ЭЛЕКТРОЛИТТІК ДИССОЦИАЦИАЛАНУ ЖӘНЕ
ЭЛЕКТРОЛИТТЕРДІҢ ҚАСИЕТТЕРІ
10-сабақ. Тұздар гидролизі
Сабақтың мақсаты: тұздардың гидролизі туралы түсінік беру. Заттардың суда еруі тек физикалық процесс қана емес, еріген заттың сумен әрекеттесуімен қатар жүретін химиялық процесс екендігі туралы оқушылардың ұғымдарын тереңдету. Тұздар гидролизінің теңдеулерін құру дағдысын қалыптастыру; әртүрлі тұз ерітінділерінің ортасын болжап айта білуге үйрету.
Тірі организмдерге жүретін процестегі гидролиздің рөлін көрсету, қанның құрамында (реакция ортасы) болатын тұздардың биологиялық рөлі туралы ұғымдарын кеңейту.
Әртүрлі тұздардың гидролизін көрнекілік түрінде көрсету.
Реактивтер мен құрал-жабдықтар: дистилденген су, натрий және кальций оксиді, кальций карбиді, оқушылар үстелінде және демонстрациялық үстелде; натрий хлоридінің, мырыш нитратының, натрий корбанатының ерітінділері, лакмус, фенолфталеин, метилоранж, демонстрациялық тәжірибеге қажет стақандар мен цилиндрлер, сынауықтар мен тұрғы және шыны таяқшалар, «Тұздар гидролизі» кестесі.
Сабақтың барысы. I. Жаңа сабақты қабылдауға дайындық. Оқушыларды жаңа материалды қабылдауға даярлау үшін сұрақ-жауап әдісін қолданамыз.
-
Қышқыл ерітінділерінің қасиеттерін не анықтайды?
-
Ерітіндіде сутек катионының бар екені қалай анықталады?
-
Негіздерге анықтама беріңдер. Ерітіндіде гидроксид иондарының бар екенін қалай анықтайды?
-
Неге кейбір қышқылдар мен негідер күшті электролиттерге, ал басқалары әлсіз электролиттерге жатады?
-
Тұздардың 4 типіне мысалдар келтіріп, кестені толтырыңдар.
-
Жаңа сабақты оқып-үйрену. Оқушыларға: «Су неліктен қышқылдар мен негіздер сияқты индикатордың түсін өзгертпейді?» деп сұрақ қоямыз.
Ерітінділердің ортасы қышқылдық және сілтілік қасиеттерді тасымалдаушы бөлшектер концентрациясының ерітіндідегі мөлшерімен сипатталатынын білгенне кейін былай жазып көрсетеміз:
|
|
Тұздардың типтері |
Мысалдар (формулалар) |
|
1.
2.
3.
4. |
Күшті негіздің катионы менкүшті қышқылдың анионынан түзілген тұздар Күшті негіздің катионы мен әлсіз қышқылдың анионынан түзілген тұздар Әлсіз негіздің катионы мен күшті қышқылдың анионынан түзілген тұздар Әлсіз негіздің катионы мен әлсіз қышқылдың анионынан түзілген тұздар |
|
H+ = OH— — бейтарап орта;
H+ < OH— — сілтілік орта;
H+ > OH— — қышқылдық орта.
Бұдан соң сабақ мазмұнын ашуға кірісеміз, басында «гидролиз» (грекше-су, lisis- айыру, ыдырату) түсінігінің этимологиясын түсіндіреміз. Гидролиз-заттардың сумен әрекеттесуі. Гидролиз нәтижесі тұздың қандай негізбен қандай қышқылдан түзілгеніне тікелей байланысты екенін ескерген жөн.
Мына берілген мысалдар арқылы тұздар гидролизін талқылаймыз: NaCO3, Zn(NO3)2, HCl, NaCl және Al2S3.
1.Күшті негізбен әлсіз қышқылдан түзілген тұздардың гидролизі Na2CO3.
Бастапқыда оқушыларға тұздың диссициациялануын жазғазған жөн:
Na2CO3↔2Na+ + CO32-
Содан соң гидролиз теңдеуін жазады:
2Na+ +CO32- + HOH↔2Na+ + HCO3— + OH—
Осыған фенолфталеин тамызсақ, натрий кабонаты ерітіндісі алқызыл (малина) түске боялады. Бұдан мынадай қорытынды шығады: күшті негіз бен әлсіз қышқылдан түзілген тұздарды еріткенде ерітіндіде гидроксид иондары пайда болып, индикатор түсін өзгертеді, яғни реакция ортасы сілтілік болады.
2.Әлсіз негізбен күшті қышқылдан түзілген тұздардың гидролизі, мысалы, AlCl3, Fe(SO4)3, Zn(NO3)2.
Алюминий хлоридінің гидролизін қарастырамыз. Оның ерітіндісінде Al3+ және Cl—иондары бар. Al3+ bоны судың гидроксид ионын өщ\зіг\не қосып алады:
Al3+ + HOH↔Al(OH)2+ + H+
Al(OH)2+ + HOH↔Al(OH)2+ + H+
Ерітіндіде Н+ иондары жиналып қалады. Ерітіндіге лакмус тамызса, ерітінді қызарады. Ерітінді ортасы – қышқылдық.
Оқушылар мынадай қорытындыға келеді. Күшті қышқылмен әлсіз негізден түзілген тұздардың гидролизінде катиондар (әлсіз негіздің) су молекуласының гидроксид иондарын қосып алады да, артық сутек иондарының есебінен қышқылдық орта көрсетеді.
3.Үшінші тапсырманы оқушылар өздері шеше алады, яғни күшті қышқылмен күшті негізден түзілген тұздарды еріткенде гидролиз жүре ме, мысалы, NaCl, KCl?
Қорытынды.
Күшті негіздің катионы мен күшті қышқылдың анионынан түзілетін тұздар гидролизденбейді, ерітінді де
H+ = OH—
иондардың тепе-теңдігі сақталады.
4.Әлсіз қышқыл мен әлсіз негізден түзілген тұздың гидролизін Al2S3 мысалында түсіндіреді. Гидролиздің бұл күрделі түрі жоғары мектептің химия курсында кеңірек қаралады. Сондықтан мұғалім бұған тереңірек тоқталмайақ, гидролиздің соңынадейін, яғни қышқыл және негіз түзілгенге дейін жүретінін ескертеді.
Al2S3 + 6H2O = 2Al(OH)3↓ + 3H2S↑
Тәжірибелер нәтижелерін және гидролиздің түрлерін кестеге толтырған жөн:
|
Тұз формуласы |
Лакмус түсі |
Орта |
Қандай қышқылмен негізден түзілген тұз |
|
Na2CO3
AlCl3 |
Көк
Қызыл |
Сілтілік
Қышқылдық |
Күшті негіз бен әлсіз қышқылдан
Әлсіз негізбен күшті қышқылдан |
Содан соң гидролиз нәтижесінде тұз иондары ерітіндіде сумен әрекеттесетіндігіне жаттығулар орындатамыз. Егер тұз катионы гидроксид ионды қосып алса, онда ортақ қышқылдық болады, ал егер тұз анионы сутек ионын байланыстырса, онда ерітінді сілтілік болады.
Бұдан ке»н тірі организмде жүретін көптеген процестерде гидролиздің мәні зор екеніне тоқталамыз. Мысалы, қанның құрамына кіретін бірқатар тұздардың биологиялық маңызы, негізінені, олардың гидролизі есебінен сутек ионының концентрациясын тұрақты ұстап тұрумен анықталады.
Гидролиз, сондай-ақ химиялық және тамақ өнеркәсіптерінде де кең қолданылады.
Бұдан кейін оқушылардың алған білімі тақырып бойынша берілетін бақылау сұрақтары, эксперименттік есептер және мысалдарды талдау арқылы тексеріледі.
Үйге тапсырма. §8. 5-жаттығу. Жұмыс дәптерінен және есептер жинағынан сәйкес тапсырмалар беру.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тұздар гидролизі

шағым қалдыра аласыз