Материалдар / Туған жер туған өлкемнің тарихы

Туған жер туған өлкемнің тарихы

Материал туралы қысқаша түсінік
Туған жер туған өлкемнің тарихы Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала немесе мен үшін туған кент
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Шілде 2024
138
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бұқаржырау ауданы ЖББМ КММ «Байқадам»

Тарих пәні мұғалімі Рымбек Серікбол АмангелдіұлыShape1

Picture 2

Туған жер туған өлкемнің тарихы

Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала немесе мен үшін туған кент. Менің Отаным кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат жер Қарқаралы ауданынан басталады. Дәл осы жерде менің көңілді де, шаттықты, уайымсыз балалалық шағым өтті. Үйдің маңындағы аулада ойнағаным және бала-бақшаға барған көше әлі есімде. Сол кезде ол маған өте ұзын болып көрінетін. Иә... Туған жер ұзаққа қиып жібермейтін. Сен әрқашан өзің бармасаң да, оймен қиялдап туған көшені, есіктің алдын, «Қызым, үйге кір...»деген ананың сөздерін еске түсіресің. Жүректің әлсіздүрсілі естіледі.

«Атамекен тарихы» айдарының алғашқы жазбасы киелі өлке, жер жәннаты – Қарқаралыға арналады. Қарқаралы тарихы – тереңнен тамыр тартқан, сарқылмас сырға толы мекен. Тіпті кейбір шежіре дастандарда Қарқаралы мөлдір махаббаттың өлкесі деп әспеттелсе, енді бір аңыздарда жоңғарларға мекен болған, олардың тас қамал бекінісі болған жер деп айтылып келеді. Оңтүстіктен үдере көшкен қоңырат руының сыралғы мекені де осы Қарқаралы болған деген деректер бар. Сонымен «Қарқаралы» атауы қай аңыз-нұсқаға деректеліп, атауын ала алғанын сараптап, тарқатар болсақ.



Қарқаралы – махаббат символы

«Қарқаралы» сөзінің шығу тарихы туралы деректер де, тарихи әфсаналар да көп. Шежірелі қарт Қарқаралының кербез де сұлу, көрікті тауларының алыстан қарағандағы пішіні қазақ әйелдерінің дәстүрлі бас киімі қарқараға ұқсап келеді. Сондықтан қаланың осылай аталуы да дәлелді пікір сияқты. Бірақ Алматы қаласының етегіндегі Қарқара жері де осы атаудың мағынасын ашып тұрғандай. Сондықтан көп деректерде кездесетін Қарқара атауын көбіне осы Қарқара жеріне теліп келеді. «Қарқара» сөзінің енді бір мағыналық сипаты «тәж» мағынасында. Ертеде ел билеген көсемдердің, хандардың басында қарқарасы болған. Ендеше Сарыарқаның сайын даласындағы бұл таулар ханның басына киген алтын тәжі сияқты, қарқарадай болған соң, бұл өңір халық аузында Қарқаралы өңірі аталып кетуі әбден мүмкін. Өйткені Қарқаралы таулары — тым ерте дәуірде түзілген таулы қырат.

Дей тұрғанмен Қарқара атауын қоя тұрып, «Қарқаралы» деген сөздің ұғымын ашатын болсақ, біз, әрине, көне қаланың өзін, оны қоршай біткен әсем табиғатты да айтамыз. Олай дейтініміз – бар сұлулық пен әсемдікті бойына жинаған бұл өңірді талай ақын жырға қосқан. «Атыңнан айналайын, Қарқаралы, Сенен бұлт, менен қайғы тарқамады, — деп Мәди бабамыз жырлап кетсе, ұлы жазушымыз Сәбит Мұқанов «Сұлушаш» поэмасын жазып қалдырды. «Сұлушаш» дастанында жырланған қыздың тағдыры осы Қарқаралы өңірінде болған аңызға деректеліп жазылды. Тіпті Жанақ ақынның «Қыз берген қарқарасы түсіп қалып, тау атын Қарқаралы қоя сапты» дейтін жыры да бар. Бұл Қарқаралы атауының сәукеле, қарқара мағынасындағы деректер негізінде жазылғанын аңғартады.

Қарқаралы атауының тағы бір аңыз-әфсаналық дерегінде былай деп көрсетіледі: «Қарқаралы мекенінде көрші тұрған екі ауыл байлары өздерінің балаларын тумай жатып атастырып қояды. Бірде ауылдар арасында келіспеушіліктер туып, атастырылған қыз бен жігітті айырып алып кетеді. Қыз өте сұлу болады, ал жігіт нағыз батыр болып өседі. Арада жылдар өтіп екеуі кездеседі, екі ғашық бір-бірінсіз өмірдің қисыны болмайтынын түсініп, ауылдарынан қашып кетеді. Мұны сезген қыз әкесі қуғыншы жіберіп, жігіттің өліміне себепші болады. Сонда мұндай сұмдықты көрген қыз шыдай алмай өз-өзіне қол жұмсайды. Сүйгенінің кеудесіне құлағанда, қыздың ауыр бас киімі қарқара жерге құлапты». Ақыры осы құлаған қарқараның құрметі «Қарқаралы» атауы шыққан деген.

Қарқаралыдан жоңғарды қуған Шаншардың Бертісі

Енді бір тарихи деректерге жүгінер болсақ, қазіргі Қарқаралы қаласының батыс жағына жоңғарлар қорған салып, бекініс орнатқан. Ол уақытта қазақ хандығының сарбаздары орталық өлкеден жоңғарлар шабуылына тойтарыс бере алмай, батысқа қарай үдере көшкен уақыт болса керек. Қазақтың ханы Абылайдың Қалдан Цереннің қолына түсіп, қазақтың басына қиын ауыртпашылық түскен заман болса керек. Жоңғарлар Қарақаралы жерінде тас қамал бекініс салу арқылы Ертіс бойындағы сарбаздарына қосалқы күшті жұмылдырып отырған. Кейін бұл өлкені Шаншар абыздың екінші әйелі Нұрбикеден туған Тілеуке, Бертіс хан қол жинап, түстік Сыр бойынан келіп Қарқаралыға бекініп жатқан жоңғарларды жойып, елді осы жаққа орналастыруды қолға алып, бекіністі тазартудың қамына кіріскен дейді. Бертіс ханның қолы Қарқаралының батыс жағындағы Кент тауларының қазіргі Шоқпартас маңындағы орманға орналасып, жауды сезіктендірмей, желке жағынан шабуыл жасау үшін тауға барлау жұмысын жүргізіп, Шоқпартастан Суықбұлаққа қарай асатын шұбырынды жол тапқан. Осының нәтижесінде жаудың желке жағынан шабуылдауға толық мүмкіндік туған. Осылайша Бертіс ханның сарбаздары жаудың ізіне түсіп, түстікке қарай қуып жіберген. Сөйтіп, Қаракесек руын осы маңға, Балқантауға дейін орналастыруды жоспарлап, ол оңтүстікке елге қарай қайтып, елді көшіруді ұйымдастырған. Бұл кезде Қарқаралы деген атау жоқ.

Кейін Бертіс Қарқаралы топырағынан жоңғарлардан тазартқан соң, қазан айының соңына қарай көшпенді Қоңырат деген тайпа келеді. Бұл тайпа – сан жағынан көп Арғынмен туыс ел. Жоңғарлар шабуыл жасауға мүмкін деген маңайдан қашқақтап жүретін болса керек. Қысқа аяқты мал деп сиыр, қой асырап бақпайды, өйткені ол елге жау бет алып келе жатқанда бұл екі түлік бөгет болады және жау қолында қалып қояды деген есебі көрінеді. Жаудан жалтарып кету үшін жылқы, түйе малын көптеп өсірген. Қоңыраттар көшіп келіп, Арқаға қоныстанған жылы Қарқаралы қар көп жауады. Тауда өріп жүрген аң-құс та көп болған. Бірақ тауға аң аулауға бара алмайтындай қалың қар болған деседі. Тау басы мен биік жондар қара болып жатқанымен, тау етегі өте қалың оспақ көбік қар басқан. Тауға шықпақ болғанда аттары, жаяу шығайын десе өздері де қарға көміліп, бойламаған. Ақыры жергілікті тұрғын осы қиын-қыстау кезеңді тарихи атауға негіздеп Қарқаралы деп атаған. Яғни таудың басы қара, етегі қарлы. Содан «Қарқаралы» деген атау қалған дейді. Бұл тарихи дерек «Мәдени мұра» бағдарламасы арқылы жарық көрген «Бабалар сөзі» 100 томдығының «Ежелгі қалалар тарихы» атты кітабында көрсетілген.

Қарқаралы сөзінің шығу тарихы осындай тарихи оқиғалар мен аңыздарға сүйенсе керек. Ендеше әр мекеннің тарихы мен сүйем жерінің атауын болашақ ұрпақ білуге тиіс.



































Қазір бойжеттім, бірақ та өмір бойы мен үшін балалық шақтағы туған аула мен көше – менің кішкентай Отаным. Сонымен бірге мен елімнің бір бөлшегімін, оның бүгіні мен болашағымын. Біздің Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Бейбітшілік пен достастықта, татулықта бірге жұмыла отырып, қызметтің әр түрлі саласында қазақтар мен орыстар, татарлар мен немістер, украиндер мен кәрістер...еңбектенуде. Мен соңғы жүз жылда Қазақстан жеріне әр түрлі халықтар қоныс тепкеніне жиі ойланамын. Бірлік, ұлтаралық келісім және саяси тұрақтылық – қазақстандықтардың қалауы. Мен оны білемін. Онда татарлар да, орыстар да, қазақтар да бар. Олардың тағдырын, өмір тарихын тыңдағанда менің елім одан сайын маған жақындай түседі, оны жақсырақ түсіне бастаймын. Біздің отбасы тарихымыз мыңдаған басқа отбасылардың тарихына ұқсас. Өмірдің қиын кездерінде, ауыр жұмыстарда, өтіп жатқан күндер мен мерекелерде әр түрлі ұлт өкілдерінің пікірі қалыптасты. Адамзат баласының татулығына ұмтылу әр халықтың қанында бар, әсіресе ол қазақстандықтарда ерекше дамыған. Бұл Қазақ жерінің жомарттығынан, осы өлкелерге тағдыр алып келген барлығына құшағын кең жайып, пейілін кеңге салатын Қазақ халқының мінезінен жаралған.Осында тұрушылардың барлығы Қазақ халқының тілін, тарихы мен салт-дәстүрін білуі келек. Қазақстанда тұратын барлық халықтың татулығы мен бірлігінің мәні осында. Ол байырғыкөркем Қазақстан жерінде бейбітшілікті сақтауға көмектеседі. Ал татулық – болашақта гүлденудің маңызды талабы.













Арқаның кербез сұлу, құт мекені – Қарқаралы. Ғажайып сұлулықтың тәж ордасы болғанынан бөлек қазақтың шежірелі тарихы да. Кие қонған, құтты мекен Қарқаралы қаласына 191 жыл толып отыр. Кент таулары мен Қарқаралының баурайында той еш тарқаған емес. Кең даланы көгілдір таулары мен таңғажайып көлдермен бөктіріп жатқан Қарқаралы бұған дейін дауылпаз, ақын Қасым Аманжоловтың 100 жылдығын, әнші, сазгер Мәди Бәпиұлының 125 жылдық мерейтойларын атап өткен болатын. Бір жыл бұрын ғана 190 жылдық мерейтойын республика көлемінде дүркіретіп өткізген Қарқаралының шежірелі тарихы, мәдени ескерткіштері мен қасиетті өлкеде дүниеге келген таланттары жайы сөз қозғасақ. Ашық аспан астындағы тарихи қала Қарқаралы, шағын қала ғана емес, бүкіл атырабы – ашық аспан астындағы мұражай әрі тарихи орын. Қатпар-қатпар тасы, мың бұрала билеген жасыл ормандары шежірелі тарихтан ерекше сыр шертеді. Қарқаралы тарихи-мәдени орындарының тәуелсіздік жылдарында ерекше сипатқа ие болып, мемлекеттік дәрежеде қорғауға алына бастады. Қасиетті өлкеде орта жүздің ұлы биі Қаз дауысты Қазыбектің, тәтті күйдің тәңірі Тәттімбеттің, өр Мәдидің тұғырлы ескерткіштері, ардақтылар аллеясы мен Қаһармандар кешені, «Бәйтерек» алаңы, Ғарышкер Тоқтар Әубәкіров алаңы (Қарқаралы қаласында), т.б. нысандар қосылды. Туғанына 200 жыл толу қарсаңында Тәттімбет ауылдық округінде ұлы күйшінің мүрдесі қойылған қорым жөндеуден өтіп, абаттандырылды. Заман талабына сай келбетке ие болған, жаңадан салынған мәдени-танымдық қызмет көрсету ғимараттары да бірқатар. Дауылпаз, ақын Қасым Аманжоловтың туған жеріндегі су ішкен құдығы мен қыстауы мерейтой қарсаңында күрделі жөндеуден өтіп, тарихи ескерткіштер нысанына алынды. Қарқаралы қаласындағы «тас базар» әлі күнге дейін халық игілігіне қызмет атқарып, өзінің құндылығын жоймаған. Сондай-ақ Қарқаралы тарихы ұлы қазақ ағартушысы, ақын-аудармашы, композитор Абай Құнанбаевтың атымен тығыз байланысты. Оның Қарқаралы округінің аға сұлтаны болған әкесі Құнанбай қажы мұсылман мешітін салу және қайырымдылық қызметін атқару арқылы өз есімін тарихта қалдырды. Бүгінде Құнанбай қажы салдырған мешіт сол қалпында өзінің тарихи болмысын өзгертпей сақталған. Тек сыртқы келбетін безендіріп, жөндеу жұмыстарын ғана жүргізіп келеді. Ұлы Абай тұрған үйде қайта жөндеуден өтіп, тарих пен мәдениеттің ескерткішіне айналды. Абай тоқтаған үйде қазіргі таңда аудандық саз мектебінің филиалы жұмыс атқарады. Қарқаралы – ешбір қалаға ұқсамайтын, өзіндік кескін-келбеті, сәулеттік өзгешелігі, бай тарихы бар орталық. Бір қаланың өзі – мыңдаған туриске жәдігерін ұсына алатын эскпонаты көп орталық. Тарихқа көз жүгіртсек, құла түзде құлан, арқар жайылып, орман-тоғайымызда аю мен бұлан жортқан замандарда бұл өңірде жер бетіндегі ең алғаш мекендеген адам баласы болғаны белгілі. Тіпті, жыртқыш жануардың ең алғашқы тұқымдасы динозаврлардың болғанын да тарих, ақиқаттады. Оған дәлел – қала басындағы «Суық бұлақ», «Үш үңгір» қазба орындары. Тіпті, шежірелі Кент тауларының маңындағы Талды қорымынан табылған «Алтын адам» жәдігері де көне сақ, ғұн тайпаларының дәуірлеу кезеңінің белгісі. Сол тұстағы жарты әлемді жайпаған ұлы бабаларымыздың құтты мекені де Қарқаралы болғаны – айғақты тарих. Сондай-ақ соңғы археологиялық қазба жұмыстары жүрген Белдеутастың да құпиясы Сақ, Ғұн мәдениетінен бастау алып, бүгінде өткеннен сыр шертіп тұр. Кейін Қарқаралы қаласының алғашқы орнау кезеңінде уезд округіне орыс мұжықтарының көзі түсіп, алғашқы орыс көпестері мен шаруалары келе бастады. Қала құрылысының алғашқы кезеңінде орыс әскерилері мен орысша сауатты казактар көптеген үй тұрғызып, тіршілік қауымына етене араласып кетті. Тағдырлары біте қайнасқан халқымыз оларды бауырына басып, бірге тату-тәтті ғұмыр кешіп, аялы алақандарын аямады. Орыс мұжықтарының қаладағы қызыл кірпіштен соққан үйлері әлі-де сол бәз қалпында сақтаулы. Ондай үйлерді Қарқаралыдан көптеп кездестіруге болады. Таланттар туған киелі топырақ Қарқаралы белгілі саясаткерлер, әдебиет және мәдениет қайраткерлері, ғалымдар мен саяхатшылар ат басын бұрмай кетпейтін ірі қоғамдық-саяси орталыққа айналған. Қарқаралы өңірінің ең тамаша суреттемелерінің бірін аса көрнекті қазақ ғалым-этнограф, тарихшы, географ Шоқан Уәлиханов жасаған. Қарқаралы туралы жазбаларды ресейлік саяхатшы Г. Потанин де қалдырған. Осыдан жүз жылдан астам уақыт бұрын ол тоқтаған көпес Андрей Рязанцевтің үйі бұл күнде қалада тарих пен мәдениет ескерткіші санатында сақталып келе жатыр. Қарқаралы – Қазыбек би, сазгер Тәттімбет, Кенже шешен, әнші Мәди, саяси қайраткер Әлихан Бөкейхан, алғашқы қазақ заңгері Жақып, Ақбаев, ҚазЦИК мүшесі ғалым-агроном Малай Юнусов, от ауызды, орақ тілді Кенже би, ақын Шөженің туған жері. XX ғасырдың басында Қазақстанда жаңа үкімет орнату жолында аянбай күрес жүргізген, ұлтымыздың біртуар мемлекет қайраткерлері Нығмет Нұрмақов, Жақып, Ақбаев, Әлімхан Ермеков, Мәдіғали Тәтімов, қазақ ән өнерін әлемге, Париж сахнасында әуелеткен Әміре Қашаубаев, жезтаңдай әнші Жүсіпбек Елебеков, дауылпаз, ақын Қасым Аманжолов, халық жазушысы Әлжаппар Әбішев, Қазақстанның халық әртістері Қалибек Қуанышбаев пен Мақпал Жүнісова, Совет Одағының батырлары Нүркен Әбдіров, Петр Трезев, Мартбек Мамраев, тұңғыш қазақ ғарышкері, генерал Тоқтар Әубәкіров секілді ірі тұлғалардың отаны. Арқаның кербез сұлу, құт мекені «Қарқаралы» сөзінің шығу тарихы туралы деректер де, тарихи әфсаналар да көп. Шежірелі қарт Қарқаралының кербез-де сұлу, көрікті тауларының алыстан қарағандағы пішіні қазақ әйелдерінің дәстүрлі бас киімі қарқараға ұқсап келеді. Сондықтан қаланың осылай аталуы да дәлелді пікір сияқты. Бірақ Алматы қаласының етегіндегі Қарқара жері-де осы атаудың мағынасын ашып тұрғандай. Сондықтан көп деректерде кездесетін Қарқара атауын көбіне осы Қарқара жеріне теліп келеді. «Қарқара» сөзінің енді бір мағыналық сипаты «тәж» мағынасында. Ертеде ел билеген көсемдердің, хандардың басында қарқарасы болған. Ендеше Сарыарқаның сайын даласындағы бұл таулар ханның басына киген алтын тәжі сияқты, қарқарадай болған соң, бұл өңір халық аузында Қарқаралы өңірі аталып кетуі әбден мүмкін. Өйткені Қарқаралы таулары – тым ерте дәуірде түзілген таулы қырат. Дей тұрғанмен Қарқара атауын қоя тұрып, «Қарқаралы» деген сөздің ұғымын ашатын болсақ, біз, әрине, көне қаланың өзін, оны қоршай біткен әсем табиғатты да айтамыз. Олай дейтініміз – бар сұлулық пен әсемдікті бойына жинаған бұл өңірді талай, ақын жырға қосқан. «Атыңнан айналайын, Қарқаралы, Сенен бұлт, менен қайғы тарқамады, – деп Мәди бабамыз жырлап кетсе, ұлы жазушымыз Сәбит Мұқанов «Сұлушаш» поэмасын жазып қалдырды. Сырбаз, ақын Сырбай Мәуленов Қарқаралыдан алған әсерін керемет өлең жолдарымен суреттеп берген: Таулар, таулар қашанғы қасқа алыптар, Мендей сені сезді ме басқа жұрттар. Ақ шашты әжем секілді тұрып алды Қарқаралы басында, ақша бұлттар. Сарыарқаның төскейінде күн ұрындай төгіліп тұрған, мұнартқан көгілдір таулар, маржандай сұлу көлдер, көне заманнан келе жатқан әсем таңғажайып ормандар жер біткеннің жәннатындай. Биік таулар мен құз жартастар түрлі түсті формаға еніп, алыстан жаныңды жаулап алатын қиялдарға шақырып тұрады. Әсіресе Қарқаралының символына айналған «Жиренсақал» шыңын көріп, бойыңдағы құдірет пен шабыт тау сілемдеріне өзіңді шақырғандай күйге енгізеді. Қарқаралы қаласынан оңтүстік-шығысқа созылып жатқан Кент таулары, ал одан шығысқа қарай Балқантау сілемдері ерте техтоникалық тау түзілу жоталарынан құралған. Олар да – бойларына жинаған, талай тарихи шежіре тұнған сұлу мекен. Шайтанкөл – өзінің табиғи жаратылыс ерекшелігімен ертеден әсемдік пен сұлулықты қастерлеген қауымға шабыт берген, құтты мекен. Шайтанкөл бұл өңірде жалғыз емес. Дәл осындай таудың биік шыңдарындағы түзілген көлдер ретін азды-көпті бассейн көлдер тізбектейді. Биік таудың басында, қабырғалары тіп-тік болып, қолмен қойғандай жартастармен көмкерілген көлдер, шынында да, табиғи бассейн тәрізді. Шайтанкөл мен Бассейн сияқты көптеген үлкенді-кішілі көлдерді көк таулардың адам аяғы баспаған биік шындарында жиі кездестіруге болады.



Источник: http://e-history.kz/kz/publications/view/1297

© e-history.kz

















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ