Бейнелеу
өнері
Тақырыбы: Түстер
әлемі.
Оқу іс-әрекетінің
мақсаты: бояулармен, оларға тән қасиеттермен
таныстыру; қылқаламмен дұрыс жұмыс істеу, бояу тақтаны дұрыс
пайдалану дағдыларына баулу; сурет салуға құштарлықтарын арттыру;
сызықтар, сүйкей жағу ұғымдарын
түсіндіру.
Қажетті құралдар мен
материалдар:
Бояу
қарындашпен орындалған суреттер; қағаз, бояу тақта, тұрлі
қылқаламдар, гуашь, акварель бояу, су құйылған ыдыс, қол
орамал.
балалар үшін:
қағаз, жұмыс дөптері, жай және түрлі -
түсті қарындаштар, акварель бояу, гуашь, қылқаламдар, су құйылған
ыдыс, қол орамал.
Оқу іс-әрекетін
ұйымдастыру.
1.Кіріспе әңгіме: Балаларға ерте кезде
адамдардың суретті жерге, тастарға салғандығы туралы айту. Оларда
құралдар, бояулар болмаған, бертін келе бояу ретінде саз балшықты
жағып, тастарға сурет салып көрген. Кейінірек шөптің бояуы
шығатынын байқап, оларды бояу орнына
қолданды.
Қылқаламның орнына саусақтарымен жұмыс
жасаған. Сосын құстың қанатын пайдаланды. Қарындаш жоқ
болғандықтан, бор немесе қорғасынмен сызды. Кейінірек түрлі түсті
қарындашты, акварель бояуларды алуан түрлі тұс беретін қоспалар
қосып, дайындай бастады.
Сурет, сиқырлы бояулар туралы өлеңдер
оқып беріп, балалардың сурет салуға деген қызығушылықтарын
арттыру.
Әртүрлі
материалдармен сурет салу тәсілдерін көрсетіп, қылқаламмен,
қарындашпен дұрыс жұмыс жасау ережесін
түсіндіру.
2.Өзіндік жұмыс: балалар акварель бояу,
гуашь, түрлі түсті қарындаштардың қасиетін анықтау үшін өз
беттерінше тәжірибе жасап көреді. Балалар бояулардың қасиеттерін
анықтайды: акварель бояу ағады, тез ериді, мөлдір; гуашь қалың
жағылады, қою; түрлі түсті қарындаштар жұмсақ, ашық түсті, сызық
түрінде түседі.
3.Түсіндіру: жұмыстың орындалу барысын
түсіндіру. Балалар жұмыс дәптерлерінде сызықтар мен геометриялық
материалдарды түрлі бояулармен (акварель, гуашь, түрлі түсті
қарындаштар) орындап жаттығады.
Балалардың жұмыстарын қадағалап,
іс-әрекет барысында қиналған балаларға көмек қолын созып,
бағыт-бағдар беріп отыру керек.
Оқу іс-әрекетін
қорыту.
Орындалған, аяқталған жұмыстарды
бағалап, талдау жасауды балалармен бірге жүргізу. Талдау барысында
ең жақсы, сапалы орындалған суреттерді үлгі ретінде тақтаға іліп,
балалардың еңбектерін бағалау,
мадақтау.
Тақырыбы:
Кемпірқосақтың суретін саламыз.
Оқу іс-әрекетінің мақсаты: балаларды
кемпірқосақтың жеті түсін ажырата білу; кемпірқосақтың түстерінің
орналасу ретімен таныстыру; акварель бояулармен жұмыс істеу
дағдыларын қалыптастыру; композиция құра білуге
үйрету.
Қажетті құралдар
мен материалдар:
Кемпірқосақтың суреті; қағаз, акварель бояу,
қылқалам, су құйылған ыдыс, қол
орамал.
балалар үшін:
қағаз, акварель бояу, қылқалам, су, қол
орамал.
Оқу іс-әрекетін
ұйымдастыру.
1.Кіріспе
әңгіме: Балаларға жұмыс орындарын қалай дайындау керектігін
түсіндіру. Су құйылған ыдыс, бояу, қылқалам мен қол орамалдардың
қайда тұру керектігін көрсету. Жұмыс дәптерін ыңғайлап
орналастырады.
Балаларға кемпірқосақтың суретін
көрсетіп, қайдан, қашан көргендерін естеріне түсіріп, әңгімелеп
берулерін сұрау. Балаларды әңгімеге тарта отырып, кемпірқосақтың
қашан, қалай пайда болатыны жөнінде сұрақтарға жауап алады.
Кемпірқосақтың суретін зейін сала қарап, оның түстерін орналасу
ретімен айтып берулерін сұрау. Кемпірқосақтың түстері: қызыл, қызыл
сары, сары, жасыл, көгілдір, көк, күлгін. Балалар кемпірқосақтың
түстерін ретімен қайталап айт
Балаларға кемпірқосақтың суретін салуға
тапсырма беріледі. Алдымен салатын суреттің мазмұнын анықтап алу:
күн, кемпірқосақ, бұлт және т.б. Алдымен суретті салмас бұрын,
кемпірқосақтың суреті альбом бетіне тігінен немесе көлденеңінен
орналасатындығын анықтап алады. Балалар парақты көлденеңінен
пайдаланса, көріністі толық сыйдыра алатындықтарын
байқайды.
2.Түсіндіру:суретті салу жолдарын
көрсете отырып түсіндіру:
Алдымен жай қарындашпен көкжиек сызығын
- алаңқайды сызып аламыз.
Қағаздың жоғарғы бөлігіне күн мен
бұлттарды саламыз.
Содан соң кемпірқосақ түстерін бірден
қылқаламмен акварель бояумен доға түрінде салып
шығамыз.
Алаңқайды, күн мен бұлттарды
бояймыз.
3.Өзіндік жұмыс: Балалар кемпірқосақтың
суретін салады.
Оқу іс-әрекетін
қорыту.
Сабақ соңында балалардың салған
суреттерінен шағын көрме ұйымдастыру, жұмыстарды балаларды
қатыстыра отырып талқылау, бағалау.
Балалар кемпірқосақ түстерінің ретін
тағы бір рет естеріне түсіреді.