2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / Түсқағаз жапсыру жұмыстары - ашық сабақ

Түсқағаз жапсыру жұмыстары - ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Студенттердің теориялық білімін практикамен ұштастыру.
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады


МАХАМБЕТ КӨП БЕЙІНДІ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ.








Shape2


«Менің үздік сабағым»-


облыстық байқауына дайындалған


ашық сабақтың


тақырыбы:


Қабырға бетіне түсқағаз жапсыру жұмыстары

















Дайындаған: Тлеугалиева Аккалыш Кайрекеновна

II- санатты өндірістік оқыту шебері










Сарайшық - 2018 жыл

Сабақтың тақырыбы: Қабырға бетіне түсқағаз жапсыру жұмыстары.

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Студенттердің білімділігін, икемділігін тексеру.

Дамытушылық: Студенттердің өндірістік оқыту сабағында өз бетінше

ойланып және мамандығына қызығушылығы мен практикалық

білімін дамыту.

Тәрбиелік: Қалаған мамандықтары бойынша студенттердің өз мамандығына

деген сүйіспеншілігін арттыру, тиянақтылыққа, ұқыптылыққа,

тәрбиелеу.


Пәнаралық байланыс: 1.Арнаулы технология

2.Материалтану


Сабақтың өтетін орыны: Өндірістік оқу шеберханасы


Сабақтың түрі: Практикалық жұмыс.


Сабақтың өткізу әдістері:

  • практикалық жұмыс

  • ауызша

  • көрнекі құралдар арқылы


Құрал- жабдықтар:

түсқағаз,қайшы, пышақ, білік, желім, бұрыштама, карандаш, метрлік, деңгейлік,

қалақша.




Сабақтың жүрісі:


. Ұйымдастыру бөлімі: Студенттердің сабаққа қатысын тексеру.

ІІ. Кіріспе нұсқау: 1.Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

2. Техника қауіпсіздігі жөніндегі шараларды

түсіндіру және журналға танысқандығы туралы қол қойғызу.

3. Нұсқау картасын құрал-саймандар мен жабдықтарды

қолдану және тапсырманы орындау реттілігін түсіндіру.

4. Өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қою.

ІІІ. Негізгі бөлім: Студенттер өз беттерімен берілген тапсырмалар бойынша жұмыс жасайды. Әр звенодағы студенттер тапсырмасын орындағаннан кейін звеноларын ауыстырады.














Звенолардың алмасу кестесі.


Сабақ нөмірі

Тапсырма

Жұмыс орны

Звено номері

1

1 т

1

1 2 3 4

2

2 т

2

2 3 4 1

3

3 т

3

3 4 1 2

4

4 т

4

4 12 3


Тапсырманың мазмұны мен орындалу реттілігі:


Алдымен жұмыс барысында керек болатын құралдарды дайындаңыз. Олар: желім жағатын жаққыш (кисть), губка, сызғыш, щетка, пышақ, қағаз, метр, жабыстырғыш қалақша, жарықшақты ұлғайтатын қалақша, баспалдақ, үстел, тесіктерді бітейтін қалақша, шелек т.б.



Жаңа тұсқағазды жабыстырмас бұрын,ескі тұсқағазды алып тастау керек. Бұны жылдам жасау үшін ескі тұсқағазға ыстық су шашыңыз да, кепкенше 10 минут күтіңіз. Осыдан соң, қалақшаның не темір щетканың көмегімен тұсқағаз оңай алынады. Қабырғаны жоғарыдан төменге қарай тазалаған дұрыс. Ескі тұсқағазды алған соң, қабырғаның тесік жерлері болса, бітеу керек. Тұсқағазды тек құрғақ әрі тегіс қабырғаға жабыстыру қажет.


Түсқағаздарды өлшеп пішіп, қиылысқан суретін сәйкес келтіру.


Тұсқағазды жабыстыратын желімді дайындап алыңыз. Дәл сіздің тұсқағазыңызға арналған сапалы желімді сатып алыңыз. Қаптамада көрсетілген желімнің дайындалу әдісін, құрамын мұқият оқып шығыңыз.


Тұсқағазды жабыстырудың алдында оны жайыңыз,суреті көрші тұсқағаздың суретімен сәйкес келе ме? Осыған мән беріңіз. Тұсқағазды қабырғаның жоғары жағынан 3 см-дей артық қалдырып барып кескен жөн.

Енді желімді тұсқағазға жағыңыз. Тұсқағаздың барлық жеріне, әсіресе, шет жағына желімді жеткілікті мөлшерде, аямай құйыңыз. Желім сіңгенше, 10 минуттай күте тұрыңыз.

Түсқағазды қабырға бетіне қалақшамен

немесе шүберекпен тегістеу.

Тұсқағазды қабырғаға жабыстыруды бастаймыз. Қабырғаның жоғары жағынан бастап мұқият, асықпай төсемді жабыстырыңыз. Қабырғаның температурасы 20 градус болуы керек. Қатты ыстықта не қатты суықта тұсқағазды жабыстырмағаныңыз жөн. Бірінші төсемді жабыстыратын жерлерді өзіңізге көрінетіндей қылып қана белгілеп алыңыз. Тұсқағаздың бірінші төсемі тікесінен болуын қадағалаңыз.

Бұдан кейін резіңке валикпен тұсқағаздың үстін зырылдатып тегістен шығыңыз. Валигіңіз болмаса, жұмсақ шағын матамен де істеуге болады. Жабыстырылған тұсқағазды жоғарыдан төменге, ортасынан шетіне қарай тегістеген жөн.





Рисунок 3


Түсқағаздың еденге түйіскен жерін кесу.

Тұсқағаздың төменгі жағын плинтусқа қарай әкеліңіз де,артық тұсын кесіңіз.

Бөлме бұрыштары дәлме-дәл болмайтыны анық. Сондықтан тұсқағазды жабыстырғанда, төсемдерді бір-біріне бекіту керек. Электр тоғы бар жерлерді жабыстырғанда, ең алдымен оларды тоқтан ажыратуды есіңізде ұстаңыз. Сосын қосқыштың жан-жағын қорықпай желімдей беруіңізге болады. Батарея артына тұсқағаз жабыстырған кезде, ұзын сапты қалақша пайдалана аласыз.Есік, терезе тұстарына жабыстырғанда да, дәлме-дәлдікті сақтаңыз.

Тұсқағаздыекі адамболып жабыстырған дұрыс. Біреуі төсемді ұстап тұрса, біреуі жабыстырып тұрады. 





IV. Ақтық нұсқау.

  1. Студенттердің жұмыс орындалысының нәтижесіне жеке – жеке тоқталу.

  2. Жақсы және өте жақсы орындалған жұмыстарын атап өту.

  3. Қателіктер жіберген студенттерге қатесін көрсету, дұрыс жолдарын түсіндіру, қажет болса жасап көрсету.

  4. Студенттердің практикалық жұмыстарды орындау кезінде берілген тапсырманың күрделілігіне қарай сараптау, бағалау.

  5. Жұмыс орнын тазалау.

  6. Үйге тапсырма. Оқулық : А.М.Шепелев «Сылақ жұмыстары».С.Қ.Хамзин,Ф.Б.Әбдішүкір «Құрылыс материалдары», «Құрылыс өндірісінің ұйымдастырылуы мен технологияс



Тапсырма


І. Басшылық нұсқау.


Тапсырма

Түсқағаз жапсыру жұмыстары

Оқытудың әдісі






  • Түсқағаз жапсыру жұмысы.

(заттық,мәтінді,плакат бойынша түсіндіру.)

  • Шебердің көмегімен қорытындылау.

  • Нұсқау картасын пайдалану.


Қажетт іқұрал-саймандар




  • желім жағатын жаққыш (кисть),

  • губка,

  • сызғыш,

  • щетка,

  • пышақ,

  • қағаз,

  • метр,

  • жабыстырғыш қалақша,

  • жарықшақты ұлғайтатын қалақша,

  • баспалдақ,

  • үстел,

  • тесіктерді бітейтін қалақша, шелек т.б.

  • Плакаттар.

  • Оқулықтар.

  • Нұсқау картасы.


Баға





Түсқағаздың қабырға бетіне жапсырылуын, дұрыстығын көзбен қарап қолмен ұстап тексеру.

  • Сабақ өткізудегі өндірістік оқыту шеберінің басшылыққа алатын нұсқауы осыдан әрі қарай студенттерге түйіндеме беріледі













Түйіндеме.

Түсқағаз жапсыру жұмыстары




Тапсырма

Түсқағаз жапсыру жұмыстары


Сабақтың мақсаты

Студенттің өз бетінше жұмыс жасап берілген тапсырманы орындап үйрену.


Жасалатын жұмыстар

  1. Түсқағаздарды өлшеп пішіп,қиылысқан жерін сәйкес келтіру

  2. Түсқағазға желімді жағып, қабырға бетіне жапсыру

  3. Түсқағазды қабырға бетіне қалақшамен немесе шүберекпен тегістеу.

  4. Түсқағаздың еденге түйіскен жерін қайшымен қию.


Алдын-ала білуге тиісті

Жұмыс кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережесін.Өндірістік санитария ережесін сақтауды. Жұмыс орындарындағы реттілікті,тазалықты.


Қажетті құрал-саймандар

Желім жағатын жаққыш (кисть), губка, сызғыш, щетка, пышақ, қағаз, метр, жабыстырғыш қалақша, жарықшақты ұлғайтатын қалақша, баспалдақ, үстел, тесіктерді бітейтін қалақша, шелек қажетті құралдарды қоятын сөре,Нұсқау картасы.Оқулықтар,плакаттар.


Сабақтың ұзақтылығы

6 сағат.




  • Түйіндемедегі мақсат студенттердің өз бетімен тапсырманың орындауындағы жұмыстардың жүйелігі.
















Бақылау сұрақтары:




  1. Түсқағазды жапсыруды қандай жұмыстан кейін бастайды?


  1. Түсқағаз жапсыратын қабырғаға қандай талаптар қойылады?


  1. Жалпы түсқағазды қабырғаға не үшін желімдейді?


  1. Түсқағаздың суреттерін дәл түспа түс келтіру үшін орамды қалай қию керек?


  1. Түсқағаздың түрлерін ата?


  1. Түсқағаздың желім жағатын желімді қандай әдіспен жағады?




Сипаттамасы.

Түсқағаз жапсыру жұмыстары

Жасалатын жұмыстардың реті.

Нені білеміз

Нені үйренеміз

Пайдалынатын құрал-жабдықтар.

Түсқағаздарды өлшеп пішіп,қиылысқан жерін сәйкес келтіру.

Жаңа тұсқағазды жабыстырмас бұрын,ескі тұсқағазды алып тастау керек. Бұны жылдам жасау үшін ескі тұсқағазға ыстық су шашыңыз да, кепкенше 10 минут күтіңіз. Осыдан соң, қалақшаның не темір щетканың көмегімен тұсқағаз оңай алынады. Қабырғаны жоғарыдан төменге қарай тазалаған дұрыс. Ескі тұсқағазды алған соң, қабырғаның тесік жерлері болса, бітеу керек. Тұсқағазды тек құрғақ әрі тегіс қабырғаға жабыстыру қажет.

Тұсқағазды жабыстырудың алдында оны жайып,суреті көрші тұсқағаздың суретімен сәйкес келе ме? Осыған мән беру қажет. Тұсқағазды қабырғаның жоғары жағынан 3 см-дей артық қалдырып барып кескен жөн.


желім жағатын жаққыш (кисть), губка, сызғыш, щетка, пышақ, қағаз, метр, жабыстырғыш қалақша, жарықшақты ұлғайтатын қалақша, баспалдақ, үстел, тесіктерді бітейтін қалақша, шелек

Түсқағазға желімді жағып, қабырға бетіне жапсыру.


Тұсқағазды жабыстыратын желімді дайындап, тұсқағазыңызға арналған сапалы желімді сатып алу. Қаптамада көрсетілген желімнің дайындалу әдісін, құрамын мұқият оқып шығу.

Желімді тұсқағазға жағуды. Тұсқағаздың барлық жеріне, әсіресе, шет жағына желімді жеткілікті мөлшерде, аямай құйып, желім сіңгенше,10 минуттай күте тұру керек.

Тұсқағазды қабырғаға жабыстыруды бастаймыз. Қабырғаның жоғары жағынан бастап мұқият, асықпай төсемді жабыстырыңыз. Қабырғаның температурасы 20 градус болуы керек. Қатты ыстықта не қатты суықта тұсқағазды жабыстырмағаныңыз жөн.Бірінші төсемді жабыстыратын жерлерді өзіне көрінетіндей қылып қана белгілеп ал.

Тұсқағаздың бірінші төсемі тікесінен болуын қадағала



Желім жағатын жаққыш (кисть), губка,

баспалдақ, үстел,







Түсқағазды қабырға бетіне қалақшамен немесе шүберекпен тегістеу.


















Тұсқағаздың үстін резеңкі валикпен жүргізуге немесе валик болмаған жағдайда қалақшамен және жұмсақ шағын матамен де істеуге болады.

Рисунок 3



Жабыстырылған тұсқағазды жоғарыдан төменге, ортасынан шетіне қарай тегістеу керек.


Баспалдақ, үстел, тесіктерді бітейтін қалақша, шелек.

















Түсқағаздың еденге түйіскен жерін қайшымен қию.


Тұсқағаздың төменгі жағын плинтусқа қарай әкеліпартық тұсын кесу.




Бөлме бұрыштары дәлме-дәл болмаған жағдайда тұсқағазды жабыстырғанда, төсемдерді бір-біріне бекіту керек. Электр тоғы бар жерлерді жабыстырғанда, ең алдымен оларды тоқтан ажыратуды есте ұстау қажет. Батарея артына тұсқағаз жабыстырған кезде, ұзын сапты қалақша пайдалану керек. Есік, терезе тұстарына жабыстырғанда да, дәлме-дәлдікті сақтау қажет.

Тұсқағазды екі адам болып жабыстырған дұрыс. Біреуі төсемді ұстап тұрса, біреуі жабыстырып тұрады. 



Қайшы,пышақ,

қалақша.


  • Сипаттаманың берілу себебі студенттер осыған қарап қабырға бетіне түсқағаз жапсыру жұмыстарына кіріседі.












































31 Мамыр 2018
1475
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі