Тұскиіздің түрлері

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тұскиіздің түрлері

Материал туралы қысқаша түсінік
технология мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тұскиіздің түрлері.

Мұғалім: Н.Н Дусбаева

Сынып: 6

Пәні: Технонлогия

Күні:09.03.2017ж

Сабақтың тақырыбы: Тұскиіздің түрлері

Сабақтың мақсаттары:Ұлттық қолөнерді игере отырып, оның маңызын, мағынасын және орындалу әдістерін меңгерту.
Білімділігі: оқушыларға тұскиіз туралы мағлұмат беру, тұскиіздің жасалу жолдарын үйрету.
Дамытушылығы: ұлттық өнерге қызығушылығын арттыру, эстетикалық талғамын дамыту.
Тәрбиелілігі: халықтың өнерін бағалай білуге, ұқыптылыққа, төзімділікке,
Сабақтың әдісі: баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, ой қорыту.
Пәнаралық байланысы: тарих, геометрия, сурет,сызу.
Көрнекілік: Буклет, дайын тігілген тұрмыстық бұйымдар, киіз үйдің, тұскиіздің суреті. Ою- өрнектерді сызу технолгиясы.
Керекті құрал-жабдықтар: Киіз үй, ине, жіп, қайшы, бор, мата, киіз,сабын.



- Оқушыларды түгендеу.
- Сабаққа дайындықтарын тексеру.
2. Өткен сабақты қайталау.
1.Киіз үй жабдықтарын атау.
2. Жүн түрлері. Жүн өңдеудің жолдары?
3. Жүннің адам денсаулығына пайдасы?
Сөз жұмбақ шешу:

3. Жаңа сабақты түсіндіру.
Тұскиіз –сәндік және жылылық үшін, әрі төсек тұсына ілетін үй жиһаздарының бір түрі. Тұскиіздің екі түрі болады, біріншісі жүннен жасалған, екіншісі матадан жасалған тұскиіз. Жүннен жасалған тұскиізді жасау үшін күзгі маусымда қырқылған күзем жүннен тығыздап басылған жұқа киіз дайындалады. Матадан дайындалған тұскиізді тігу үшін түсті барқыттар, жібектер, шұға, т.б. маталардың әр түрлі етіп алынған ою-өрнектер тігіледі. Қазақ қонақ жай болғандықтан арнайы бөлек үйді қонаққа арнап дайындаған. Оның жасау- жабдығы да күнделікті қолданып жүргендей емес өте сәнділікпен безендірілген бұйымдардан құралады. Тұсқа айшықты тұскиіз ілініп, төрге оюлы текемет төселеді.Тұскиіз үйдің жасауы ретінде сән берер жиһаз болғанымен, қыста суықтан қорғану мақсатында керегеге ұстаған. Тұскиіз жасаудың алуан түрлі жолдары мен көптеген түрлері кездеседі. Ірбір адам өзінің өнерін, қажымас қайратын жұмсап, тұскиізді жасап, безендіруге уақытында, өнерін де аямаған. Қазіргі кезде де тұскиізді матаның бетіне кесте жіптермен өрнектеп салып, не матаны матаға оюлап бастырып жасайды.

.     Төсеніш бұйымдары. Тұскиіз- сәндік үшін төсектің тұсына ұстайтын үй жиһаздарының бірі. Оны жасау үшін нығыз басылған жұқа киіз таңдалып алынады. Тұскиізді безендіріп, әшекейлеу үшін түсті барқыттар, жібек, шұға т.б. маталардан бетіне ою-өрнектер тігіледі. Текемет- бетіне түрлі түсті ою-өрнек басылған киіз. Оның бетіне жүнді бояп, ою-өрнек жасап, киіз басқан әдіспен басады. Сырмақ- киізден сырып оюлап жасалған төсеніш. Екі түсті киізден оймалаған немесе үстіне матадан ою басқан тігістеріне жиек басып, сырып жасайды. Қоржын- өрмек құрып тоқылатын бұйым.
2. Ағаштан жасалған бұйымдар. Сандық киім кешек тағы басқа заттарды салуға арналған ағаштан жасалған бұйым
. Кебеже ағаштан жасалған әшекейлі сандық. Оған тамақ, ыдыс-аяқ салып сақтаған. Адалбақан- төрде тұратын киім ілетін өрнектелген бұтақты, не бұтақтарын қолдан жасаған сырық.
3. Зергерлік бұйымдар
. Білезік- білекке салынатын сәнді зат. Сырға – әйелдердің құлаққа салынатын сәнді зат, алтын, күмістен, асыл тастардан жасалған.Алқа – алтын, күміс, маржанмен әшекейленген омырауша, өңір, өңірше.
Демек қазақ халқының қолөнер бұйымдарының түрлері өте көп. Олардың шығу тарихы алуан түрлі. Міне осындай өнеріміз «Өнер-өмірдің өзіңдей мәңгілік» демекші ұрпақтан- ұрпаққа жалғасып, өмірмен бірге ұштасып келеді. Енді біз «Бақытты сәт» ойыны (оқыта үйрету ойындары)(модульдік технология бойынша)

4. Жаңа сабақты пысықтау сұрақтары.
1. Тұскиіздің неше түрі бар?
2. Киізден жасалған тұскиізге қандай жүн қолданылады.?
3. Тұскиіздің тұрмыстағы орны?
4. Қана, қыздар кимнің үйінде ою бастырылған тұскиіз бар?
5. Тұскиізге матаның қандай түрлері қажет?
6. Тұскиізге қандай оюлардың түрлері қолданылады?
Міне, қыздар сендер тұскиіз туралы біраз мағлұмат алып, сұрақтарға дұрыс жауап қайтардыңдар. Олай болса сарамандық жұмысымызды бастайық.
5. Сарамандық жұмыс:
1. Жұмыс орнын ұйымдастыру.
2. Техникалық қауіпсіздік ережелері
3. Нұсқау қағазы бойынша оюды матаға жапсыру.
Енді сендерге нұсқау қағазын таратып шығамын. Сол бойынша тұскиіз тігіп бастаймыз.
6. Ағымдағы нұсқау.
Оқушылардың нұсқау картамен жұмыс істеуін бақылау, түсінбегендерін көрсетіп, түсіндіру.

7.Сергіту сәті:

8. Қорытындылау.
1. Тұскиіздің неше түрі бар?
2. Киізден жасалған тұскиізге қандай жүн қолданылады?
3. Тұскиіздің тұрмыстағы орны?
4. Тұскиізге қандай матаның түрлері қажет?
5.Тұскиізге қандай ою түрлерін қолданылады
Оқушылардың білімдерін жасаған бұйымдарына байланысты бағалау.
Үйге тапсырма.
Жұмыстарын аяқтау.








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.01.2018
921
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі