Тұрлаулы мүшелер

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тұрлаулы мүшелер

Материал туралы қысқаша түсінік
күнделікті сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы



Пәннің аты қазақ тілі

Уақыты:22.11.16ж

Кабинет:129

Мұғалім

Ажибаева Ф.Б

Сабақтың атауы

Тұрлаулы мүшелер

Мақсаты

Білімділік: оқушылардың тұрлаулы  мүшелер және  бастауыш  туралы білімдерін еске түсіру,  бастауыштың жасалу жолдарымен таныстыру, сөйлем  мүшесіне талдай  білуге  үйрету;
Дамытушылық:  жаттығуларды,  тапсырмаларды орындата  отырып, танымдық ізденушілік, есте  сақтау, ойлау, шығармашылық  қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік:   қазақ тілін құрметтеуге, өз тілін  терең түсініп, дұрыс, жүйелі түрде  сөйлей білуге баулу.
Сабақтың түрі: Аралас   сабақ.
Сабақтың  көрнекілігі: слайд, оқулық, сызбалар.
Сабақтың  әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, дәптермен  жұмыс,  жаттығу  орындау;

Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, бейнелеу


Психологиялық ахуал 1мин

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

1.Ұйымдастыру кезеңі - 10мин

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару, оқу құралдарын түгендеу

2. Өткен сабақты пысықтау

1 - Сөйлем мүшелері дегеніміз не?

2 - Бастауыш дегеніміз не?

3 - Баяндауыш дегеніміз не?

4 - Бастауыштан кейінгі сызықша қай уақытта қойылады?

4. Жаңа сабақ - 5 мин

Ой қозғау.

- Балалар қазір күздің соңғы айы.

Сондықтан да күн суытып, қар жауып, борандар да басталады.

-Picture 1 Ал енді, мына екі сөйлемге назар аударыңдаршы. (оқыту)

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау - 5 мин

60- жаттығу. Сөйлемдерді оқы. Олардың қандай ұқсастықтары мен өзгешеліктері бар?




1. Қар жауды.

2. Бүгін жапалақтап қар жауды.






Қар жауды. - Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері. Ол бастауыш пен баяндауыштан тұрады. Тұрлаулы мүшелер сөйлемдегі негізгі ойды білдіреді.

Бірінші сөйлем тек тұрлаулы мүшелерден тұрса, екінші сөйлемде бастауыш пен баяндауыштан басқа да сөздер қолданылады.




Shape1 Тұрлаулы мүшелер

Shape2

Бастауыш

Қар Баяндауыш

жауды



5. Жаңа білімді меңгеру.

1.Ауызша жұмыс

61- жаттығу. Сөйлемдерді оқып, тұрлаулы мүшелерді тап. Неліктен тұрлаулы екенін түсіндір.

Мектепте асхана бар. Аспазшы тамақты дәмді пісіреді . Балалар үзілісте асханаға келді.

(Тұрлаулы мүшелер бастауыш пен баяндауыштан тұрады. Сөйлемдегі негізгі ойды білдіреді.)

2. Тақтамен, дәптермен жұмыс. 15-мин

62- жаттығу. Мәтінді тиісті тыныс белгілерін қойып көшіріп жазу. Мәтінге ат қою. Тұрлаулы мүшелердің астын сызу.

Балалар Ақлима әжейге көмекке келді. Қыздар үй тазалады. Ұлдар отын жарды. Ақлима әжей балаларға риза болды.

  • Балалар осы мәтінге ат қояйық. Қалай қоюға болады?(Көмекшілер, Қамқорлық).

Сергіту сәті 3мин

Әуенге би қимылын жасату

Ой сергітеді,шаршағандары басылады

63- жаттығу. Мақалды жатқа жазу.

  1. Әкеге қарап ұл өседі,

Шешеге қарап қыз өседі.

  1. Жаман жолдас жолда қалдырады.

64-жаттығу. Сөйлемдерді оқып, мағыналық байланысына қарай ретімен айтып бер. Тұрлаулы мүшелерді тап.

  1. Тырна түлкіге тамақ беріпті.

  2. Құмыра түлкінің басына сыймапты.

  3. Тырна түлкіні қонаққа шақырыпты.

  • Бұл қай ертегіден алынған үзінді?

Қорытынды:

-Біз сабақта не туралы білдік?

Венн диаграммасы арқылы тұрлаулы мүшелердің ортақ қасиетін анықтау.

Үйге тапсырма

1мин

77-бет . 65- жаттығу

Сурет бойынша әңгіме құрау.Мәтінге ат қою.Тұрлаулы мүшелерді табу

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау 2мин

Белсенділік танытқан оқушыларды атап, мадақтау.


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

1мин

  • Нені білдіңдер?

  • Нені білгілерің келеді?

  • Нені білемін? Рисунок 1


Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.12.2018
559
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі