Материалдар / Тұрлаусыз мүшелер (ҚМЖ+СЛАЙД)

Тұрлаусыз мүшелер (ҚМЖ+СЛАЙД)

Материал туралы қысқаша түсінік
Материалда тұрлаусыз мүшелерді толық меңгертуге қатысты ақпараттар мен жаттығулар жинақталған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Тамыз 2024
109
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бөлім: 4-бөлім

Биоалуантүрлілік. Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы: 8-сынып

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Қазақстанда жойылып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктер.

Тұрлаусыз мүшелер

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

8.1.4.1- мәтінде көрсетілген мәселені (тұрмыстық, әлеуметтік) талдай отырып, негізгі ойды анықтау;

8.4.4.2 - тұрлаулы және тұрлаусыз сөйлем мүшелерінің сөйлем жасаудағы өзіндік орнын, қызметін түсініп қолдану;

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:

Мәтінде көрсетілген мәселелерді анықтайды, тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелердің сөйлем жасаудағы қызметін біледі;

Көпшілік оқушылар үшін:

Мәтінде көрсетілген тұрмыстық және әлеуметтік мәселелерді талдайды, тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелердің өзіндік орнын, қызметін біледі;

Кейбір оқушылар үшін:

Мәтінде көрсетілген тұрмыстық және әлеуметтік мәселелерді талдай отырып, негізгі ойды анықтайды, тұрлаулы және тұрлаусыз сөйлем мүшелерінің сөйлем жасаудағы өзіндік орны мен қызметін түсініп қолданады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі Уақыты

Педагогтің

іс-әрекеті

Оқушының

іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы


Қызығушылық-ты ояту

7 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылармен амандасу, түгендеу. Сынып реттілігін қадағалау, топқа бөлу.

2.Топта жұмыс жасау ережесін еске түсіру.

3.Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда «жылы жүрек-жақсы тілек» әдісі жүзеге асырылады.

4.Үй тапсырмасын сұрау.


1). Оқушылар генератор бағдарламасының көмегімен топтарға бірігеді.

2). Бір-бірлеріне жағымды ахуал туғызады:

«Жылы жүрек-жақсы тілек» әдісі бойынша оқушылар бір-біріне жылы сөздер мен ізгі тілектерін, алғыстарын білдіреді.

3).Өткен тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап береді

Мақсаты:

Топқа бөліну арқылы оқушылардың достық қарым-қатынастары артып, бауырмалдылығы біліне түседі, қарым-қатынастары күшейеді, командалық рух қалыптастырады, көшбасшылық пен табандылық қасиеттері байқалады.

Топтық жұмыстың ережелерін айқындап, қатарластарын тыңдауға, оларды сыйлауға, ұйымшыл болуға, топта белсенділік танытуға дағдыланады.





Жаңа сабаққа кіріспе

3 мин.

«Ой шақыру» сұрақтары “Жасырын үяшықтар” әдісі пернетақтада көрсетілген ұяшықтарды таңдау арқылы өткен сабақ пен жаңа сабақты байланыстырады.

«Суретпен жұмыс» әдісі арқылы оқушылар сабақтың тақырыбын болжайды.

Мұғалім оқушыларды сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.



Оқушылар сұрақтарға жауап береді:

1.Биоалуантүрлілік дегеніміз не? 2. Қызыл кітап термині туралы не білесің? 3. Жануарлар мен өсімдіктерді қорғау кімнің міндеті деп ойлайсың? 4. Қорық пен табиғи парктардың анықтамасын ажы-ратып беріңіз.



Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасайды. Сыныптастарының пікірін толықтырады.

Өз ойымен бөліседі.

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Қалыптастыру-шы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен,жұлдыз-шалармен ынталандыру.



Picture 1

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

7 мин.

1 тапсырма Оқылым тапсырмасын орындатады.

Оқулықта берілген мәтінді түсініп оқып, қосымша сұрақтарға жауап береді. Негізгі идеясын анықтайды.

Дескриптор: Жалпы - 1балл.

Берілген мәтіннің негізгі идеясын анықтайды.

Тілдік бағдар

7 мин.

Тілдік бағдар айдарындағы тақырыпқа тоқталады, түсіндіреді.


2 жазылым тапсырмасын орындатады.


Жазылым: Тиімділігі: Бұл тапсырманы орындау арқылы оқушы сауатты, қатесіз жазуға, өз ойын дәптерге түсіруге дағдыланады.

Семантикалық карта толтырады. Сөйлем мүшелерінің түрлерін дұрыс табады, сұрақ қояды.

Дескриптор: Жалпы - 3 балл.

-семантикалық карта толтырады;

-сөйлем мүшелерінің түрлерін ажыратады ;

-сөйлем мүшелеріне дұрыс сұрақ қоя алады.

https://okulyk.kz/wp-content/books/289/289.pdf

Топтық жұмыс

7мин.

3 Айтылым тапсырмасы

Лексикалық тақырыпқа сай әр топ мүшелері қазіргі күнде азайып кеткен, қорғауға алынған тіршілік дүниесі туралы өз пікірлерін білдіреді.

(топтық жұмыс)

Тіршілік дүниесінің азайып кетуі мен биоалуантүрліліктің жойылуы жайлы өз ойларын білдіреді.

1-топ: қорғауға алынған жануарлар

2-топ: қорғауға алынған өсімдіктер

3-топ: қорғауға алынған құстар

Дескриптор: Жалпы - 2балл.

-биоалуантүрліліктің қазіргі жай-күйін айтады;

-қорғауға алынған тіршілік иелері жайлы сөз қозғайды.

Сабақтың барысы

4 мин.

4 тапсырма

(Жазылым)

Оқулықта берілген жазылым тапсырмасын орындатады.


«Қазақстанның биоалуантүрлілігін сақтау шаралары» тақырыбына схема құрастырады.Ойын мысалдармен түсіндіріп жазады. Сөйлем мүшелерін анықтайды

Дескриптор: Жалпы - 2 балл

- Схемада өз ойын мысалдармен дәлелдейді;

- сөйлем мүшелерін анықтайды.


Жеке жұмыс

5 мин.

Электронды тақтадағы платформада оқушыларға сабақты бекітуге арналған тапсырма ұсынылады.

Оқушылар сөйлем мүшелеріне қатысты пазлдарды дұрыс орналастырып, сабақ бойынша алған жаңа білімдерін бекітеді.

Дескриптор: Жалпы - 2 балл

-пазлдарды дұрыс орналастырады;

-сабақ бойынша алған білімдерін бекітеді.

https://learningapps.org/watch?v=pa0213yva22

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

5 мин.

«Бір ауыз сөз» әдісі.

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.

Үй жұмысы:

11-тапсырма

Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Оқушылар бір ауыз сөзбен сабақ туралы өз ойларын түсіндіріп береді. Бір ауыз сөздеріне сабақты бағалайтын келесі сөздерді айтуға болады ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым, жасай аламын. т.б.

Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысқан белсенділігіне қарай

1-10 баллдық жүйе бойынша әр оқушының өзіне тиісті баллын қойып бағалайды. Сонымен қатар, оқушыларды ынталандыру үшін

«Қошеметтеу» әдісі арқылы бағалайды.



Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу».


Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.

«Мадақтау сөз» әдісі, жұлдызшалармен, 1-10 баллдық жүйе бойынша бағаланады.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.

Осы сабақта қолданылатын

қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?

1:

2:


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ