«Туған жерді қадір тұт!» қойылым

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Туған жерді қадір тұт!» қойылым

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың табиғатқа, туған жерге деген ұлтжандылығын ояту, Отанын құрметтеуге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қойылым: «Туған жерді қадір тұт!»


Мақсаты: Оқушылардың табиғатқа, туған жерге деген ұлтжандылығын ояту, Отанын құрметтеуге тәрбиелеу.


Сахна 1


Жасыл алқапта Ермек пен Аружан ағаларымен серуендеп жүр. Айнала керемет табиғат, әдемі гүлдер, жайқалған ағаштар, айнала құстардың сайрауы естіледі.


Аружан:

  • Аға,біздің еліміздің табиғаты сондай ғажап, иә?!



Аға:

  • Иә, сөзіңе келісемін,Аружан. Сендер осы дарқан даламызды бабаларымыз ұрпақ үшін жаудан қорғап, бізге мұра етіп қалдырғанын білесіңдер ме? Сондықтан осынау туған жерімізді сақтап, біз де келешек ұрпаққа таза табиғатымызды қалдыруымыз керек.

Ермек:

— Аға, туған жер деген не?


Аға:

— Туған жер – ол сенің Отаның, інім. Бұл – сен дүниеге келген, өмір сүріп жатқан жер. Отанымызды қорғау және оны жақсы көру әрқайсымыздың парызымыз.


Аружан: - Аға сонда біздің жерімізді кімдер қорғаған?


Ермек: - Иә, айтып беріңізші.


Аға: - Ой, біздің батырларымыз өте көп. Жүріңдер, үйге қайтайық. Мен сендерге жолда айтып беремін.














Сахна 2


Ермек аулада серуендеп жүріп, ойын алаңына қарай келеді. Сол жерде Мақсат пен Жандосты кездестіреді. Олар батыр болып ойнап жүр екен.


Жандос:

Ермек, кел бізбен ойнайсың ба? Біз батырлармыз.Әлемді жаман адамдардан қорғап жүрміз. Мен Суперменмін, ал Мақсат Темір Адам.


Ермек:

Жарайды, бірақ мен Қабанбай батыр боламын.


Мақсат:

  • О, Ермек сен жақсы айттың ғой! Бөгенбай, Қабанбай, Наурызбай деген қазақтың нағыз батырлары ғой . Олар жерімізді жаудан қорғаған.


Жандос:

  • Аа, солай ма? Мен білмедім(көңілі түсіп). Онда мен Наурызбай батыр болайыншы.


Мақсат:

  • Ал, мен – Бөгенбай батыр боламын. Жүріңдер, кеттік.Алғааааа!

Балалар жүгіріп ойнап кетіп қалады.






















Сахна 3


Аружан мектептен шығып келе жатады. Аулада балалардың тәттілерді жеп, одан қалған қоқысты жерге тастай салғанын көреді. Аружан оларға жақындап келіп:


Балалар қоқысты қоқыс жәшігіне тастаңдар!


: - Өзің таста!


: - Сендердің қоқыстарың, демек өздерің тастауларың керек! Егер әркім жерімізге өз білгенін жасап, ластай беретін болса не болмақ?!


Аружан: Өздерің қараңдаршы, бұл жер біздің туған жеріміз. Туған жерді қорғасақ, ол бізге мықты пана болады. Әрқайсымыз Отанымызды қорғау үшін оның әрбір бөлшегіне қамқор болуымыз керек. Отанымызды қадірлесек, ол да бізді қорғайды.


Соңы


Қорытынды:

Осылайша балалар туған жердің маңызын түсініп, Отанына деген махаббаттары арта түседі. Ермек пен Аружан басқаларға да үлгі көрсетіп, түсіндіріп жүретін болды.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.11.2024
75
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі