Түсінік хат
Ата-бабаларымыз қызы мен ұлына өнердің түрлерін үйретіп, сегіз қырлы, бір сырлы болуға баулыған.
«Ата көрген - оқ жанар, ана көрген - тон пішер» деген аталы сөзді бала бойына сіңіре білген.
Әсіресе, қыз балаға ине сабақтап, түйме қадау, кесте тігуді, үсақ моншақтардан бұйымдар жасау, ас пісіруді үйретсе, ұл балаларға таспа бау жасау, өрім өру, мал сою және мүшелеуді үйреткен.
Бүгінгі күннің талабына сай қолөнер түрлеріде сан алуан. Түскиіз – сәндік үшін төсектің тұсына тұтатын үй бұйымы. Киіз үстіне барқыт, шұға, жібектерден ою-өрнектер тігіледі.
Оқушының қабілетін дамыту үшін жаңа ақпараттық технологияны пайдалану қажет.
Шығармашылық деңгейде оқушы құбылысты өз бетінше талдай келіп, шағын ғылыми шығармашылық тұрғыдан зерттеу жұмысын жүргізуге баулу. Қорыта айтқанда,қазіргі кезде қоғам дарынды,қабілетті адамдарды қажет етеді.Жеке тұлғаның рухани өсуіне психологиялық-педагогикалық жағдай жасай отырып, өз ортасында және өзге ұжымда өзін еркін сезіне алуға тәрбиелеу,өзіне-өзі сенімді,жауапкершілік қасиетті сіңірген тұлға ретінде қалыптастыру қажет деп ойлаймын. Бұл жұмыста менің шығармашылық қабілетім дами түсті десе де болады. Себебі бұл біз кесте мен жұмыс кезінде шыдамдылық пен төзімділіктің орны бөлек. «Тұскиіз» деп аталатын жұмысымды бес ай отырып істедім.
Сынық мүйіз – киізді, киімді өрнектеу үшін қолданылады. Түстері: қызыл, қоңыр, қара, сары, сарғыш. Әсіресе түскиізді өрнектеуде қолданылады.
Қазақтың дәстүрлі қолөнерінің көне нұсқаларының бірі - түскиіз, төсек жапқыш. Түскиіз екі түрлі барқыттан, мәуіті немесе шұғадан ойылған өрнектерді шеті әдіптелген, биіктігімен салыстырғанда ені созылыңқы етіп пішілетін ақ киіздің шаршысына жапсырып, айналасын сетінемейтін етіп көктейтін төсем. Түскиіз де әдемілік үшін киіз үйдің керегесін айналдыра ілінеді.
Шығармашылық жоба тақырыбы:
Біз кестемен жасалған «Тұскиіз»
Кестелеу өнері қазақ мəдениеті мен өнерінің қалыптасуы мен даму тарихында өзіндік үлесі бар қолөнердің бірі. Бұл өнер атадан-балаға қалып, алдыңғылардың өнерін кейінгілер жалғастыру жолымен біздің заманымызға жеткен. Оның өзіне тəн ғылымилығы мен заңдылығы бар. Кесте тігу өнерімен қазақ халқы ерте кезден айналысқанын əдебиеттер мен тарихтан, архелогиялық қазбалар мен жазба ескерткіштерінен білеміз [2].
Кестешілер – сан ғасырлар бойына халқымыздың талантты ісмерлерінің көркем қиялдары мен шеберлік құдіретін байланыстырып, бейнелеген. Кестенің даму барысында да басқа өнер салалары сияқты тарихи дəуірдің таңбасы бар. Ежелгі Қазақстан аумағын мекендеген сақтар, ғұндар, түркілер мəдениеті жəне қазақ мемлекетінің құрылуы, Ресейге қосылуы, Кеңес үкіметінің орнауы сияқты тарихи оқиғалар көрініс тапқан [2].
Негізінен алғанда кестелеп тігудің «баспа кесте», «біз кесте», «маржандап, моншақтап кестелеу», «қабырға кесте», «шекпе кесте», «тығыз кесте», «түкті кесте» немесе «төкпе кесте», «бөртпе кесте», «ашамай кесте», «шыраш», «бұзау тіс», «тышқан із», «оюлау», «жапсырма кесте», «ойма», «құрақ кесте» т.б. түрлері белгілі [2].
Кестемен ұлттық тұрмыстық бұйымдардан түскиіз, сырмақ, аяққап, т.б. заттар түрлі оюлармен кестелеп безендірілсе, əйелдер киімінен: кимешек, көйлектің етегі, белдемше төңірегі, ерлердің бас киімі, шапан жағалары, шалбар балақтары өрнек салынып кестеленген [4].
Кесте – қазақ халқының сəндік қолөнерінің ежелден кеңінен дамыған ерекше бір түрі. Кестенің алғашқы үлгілерін 1929 жылы М.П. Грязновтың жетекшілігімен Таулы Алтай өңіріндегі екінші Пазырық жəне Ноинұлан қорғанында жүргізілген археологиялық экспедициядан табылған киізге өрнектеліп жəне бейнеленіп кестеленген құрал-жабдықтар, тұскиіз, тұскілем, ер тоқымдар, киім-кешектер, жауынгерлердің сыртқы су қағарлары, шекпен, қамзолдар куəлік етеді [1].
Кесте – сан ғасырлар бойына халқымыздың талантты ісмерлерінің көркем қиялдарын шеберлік құдіретімен бейнелеген ақыл-парасаттарының жауһары. Аналарымыз кесте өнерінің қыз баланың табанды, сабырлы, мінез-құлқын қалыптастыруға тигізетін пайдасы көп деп есептеген.
Бойжеткен қыздар өзіне арналған жасаудың кестеленетін түрлерінің бəрін өздері тіккен. Олардың іс үстінде ісмерлігі шыңдалған. Бүгінгі күнде елімізде кесте өнеріне қызығушылық танытып, кесте ісімен шұғылданып жүрген оқушылар мен мұғалімдер, зейнеткер жасындағы əжелер де баршылық.
Республикамызда 400-ден астам кестешілер есімі белгілі. 1926 жылы Парижде өткен Халықаралық этнографиялық көрмеде тараздық
Р. Барлыбаева қазақ қолөнерінің байлығы мен əсемдігін бүкіл дүние жүзіне паш етіп, кестелі тұскиізі үшін халықаралық сыйлық алды.
1957 жылы республикалық 1 көрмеде қарағандылық З. Баймағамбетова, зайсандық А Құнақова, семейлік Қ. Абаева, талдықорғандық Ж.Молдабергенованың кестелері көркемдік жағынан жоғары бағаланып, бірнеше сыйлыққы ие болды [2]. Қазақ халқының кесте өнеріне тəн стильдегі бұйымдар жасайтын Алматыда «Тұскиіз», Таразда «Өнерпаз», Өскеменде «Өрнек» секілді фабрикалар ашылған [5].
Зерттеудің
мақсаты:
Кесте тігудің түрлі технологияларымен
таныстыра отырып, оның ішінде біз кесте арқылы кесте тоқудың
өзіндік қыр-сырларын ашу, жаңа технологияларды таныстыра отырып,
олардың жасалу жолдарын
көрсету.
Міндеттері:
- Ілмек бізбен кесте тігудің сан алуан қыр-сырын
ашу;
- Оның адамзат өміріндегі алатын орны
айқындалып, маңыздылығын
таныту;
- Ілмек бізбен кесте тоқу технологиясын
жан-жақты сипаттау;
- "Сәнді тоқыма жастық" жасаудың
технологиялық картасын жасау.
Тұскиіз - үй қабырғасын сәндеуге арналған жиһаз. Түскиіз- сәндік үшін төсектің тұсына ұстайтын үй жиһаздарының бірі. Көбінесе төсек тұсына ұсталатын болғандықтан Тұскиіз аталған.
Түскиіздің шеті түрлі-түсті жіппен өрнектеліп кестеленген бір түсті матамен (барқыт, мәуіті, шұға т.б.) көмкеріледі.
Ортасында үйлесімді мата (жібек, мақпал, қымқап) салып киізбен астарлайды. Кейде ақ киіздің бетіне түгелдей (қызыл, сары, көк) ою жапсырады. Ертеректе Тұскиіздің қызыл былғарыны күміспен әшекейлеп жасаған түрі де болған. Тұскиіздің кестесі көбінесе біртұтас мазмұндағы бірнеше өрнектің ("мүйіз", "гүл", "жапырақ", "шырмауық", "түйетабан", "алқа") ұнамды үйлескен тұтас желісін жасау арқылы түрлі-түсті жіппен (ішінара меруерт, маржанмен) тігіледі.
Тұскиіз –сәндік және жылылық үшін, әрі төсек тұсына ілетін үй жиһаздарының бір түрі. Тұскиіздің екі түрі болады, біріншісі жүннен жасалған, екіншісі матадан жасалған тұскиіз. Жүннен жасалған тұскиізді жасау үшін күзгі маусымда қырқылған күзем жүннен тығыздап басылған жұқа киіз дайындалады. Матадан дайындалған тұскиізді тігу үшін түсті барқыттар, жібектер, шұға, т.б. маталардың әр түрлі етіп алынған ою-өрнектер тігіледі. Қазақ қонақ жай болғандықтан арнайы бөлек үйді қонаққа арнап дайындаған. Оның жасау- жабдығы да күнделікті қолданып жүргендей емес өте сәнділікпен безендірілген бұйымдардан құралады.
Тұсқа айшықты тұскиіз ілініп, төрге оюлы текемет төселеді.
Тұскиіз үйдің жасауы ретінде сән берер жиһаз болғанымен, қыста суықтан қорғану мақсатында керегеге ұстаған. Тұскиіз жасаудың алуан түрлі жолдары мен көптеген түрлері кездеседі. Әрбір адам өзінің өнерін, қажымас қайратын жұмсап, тұскиізді жасап, безендіруге уақытында, өнерін де аямаған. Қазіргі кезде де тұскиізді матаның бетіне кесте жіптермен өрнектеп салып, не матаны матаға оюлап бастырып жасайды.
Түскиізге арналған материалдар.
Қазақ халқының ескі заман дәуірінен сөнбес мұра болып, ұрпақтан ұрпаққа, әкеден балаға сабақтасып, ұзақ жылдар өзіндік тарихымен елімізді бүкіл әлемге мәдени қол өнерімен танытып келген «далалық өркениеттің» алтын бесігі Ұлы Дала кеңістігінде қалыптасқан.
Қазақ халқы мол байлығымен республика жерінде ескіден қалыптасқан көне мәдениеттің тікелей мұрагері және сол дәстүрді, салтты өркендетуші, ары қарай жаңғыртып, байытушы. Қазақ қонақжай халық болғандықтан арнаулы бір бөлек қонақ үйі болады.
Оның жасау жабдығында күнделікті қолданылып жүргендердей емес өте сәндікпен безендірілген бұйымдар тұтылған. Тұсқа айшықты түс киіз ілінген. Түс киіз-қазақтың халық шеберлерінің тағы қатты көңіл бөліп, сәндеп безендірген бұйымдарының бірі. Түс киізді де киіз үстіне ақ, қара, қызыл өрнектер салып дайындаған.
Оның көлемі көп жағдайда тік төртбұрыш болып, керегеге тұтастай тұтуға жетерлік болған.Түс киіз үйдің жасауы ретінде сән берер жиһаз болғанмен керегеден суық ұрмас үшін жылулық қасиеті тағы қатты ескерілген.
Сондықтан да оны да қалың киізден жасап, үстінен әдемілеп, көркемдеп мәнерлі өрнек түсірген.
Түскиіздің жасалу технологиясына байланысты бөлінуі.
Түскиіз – үй қабырғасын сәндеуге арналған жиһаз. Көбінесе төсек тұсына ұсталатын болғандықтан Түскиіз аталған. Түскиіздің шеті түрлі-түсті жіппен өрнектеліп кестеленген бір түсті матамен (барқыт, мәуіті, шұға т.б.) көмкеріледі. Ортасында үйлесімді мата (жібек, мақпал, қымқап) салып киізбен астарлайды. Кейде ақ киіздің бетіне түгелдей (қызыл, сары, көк) ою жапсырады.
Ертеректе Түскиіздің қызыл былғарыны күміспен әшекейлеп жасаған түрі де болған. Түскиіздің кестесі көбінесе біртұтас мазмұндағы бірнеше өрнектің (“мүйіз”, “гүл”, “жапырақ”, “шырмауық”, “түйетабан”, “алқа”) ұнамды үйлескен тұтас желісін жасау арқылы түрлі-түсті жіппен (ішінара меруерт, маржанмен) тігіледі шығармашылығының және әшекей бұйымдар дайындаудың бір түрі.
Бисермен жай суреттерден бастап өте күрделі түрлі-түсті жұмыстар жасауға (тоқуға), алқа, тұмарша, шаш буғыш, сырға, білезік, белдік, сөмкелерді де әшекейлеп тоқуға болады, сонымен қатар ойыншақтар да тоқуға болады. Қолдан жасалатын бисер моншақтары Ресейде, шет елдерде өте жоғары бағаланады. Нақ осы кезде халық шығармашылығының осы түрі жаңа өрлеу үстінде, дамудың сатысында.
Ою-өрнек, кесте десе, ойымызға ең бірінші оралатыны – түскиіз. Бірақ қазіргі заманауи интерьерде түскиіздің орнын басқа да бейнелеу өнерінің туындылары басып жатыр. Алайда бұл ою-өрнектің көнеріп, кестелеу өнерінің артта қалғанын білдірмесе керек.
Ұлттық бренд болатындай құндылықтарымыз басқа елдердің еншісінде кетіп жатқанын көріп жүрміз. Енді кестеден айырылып қалмайық деп барымды салып жұмыс жасаймыз. Оны заман талабына қарай абстракция мен ою-өрнекті ұштастырып картина етіп кестелеймін. Кесте өнері мен үшін теңдесі жоқ керемет өнер. Сондықтан да қолым қалт етсе ішкі дүниемді кестеге түсіруге тырысамыз.

Қорытындылай келе мен осы ғылыми жұмысым
барысында ұлттық қолөнер – кестелеу өнерінің қыр-сырымен танысып,
əжелеріміздің оны қандай эстетикалық талғаммен орындағандарына
тəнті болып, кесте өнері туралы көптеген деректерді жинадым. Өз
қолыммен кестелеп көрмей, қазақ халқының кестелеу өнерінің
бұрынғысы мен бүгінгісін салыстыра алмайтынымды түсініп, біз
кестемен бұйымдар мен киімдерді кестелеуді үйрендім. Ізденген
əдебиеттерден, Интернеттен алынған мақалалардан, тарих беттерінен
қызықты жайттарды білдім, мəліметтер
жинадым.
Кесте тігуге мата, жіп таңдауды, жалпы кестеге арналған заттарды дұрыс таңдауды үйрендім.
Кесте түрлерін білдім. Біз кестемен бұйымдарды кестелеу барысында қазақ қолөнеріне, оның ішінде кесте өнеріне қызығушылығым артып, кестені əсемдеу əдістерін, кесте тігу технологиясын меңгердім.
Өзім оқитын мектебімдегі қатарластарымды кестелеу өнеріне қызықтыру мақсатында өзімнің кестелеген бұйымдарымнан көрме ұйымдастырдым.
«Өткірдің жүзі, кестенің бізі, өрнегін сендей сала алмас», - деп ақын Абай жырлағандай, ұлы даланың асқар тауларын, құстары мен гүлдерін алуан өңді жібекпен төгілдіре кестелеген түскиіздер, күнделікті тұрмысқа қажетті жастықтың тысын кестелегеннен кейін, бөлмеге көрік беретін қабырға суреттерін кестелеуді жоспарлап отырмын.
Қорыта айтқанда, қазақ халқының ұлттық мəдениеті мен қолөнері өресін кең жайып, бүгінгі күнге лайықты жаңарып отырған жағдайда өнер қазынасының сарқылмас мұхитын «адам өнерімен əсем, аң жүнімен əсем», «кестені көңіл сызады, қол тігеді, көз сынайды» деп халық даналары айтқандай, үйренген кесте өнеріндегі білгенімді құрбыларыма үйрете отырып, одан əрі дамытпақпын.
№8 Жалпы білім беретін орта мектеп
Шығармашылық жоба тақырыбы:
Біз кестемен жұмыс. «Түскиіз»
Қарағанды қаласы
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тұскиіз туралы

шағым қалдыра аласыз