Материалдар / Түркістандағы экологиялық жағдайдың туризмге әсері және Япония, Сингапурмен салыстыру
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Түркістандағы экологиялық жағдайдың туризмге әсері және Япония, Сингапурмен салыстыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Түркістандағы экологиялық жағдайдың туризмге әсері және Япония, Сингапурмен салыстыру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2023
280
0 рет жүктелген
2500 ₸
Бүгін алсаңыз
+125 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +125 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Халықаралық туризм және меймандостық университеті

«Туризм және қонақжайлылық» кафедрасы









Халықаралық Туризм географиясы БӨЖ:

Тақырыбы: Түркістандағы экологиялық жағдайдың туризмге әсері және Япония, Сингапурмен салыстыру











Орындаған: Өтеғалиева Назира. Қуандық Ақжарқын.

ХІТ 20-01тобы

Қабылдаған: Нарбаева Э. А.









Түркістан, 2023

Мазмұны

Кіріспе

  1. Экология түсінігі: проблемалары және салдары

1.1. Экология туралы жалпы түсінік.............................................................

1.2. Экологиядағы маңызды проблемалар....................................................

  1. Түркістанның экосферасын қалыпқа келтірудің әдіс-тәсілдері

2.1. Түркістандағы экологиялық проблемаларға анализ.............................

2.2. Японияның экологиялық жағдайына шолу............................................

2.3. Сингапурдың жасыл эко-системасы.......................................................

  1. Түркістанның экосферасын қалыпқа келтірудің әдіс-тәсілдері

3.1. Япония әдісі арқылы Түркістанның мәселесін шешу жолдары...........

3.2. Сингапур әдісі арқылы Түркістанның мәселесін шешу жолдары.......

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

















































Кіріспе



Жұмыстың өзектілігі: Қазіргі уақытта Қазақстанның экологиясына ерекше көңіл бөлуі арқылы туризмді дамытуға үлес қосу. Қазіргі кезде экология дүние жүзінде өзекті мәселердің бірі, осы проблеманы шешуге көптеген үлестер қосып жатыр. Қоғамды жаңғыртудың ең маңызды шарты экономикадағы, өндірістегі, ғылымдағы, әсіресе ұлттық мәдениеттегі инновациялық процестердің негізі ретінде еліміздің көрікті жерлерін сақтау болып табылады. Сол арқылы біз қоғам болып өсіп, басқа елдерге өзімізді көрсете аламыз. Осыған байланысты экологиялық өнімдер немесе осы мәселені шешуге көмектесетін жолдарды ұсынамыз.

Бұл тақырыптың өзектілігі қазіргі уақытта Қазақстандағы, әсіресе Түркістан қаласының туризмін дамытудың басым бағыты болғандықтан сол арқылы экологияны дамыту маңызды болып табылады. Жұмыста Түркістан аумағында экологиялық проблемаларды анықтап, сонымен қатар Жапония мен Сингапур мемлекеттерімен салыстыра, шешімдер табылған.

Зерттеу нысаны: Түркістан қаласындағы экологиялық шешімдер.

Зерттеу пәні: Түркістан қаласының экологиялық әлеуеті.

Жұмыстың мақсаты: Түркістан қаласының экологиялық әлеуетін талдау, оны дамыту бойынша ұсыныстар жасау.

Зерттеу әдістері. Жұмыста шетелдік ұсыныстарды және мақалаларды, интернет сайттарындағы материалдар пайдаланылды. Осы дереккөзді пайдалана отырып жазылған бұл Жұмыс жинақталған материалдарды жан-жақты өңдеу, талдау арқылы құрастырылды.

Жұмыстың практикалық маңыздылығы практикалық сабақтарды өткізу үшін пайдалануға болатынында.

Жұмыстың құрылымы жұмыстың мақсаты мен міндеттеріне сәйкес келді. Жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Негізгі бөлім үш тараудан және әр тарауда екі қосалқы тараудан тұрады.

«Экология түсінігі: проблемалары және салдары» атты бірінші тарауда біз экологиялық теорияның мазмұнын, оның технологиясын және Түркістан қаласындағы қазіргі экологиялық даму жағдайын зерттедік.

«Экологиялық жағдайы жақсы екі елді талдау» атты екінші тарауда біз

Сингапур мен Жапония экологиясын талдадық.

«Түркістанның экосферасын қалыпқа келтірудің әдіс-тәсілдері» атты үшінші тарауда екі елдің экологиялық проблемалардың шешу әдістерін зерттеп, осы мәселені қалай Түркістан қаласына алып келуге болатын айттық.

Жұмыс көлемі ? бет.

Пайдаланылған әдебиеттер, барлық дерлік әдебиет атаулары және интернет сайттары.

Қорытындылай келе, ? қорытынды жасалды.



1.1. Экология туралы жалпы түсінік.

Экология дегеніміз ол, биосферадағы және де экожүйедегі тірі организмдардың қоршаған ортамен қарым-қатынасы және соны ұйымдастыру, қорғауды зерттейтін ғылым. Оны Эрнст Геккель атты ғалым ғылымған енгізген болатын, 1866 жылы. Латынша тікелей аударғанда үй немесе баспана туралы ілім дегенді білдіреді. Бізде бар ресурстарды қалай болашақта үнемді пайдалану және қоршаған ортаны сақтау туралы мәліметтер береді. Экологияның маңызды рөлі қоршаған әлемді жақсы түсінуге, айналамызды жақсартуға, оны қорғауға, адам денсаулығы сақтауға көмек береді. Қазіргі таңда өте қомақты экологиялық проблемалар туындап отыр, оларға, табиғи ресурстарды азаюы, қоршаған ортаның ластануы, жылыну мен мұздықтардың еруі және т.б. Экологияда осы мәселелерді қалай шешуге болатыны туралы ақпараттар беріледі.



1.2. Экологиядағы маңызды проблемалар.

Біз жер планетасында тұрамыз, бірақ біз планеталық төтенше жағдайға тап болдық, айналамызда экологиялық мәселелер толып жатыр. Осы мәселелерді байсалды және байыппен шешпесек, біз апатқа ұшырайтынымыз анық. Қазіргі экологиялық мәселелер де шұғыл назар аударуды қажет етеді. Экологиядағы проблемаларға мыналар жатады:

1) Ластану. Ауаның, судың және топырақтың пластмасса, ауыр металдар және нитраттар сияқты токсиндермен ластануы, зауыттар шығаратын токсиндер мен газдар, қазба отындардың жануы, қышқыл жаңбырлар, мұнай төгілуі және өнеркәсіп қалдықтары сияқты факторлардың әсерінен пайда болады.

2) Жаһандық жылыну. Адам әрекетінен газдардың шығарылуы жаһандық жылынуды тудырады, бұл өз кезегінде температураның жоғарылауын тудырады, содан кейін теңіз деңгейінің көтерілуіне, полярлық мұздықтардың еруіне, су тасқыны мен шөлейттенуге әкеледі.

3) Халықтың шамадан тыс көп болуы. Біз өсіп келе жатқан жаһандық халықты, әсіресе дамушы елдерде қамтамасыз ету үшін азық-түлік, су және отын сияқты ресурстардың тапшылығына тап болып отырмыз. Мәселен қарқынды ауыл шаруашылығы іс жүзінде химиялық тыңайтқыштарды, пестицидтерді және инсектицидтерді қолдану арқылы көбірек зиян келтіреді.

4) Қалдықтарды төгу. Қалдықтардың шамадан тыс мөлшері түзіліп, мұхиттарға төгіледі. Ядролық қалдықтар әсіресе қауіпті, сонымен қатар пластмассалар мен электронды қалдықтар.

5) Мұхиттың қышқылдануы. Адамдардың көмірқышқыл газы өндірісінің артуы мұхиттардың қышқылдығының жоғарылауына әкеледі, бұл теңіз өміріне теріс әсер етеді.

6) Биоәртүрліліктің жоғалуы. Адам әрекетінен тіршілік ету ортасы жойылып барады. Бұл тозаңдану сияқты табиғи процестердің теңгерімсіздігін тудырады және экожүйелерге қауіп төндіреді - әсіресе маржан рифінің жойылуы әсер етеді.

7) Ормандарды кесу. Тұрғын үйлерге, өнеркәсіптік немесе коммерциялық жобаларға арнап жасау үшін ағаштарды кесу.

8) Озон қабатының бұзылуы. Ауадағы хлорфторкөміртектер (ХФК) тудыратын ластану озон қабатында жерді зиянды ультракүлгін сәулеленуден қорғайтын тесік жасайды.

9) Қышқыл жаңбыр. Атмосферадағы диоксид және азот оксиді сияқты ластаушы заттар қышқылдық жауын-шашынды тудырады, бұл адамдарға, жануарлар әлеміне және су түрлеріне теріс әсер етеді.

10) Қоғамдық денсаулық сақтау мәселелері. Таза судың жетіспеушілігі қазіргі кездегі басты экологиялық мәселелердің бірі болып табылады. Ауадағы ластаушы заттар тыныс алу және жүрек-тамыр аурулары сияқты мәселелерді де тудырады.



2.1. Түркістандағы экологиялық проблемаларға анализ.

Атмосфералық ауа табиғи орталар мен объектілердің ластану тізбегінің бастапқы буыны болғандықтан соңғы уақытта ауаның ластануы өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

«Өңіріміздегі басты мәселе – рұқсат етілмеген үйінділер, ағынды сулардың ретсіз ағуы», - дейді Түркістан облысы бойынша экология департаментінің басшысы Қ.Қалмахан.

Түркістан қаласында экологиялық проблемалар кең тараған,мысалы

1.Қоқыс жәшіктері – адамдар көп шоғырланған жерлерде, тіпті парктерде қоқыстар жерде жатады. Өйткені,жәшіктердегі түрлі қоқыс толып сыртқа шығып жатыр – тазалық шаралары уақытылы жүргізілмейді және адамдар жерге лақтыра береді.

2. Көмір тұтыну – 5-10 жыл бұрын Түркістан тұрғындарының үйлерінде газ орнатылмағандықтан, көмір тұтынатын, Көмір мен газды салыстырып қарасақ, көмірдің атмосфераға кесірі әлдеқайда көп, денсаулыққа да зиян.Көмір жаққан кезде ауа қатты ластанып, қара түске боялатын. Туризм дамып, қалаға газ жүргізілгенімен көмір тұтынатындар баршылық.

3.Көліктердің көптігі - қалада көліктер саны өте жоғары,ал ол өз кезегінде ауаға улы газдар көп бөледі. Веложолдар, “Turkistan city bike” велосипед пракаттары орнатылғанымен, маршруты кең емес және велосипедтері аз. Тұрғындар да көп қолданбайды.

4.Recycling – түрлі тауарларды (қоқыс,киім,тұрмыстық құрылғылар,пластик,пластик бөтелкелер) қайта өңдейтін станок/фабрикалар мүлдем жоқ. Бар болсада тұрғындардың хабары жоқ және өте аз.

5.Ауыз су проблемасы.



Біз Түркістанда тұратын тұрғындардан және айналамыздағы достарымыз бен таныстарымыздан Қаншалықты экологиялық білімі бар екенін тексердік опрос жасау арқылы: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfjG81OZ3cPwhMCuTOaOnSUneIHJkun22HN-tlkDIyqp4Unbg/viewform?usp=sf_link

Опростың нәтижесі бойынша:

86,4 пайызы экологиялық проблемалардан хабары бар екен.

Экологияны жақсартуға қандай әрекеттер жасайтынын сұрағанда көбісі қоқысты жерге тастамай арнайы қоқыс жәшігіне тастайтынын айтқан. Ағаш егемін деген жауаптарда болды. Өзіне жауап беріп, айналасын таза ұстайды екен. Бірақ қоқысты 54,5 % сұрыптайды, қалған 45,5 % сұрыптап тастамайды.

Пластикті қолдануға келетін болсақ:

50 пайызы күнделікті, 45 пайызы сирек, 4 пайызы ғана мүлдем қолданбайды. Жұмыс немесе оқуға адамдар немен барады?

Автобус және машина бірдей түсті, яғни 36,4 пайызы, жаяу жүріп баратындар 27,3 пайызды құрады. Велосипедті пайдаланатындар мүлдем жоқ, өйткені бізде велосипедтің маршруттар саны аз, көлемі кішкентай аумақты алады. Велосипедке қалай тіркеліп, қолдану керектігі туралы мәліметтер дұрыс көрсетілмеген. Киімге келетін болсақ, 40,9 % киімді жылына 5-6 рет, 31,8 % бір жылда 2 немесе 3 рет алады, қалған 27,3 пайызы жылына бір рет қана алады. Ал 27,3 пайызы қолданылмайтын киімді қоқысқа тастайтынын айтты, бірақ көптеген киімдер қайта өңделмейтін материалдармен жасалады. Бұл көрсеткіш адамның киімді көп тұтынатыны, fast-fashion(тез трендке айналып, 3-4 айдан кейін киілмей кететін киімдер), консюмеризмнің құрбаны екені көрінеді, ал ол біздің қоршаған ортаға зиянын тигізеді. Бірақ осы опрос бойынша 68 пайыз адамдар киілмейтін керек емес киімін басқа керек адамға береді екен, бұлда аз болсада көмегін тигізеді. Түркістан қаласының экологиясының жақсартуға идеялар ұсынған болатын, оларға: орман немесе көптеген ағаштарды егу керек, көмірмен жағатын үй мен моншаларды газга ауыстыруын, қоқыс тастаған адамға штраф салу, қоршаған ортаны ластамаудың пайдасы туралы адамдарға жеткізуі керек деген ұсыныстар жазылды.

2.2. Японияның экологиялық жағдайына шолу.

Жапонияның экологиялық жағдайы сыртқы факторларға байланысты өзгерді. Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі ел басына түскен ауыр күйреу мемлекеттің экологиялық жағдайын төмендетіп жіберді. Жапонияның Хиросима және Нагасаки қалаларының аумағында ядролық бомбаның жарылыстары болды, бұл осы аудандардың радиациялық ластануына алып келді.

Бүгінгі таңда жапон аралдарында бірнеше негізгі экологиялық проблемалар бар: мегаполистердің ауасын көліктердің пайдаланылған газдарымен ластау, тұрмыстық қалдықтарды жою және маңызды су қоймаларын батпақтануы,ластануы. Сондай-ақ Жапонияда химиялық, биологиялық, термиялық қалдықтар экологиялық жағдайды нашарлатады.

Күншығыс еліндегі ірі қалалар 3-4 күн бойы түтінмен жабылады. Көшеге шыққан тұрғындар респиратор, противогаз немесе жеке бетперде, яғни маска киеді. Коммерциялық кәсіпорындар адамдар оттегімен тыныс алатын барларды ашады. Токиодағы жасыл кеңістік ауаның шамадан тыс ластануынан 12%-ға қысқарды.

Ірі қалаларында 12 айдың ішінде 50,5 млн тонна қоқыс жиналады екен.

Елдің 1 тұрғынына тәулігік бойынша- 1,1 кг қалдық; жылына 325 сыра банкасы.

Токиода жыл сайын 17 миллион тұрмыстық техника лақтырылады, автокөліктердің 75 пайызы қайта өңделеді.

Таза ауа үшін күрес шеңберінде көлік құралдарын барған сайын жетілдірілген қозғалтқыштары әзірленуде, электр тартымымен (электрокарлар) қоғамдық және жеке көлік енгізілуде. Атап айтқанда, Honda және Toyota гибридті көліктерінің жанармай тиімділігі жоғары және шығындары төмен.

Жапониядағы қоқыстарды сұрыптау деңгейі бүкіл әлемде ең жоғары. Қоқыс таситын жұмысшылар ішінде не жатқанын көруі үшін қоқыс белгілі бір уақытта ақ сөмкелерде шығарылады. Белгілі бір күні қоқыстың белгілі бір түрі қабылданады. Қоқыс пакеттері санатқа байланысты әртүрлі өлшемдер мен түс реңктеріне ие. Елдің әртүрлі муниципалитеттерінде сұрыптауға арналған санаттардың саны әртүрлі. Қоқыстарды сұрыптаудан басқа, Камикатсуда "Куру-куру" дүкені бар, онда тұрғындар қажет емес жеке заттарды қалдырады, ал басқа тұрғындар келіп, оларды тегін ала алады. Мұнда ескі кимейтін киімдерді, және балық аулайтын құрылғыларды, ойыншықтар, сөмкелерді қалдырып кетуге болады. Мұның бәрін тегін алуға болады.

Камикацу қаласында 1700-ден астам тұрғын бар және олардың 80% мусоры қайта өңделеді, ал қалған 20% - ы егістіктердегі тыңайтқыштарға жұмсалады.

Жапонияда сынған тұрмыстық техниканы, электронды жабдықты тұрғындардан осындай заттарды қайта өңдейтін зауытқа арнайы кәдеге жаратушылар алады. Онда олар ұсақ компоненттерге бөлініп, қайда пайдалану керектігін шешеді. Түркістанда сынған тұрмыстық техниканы 1-2 индивидуал ғана өңдейді, үлкен фабрика өкінішке орай жоқ.

Сонымен қатар, ел идеалды Эко-қаланы құруға бет бұрды, 2014 жылы фудзисаваның "ақылды қаласы" ресми түрде ашылды. Фуджисава аумағында 600 коттедж бар. Оларға электр энергиясы күн батареяларынан келеді. Мұндағы барлық тұрмыстық техника энергияны үнемдейді.

Суретте техникалық заттар бөлек, тамақ қалдықтары бір-бөлек, яғни сұрыпталғанын көреміз.

2.3. Сингапурдың жасыл эко-системасы.

Сингапурдың тез өсуі мен урбанизациялануына байланысты бірқатар экологиялық мәселелер туындап отыр. Жағдайды елдің шағын болуы және халық тығыздығы қиындатады. Ауаның ластануы, кептеліс, көліктердің шуы күрделі мәселеге айналды.

Сингапур әлемдегі ең таза және жасыл мегаполистердің бірі және әлемдегі ең үлкен порттардың бірі. Сонымен қатар, Сингапурдың акваториясы, экологиясы 581,5 км шағын ауданда көптеген өнеркәсіп орындары мен үлкен порттық хаб орналастырылғанын ескерсек, қоқыс отанына айналған жоқ. Шағын территориясы бар Сингапур қалдықтарды игілікке пайдалану стратегиясын әзірледі, мысалы, қайта өңделген қоқыс жаңа аумақтар үшін материалға айналады. Нәтижесінде, біз бір қорытындыға келдік: Сингапур тәжірибесін пайдалану ағынды сулардан және ашық теңіздегі адам әрекетінен қоршаған ортаға зиянын барынша азайтуға көмектеседі, содан кейін жақын арада ресурстарды өндіру және қоршаған ортаны сақтаудың жолы табылуы мүмкін.

1819 жылы Сингапур құрылғаннан бері 590 шаршы шақырым өсімдіктердің 95%-дан астамы кесілген. Алдымен қысқа мерзімді қолма-қол дақылдарға, кейінірек урбанизация мен индустрияландыруға байланысты. 1980 жылдан бастап даму және жерді пайдаланудағы қысымның артуы Сингапурдың ормандардың 90%, құстардың 67%, сүтқоректілердің 40% және қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың 5% жоғалтуына әкелді.

Сингапур су ресурстары шектеулі ел болып табылады және оның су сапасын мұқият реттеу өте маңызды, өйткені, судың иісі шығады. NEWater сияқты өсімдіктер қалдық суды ауыз суға айналдырып жатыр.

Сингапурды "саябақ қаласы"деп атайды. Кез-келген саябақ сияқты, ол да қоқыс мәселесіне тап болады. Мәселені шешу үшін Сингапур қалдықтарды қайта өңдеуге негізделген тиімді қайта өңдеу жүйесін құрды. Сингапур табиғатты қорғау ведомствосының мәліметі бойынша, 2015 жылы қала күн сайын 21 мың тонна қоқыс шығарды. Оның 38% - ы өртеніп, жанбайтын қалдықтардың шамамен 2% - ы Семакау аралындағы қорымдарға жіберіледі. Қалған 60% қайта өңделеді. 2014 жылы Сингапур үкіметі елде қалдықсыз мәдениетті құруға 1,5 миллиард Сингапур долларын инвестициялайтынын мәлімдеді. Ол үшін алдағы бірнеше жылдағы экологиялық даму стратегиясын анықтайтын Sustainable Singapore Blueprint 2015 vision жоспары жасалды. Сонымен, мұнда қағазды қайта өңдеу пайызы 50 %, ағаш - 77 %, бірақ әйнек - тек 17 %, тамақ – 16 %, пластик – тек 6 %. Құрылыс қалдықтары мен металдар толығымен дерлік қайта өңделеді.

Елде бірнеше қайта өңдеу зауыттары жұмыс істейді, соның ішінде Sarimbun Recycling Park - жабық полигон орнында пайда болған қайта өңдеу зауыты.

Әрбір тұрғын үй көгілдір контейнермен жабдықталған, оған жергілікті тұрғындар барлық қайта өңделетін қоқыстарды тастайды.Үкімет құрылыс салушыларға үйлерді қоқыс құбырларымен - қалдықтарды тасымалдаудың пневматикалық жүйелерімен жабдықтауға міндеттеді. Олардың көмегімен қоқысты ыңғайлы және гигиеналық кәдеге жарату қамтамасыз етіледі. Әр қабатта қоқысты тастауға болатын екі кіріктірілген контейнер бар: біреуі жалпы қоқыс үшін, екіншісі қайта өңдеуге арналған. Оған сингапурлықтар кітаптар мен газеттерді, пластикті, шыны бөтелкелерді, қағазды және жұмыртқаға арналған пластикалық қаптаманы бөлек тастайды. Содан кейін жүйелер қалдықтарды құбырлардың жерасты желісі арқылы Орталық жинау орнына жеткізеді. Бұл технологияның бірқатар артықшылықтары бар-иістердің болмауы. Сонымен қатар, жүйе қоқыс таситын көліктерге қоқыс жинау үшін жұмысшыларды қажет етпейді, бұл қаладағы көлік қозғалысын азайтады.

Сингапурдың тағы бір мақсаты - шығарылатын қалдықтарды азайту. Үкімет адамдарды Reduce, Reuse, Recycle идеяларымен баурап алуға тырысады. Zero Waste Singapore белсенділері тұрғындарға қалдықтарды азайтуға көмектесетін веб-сайт әзірледі. Мысалы, сайт Сингапур үшін тамақ қалдықтарының өзекті мәселесіне белсенді назар аударады. Мұнда жыл сайын 800 мың тонна өнім шығарылады, бұл сан жыл сайын тұрақты түрде артып келеді.



3.1. Япония әдісі арқылы Түркістанның мәселесін шешу жолдары.

Бірінші мәселе бізде қоқыс жәшіктері, Япония сияқты біз әр қалдыққа бөлек жәшіктерді орнату керекпіз. Түркістанда ондай жәшіктер бар, бірақ олар тек 3-ке бөлінеді: пластик, қағаз, тамақ қалдықтары. Біз оны көбейту керекпіз, техникалық-тұрмыстық құралдар, химиялық заттарға бөлек. Қазақстанда үлкен қалаларда ондай өңдеу жәшіктері бар, мысалы, Алматы қаласында Меганың жанында орналасқан, яғни адам көп жиналатын жерде, бізде осылай істеу керек. Және Түркістанда сол жәшіктерге 3-ке бөліп салғанмен қоқысты, қоқыс жинаушылар барлығын бірге қайтадан жинап, салып жібереді, яғни, қоқысты сұрттағаны бір тиын болады.

Японияда vending machine деген бар, ол аударғанда автоматты машина. Японияда бұл бұрыннан келе жатыр, адамдар қолданылған пластик бөтелкелердің сыртындағы қағазып алып, ішін жуып, осы автоматты салып, өткізеді, сол арқылы олар автоматтан ақша немесе тиын алып отырады. Осындай тәсіл тұрғындарды қайта өңдеуге және де сол арқылы ақша істеуге ұмтылдары, тіпті осыны кәсіп етіп отырған адамдар да бар. Менің байқағаным бойынша Ақтау қаласында да бар, ол көбінесе үлкен супермаркеттердің ішінде орналасқан. Түркістанда адам көп шоғырланған, Караван Сарай немесе базарда және Б.Саттарханов көшесінде осындай қоқысқа арналған автоматты машиналар орнату керек. Жиналған пластик бөтелкелерді Қазақстанда пластик өңдейтін заводтарға өткізуге болады немесе пластиктерді сатып алатын басқа мемлекеттергі сатуға болады. Бұл машинаның құны-1000-1500$ дейін барады, біреуінің өзі.



3.2. Сингапур әдісі арқылы Түркістанның мәселесін шешу жолдары.

Сингапурда Zero waste lifestyle-Қалдықсыз өмір салтын ұстанады, тек бұл мемлекетте емес, АҚШ, Еуропаның елдерінде осы өмір салтын ұстанатын адамдар өте көп. Бұл өмір сүру салты нені береді?

Бұл негізгі мақсаты қалдықтардың мөлшерін барынша азайту болып табылатын қоғамдық қозғалыс. Біздің күнделікті қолданып жатқан тамақ мөлшері, тұрмыстық заттар, техникалық құрылғыларды азайту немесе көпке шыдайтын материалдармен жасалған өнімді қолдану.

Түркістанда осындай өмір сүру салтын мектеп, университет қабырғаларында үйрету керек және Zero waste shop ашуы қажет. Бірақ егер адамдар одан хабары болмаса, онда мұндай өнімдерді тұтынатын клиенттерде болмайды. Түркістанда кафе-ресторанда пластик бөтелкені шыны ыдыстармен ауыстыруы керек. Мысалы, қаладағы Simba’s café- де пластик бөтелкенің орнына шыны ыдысқа су қолданады, және ол әр столдың үстінде тұрады, осындай кішкене қадамдардан бастау керек. Осы өмір салтын біз кішкентай қадамдардан бастасақ болады, олар:

  • Дүкендерге барған кезде өзімізбен бірге шоппер немесе қайта өңделетін материалдан жасалған сөмке алып бару, бұл пластик пакетті қолдануға сұранысты азайтады, сұраныс азайған сайын, оны шығару аз болады.

  • Дүкенге барған кезде сырты қапталған тағам өнімдерін қолданбауға тырысу, немесе үлкен супермаркеттен алуды тоқтатып, жергілікті базардан алу.

  • Дүкенге бармай тұрып, алатын заттарыңызды жоспарлап, жазып алу керек, кейін артық зат алудан, артық ақша құртудан сақтайды.

  • Сырттан тамақ ішуді тоқтатып, оқуға, жұмысқа өзіңізбен бірге тамақ салатын бокстарды апару, бұл тек қоршаған ортаға көмектеспей, ақшаңызды үнемдейсіз.

  • Кимейтін киім немесе қолданбайтын заттарды бірден қоқысқа тастамай, оны интернетте сатуға немесе керек еткен жақын таныстарға беруге болады.

  • Трендке ілесіп, жаңа киімдерді алуды тоқтату керек, киім алғанда да жоспарлап алу керек немесе second-hand shop, екінші рет киілген киімдер сатып алуға қажет.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!