Туған жер- тұғырың, туған ел қыдырың

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Туған жер- тұғырың, туған ел қыдырың

Материал туралы қысқаша түсінік
Орта буын оқушыларымен өткізілетін тәрбие сағаты. Сынып жетекшілерге көмекке келетін жұмыс. Мұнда тарихы мол Меркі өңірі – еліміздің киелі өлкесі туралы айтылып, оның көрікті орындарынан суреттер ұсынылады. Сонымен қатар Меркі өңірінен шыққан 100 есімге лайықты атақты әнші, жазушы, қоғам қайраткерлері туралы мағлұмат беріледі,суреттері де көрсетілген. Меркі ауданының 90 жылдық мерекесіне орай өткізілетін іс-шара
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Ауылымның әсем табиғаты

Мақсаты: Меркі өзінің тау тасымен, көрікті ғимараттарымен, әсем табиғатымен мақтана алатындығын оқушы санасына жеткізу; өз ауылының әсем табиғатын құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер

Барысы:Ұйымдастыру

Балалар, біз бүгін Меркі бойынша саяхатқа шығамыз.

  • Меркінің қандай көрікті жерлерін айта аласыңдар?

  • Меркі шипажайы

  • Сыпатай мешіті

  • Жауғаш ескерткіші

  • «Ақ ниет» демалыс орны

  • «Көктал» ойын-суық демалыс алаңы т.с.с.

Сен өз ауылыңа келген шетел қонақтарына қай жерлерді көрсетер едің?

-Ойланбастан бірден тауға апарар едік.

-Оларға Меркі шипажайын таныстырып, таудың бөктерінде орналасқан демалыс орындарын көрсетер едік.

Киелі Меркі мекені,

Өзіңді мақтан етемін.

Көрмеппін мұндай өлкені,

Көркіңе сүйініп өтемін.

Ребус «Меркі»

, ,,,, , ,,, ,,,

Эссе жазу.

«Отансыз адам, ормансыз бұлбұл»,-деп дана халқымыз Отанын, туған жерін қадірлеуді бірнеше ғасырлар бұрын бойына қасиет тұтқан. Өйткені адам баласы туған жерсіз, Отансыз өмір сүре алмайды. Әр адам Отанынан қашықта жүрсе, туған жерін, елін аңсап, сағынады.







Менің де пір тұтатын өз Отаным бар. «Әркімнің өз жері-жұмақ»,-деген асыл сөздің астарында қаншама сыр, қаншама мән-мағына жатыр десеңізші…

Менің кіндік қаным тамған жерім-қасиетті Меркі жері. «Меркім» деген жас жүрегімнен шыққан асыл сөзді мақтанышпен, асқақ сезіммен айта аламын. «Меркі» мен үшін жұмақтың төріндей. Неге десеңіз, ауасы демге шипа, таза, табиғаты керемет, көрікті. Он жеті ұлттың өкілін бір шаңырақтың астына, бір үйдің баласындай жинаған мекенде тату-тәтті ғұмыр кешіп келеміз. Мұның өзі біз үшін жетістік. Себебі татулығы жарасқан ел қашанда берік ел болады.

Атажұрт.Шырын Мамасерікова

Қарашығы көзімнің,

Алтын ұям өзімнің.

Туған жерге арналар,

Бал-шырыны сөзімнің.


Арманымдай ең биік,

Атажұртым – жерұйық.

Ақын етті албырттау,

Жүрегіме жыр құйып.


Қазынасы халықтың,

Тайқазанын тарихтың.

Жамбасына жасырып,

Жатқаны да анық шын.


Киесі бар ғаламат,

Суы – шипа, жері – абат.

Атажұрттан басталар,

Елге деген махаббат.


Сұлу ғарыш көгінен,

Рахман нұры төгілген.

Алтын ұям, туған жер,

Бақ кетпесін төріңнен!..


Қорытынды. Әрбір адамның өзінің туып-өскен жері бар. Оның ауасы да, суы да оған ерекше әсер береді. Сондықтан өз ауылыңды ұмытпа, қолдарыңнан келгенде оның көркеюіне үлес қоса біліңдер.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.00.2018
1861
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі