Материалдар / Тұтықпасы бар балаларға арналған сабақ

Тұтықпасы бар балаларға арналған сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Тұтықпасы бар балаларға арналған сабақ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Наурыз 2021
376
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Сабақтың тақырыбы : « Менің отбасым»

Сабақтың мақсаты: Тыныс алу жаттығуларын дұрыс жасауға үйрету. Алаңдатушылықты азайту,бұлшық еттерді босаңсыту. Өзін-өзі қадағалау. Мәнерлеп оқу,сөйлеу қабілетін дамыту. Сурет бойынша байланыстырып әңгіме құрастыру,сөйлеу тілін дамытып ,сөздік қорын байыту.Үлкендерді құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі :Тыныс алу жаттығулары көрсетілген суреттер,сөйлеу ережелері, тапсырмалар,отбасы мүшелерінің суреттері, мақал-мәтелдер,жұмбақтар.

Сөздік жұмыс: ата,әже, әке, ағасы,іні-қарындасы.

Ұйымдастыру бөлімі:

Бой сергіту жаттығулары

(мазмұнына қарай қимыл жасату)

Орнымыздан тұрайық

Қолымызды белге қояйық.

Бұрыламыз оңға бір.

Бұрыламыз солға бір.

1,2,3(мұрынымен дем алып)

Демімізді алайық!

Негізгі бөлім:

Тыныс алу жаттығулары

1.«Түрлі-түсті фонтан»Өзін түрлі-түсті су фонтаны екенін елестетіп 3-5 дыбыстарды айтады (а,о,у,э,и )

2. «Кім ұзақ»а,ао,ау, аэ,аы,аоу,аоэ,аоы,аоуэ

аоуы,аоуы ,о,оа,оу,оэ,оы,оау,оаээ

3. «Шырақты өшіру» .Мұрынмен дем алып, ауызбен демді күшпен үзілмелі фуууу дыбыс тіркесін айтып шығару.

Артикуляциялық жаттығулар:

«Алтыбақан»

Мақсаты:Тілдің қалпын тез өзгерте білу дағдысын қалыптастыру.

Қысқаша сипаттамасы: жымиып, тістерін көрсетіп,ауызын ашып, жалпақ тілді жоғарғы тіс артына , содан кейін астынғы тістердің артына орналастыру керек.

«Саңырауқұлақ»

Мақсаты: тілді жоғары ұстауын үйрету, тіл асты сіңірін керу.

Қысқаша сипаттамасы:ауызды кең ашып, жалпақ тіл үшын таңдайға жапсырып ұстау.

«Сылақшы»

Мақсаты: тілді жоғары көтеріп үйрету, елгезектігін жаттықтыру.

Қысқаша сипатамасы: жымиып,ауызын ашып, тілді алға-артқа қозғалтып , тілдің ұшымен қатты таңдайды сылау.

Мимикалық жаттығулар.

«Қуану»;

«Ашулану»;

«Таңқалу»;

«Қорқу».

Дұрыс сөйлеу ережесін қайталау:

-Сөйлегенде асығыстық жасама.

-Әрдайым деміңді шығарып сөйле.

-Әр сөйлем соңынан үзіліс жаса.

Жеке тіл түзету жұмысы .

Суреттпен жұмыс.

« Менің отбасым»

  • Отбасы дегеніміз кім?

  • Сенің ата-анаңның аты-жөні кім?

  • Олар қайда және кім болып жұмыс істейді?

  • Отбасында тағы кімдер бар?

Shape1












-Сендер жұмбақ шешкенді жақсы көресіңдер ме?Мен сендерге жұмбақ

жасырамын,ол кім туралы екенін шешіңдер?-Жер бетіндегі ең әдемі,ақылды сендерге өте қымбат адам.(Ана).

Д/о «Кім тез табады»?

-Отбасы туралы мақал білесіңдер ме? «Әке көрген оқ жонар,шеше көрген тон пішер».


ЖShape2 оғары

Орта

ТShape3 өмен дауыспен 3 рет айтып қайталау.

-Кім өзі туралы әңгіме айтады?

Ойын: «Сыйқырлы қолғап»

Бас бармағым – атам, үйдің данасы,

Балаң үйрек - әжем, ошақ анасы,

Ортан терек - әкем, отау панасы,

Шылдыр шүмек – анам, шаңырақ ажары,

Титтей бөбек – мен, бәрінің базары.

Күтілетін нәтиже: Баланы тұтықпай сөйлеуге үйрету.Бала өз-өзіне сенімді ,сергек,көңілді болу.

Білуі тиіс:.Тыныс алу жаттығуларын. Дұрыс сөйлеу ережелерін.































Жасбуын жалпы білім беретін орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі









Ашық сабақ



Сабақтың тақырыбы: : « Менің отбасым»

( тұтықпасы бар балаларға арналған сабақ)



Өткізген : логопед Смагулова Жанар Жұмсаққызы












Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ