|
«М.О.Әуезов атындағы
педагогикалық колледжі» КМҚК
Шығыс Қазақстан облыстық білім
басқармасы
КГКП «Педагогический колледж
имени М.О.Ауэзова»
Управление
образования Восточно-Казахстанской области
|
Методическая
инструкция
СМК МИ-7.5-24-01
Оқу-әдістемелік кешенді
құрастыру туралы әдістемелік
нұсқаулық/
Методическая инструкция по
оформлению учебно-методического комплекса
|
Издание /басылым
1/2017
Стр/бет.
0 из 4
|
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Тұрлықан
Қасенұлына 120 жыл
Орындаған: Турарғазинова
Арай Бақытқазықызы
|
Семей,
2022
Асқақ Алтай, Тарбағатай
тауларының інісіндей болған Қалба, Құсмұрын, Қандығатай сияқты
аласа тау жоталары Шығыс өңірін мекендеген ежелгі Найман елінің ата
қонысы екені көпке мәлім. Қасен қажы орнатқан биіктігі 2 жарым метр
қара тас әлі күнге дейін тұр. Бай табиғатына қарай бұл жақтың
адамдары да кең пейілді, жомарт, үлкен жүректі һәм мейірімді болып
туады десек, артық айтқандық емес. Осындай ежелгі ата қонысы
Қандығатай өңіріне орналасқан Алжан тауын осы өлкенің тумасы, ақын
Тұрлыхан Қасенұлы былайша жырлапты:
–
Арқаның бір мүшесі Алжан
сері,
Бұлтпенен бой теңескен таудың
ері.
Маужырап, буға бөккен қоңыр
Алжан,
Құшайын сөзбен сылап, келші
бері.
Ерке Алжан, оймен ұшып
аралайын,
Жол берсе құз жартасты қойнау,
сайың.
Желімен жүрегімнің
желбіресін,
Жарыса бетке біткен
қарағайың…
…
Мәз-мәйрам бауырында елің
жиын,
Оларға толып жатыр берген
сыйың.
Тіл менен ой жете алып, айтып
болмас,
Қызықты қоңыр Алжан сырың
қиын, – деп Алжан тауының сиқырлы сырын, бай табиғатын келістіре
жырлайды. Бұл ұзақ толғаудан біз үзінді ғана беріп
отырмыз.
Ал сонда Тұрлыхан Қасенұлы
деген ақын кім еді? Тұрлықан Қасенұлы (1902-1940) – ақын, педагог,
публицист. 1940 жылы Қандығатай болысы, Теректі өңірінің №19
ауылында (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Қапанбұлақ
ауылы) дүниеге келген. Тұрлыхан ақын ғана емес, ХХ ғасырдың басында
ел тағдыры үшін күрескен, Алаш Орда қайраткерлері аралас-құралас
болған, оқу-ағарту саласының белді қайраткері, журналист-жазушы.
Ұлтымызға зобалаң әкелген ХХ ғасырдың 30-шы жылдарында «халық жауы»
атанып, елі үшін жанын құрбан еткен тұлғалардың бірі. Ақынныңң
әкесі Қасен Қажы екі рет Меккеге барған, оқымысты әрі білімді адам
болған. Тұрлықан білімін ауыл молдасынан бастап, рухани нәр алып,
кейін ақсүйек мұғалімнен сабағын жалғастырған. 1920 жылы Тұрлықан
Семейге келіп, мұғалімдер курсына түседі. Сегіз айлық мүғалім
даярлайтын курсты бітіргеннен кейін 1921-1924 жж. Т. Қасенов
мектепте жұмыс істейді. 1925 жылы ол Семей педагогикалық
техникумына түседі. Семейдегі оқуын аяқтаған соң, жас ұстаз туған
ауылына оралып, Шығыс Қазақстанда алғашқы мектептің бірін ашады.
Тұрлықан Қасенов араб, латын, орыс жазуын жетік меңгерген. Бүгінгі
күні ақынның туған жері – Қапанбұлақ ауылындағы мектепке Тұрлықан
Қасеновтың есімі берілген.
Дарынды ағартушы сауатсыздықты
жоюға, жаппай оқуды жүзеге асыруға үлкен үлес қосқан, Аягөз,
Көкпекті аудандарында халыққа білім беру ісіне жетекшілік еткен,
1930 жылы Семейде ашылған колхоз жастарының алғашқы мектебінде
директор болған. Ол студенттік кезден-ақ қолына қалам алған. Оның
шәкірті белгілі ғалым, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қайым
Мүхамедханұлы ұстазы туралы: «Тұрлықан аға әдебиет пәнінен сабақ
бере бастағанда, алдымен әдебиет деген сөздің мағынасын айқындап,
ашып түсіндіретін. Көркем әдебиеттің өзіне тән қасиеттерін анықтап,
атап ұғындырып, жеріне жеткізіп сипаттап беретін. Көркем әдебиеттің
тарауларын айта келіп, ақындық өнерді айрықша атап, «Сөздің
асылы-өлең» дейтін өлеңін нақышына келтіріп жатқа айта жөнелгенде
жанымызды жадыратып жіберетін. Менің әдебиет жолына түсуіме игі
әсер еткен, көп тағылым алған алғашқы ұстазым – Тұрлықан Қасенұлы
болды»,-деп еске алады.
Қазақтың әйгілі балуаны,
өлеңнің, Еуропаның чемпионы, екі мәрте әлем кубогының иегері,
бұрынғы Кеңес Одағының жеті мәрте чемпионы Дәулет Тұрлықановтың
атасы Қажымұқан, М.Әуезовтермен таныс болған Тұрлықан Қасенұлы
Қазақстан Жазушылар Одағынын Шығыс облыстарындағы бөлімшесін
басқарған көзі ашық, зиялы азаматы еді. Оның Жазушылар Одағына
қабылдануы туралы 1934 жылғы шілде айындағы «Қазақ әдебиеті»
газетінде жазылған. Ол қазақ әдебиетінің классиктері С. Сейфуллин,
Б. Майлин, І. Жансүгіровтермен де бірге жұмыс істеген. Архив
деректеріне сүйенсек, Тұрлықан Қасенұлының сол кездегі
ақын-жазушылармен қоян-қолтық араласқан.
Жас ақын асқан шабытпен
туындыларын газет, журнал беттерінде жариялап, өз заманын, туған
өлкедегі алғашқы үлкен құрылыс жұмыстарын жырларына арқау еткен.
Тұрлықан Қасеновтың «Түрксіб» поэмасы «Қазақ әдебиеті» журналының
1934 жылғы екінші санында (қазіргі «Жұлдыз» журналы) жарық көрген.
30-жылдары ақынның көптеген өлең, поэмалары «Лениншіл жас» (қазіргі
«Жас Алаш»), «Социалды Шығыс», «Екпінді» (қазіргі «Семей таңы»)
т.б. газеттерде жарық көрген. Сонымен қатар, ол «Кім күшті» (1929),
«Нүкен» (1935), «Ерлер әңгімесі» (1934) поэмалары, «Радио сөзі»,
«Оспан комсомол» (1934) әңгімелері, «Әріп ақын», «Әдебиет жұмысына
ат салысайық» ғылыми зерттеулерінің авторы. Александр Затаевичтің
«500 казахских песен и кюйев» кітабына Тұрлықан Қасенов орындаған
13 халық әні жазылған, олар: «Ардақ», «Қайырма», «Түлкітымақ»,
«Қарагөз-ау» және т.б.
«Қайтпас қайсар қазақпын»
(1929) өлеңінен үзінді:
Ұямнан ұшқан
қыранмын
Өсірген өзің
ұланмын.
Қайтпас қайсар
қазақпын.
Халқымдай мен де
азатпын.
Суыса суыр, күн
сөнер,
Суымас біздің
жүректер.
Тоқтаса тоқтар жүрген
жер,
Мүдірмес бірақ біздің
ел.
Сарқылар мүмкін теңіз
де,
Артылар біздің күш
жігер.
Автор: Тұрлықан
Қасенұлы
Қазақстан Жазушылар одағының
Шығыс Қазақстан облыстық бөлімін басқарған, «Еңбек» әдеби
альманағын ұйымдастырған. Жалынды публицист
Т.Қасенұлы өз ой-пікірін ашық айтатын.
Кейін, сол себепті 35 жасында ұлтшыл деген айып тағылып,
қуғын-сүргінге ұшырап, жазықсыз жапа шегеді. Тұрлықан ақын кеңес
идеологиясының қыспағында бар қабіле-қарымын таныта алған жоқ.
Қасен қажының ұлы, «байдың баласы» деген сөзден құтыла алмады.
Амалсыздан саясаттың ығына жығылып, партияға өтті. Үш рет ұсталып,
үш рет партиядан аластатылды. Ақыры 1937 жылы 27 желтоқсанда темір
торға қамалды. Отыз жетіде торға түскен Т.Қасенүлы 1942 жылы «халық
жауы» ретінде репрессияға ұшырап, ГУЛАГ-та, Төменгі Тагильде бұл
жалғанмен қош айтысты.
2003 жылы Семей қаласындағы
«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжi» КМҚК-нің (бұрынғы
Семей педагогикалық техникум) 204 дарiсханасына қазақ қоғамының
қайраткері, педагог, ақын құрметіне Тұрлықан Касенұлының есiмi
берiліп, атаулы кабинет ашылған болатын. Кабинеттің меңгерушісі –
ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Маметекова Гаухар Серiкқазықызы.
Биыл, осынау ұлы тұлғамызға 120 жыл толып отыр. Осыған орай
М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде арнайы зерттеу
жұмыстары жүргізіліп, жақын арада ашық сабақ өткізіліп, мерейтойын
атап өту жоспарда бар.
Қолданылған
әдебиеттер:
Рысбекұлы Қ. Қайтпас қайсар
қазақпын [Мәтін] : [ақын, жазушы, қоғам қайраткері Тұрлыхан
Қасенұлы туралы]. – Астана : Ер-Дәулет, 2002. – 216
б.
Қазақстан жазушылары. ХХ ғасыр
[Мәтін] : анықтамалық. – Алматы : Ана тілі, 2004. – Қасенұлы
Тұрлықан: б. 183.
Қазақ әдебиеті [Мәтін] :
энциклопедиялық анықтамалық / Қазақстан Республикасы мәдениет,
ақпарат және спорт министрлігі. – Алматы : Аруна, 2005. – (Мәдени
мұра). – Қасенұлы Тұрлықан: б. 323.
Семей өңірінің ақын-жазушылары
[Мәтін] : био-библиографиялық көрсеткіш / Абай атындағы әмбебап
ғылыми кітапхана. – Семей : Талант, 2005. – Тұрлықан Қасенов: б.
47-48.Қазақстан жазушылары [Мәтін] : анықтамалық / құраст. С.
Қамшыгер; Қ. Жұмашева. – Алматы : Ан Арыс, 2009. – Қасенұлы
Тұрлықан: б. 232-233.
Мұхамедханов, Қ. Көп томдық
шығармалар жинағы [Мәтін]. Т. 9 : мақалалар, зерттеулер, Абай
шығармаларына түсініктемелер / Қ. Мұхамедханов. – Алматы : Ел
шежіре, 2011. – 384 б. – Т. Қасенұлы (ол
туралы).
Шығыс жұлдыздары [Мәтін] :
энциклопедиялық анықтамалық. Т. 1 : Сөз зергерлері. Мәдениет
майталмандары / құрастырушылар Ұ. Есдаулет, К. Құрмансейіт, Д.
Кәпұлы. – Астана : Фолиант, 2011. – Қасенұлы Тұрлықан: б.
103.
Бұл өлең шыққан екен
бірталайдан... [Мәтін] : «Біржан-Сара айтысына» қатысты зерттеу
мақалалар мен ғылыми ой-тұжырымдар . – Өскемен : С. Аманжолов
атындағы ШҚМУ «Берел» баспасы, 2014. – 506 б. – Т.
Қасенұлы.
Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін]
: энциклопедия. – Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Қасенұлы
Тұрлықан: б. 455.