400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Туберкулез тәрбие сағаты қмж

Материал туралы қысқаша түсінік
Туберкулез туралы тәрбие сағаты қмж
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім:


Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)



Күні:


Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

Туберкулездің алдын алу

Мақсаттары

Туберкулез туралы оқушыларға мағұлмат беру


Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Құрметті оқушылар ! Бүгінгі шарамыздың тақырыбы «Туберкулездің алдын алу

Сабақты бастамас бұрын  ең әуелі қөңіл-күйімізді жақсы бір толқынға бағыттап алайық. Ол үшін бәріміз ортаға шығып, дөңгелене тұрайық, жақсы бір нәрсе ойлап отырып оң жақтағы адамның қолын қыс. Өзің ойлаған жақсылық толқын боп басқа да адамға берілді, енді сол жақтағы адамның қолын қысыңдар. Енді мен сендерге кілт берем, бір-біріңе бере отырып жақсы тілек тілеңдер.  Өйткені халқымыз жақсы сөз жарым ырыс дейді.Енді осы жақсы көңіл күймен сабағымызды бастайық. Ол үшін топтарға бөлінуіміз қажет.

(Топқа бөліну геометриялық фигуралар арқылы іске асырылады)

  • Тарих қойнауынан (таныстырылым арқылы оқушы хабарлама жасайды)

Туберкулез ерте заманнан белгілі. Ол туралы Вавилон әміршісі Хаммұраттың заңдар жинағында (біздің дәуірімізге дейінгі 2000 жыл), үндістердің қасиетті кітабы «Ривеграда» (біздің дәуірімізге дейінгі 1500 жыл), Гомер шығармаларында жазылған. Мысыр мумиелерінің қалдықтарын зерттегенде сүйектерден туберкулез зақымына ұқсас зақымданулар табылған. Ал аурудың барлық белгілерін Гиппократ еңбектерінен табуға болады. Туберкулездің жұқпалы екенін 1546 жылы итальян ғалымы Фрокастро анықтаған. Еуропада бұл ауруды «кедейлер ауруы» деп атаған, себебі, бұл аурумен әлеуметтік жағдайы төмен адамдар ауырған. Орыс жазушысы А.П. Чехов туберкулез ауруына шалдығып, содан қайтыс болады.1994 жылдан бастап туберкулезге қарсы өте пәрменді 5 препарат жасалған. Сонымен, бұл ертеден келе жатқан ауру қазір қайта өршіп тұр.





презентация



  • Сен не білесің?

Енді топ болып жұмыс істей отырып, туберкулез туралы білетіндеріңді постер түрінде жасаңдар. Оқушыларға қағаз беріледі. Жұмыс аяқталған соң әр топтан бір басшы шығып жұмыстары туралы айтып береді

Аурудың таралу жолдары:

  • Ауа-тамшы арқылы таралу- түкірік тамшылары арқылы сөйлегенде, түшкіргенде, жөтелгенде;

  • Ауа- шаң арқылы;

  • Азық-түлік арқылы( ауру малдың сүті, қаймағы, ірімшігі, майы)

  • Қарым-қатынас арқылы (негізінен қасапшылар, смауыншылар, оларға ауру қоздырғышы терідегі жарақат арқылы енеді);

  • Аяғы ауру анадан шаранаға (өте сирек кездеседі)

Негізінен туберкулез өкпені зақымдайды, бірақ өкпеден басқа да мүшелерді- буындарды, сүйекті, теріні, бүйректі, лимфа түйіндерін зақымдауы мүмкін.


Туберкулездің белгілері:

  • Жөтелге қарсы дәрілермен емделмейтін 3 аптадан аса жөтелу;

  • Кеуде тұсының ауыруы;

  • Кейде қан аралас іріңді қақырықтың түсуі;

Қосалқа белгілер:

  • әлсіздік;

  • тәбеттің төмендеуі;

  • арықтау;

  • дене қызуының көтерілуі;

  • тершеңдік, әсіресе түнде.




Интербелсенді тақта/ компьютер


  • Ой қорыту

Ал, енді жаңадан білген ақпараттарыңмен бөлісіңдер. Ой қорыту барысында суреттер арқылы туберкулезбен зақымданған мүшелер суреті көрсетіледі

  • Ауырып ем іздегенше…

Осы ойды аяқтаңдаршы, әрине «ауырмаудың жолын ізде». Енді біз топпен жұмысымызды жалғастырамыз. Бір топтың тапсырмасы- аурудың алдын алу үшін не істеу керек.

Екінші топтың тапсырмасы- өмірде әртүрлі жағдай болады, адам бәріне де дайын болу керек. Егер отбасында бір адам ауру жұқтырып алса, қандай сақтық шараларын қолдану керек. Үшінші топтың тапсырмасы- фломастер алып, туберкулездің алдын алу туралы үн парақ жасау. (Жұмысқа берілген уақыт аяқталған соң оқушылар жұмыстарын қорғайды)

  • Дәрігер сөзі- алтын сөз

Міне, біз аурудың алдын алу шараларын қарастырдық. Енді дәрігер сөзіне құлақ салайық. (Мектеп дәрігерінің туберкулез туралы қорытынды сөзі)

  • Қорытынды. Туберкулез- өте қауіпті ауру. Дұрыс емделмеген жағдайда адам 1 жылдың ішінде шетінеп кетеді. Ауру адамды емдеу алты айға, кейде 9 айға созылады.Туберкулез таяқшалары өте өміршең болғандықтан емдеу курсын толық өту керек. Тіпті дәрі қабылдаған  алғашқы аптадан кейін ауру өзін жақсы сезініп, емдеуді ары қарай жалғастырмайтын болса,  ауру қайта айналып келеді, онда оны жеңу оңай болмайды.Сондықтан «Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде» дегендей ауырмайық, деніміз сау, басымыз аман болсын.Сонымен, бүгінгі бөлме сағатымыз аяқталды.  




Ой қорытады оқушылар













Тақырыбы:

Туберкулез дің алдын алу







Өткізген.























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
10 ұстаз жүктеп алған
22.11.2023
275
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі