400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 12 материал табылды

Тұрмыстық зорлық-зомбылық

Материал туралы қысқаша түсінік
Зорлық туралы мәліметтер,статистика
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тұрмыстық зорлық тұтқыны көп пе?

Тұрмыстық зорлық зомбылық  талай уақыттан бері қозғалып жүрген ең өзекті тақырыптардың бірі. Қазіргі таңда бұл қылмыс көбеймесе азаймақ емес.
Тұрмыстық зорлық зомбылықтан ең көп зардап шегетін әйелдер мен балалар. Зорлық құрбандарының өмірі көбіне өліммен аяқталады. Таяқтан өлген ана мен жетім қалған балалардың жай күйі кімді болса да алаңдатары анық. 
БҰҰ ның дерегі бойынша, жыл сайын әлемде 50 мыңнан астам әйел зорлық зомбылықтан көз жұмады. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше,  Қазақстанда 2020 жылы  63447 іс тіркелген. 
Алайда зорлық құрбандарының 63% өз жәбірлеушісіне арыз жазудан бас тартқан.Қазақстанда тұрмыстық зорлық зомбылық бойынша, көптеген іс шаралар қолға алынып келеді. Тіпті Президент    жолдауында тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша жазаны қатаңдатуды міндеттеген болатын. Алайда, жағдай көңіл көлшітерліктей емес. Себебі, биылғы жылы көп өңірлерде өз зайыбының қолынан қаза тапқан әйелдер туралы жаға ұстатарлық оқиғалар тіркелді.

Еске сала кетсек, Қызылорда қаласында ер адам мас күйінде өз әйелін ұрып өлтіргені туралы ақпарат тарады. Марқұмның артында 3 баласы қалған.Бұл тек бір әйелдің ғана оқиғасы,қазіргі уақытта қанша әйел баласының жұдырық астында өмір сүріп жатқаны белгісіз.

Әлеуметтанулық зерттеулер бойынша, отбасыдағы зорлық зомбылықты туындататын негізі 7 себеп анықталды. Ең бірінші, әлеуметтік экономикалық сипаттағы проблемалар, соның ішінде жұмыссыздық. Статистика бойынша, Қазақстанда жұмыссыз адамдар саны 800мыңды құрайды. Жұмыссыз ерлер саны 209 600 болса әйелдер саны 239 200. Бұдан бөлек, 50 900 азамат ұйымның банкроттығына байланысты жұмыстан босатылып, шартты қысқартылуға ұшыраса, 107 300 азаматтың жұмыс іздеуге мүмкіндігі болмаған

Екінші себебі, жаман әдеттер нашақорлық, маскүнемдік, құмар ойындар, стереоптиктік көзқарастар мен моральдық психологиялық күш көрсету, психологиялық ауытқулар мен бұзылулар, білім мен мәдениеттің төмен деңгейі, жұбайына материалдық, қаржылық тәуелділік, сондай ақ, отбасында зорлық зомбылық үшін қылмыстық жауапкершіліктің болмауы,

Қоғамдағы агрессияның жоғары деңгейі,туыстарының отбасы өміріне арласу проблемалары, тұрмыстық зорлық зомбылықтың ушығуына алып келетін негізгі жайт ретінде анықталды.

Осы орайда зорлық құрбандарының бірі Әсия ханымнан сұхбат алып көрдік. Әсия ханым үш баланың анасы.Ол күйеуімен 10 жылдан астам уақыт бір шаңырақ астында тұрған.

Әсия ханымның айтуынша алғашқы тұрмыстық өмірінде бәрі жақсы болғанын айтады. Бірақ, уақыт өте келе күйеуінің мінезі өзгеріп, жиі ұрыс шығаруды,үнемі қол көтеруді әдетке айналдырыпты. Ақыры дау жан жалдың соңы, ажырасумен аяқталған.

Әсия ханым өз оқиғасын айта келіп, жас қыздарға ерте тұрмыс құруға асықпауды, сондай ақ өзін құрбан ретінде көрсетуді қоюды, балам әкесіз қалмасын деген ойлармен өмір сүруді доғару керек екенін қатаң ескертеді.

Қортындылай келе, өмір адам баласына берілген аманат. Ал өміріңізді қандай адамға тапсыратыныңыз ол сіздің қолыңызда;

Тастанбек Аяулым Шалхарқызы



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26 желтоқсан
166
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі