Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
1 жыл бойы тегін жүктеу мүмкіндігіне ие болыңыз!
жеңілдік
Тұрсынбай батыр
«Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің Ғаббас Жұмабаев атындағы Боровской орта мектебі» мемлекеттік мекемесі
Автор: Темирбекова Гүлсезім
Сынып: 2«А»
Ғылыми бағыты: Қазақстанның тарихи ескерткіштері және келешегі бар туристік маршруттар
Секциясы: өлкетану
Жобаның басталуы: 2017 жыл
Жоба жетекшісі: Абилова Айжан Азирхановна
Мазмұны:
Аннотация.........................................................................................3-4-бет
І. Кіріспе ………………………………………………………….5-бет
ІІ. Негізгі бөлім……………………………………………….......5-9-бет
1.Тұрсынбай батыр туралы ғалымдардың зерттеулері………………………………………………………..5-8бет
2.Аудан орталығындағы батырға арналған ескеткіш пен көше атауы.............................................................………………………10-бет
ІІІ. Қорытынды …………………………………........................10-бет
ІV.Пайдаланған әдебиеттер…………………………………......11-бет
Аннотация
Бұл жұмыс Тұрсынбай батыр бабамыздың қазақ халқына жасаған ерліктеріна кең көлемде деректер келтіріле отырып зерттелінген. Оқушы өзіне таныс деректі мәліметтерді ала отырып, батырдың жаугершілік заманда елін жаудан қорғап, елдігімізді егемендігін сақтап қалған батыр туралы тың материалдармен тақырып өзектілігі ашылған. Зерттеу жұмысы келешек ұрпаққа өз туған елінің тарихи тұлғалар ерлігін үлгі –өнеге етуде маңызы зор.
Жобаның мақсаты: Тұрсынбай батыр ерлігін зерттеу.
Міндеттері:
1.Тұрсынбай батыр туралы мәліметтер жинақтау
2.Дереккөздерден,ғаламтордағы сайттардан батыр жайында мағлұматтар табу.
3. Ауданымыздың орталығындағы Тұрсынбай батырға қойылған ескерткіш пен көше атауының тарихымен танысу болатын.
Гипотеза:
Ауданымыздағы көше атауларының ұлы тұлғалар есімімен аталып, олардың елімізге жасаған қызметімен танысып, өсіп келе жатқан ұрпаққа үлгі-өнеге ету.
Зерттеу кезеңдері : ғылыми жобаның зерттелуі үш кезеңді қамтиды.
І бастау кезеңі – «Туған жер» бағдарламасы жайында Елбасымыздың жолдауы
ІІ кезең – Ғалымдардың Тұрсынбай батыр жайында мәліметтерін талдау.
ІІІ кезең – Аудан орталығында орналасқан ескерткіш пен көше атауы
Әдістері : - Іздену, мәліметтер жинау, мәліметтерді талдау.
Жұмыстың қорытындысы мен нәтижелілігі:
Тұрсынбай батыр туралы мәлімет жинақталды.
Батырдың ерлік істері мәлім болды.
Көшенің орысша атауы бабамыздың атына берілді
Annоtation
This work has been researched in detail with reference to the greatness of his grandfather Tursynbai batyr on the Kazakh people. With the help of the pupil's acquaintance with the documentary, the heroic defender of the heroic country has protected the country from the enemy. The study is important for the future generations to set the example of the heroic personality of their country of origin.
Purpose of the project: To study the heroism of Tursynbai batyr.
Duties:
1. Collection of information about Tursunbay Batyr
2. Find information about a bottle from sources, websites online.
3. To get acquainted with the history of the monument and street name in Tursynbai batyr in the center of the district.
Hypothesis:
Street names in the district are named after the great personalities, acquainted with the country's activities and set an example for the younger generation.
Research Stages: The research project involves three stages.
The Beginning of the First Stage - The Message of the Head of State on the "Land of Land" Program
Phase II - Analysis of Scientists information about Tursynbai batyr.
III stage - a monument and street name in the center of the district
Methods: - Search, data collection, data analysis.
Outcome and effectiveness of the work:
Information about Tursynbai batyr has been collected.
Heroes of the Hero became known.
The Russian name of the street was given to our ancestor
Кіріспе
Мен зерттеу жұмысымды
Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» жолдауымен
бастағалы отырмын.Жолдауда жарияланған «Туған жер» бағдарламасының
бір тармағында
«Біздің бабаларымыз ғасырлар бойы ұшқан құстың қанаты талып, жүгірген аңның тұяғы тозатын ұлан-ғайыр аумақты ғана қорғаған жоқ. Олар ұлттың болашағын, келер ұрпағын, бізді қорғады. Сан тараптан сұқтанған жат жұртқа Атамекеннің қарыс қадамын да бермей, ұрпағына мирас етті.» деп айтылған болатын.Елбасымыздың жолдауын іске асыруда сынып жетекшіміз өткізген «Ұлы тұлғалар-көше тарихы» тәрбие сағатында әр оқушы өз көшесінің атауын білгенімен ол тұлғалардың елге жасаған қызметтерін анық біле алмады. Сондықтан біз өз көшеміздің тарихын зерттеуге кірістік. Мен өз көшем Тұрсынбай батыр деп аталғандықтан батырдың ерлік жолдарын зерттеп, өсіп келе жатқан біздей ұрпаққа үлгі болар деген өзектілікпен жұмысымды бастадым.
Менің мақсатым :Тұрсынбай батыр ерлігін зерттеу болатын.Мен мынадай міндеттерді басшылыққа алдым:
1.Тұрсынбай батыр туралы мәліметтер жинақтау
2.Дереккөздерден,ғаламторлардан батыр жайында мағлұматтар табу.
3. Ауданымыздың орталығындағы Тұрсынбай батырға қойылған ескерткіш пен бұрыңғы көше атауының Тұрсынбай батыр есімімен аталуымен танысу
Негізгі бөлім
М
ен ғаламтор
және дереккөздер арқылы мына ақпараттарды
жинақтадым.
Мәшһүр-Жүсіп жазбаларындағы Тұрсынбай ел тарихында жоңғар,қытай,қырғыз әскерімен соғысқан батыр,қол бастаған қолбасшы,елші,мәмлегер ретінде белгілі.
Бірақ ол туралы Мәшһүр-Жүсіп,Шоқан жазбалары мен архив құжаттарынан басқа дерек кездестірілмейді.Қаһарманның өзінен тікелей ұрпақ қалмағандығы( Мәшһүр-Жүсіп дерегі), батырлық істеріне қарай халық арасында Балта керей Тұрсынбай атанып кеткені мәлім.
М.С. Мұқанов шежіресіндегі Тұрсынбай Қарасарыұлының (1713-1819) өмір сүрген жылдары мен ата –тегі әлі де анықтай түсуді қажет етеді:Керей-Арыстанбек-Наурызбай-Ашамайлы-Үйшіай-Бахрам-Төбей-Тұрсынбай.Бекарыс-Наурызбек –Халид-Хажигали-Бегімқожа-Әлиұхаммед-Фархад-Танаш би-Балта-Қарасары-Тұрсынбай.
Тұрсынбай тоғыз жасында ата-анасынан айырылып,жетім қалғанына қарамастан отбасы шаңырағын күйзелтпей,інілері Есілбай мен Толыбайға қамқорлық көрсеткен.Өзі Түркістан түбіндегі Қарнақ медресесінде білім алды.Ақтабан шұбырынды,Алқакөл сұлама жылдары інілері Есілбай мен Толыбай жау қолынан қаза табады.Сол тарихи кезеңде шиеленіскен қазақ-башқұрт қарым-қатынастарын реттеуге елеулі үлес қосқан.М.Ж.Көпеев жазбаларында Тұрсынбайдың әлеуметтік жағдайы,қалмақтарға барған елшілік қызметті,Абылаймен бірге Арғын руымен келіссөз жүргізгені,батырлығының сыналуы баяндалады.
1749-1750ж.Нұралы ханмен құдалық байланыс орнату мақсатымен келген Қарабас сұлтан елшілігі туралы мәлімет сақталынған.
Аңызда бұл оқиға өзгеріске ұшыраған.
Қалмаққа елші болып келген Тұрсынбайды Қарабас ханым:Мына отырған Балтакерей Тұрсынбай құлағы жоқ шұнақ, құйрығы жоқ шолақ екен. Ерлігінең де міні жоқ,еңбекшілігінде де міні жоқ.Жалғыз ақ айыбы жауы желкесінде екен. Онан басқа қорқар нәрсесі болмаса керек деп сынайды. Мұнда құлағы жоқ шұнақ деп туысқанының жаман болғанын ,құйрығы жоқ шолақ деп баласы жоқтығын,жауы желкесінде деп кедейлігін айтқаны екен.
Батырдың қоғамдағы әлеуметтік тұрмысы төмен болғанын Шоқан еңбегі де растайды.
1757 жылы Талқы қамалындағы қытай әскеріне қарсы соғыста Тұрсынбай Абылай жасағының алдыңғы шабуылдаушы, кезеуілші тобының қолбасшыларының бірі болғаны туралы мағұлымат Мәшһүр аңыздарында берілген.
М.Ж.Көпеев жазбаларында Тұрсынбай батырдың Алатауды бетке алып бара жатқан Абылай ханның жорығына қатысқаны,көрдегі аруақтан қорықпай бейіт ағашын әкелгені туралы аңыз әңгіме үлгісі сақталынған.
Қаһарманның аруақтан қорықпай бейіт ағашын әкелгені туралы Зейнолла Сәнік кітабында,баспасөз материалдарында басқа бір тарихи тұлғаларға қатысты Керей ер Жәнбек т.б.айтылады.
Салыстыру үшін Мәшһүр әңгімесінен үзінді келтіруімізге болады: Алатауға барды,қырғыз болсын, қалмақ болсын, қалмақ болын елмен шабысқан жоқ.Түзден ер басына бір түйе, бір аттан олжаласты.Қыс түсіп кеткен соң, асығып қайтты. Піскен тамақ таусылды. Мал сойып,ыстық қылып ішуге отын табылмады.Қол ашығыңқырап, жүдеп,баяғы көп моласы бар суға жетеміз десіп келе жатады. Абылай хан көп қолға білдірмей,екі жігітті ілгері оздырды:
-Бүгін қонатұғын жерде бір көрде бейіт ағашы бар деген.Ерте жарық барда соны тауып алып ақтарып,біреуін ақырет оранып ішінде жатындар,біреуін қайта өзінікіндей қылып бетін жауып тегістеп,адам ашпағандай қылып қойындар. Түн болған соң мен :Бейіт ағашты алып кел,-деп,Балта керей Тұрсынбай қоғамның ішкі өмірінде де белсенді рөл атқарды.
Ботақан құнын жоқтап,Арғын руы адамдары 1779 ж.Абылайға қарсы көтеріледі.Сол кезде Абылай ханды жақтап ,ханмен бірге Тұрсынбай да Шотанымен келіссөз жүргізеді.
Бұған қарап отырып,Тұрсынбайдың Абылайды жақтағаны,сүйенер сенімді адамы болғанын ғана емес,екі жақты да бітістірген мәмлегер,ел тыныштығын,Берік хан билігін ойлаған қоғам қайраткері болғанын да танимыз.
Аудандық кітапханада болып, «Меңдіқара үні» газетінің тілшісі Айбатыр Ахметбековтың «Батыр баба Тұрсынбай есімі ұлықталды»статьясын оқып таныстым.2010 жылы ұлы бабамызға арнап ескерткіш қойылып,бұрынғы Школьный және Краснопартизан көшелері Тұрсынбай батыр есіміне алмастырылды.Тұрсынбай батыр ескерткіші Боровской келбетінің одан әрі қалыптасуына маңызы зор үлес қосты.Ол тек сәнін келтіріп қана қойған жоқ,бүгінгі баба ұрпақтарының рухани өмірін көрсетті.
Тұрсынбай бабаға ,ауданымыздың сазгері Бақытжан Сауекенов «Тұрсынбай бабаға тағзым» атты әні газет бетінде жарияланды. Міне, бұдан менің байқағаным , бабамыздың рухын ұлықтаған халқымыздың бізге берген үлгісі деп ойлаймын.
Менің жеті атамның бірі Тұрсынбай атам болғанын Серік атамда растайды
Қорытынды
Аудан орталығындағы орысша атаулармен аталған көшелеріміз қазақ халқының ұлы тұлғалар есімімен аталса, өсіп келе жатқан жас ұрпақ үлгі істерін өнеге етеді деген сенімдемін.
Тұрсынбай көшесінде тұрып жатқан оқушылар саны мен батыр жайында не білетіңдіктерін білу мақсатында сауалнама жүргіздім:
Тұрсынбай көшесінде - 23 оқушы тұрады екен. Бірақ олардан Тұрсынбай батыр жайында мардымды мәлімет ала алмадым. Сондықтан да осы зерттеу жұмысым қазақ елін сақтап, бізге мұра еткен бабамызды мәңгі сақтау үшін маңызды деп ойлаймын. Бабалар ерлігі – келешек ұрпаққа үлгі.
Пайдаланған әдебиеттер :
[1] Тарихи тұлғалар .Танымдық –көпшілік басылым.Мектеп жасындағы оқшылар мен көпшілікке арналған.Құрастырушылар:Тоғысбаев Б,Сушикова А.-Алматы:Алматыкітап ЖШС,2006-376 бет.
[2] Қазақтар.Көпшілікке арналған тоғыз томдық анықтамалық.Тарихи тұлғалар-2 ші басылым-Алматы:»Білік»баспа үйі 2001-2т-373бет.
[3] «Батыр баба Тұрсынбай есімі ұлықталды». «Меңдіқара үні» аудандық газет.2010 жыл
9

