердің өмір салтын анықтайды

ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.

Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау


Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,

толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.

Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,

толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.


Сергіту сәті

2мин

Сергіту сәті. Мен қазақпын.






Оқушылар би билеп сергіп қалады.

Сабақтың соңы


Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда)

Оқушылар «Тазалық» әдісі бойынша сабаққа кері байланысты ауызша айтты.





Оқулықтағы қосымша тапсырмалар.




«Тазалық» кері байланыс парағы



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.02.2019
3314
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі