3-секция: Гуманитарлық ғылымдарды оқытудың өзекті мәселелері
(Тарих)
Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің студенті А. Ибраев
ғылыми жетекшісі: PhD докторы, қауымдастырылған профессор
А. М. Садыкова
ерте ОРТА ҒАСЫРЛАРДАғы Түркілер мен корейлердің
ҚАТЫНАСТАРы тарихынан
Аңдатпа. Бұл мақалада Ұлы дала мен Корей түбегі тұрғындарының тарихи-мәден өзара байланыстары мен саяси қатынастары қарастырылады. Зерттеу нәтижелері орта ғасырларда түркілер мен корейлер тарихының тоғысуы мен тарихи оқиғалардың осы процестердегі рөлін көрсетеді.
Түйінді сөздер: Түрік қағанаты, Когуре, Ұлы дала, Корей түбегі, тарих, саясат, мәдениет.
Annotation. This article examines the cultural, historical, and political relations between the inhabitants of the Great Steppe and the Korean Peninsula. The results of the study show the deep cultural interaction of the turkic and korean peoples and the role of historical events in these processes.
Keywords: Turkic Khaganate, Goguryeo, Great Steppe, Korean Peninsula, history, politics, culture.
Аннотация. В данной статье рассматриваются культурно-исторические, политические взаимоотношения жителей Великой степи и Корейского полуострова. Результаты исследования показывают глубокое культурное взаимодействие тюркского и корейского государств и роль исторических событий в этих процессах.
Ключевые слова: Тюркский каганат, Когуре, Великая степь, Корейский полуостров, история, политика, культура.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін, 1992 жылғы 28 қаңтардан бастап Корей мемлекетімен дипломатиялық қатынастарды орнатып, саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты іске асыруда. Мысалы, 2022 жылдың елдер арасындағы мәдени алмасу жылы болып бекітілгені, 2006 жылы Йонъин қаласының Каннам университетінде Қазақстантану бөлімінің жұмыс істей бастауы, 2021 жылы Сеул қаласында Абай Құнанбайұлы мүсінінің ашылуы, т.б. ынтымақтастықтың бір көрінісі болып табылады [1]. Дегенмен, екі ел арасындағы қатыныстардың тарихы тереңде жатыр. Ұлы дала және Корей түбегі халықтары арасындағы өзара байланыстардың ертеде басталғанын тарихи деректер растайды.
Тарихнамаға үңілсек, аталған тақырып бойынша ортағасырлық тарихи деректер, шетелдік және отандық зерттеушілердің бірқатар еңбектері белгілі.
Қызығушылық тудыратын еңбектердің бірі – «Самгук Саги» – корей тарихшысы және қоғамдық қайраткері Ким Бусик (1-cурет) жазған үш патшалық кезеңінің хроникасы. Еңбек ХII ғасырдың басында жазылғанмен, оған Корей түбегінде құрылған алғашқы мемлекет кезеңінен бастап тарихи оқиғалар туралы мәліметтер енгізілген. Оның ішінде б.з.д. I ғасырдан бастап б.з. IX ғасырына дейінгі Корей түбегі және оның маңындағы оқиғалар сипатталады. Еңбек көне корей мемлекеттерінің тарихы туралы бүгінге дейін жеткен ең ежелгі тарихи дерек болып саналады [2; 3; 4].
«Самгук Саги» туралы еңбек жазған А.Ф. Троцевич өзінің «Некоторые особенности структуры «Исторических записей о трех государствах» («Самгук Саги») как литературного памятника» мақаласында Ким Бусик өмір сүрген заманға дейін Кореяда тарихнамалық дәстүрдің қалыптасқанын және Ким Бусиктің бұрынғы корей және қытай тарихи жазбаларын кеңінен қолданғанын, материалды сұрыптап, оны тарих пен қоғамға және ондағы тұлғаның рөлі мен орнына деген конфуцийлік көзқарастарға сәйкес құрастырғанын атап өтеді [5, 79-81].

1-сурет. Ким Бусик портреті.
«Самгук Саги» немесе «Үш мемлекет тарихы» кітабының (2-cурет) [6] біз үшін құндылығы – онда ерте ортағасыр кезеңіндегі Түркі қағанаты мен Когуре патшалығының өзара байланыстарына қатысты деректер сақталған. Екі ел арасындағы байланыстардың 551 жылы басталғаны жазылған: «Тоғызыншы айда Түрік қағанаты (突闕) Шинсонқа басып кіріп, оны қоршап алды. Жеңілістен кейін олар Пэкамнсонгқа қарай жылжып, оларға шабуыл жасады. Монарх өз генералы Кохыльді Түркі қағанатының әскеріне қарсы тап беру үшін он мыңдаған әскермен жіберді. Өлгендер мен тұтқындалғандардың саны 1000 адамнан асты» [7, 363-367].

2-сурет. «Самгук саги» кітабынан үзінді.
Кеңестік кезеңде Корея тарихындағы мәселелерге қызығушылық байқалды. «Самгук саги» орыс тілінде жарияланды. Бұдан бөлек, Корея тарихына қатысты бірнеше зерттеулер жарық көрді [8].
1953 жылы Ю. В. Ионова «Корейская деревня в конце XIX — начале XX в. (историко-этнографический очерк)» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады [9]. 1974 жылы Ресей Ғылым Академиясының Шығыстану институты дайындаған «Корея тарихы (Ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейін)» атты екі томдық ұжымдық еңбек жарық көрді. Корей халқының этногенезі мен этникалық тарихын қарастыратын Р.Ш. Жарылғасинованың «Древние когуресцы» еңбегі шықты [10]. Сонымен бірге, Кореяның ежелгі тарихын қарастырғандардың қатарында Ю.М. Бутин [11; 12], М. В. Воробьёв [13], Е И. Деревянко [14] бар. Кеңес және ресейлік түркітанушы Л.Н. Гумилевтың «Көне түріктер» еңбегі де құнды мәліметтер береді [15].
Шетелдік зерттеушілерден корей ғалымдары Лю Ёник [16], Син Хёнсик [17], Ли Гибэк [18], Мионг Сун Ок [19], У. Чвэ Хан [20], Но Тэ-дон [21] Корей тарихын, корей халқының шығу тегі мен көшпелі мәдениетін, Орталық Алтай мен Когуре мемлекеті мен Түрік қағанаты арасындағы қатынастар тарихын қарастырып, талдаған.
Отандық тарихшылардың ішінде ерекше атап өтетініміз Н. М. Оспановтың зерттеулері. Автор мақалалары Түркі қағанатының ерте ортағасырлық корей мемлекеттерімен тарихи байланыстары мен мәселенің тарихнамасына арналған [7; 22]. Қазақстандық ғалым Т. Пак корей және қазақ халықтарының салт-дәстүрлерін салыстыра зерттеген [23].
Л. Гумилев пен А.П. Деревянко Ұлы дала мен ортағасырлық корей тайпалары арасында тарихи байланыстардың орын алғанын алға тартады. Мысалы, А.П. Деревянко тұңғыс-манчжур тайпаларының этногенезінде маңызды рөл атқарған мохе тайпаларының көрші түркі, корей және қытайлармен байланысы туралы жазады [14, 187]. Ал, Р.Ш. Джарылгасинова Дала аумағын мекен еткен көшпелі тайпалардың Корей түбегінің солтүстігіндегі Тэдон мен Чхончхон өзендері бойына қоныс аударып, сол жердегі жергілікті тайпалардың ер-тоқым және ат әбзелдерін жасау ісін дамытуға үлес қосқанын хабарлайды [10]. Дамыған ат әбзелдерін 3-cуреттен көруге болады [24].

3-сурет. Дамыған ер-тоқым және ат әбзелдері.
Корейлік ғалым Чхвэ Хан У пікірі бойынша, корей халқының ата-бабалары алтайлық болып табылады. Яғни, біздің заманымызға дейін Сібір аумағын мекендеген ежелгі тайпалар кейін Корей түбегіне ауған. Моңғолияның солтүстігі мен Алтай маңындағы тайпа топтары Корей түбегіне, Манчжурияға ауысып, сол жердегі тайпаларымен араласып, кейін корей халқы болып қалыптасқан [20]. Мионг Сун Ок те корейлердің протоалтайлық шығу тегі туралы пікірді қолдайды.
Жоғарыда аталған деректерден басқа Ұлы дала аумағы мен Корей түбегі тайпаларының байланысын корей тайпаларының түркілерден жебенің ұштары мен жерлеу элементтерін жасау техникасын қабылдауы фактісі де дәлелдей түседі [19].
Деректердің бірінде Түрік қағанатының тарихи сахнаға шығуы ортағасырлық Когуре мемлекеті үшін қауіп төндіргені айтылса [25, 113-б], енді бірінде 607 ж. Когуре елінің өз жауларына қарсы сяяси одақтастық жасасу мақсатында Шығыс Түрік қағанатына елшілік жібергендігі хабарланады [14, 69].
Н. М. Оспанов өз мақаласында Но Тэ Донның еңбегі мен жазғанына сүйеніп, Күлтегін мен Білге қаған жазбаларында кездесетін Бокли мемлекетін атап өтіп: «<...> Бокли есімі халықаралық академиялық топтардың назарын Түркіттер мен Когуре арасындағы байланысты көрсететін таспен жазылған маңызды жазба ретінде аударды», – деп келтіріп, ары қарай: «<...> Когуре Түрік қағанатында «Мэк» деген атпен танымал болған деп санайды. Тиісінше, «Бокли» елі, «Мэк ел» немесе «Бок елі» деп аударылды», – деп түйеді [7, 363-364].
Ли Ги Бэк өз кітабында YI ғасырдың соңына қарай когурелықтардың түркілермен одақтасып, Суй әулетіне қарсы тұруға ұмтылғандығы айтылады [18, 75].
Саяси тарихтан бөлек, екі ел тарихын байланыстырған бағыттардың бірі – мәдени өзара ықпалдасуы. Елімізде табылған алтын жәдігерлердің кескіндері Силла мемлекеті кезеңінде қолданылған әшекейлермен ұқсас. Сонымен бірге корей тарихи деректерінде Кочосон халқының ғұндармен бауырлас екені жазылған [26].
Екі халықтың тілдік жағынан ұқсастықтары да бар. Зерттеушілердің айтуына сүйенсек, екі елдің сөздік қорында 300-дей сөздер ұқсас келеді. Мысалы, «катал-қатал (требовательный)», «чагын-шағын (маленький)». Қазақтың «тәңір» деген сөзі құдай дегенді білдіросе, корей тілінде «таңғұн» деген сөз «ру басы» деген мағына береді. Және корей патшалығы Кочосонның бірінші асатанасы «Асадал» аталған, ол еліміздің ордасы «Астана» атауымен ұқсас [26]. «Боран-нун бора», «шәй-ча» болады.
Екі тілде де «Сәлеметсіз бе?» деген сәлемдесу сөзі сөзбе-сөз «Сіз амансыз ба?» немесе «Сіздер жақсысыздар ма?» деген сұрақты білдіреді.
안녕하세요? (аннён хасэё) – Сәлеметсiз бе?
Дәл сол сияқты, қоштасу сөзі «Қош болыңыз!» сөзбе-сөз «Сау болыңыз!» немесе «Денсаулығыңыз жақсы болсын!» деп аударылады.
안녕히 계세요 (аннёни кесэё) – Сау болыңыз!
Сөйлем құрылымы да ұқсас. Мысалы, «Мен кітап оқимын-Чонын чегыль ильгоё», яғни бастауыш-объект-етістік тәртібіне негізделген.
Түрік қағанаты мен корейлік ортағасырлық мемлекеттер арасындағы екіжақты қатынастардың орын алғанына қатысты тағы бір дәлел – 1965 жылы Өзбекстанның Самарқанд қаласы маңында табылған Афрасиаб патшалық сарайының қабырға суреттері (4-cурет) [27].

4-сурет. Афрасиаб патшалық сарайының қабырға суреттері.
Конгук университетінің профессоры Го Ги Сок 2001 жылғы қазба жұмыстарының нәтижесінде корей және қазақ халқының антропологиялық тұрғыдан ұқсастығын дәлелдеген [26].
Салт-дәстүрлерінде де ұқсастық кездеседі. Қазақ халқында тұсаукесер болса, корейлерде ұқсас дәстүр бар. Корей халқында ол Толь немесе Тольджанчхи (1 жасқа толуы) тойы. Бала туған күннен бастап оның болашағы анықталады деген сеніммен бйаланысты. Таңертең баланы жарқын ұлттық киім ханбокқа киіндіреді де, оны әжесі немесе атасымен бірге дастарханға отырғызады. Дастарханға күріш, күріш нан – тток, қызыл бұршақ, қайшы, жіп пен ине салынған катушка, қалам, кітап және ақша қойылады. Қазақ халқындағыдай, әрбір заттың өз мағынасы бар. Күріш пен нан үйдегі берекені, қызыл бұршақ – денсаулықты, қайшы мен жіп пен инені қолданбалы өнерге деген қабілетті, кітап пен қалам – білімді, ақша – байлықты білдіреді. Ертеден бері ата-бабаларымыз неғұрлым көп тамақ таратылып, қонақтар неғұрлым көп жесе, соғұрлым той иелері үшін жақсы болады деп есептеген. Сыйлық ретінде келген қонақтар ақша әкеледі, ал баланың жақын туыстары оған алтын әшекейлер сыйлайды, бұл баланың болашағына деген өз үлестерін қосу болып саналады [23].
Сонымен, жоғарыда келтірілген деректерден көретініміз, екі халық арасындағы байланыс тарихы ертеден басталған. Екеуі де көшпеді өркениет өкілдері және Алтай өңірімен балданысты. Корей және қазақ тілдерінің тамыры бір алтайлық тілдік топтан деп жорамалданады. Сонымен бірге, антропологиялық ұқсастық тағы бар. Осы орайда отандық зерттеулер қорының толығуы тақырыптың терең әрі жан-жақты зерттелуіне септігін тигетіні анық.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы қатынастар [Электрондық ресурс] // https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/article/details/453?lang=kk (жүгіну уақыты: 2.04.2025).
2. Kim Pusik. The Koguryo Annals of the Samguk Sagi/ translated by Edward J. Shultz and Hugh H.W. Kang. – Seongnam: The Academy of Korean Studies Press. – 301 p.
3. Ким Бусик. Самгук саги [Электронный ресурс]. Режим доступа: https://library-koresaram.com/shop/product/kim-busik-samguk-sagi (дата обращения 18.02.2025).
4. Место «биографий» (Ёльчон) в «исторических записях трех государств» Ким Бусика [Электронный ресурс]. Режим доступа: https://www.vostlit.info/Texts/Dokumenty/Korea/Kim_Busik/Tom_III/framevved.htm (дата обращения 20.02.2025).
5. А. Ф. Троцевич. Некоторые особенности структуры «Исторических записей о трех государствах» («Самгук Саги») как литературного памятника // Письменные памятники и проблемы истории культуры народов Востока. Тезисы докладов III годичной научной сессии ЛО ИНА. – Ленинград, 1967.
6. Самгук саги (фото) [Электронный ресурс]. Режим доступа: https://commons.wikimedia.org/w/index.php?curid=12600532 (дата обращения 1.04.2025).
7. Н. М. Оспанов. Ұлы Дала көшпенділері мен көне ортағасырлық корей меклекеттері байланыстарының тарихнамасы // Edu.e-history.kz. – 2020. – 4(24). – Б. 358-367.
8. Самгук саги. Т.2. Летописи Когурё. Летописи Пэкче [Электронный ресурс]. Режим доступа: http://flibusta.site/b/729312 (дата обращения 15.03.2025).
9. Ионова Юндвига Васильевна, 03 декабря 1924 – 2009 [Электронный ресурс]. Режим доступа: https://collection.kunstkamera.ru/entity/PERSON/164 (дата обращения 30.03.2025).
10. Р. Ш. Джарылгасинова. Древние когурёсцы: к этнической истории корейцев. – М.: ГРВЛ, 1972. – 202 с.
11. Ю. М. Бутин Корея: От Чосона к трем государствам (II в. до н. э. – IV в.). Новосибирск: Наука СО, 1984. 256 с.
12. Ю.М. Бутин Древний Чосон: Историко-археологический очерк Новосибирск: Наука СО, 1982. 329 с.
13. М. В. Воробьёв. Древняя Корея: Историко-археологический очерк. – М.: Наука, 1961. – 147 с.
14. Е. И. Деревянко. Мохэские памятники среднего Амура. – Новосибирск, 1975. – 250 с.
15. Л.Н. Гумилев. Көне түріктер. Көне түріктер = Древние тюрки: оқу құралы көпшілік оқырман қауымға арналған. – Алматы: Білім, 1994. – 478 б.: кесте.
16. Лю Еник. Краткая история Кореи. – Сеул: Корейский ин-т развития образования, 1999. – 428 с.
17. Син Хёнсик. История Кореи (Краткий популярный очерк). – М., 2001.
18. Ли Ги Бэк. История Кореи: новая трактовка – М.: ООО «Русское слово – РС», 2000. – 464 с.
19. Мионг Сун Ок. Генезис древней корейской народности и ее кочевая культура [Электронный ресурс]. Режим доступа: https://articlekz.com/article/8334 (дата обращения: 28.02.2025).
20. Чвэ Хан У. Центральный Алтай. – Пхьонэги, 1993.
21. Noh Tae-Don. Contacts between Koguryŏ and Turkic Khaganate // Seoul Journal of Korean Studies. – 2016. – № 2. – Р. 361-369.
22. Н. М. Оспанов Исторические контакты Тюркского каганата со средневековыми корейскими государствами // The Journal of direction and development of Korean studies in Russia. – 2022. – №3. – С. 93-98.
23. Т. Пак. Традиции, которые нас сближают [Электронный ресурс]. Режим доступа: https://koreilbo.com/news/traditsii-kotorye-nas-sblizhayut/?utm_source=chatgpt.com (дата обращения: 01.04.2025).
24. Жесткие седла и стремена [Электронный ресурс]. Режим доступа: https://museum.satbayev.university/ru/muzey-razvitiya-tekhnologiy/tyurkskaya-epokha/zhestkie-sedla-i-stremena (дата обращения: 19.03.2025).
25. Тихонов В.М. История Кореи с древнейших времен до 1904 г. – Москва, 2011. – 533 с.
26. Сон Чхи Кын. Корея мен Қазақстанның жақындығы және екі жақты қарым-қатынасты дамытудың келешегі [Электрондық ресурс] // https://aqiqat.kazgazeta.kz/news/3509 (жүгіну уақыты: 2.04.2025).
27. Ви Так Ван, А. Ли Сын. Восстановленная фреска свидетельствует о 1300 годах взаимоотношений между Когурё и Самаркандом [Электронный ресурс]. Режим доступа: https://russian.korea.net/NewsFocus/Culture/view?articleId=124178 (дата обращения: 27.03.2025).
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Түркілер мен корейлердің тарихи өзара байланысы

шағым қалдыра аласыз