"Түстер әлемі" балабақша

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Түстер әлемі" балабақша

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақшадағы тәрбиеленушілерге арналған таным сабағы, түстерді ажыратып, өз білімдерін шыңдау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Балбөбек» шағын орталығы

_________Мусакулова .П.А.





Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі.

Білім беру саласы: Таным

Кіші сала:Сенсорика

Тақырыбы:

«Түстер әлемі!»








Тәрбиеші: Абдрешова.А.К

Тобы: Ерте жас

2022-2023 оку жылы

Тақырыбы: Түстер әлемі
Білім беру саласы: «Таным»
Кіші сала: Сенсорика.
Мақсаты: Балаларға негізгі төрт түстерді топтастыруға үйрету: қызыл, сары, көк, жасыл.
Дидактикалық құралдар: Шарлар, қағаз түстері
Блингвистикалық компонеті: Қызыл - красный, Көк - синий
Сары - желтый, Жасыл - зеленый
Көрнекілігі: Күн мен бұлттың суреті, түрлі түсті жолақтар, түрлі түсті пішіндер, доптар.Тақтаға түрлі - түсті дөңгелектер ілінеді, жәнеде дөңгелек шарлар қойылады.
Түрлі – түстерге тоқталу. Балалардың ойынға деген қызығушылықтары артады.

Алдын – ала жұмыс және оқу іс - әрекетіне дайындық: «Түстерді қайталау»
Сөздік жұмыс: Қызыл, жасыл, көк, сары
Балалар, бәріміз орнымыздан тұрып шаттық шеңбер құрайық.

Қане түзу тұрайық
Амандасып алайық,
Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Сәлеметсіз бе, апайлар!

Шаттық шеңбері

Табиғат –біздің анамыз,

Табиғатқа баламыз.

Иіліп сәлем береміз,

Біз әдепті баламыз.

Кіріспе бөлім:Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Аптаның қай күні?

Қазір ауа райы қандай?

Күз мезгілінде күн құбұлмалы болады.

Балалар қараңыздар, мына суретте күн күлімдеп тұр, күннің түсі сары, жаңбырдан кейін кемпірқосақта шығып қалыпты, балалар қараңыздар кемпірқосақтың түстері әртүрлі көк, сары, қызыл, жасыл.

Сендерді бүгін өзімнің түстер әлеміме саяхатқа апарамын. Онда көптеген түстердің тапсырмаларын орындаймыз.

Ол үшін алдымен видеороликтен 4 түрлі түсті көріп, түстерді қайталап алайық.
Неізгі бөлім:Балалар қане, қазір біз түрлі - түстер әлеміне саяхат жасаймыз.

Тосын сәт: Балалар, бізге қонаққа түстер әлемінің еркесі келіп тұр екен. Сәлеметсіңдер ме балалар! Көңіл-күйлерің қалай? Мен сендермен ойын ойнауға өзіммен бірге тапсырмалар әкелдім. Балалар , тапсырмаларды орындаймыз ба?

Балалар: ия

1-тапсырма «Доптарды түсіне қарай жина»

«Доптарды өз себетіне жинаймыз»Дөңгелек шарларды себетке жинап қойып, балаларды шығарып музыкамен сол шарларды, өз түстерімен себетке жинатқызу.

Ал балалар енді, келесі тапсырамаға барайық.
2 – тапсырма «Пішіндер» аялдамасы
Балаларға геометриялық пішіндерді пішініне,түсіне қарай жапсырып шығу.
Жарайсыңдар, балалар!

Сергіту кезеңі: (бейне таспа)
Балалар автобусымызға мінейік келесі аялдамаға кеттік.
Балалар бұл қандай аялдама?
3 - аялдама «Пирамида» аялдама
Балалар бірінші біз пирамиданы жинамас бұрын ең үлкенінен кішісіне қарай жинаймыз. Ал балалар апаймен бірге жинаймыз.
(Музыкамен)
Жарайсыңдар балалар!
4- аялдама. « Шарлар»

Түрлі-түсті шарларды түсіне қарай боя


Қызыл, сары, көк түсті.
Міне шарлар көп тіпті.
Қане қайсысын таңдайсың,

Түсін біліп алғайсың.

Сергіту сәті:

Аяқ пенен топ,топ, топ

Алақан мен хлоп,хлоп,хлоп

Бір отырып, бір тұрып

Бойды жазып алайық
Жаңғыртады: Түстерді, дөңгелектерді
Түсінеді: Доптар арқылы түстерді, ойын арқылы топтастыруды.
Қолданады: 4 түстерді топтастыруға үйренеді





  1. «Доптарды түсіне қарай жина»

  2. «Пішіндер» аялдамасы

  3. «Пирамида» аялдама

  4. «Шарлар»







































































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.01.2023
1186
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі