Тұтынушылардың
қуаттық
міңездемелері
Электр қабылдағыштың номиналды
қуаты – қозғалтқыштың, күштік немесе арнайы трансформатордың зауыт
кестесінде немесе куәлігінде, не болмаса жарық көзінің сауыты
(цоколь) немесе бөлігінде (колба) белгіленген қуат. Электр
қозғалтқышытың номиналды деп номиналды кернеу кезінде қозғалтқыштың
білігінде үдететін қуат Рн, ал энергияның басқа
қабылдағышының номиналды қуаты деп номиналды кернеу кезінде
ортаның белгіленген шарттары кезінде және олар арналған жұмыс
режимі кезінде жүйеден тұтынатын
қуат.
Қабылдағыштың номиналды қуаты
әрқашан жүктеменің ұзақ жұмыс режиміне
келтіріледі.
Қайталанбалы қысқа мерзімді
режимінде істейтін қабылдағыштың куәліктік қуаты қосылу
ұзақтығы ПВ-100% кезіндегі номиналды ұзақ қуатқа формулалар
арқылы келтіріледі.
Электр қозғалтқыш
үшін Рном=Рпасп. ;
трансформатор
үшін Sном=Sпасп.
мұндағы Рпасп,
(кВт); Sпасп, (кВА) – паспортта
көрсетілген активті және толық
қуаттар;
ПВпасп - қабылдағыштың
салыстырмалы қосылу ұзақтығы.
Электр пештерінің
трансформаторлары
үшін Рном=
Sпасп.cosпасп,
мұндағы cosпасп - электр пеш
трансформаторының номиналды қуат
коэффициенті.
Балқыту машинасының
трансформаторы мен қолдық балқыту трансформаторының номиналды
активті қуат - ПВ-100%-ға келтірілген белгілі бір шартты
қуат.
Көп қозғалтқышты жетекті
агрегат үшін (кран қондырғысынан басқа), электр энергияның
қабылдағышы ретінде бүкіл агрегатты түсіну қажет, ал оның номиналды
қуаты деген ПВ-100% келтірілген агрегатының барлық
қозғалтқыштарының номиналды қуаттарының
қосындысы.
Крандық қондырғылар үшін
«электрэнергия қабылдағышы» термині ретінде әр механизмнің электр
жетегін түсіну қажет, сонымен қатар қуаттары қосылатын екі
қозғалтқыштарда.
Топтық номиналды активті
қуат – бұл жеке жұмыс қабылдағыштарының номиналды активті
қуаттарының қосындысы
.
Қабылдағыштың номиналды
реактивті қуаты дегеніміз - номиналды активті қуат және номиналды
кернеу кезінде желіден тұтылатын (таңбасы оң) немесе желіге
берілетін (таңбасы теріс) реактивті қуат, ал синхронды
қозғалтқыштар үшін номиналды қуат коэффициенті номиналды қоздыру
тоғы кезіндегі реактивті қуат.
Топтық номиналды реактивті
қуат - бұл жеке жұмысшы қабылдағыштардың номиналды реактивті
қуаттарының реактивті алгебралық
қосындысы
.
Орташа
жүктемелер
Өзгермелі шаманың орташа мәні
- бұл оның негізгі статикалық сиппаттамасы. Сондықтан жүктеменің
айнымалы графигімен сипатталады. Электр энергия топтарының
қабылдағыштарының орташа жүктемелерінің қосындысы есептік жүктеме
мәнінің төменгі шегін бағалауға мүмкіндік
береді.
Орташа квадратты
жүктемелер
Кез келген уақыт интервалында
орташа квадраттық жүктемелер
Рск,
Qск,
Iск жалпы түрде келесі
формула арқылы анықталады
; ;
мұндағы Т –қарастырылған
уақыт периоды.
Максималды
жүктемелер
Активті қуаттың
Рм, реактивті қуаттың
qм,
Qм , толық қуаттың
sм,
Sм және токтың
iм,
Iм максималды мәндері бір
уақыт мезгіліне сәйкес келетін орташа шамалының ең үлкен шамалары.
Максималды жүктемелер сол немесе басқа уақыт периоды ішінде пайда
болу жиілігімен сипатталады.
Ұзақтық бойынша максималды
жүктемелер екі түрге бөлінеді:
а) электрмен жабдықтау жүйе
элементтерін таңдау үшін қызу және олардағы максималды қуат шығынын
есептеу бойынша анықталатын ұзақтықтары әртүрлі максималды ұзақтық
жүктемелер (10, 15, 30, 60, 120
мин.);
б) желідегі кернеудің
өзгеріс көлемін тексеру үшін, түйіспелі желідегі кернеу
шығынын анықтау үшін, электр қозғалтқыштың өзіндік қосу шарты
бойынша желіні тексеру үшін, сақтандырғыштың балқымалы ендірмесін
таңдау үшін, максималды тоқ релелік қорғаныстың іске қосылу тоғын
есептеу үшін қажетті болатын ұзақтығы 1-2 с бар максималды қысқа
мерзімді жүктеме.
Есептік
жүктемелер
Рұқсат етілген қызу бойынша
есептік жүктеме дегеніміз - ең көп жылулық әсер ету бойынша
өзгеретін жүктемеге эквивалентті электрмен жабдықтау элементінің
ұзақтығының өзгермейтін жүктемесі (өткізгіштің максималды қызу
температурасы немесе оқшауламаның жылулық тозуы бойынша).
Өткізгіштің қызуы ток жүктемесіне байланысты, бірақ тәжірибе
бойынша және есептеулер жүргізгенде P=f(t) графигін I=f(t)
графигіне қарағанда алу оңай болғандықтан, жобалау тәжірибесінде
активті қуат бойынша есептік жүктеме
Рр ұғымы кеңінен
қолданады.
Орташа жүктеменің максимумы
туралы түсінік
Өткізгіштегі орташа қуаттың
шығыны, оның орташа аса қызуы орташа квадратты ток
Iск арқылы анықталады. Тек
жүктеме уақыт бойынша өзгермейтін жағдайдан басқа жағдайларда, аса
қызу бірдей болған кезде орташа аса қызу өткізгіштің максималды аса
қызуынан аз болады. Жалпы жағдайда келесі түрде жазуға
болады
Iм Iр Iск Iс
мұндағы
Iм-берілген графиктегі токтың ең
үлкен мәні.
Активті қуат бойынша
жүктемелер графигі үшін келесі теңсіздік
сәйкес
Рм Рр Рск Рс.
Бұл теңсіздік жеткілікті,
бірақ көп жағдайда есептік жүктеменің
Рр өте қате бағалауын
береді. Рр ең дәл шаманың бағалауын
Т уақыт интервалы ішінде Рм,т орташа жүктеменің
максимум түсінігін қолдану көмегімен алуға
болады.
Орталандыру интервалының
оптималды (тиімді) ұзақтығы
Тоср өткізгіштің
То үш уақыт тұрақтысына
Тоср=3То тең деп қабылданады,
өйткені осы уақыт ішінде жүктеме өзгермеген кезде өткізгіштің аса
қызуы тұрақталған мәннің 95% жетеді. Сол себептен,
Тоср=3То уақыт интервалында
максималды орташа жүктеме есептік жүктеме ретінде қабылданады,
Рр
≈ Рм.
Сонымен, рұқсат етілетін қызу
бойынша айнымалы жүктеме графигі кезінде есептік жүктеме
Рр ретінде ұзақтығы әртүрлі
(0,5; 0,75; 1; 1,5; 2; 2,5сағ.) максималды жүктемелерді қолданады,
ал жүктеме графигі аз ауысатын (тұрақты) жағдайда орташа
жүктеме қолданылады.