2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / «Тұтығу диагнозы бойынша байланыстырып сөйлеу тілін дамыту»

«Тұтығу диагнозы бойынша байланыстырып сөйлеу тілін дамыту»

Материал туралы қысқаша түсінік
Тұтығу – сөйлеу кемістігінің ішіндегі ауыр түрі.
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады



Түркістан облысы әдістемелік орталығы арнайы және инклюзивті білім беру бағдарламасы бойынша әдіскері М.Мусабаева



«Тұтығу диагнозы бойынша байланыстырып сөйлеу тілін дамыту»

Тұтығу – сөйлеу кемістігінің ішіндегі ауыр түрі. Ол баланың психологиясын жарақаттайды, дұрыс келе жатқан тәрбие процесін тоқтатады, сөйлеу қатынасына қиындатады.

Тұтығуда сөздің ерексіз тоқтатулуы, сонымен қатар жеке дыбыстар мен буындарды қайталауға әкеп соғатын жағдайлар пайда болады.

Қазіргі кезде логопедияда тұтығу сөйлеу аппаратты еттерінің дірілдеп тырысу салдарынан болған сөйлеу шапшаңдығының бұзылуымен аңықталады.

Балаларға тұтығудың таралуы.ХІХ ғасыр аяғында психиатр И.А.Сикорикий алғаш рет тұтығудың 2 мен 5 жастағы балалардың арасында жиі кездесетіндігін анықтап, осыған байланысты оны «бала ауруы» деп атады.

Ресей және шетел ғалымдарының мәлеметтері бойынша жалпы балалардың 2 пайыз тұтығады.

Тұтығудың пайда болу себептері.

Этиологиялық белгілері бойынша тұтығу екіге бөлінеді:

1. Функционалды тұтығу жиі кездеседі. Ол 2-ден 5 жасқа дейін балаларды сөз тіркесінің байланыстырып сөйлеуі қалыптасуы кезінде пайда болады.

2. Ал органикалық тұтығу орталық нерв системасының органикалық зақымдануынан(жарақаттану,нейроинфекция т.б) болады. Бұл барлық жастағы адамдарда кездесуі мүмкін.

Функционалды тұтығудың себептері түрліше болады.Көп тараған себептерінің бірі олар үшін әлі келмейтін сөйлеу жүктемесі (қиын сөздер мен түсініксіз сөздерді қайталау,көлемі үлкен, мазмұны ауыр өлеңдер, баланың жасы мендамуына сәйкес келмейтін әңгімелер мен ережелерді есте сақтау )болып табылады. Мұндай жағдайда баланың нерв системасына шамадан тыс салмақ түсіру және сөздерді қиындықпен айтылуы қосылып сөйлеуінің тосынан тоқталуына немесе дыбыстар мен буындарды қайталуына әкеп соғады. Одан балаларда әрқашан солай болуы керек деген сенімдік пайда болады. Патологиялық тітіркеніштік жасалады (фиксация, өзін-өзі сендіру).

Сөйлеу тез және тосыннан болғандықтан да тұтыгу болуы мүмкін: бала өз ойын тез жеткізуге асығады, сөйтіп кейбір дыбыстарды кідіріп қалады да, тұтығу басталады.

Жалпы сөйлеу тілі толық жетілмеген балаларда ойын айту үшін грамматикалық сөз тіркестері мен элементарлы сөздік қорының жетіспеушілігінен тұтығу жиі болады.

Бала тәрбиесіндегі бұрыс жағдайлар, баланы қатал жазалау, қорқыту да тұтығуға душар етеді.

Тұтығудың білінуі.

Тұтығу кейде аяқ астынан пайда болады, кейде білінбей жүріп, бірте- бірте күшейе береді. Ол ішкі және сыртқы тітіркену мен жүйке ауруларының сипатына байланысты кезекпен бірде бәсеңдеп, бірде күшейеді .

Тұтығудың негізгі белгісі сөйлеу процесі кезінде тырысу болып табылады. Тырысу формасы бойынша- (клоникалық, тоникалық,аралас) ал тарылу бойынша ( дем алу, дыбыс шығару, артикуляциялық, аралас) және жиілігіне қарай сипатталады.

Тоникалық таралуда бұлшық еттердің жиырылып тырысуының салдарынан сөз басында немесе ортасында ұзақ тоқталып қалу байқалады.«К-іт-ап». Клоникалық тырысуда дыбыс немесе буын қайталана береді «м-м-м-мысық».Тұтығу күшейіп ауыр түріне айнала бастаған кезде ілеспелі жалғас қимылдар байқалады. Ілеспелі қимылдар ерікті және еріксіз болып екіге бөлінеді. Тұтыққан адам сөйлеуін жеңілдету үшін сөйлеуін еліктеу сөздерінен бастайды (ну,былай). Мұндай құбылыс эмболофразия деп аталады.Тұтығуға тән белгілердің бірі-сөйлеу алдындағы қорқыныш, үрейлену.

Тұтытққан адамда ойын жеткізу үшін қиын сөздерді немесе дыбыстарды айтар кезде үрей пайда болады. Бұл құбылыс логофобия деп аталады.

Тұтығуға тән белгілерінің барлық баяндалған түрлері тұрақсыз, өзгере береді.

Тұтығудың түрі де ауысып отырады: бірде дыбыстар мен буындар қайталана береді, бірде аяқастынан тоқталып қалады.

Кейбір тұтығатын балаларда дене қимылдары (моторика)бұзылады.

Б.И.Шостақ тұтығатын балаларда жүріс тұрысындағы ыңғайсыздық, епсіздікті, қозғалсындағы нашар үйлесімділікті байқаған. Тұтығудың психологиялық белгілеріне балалардың өз кемістігіне назар аударуы жатады.

Осыған байланысты тұтықпа балаларды 3 топқа бөлуге болады (ақауын ескермейді, көніл бөлмейді, ұстамдылықпен қарайды, ашық қайғырады).

Тұтығу 3 дәрежеге ажыратылады: женіл, орташа, және ауыр түрі болады.

Женіл- тез сөйлегенде немесе толғанып сөйлеген кезде ғана;

Орташа- бала өзіғе ортада женіл сөйлеп аз тұтығады;

Ауыр-бала барлық сөйлеу түрінде тұтығады, ылғи ілеспелі қимыл қозғалыстар байқалады.

Тұтығатың балаларды тексеру

Тұтығуды жан-жақты, комплексті тексеру қажет. Олар: медициналық, логопедиялық және психологиялық.

Медициналық тексеруді дәрігер психоневролог жүргізеді.Мұнда баланың туған кезінен бастап дамуындағы ерекшеліктерінде анықтайды.

Логопедиялық тексеру:

1.Тұтығудың себептері мен түрін анықтау.

2. Баланың сөйлеу жылдамдығын анықтау.

3. Ата-анасымен әңгіме барысында баланың сол қолмен істеуіне тиым салғаны, оң қолымен істеуге үйретуі туралы мағлумат алуға болады;

4. Көңіл бөлудің бұзылуын тексеру;

5. Баланың сөйлеу тілі мен жалпы дамуының тарихын білу;

6. Баланың айналасындағы сөйлеу ортасын білу;

7. Жанұядағы қарым-қатынас сипаты

8. Жанұя жағдайымен танысу;

9. Тұтығудын басталған мерзімін, дамуын,барысын анықтау

10.Тұтығудың басталған мерзімін, дамуын, барысын анықтау;

11. Дыбыс шығаруындағы кемшіліктердің пайда болуы;

12.Тұтығатын баланың сөйлеу тілі дамуының жалпы деңгейін белгілеу;

Қазіргі кездегі тұтығудың комплексті әдістері

Тұтығумен күресте комплексті әдістерді қолдану жағдайында ғана үлкен жетістіктерге жетуге болатындығын теория мен практикада дәлелденіп

отыр.

Тұтығуға комплексті әсер ету мынандай бағыттардан тұрады:

1.Медициналық. Ол баланың нерв системасының функциясын қалыпты

жағдайда болуына мүмкіндік жасайды және психотерапия мен логопедиялық жұмыстар үшін колайлы жағдайлар жасайды.

2.Психотерапиялық. Ол баланың тұтығусыз сөйлей алатынына сендіру. Бұл бағыттағы жетістіктерге құрбыларын, тәрбиешілерін немесе ата-анасын өқатыстыра отырып, баланың көңіл аударуын бөліп белгілеу.

3.Логопедиялық. Бұл ұзақ уақыт бойына (8-9 ай) жүйелі түрде жүргізілетін системалық сабақтар курсы.

4. Логопедиялық ритмика. Ол әртүрлі жаттығулар мен ырғақтар немесе балалардың сөйлеуіне байланысты қозғалыс ойындарынан тұрады.

5. Тұтығатын баланың жеке басынан қоршаға ортасының әсер етуі.

Бұл түзету тәрбие жұмыстарының барлық кезендерінде жүзеге асырылады.

Баланың тұтығудан алдын-ала сақтандыру.

Баланы тұтығудан сақтау үшін отбасындағы, балабақшадағы ортасы мен үлкендер тарапынан үлкен профилактикалық жұмыстар жүргізілуі қажет.

Баланы ерте жасынан ақ үлкендер сөйлеуіне еліктеушілік байқала бастайды, сондықтан баланың айналасындағылар асықпай, анық және дұрыс сөйлегендері жөн. Баладан да солай сөйлеуді талап ету керек. Жылдам сөйлеуге жол бермеу қажет. Өйткені бала жас кезінде ойын, көргенің тез жеткізуге тырысады. Оның бала жас кезінде ойын, көргенің тез жеткізу тырысады. Оның ақыры тұтығуға әкеп соқтыруы мүмкін.

Сөйлеудің дұрыс қалыпты дамуы үшін нерв жүйесі жағдайының маңызы зор.

Сондықтан бала алғашқы күннен бастап ерекше көніл аударуды қажет етеді. Баланы психикалық, физикалық жарақтанудан, соғылудан сақтау керек. Жаңұядағы жағымсыз жағдайлар дабаланың сөйлеуіне әсерін тигізбей қөймайды. Баланың мөлшерден тыс көп сөйлетуге де болмайды.

Өйткені мектепке дейінгі жастағы баланың сөйлеу мүмкіндігі шектеулі.

Оның сөздік қоры аз, сөйлеу дәрежесі жеткілікті дамымаған, тілдің граматикалық формаларын жеткілікті меңгермеген. Ал ересектер балалардан күрделі сөз тіркесін, түсініксіз таныс емес сөздерді талап етеді. Мазмұны мен формасы жағынан қиын, көп таппақтарды жаттауды тапсырады. Баланы 4 жастан кейін артикуляциялық аппараты бекіп сөйлеудегі дыбыстарды толық айта алатының естен шығармаған жөн. Жаңұядағы балаға кітап оқып бермеу, оқығаның айтып бермеу,дұрыс сөйлемеген жерін түзетпеу үлкен зиян келтіреді. Мектепке дейінгі балаларды кинотеатрға алып баруға болмайды. Мыс: 1,5 сеанс балаға өте ұзақ. Кейде балаларда тұтығу қорыққанан пайда болады. Баланың қорқатының біле тұрып, бөлмеде, қаранғыда т.б жерлерде жалғыз қалдыруға болмайды.

Балаға қорқыныш себептерін түсіндіріп отыру керек. Егер бала иттен немесе мысықтан қорқатын болса оларға жақындатып, қолынан тамақ бергізіп үйрету керек. Сол қолмен жұмыс істейтін балалар ерекше көңіл бөлуді қажет етеді. Өйткені оларды оң қолымен жұмыс істеуді талап ететін болса онда оларда тұтығу пайда болуы мүмкін. Егер баланың сөйлеу дұрыс болып, нерв жүйесінің әлсіздігі байқалса, қайта үйретуді ертерек бастаған жөн. Мұны абайлап, жұмсақтап, бірте-бірте қорқытпай , жазаламай жүргізу керек.

Дегенмен баланың өз еркімен қайта үйренуі үлкен жетістікке жеткізіді. Балалардағы тұтығуды жоюда үй ішімен бала бақшаның рөлі. Балалардағы тұтығуды жоюда көбінесе ата-аналар мен тәрбиешілер көмегі арқасында көп жетістікке жетуге болады. Өйткені олар логпедтің жетекшілігімен баланың жалпы сөйлеу тәртібін ұйымдастырады, жаттығулар, шынықтыруәрекеттерін жасатады. Сонымен бірге логопедтің кенесімен тапсырмасын орындайды. Тұтығатын балалар өте тынымсыз ашуланшақ келеді. Оларды түнде 10-11 сағат, күндіз кемінде 2 сағат ұйықтауы керек. Баланың көзінше оның кемшілігін басқаларға айтуға болмайды. Ата-аналармен тәрбиешілер баланы асықпай, ақырын, анық сөйлеуге үйрету керек. Үйде бала үшін тыныш жағдай жасау қажет. Күнге қыздырынуға болмайды. Осы жағдайларды дұрыс сақтағанда ғана дұрыс сөйлеу дағдысын қалыптастыруға болады.







Жариялаған:
Мусабаева Мадина
01 Ақпан 2019
1071
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі