Туған жердің әсемдігі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Туған жердің әсемдігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға туған жеріміздің әсемдігін айта отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу .
Материалдың қысқаша нұсқасы



Тексерілді: _______________

«____»______________________

Пән: Өзін – өзі тану

Мектебі: ____________________

Күні: _______________

: 29

Мұғалімі:

Сыныбы: 4

Оқушылардың саны:

Тақырыбы: Туған жердің әсемдігі

Құндылығы: Сүйіспеншілік

Қасиеттері: Жақсы көру, қамқорлық, бауырмалдық

Мақсаты: Оқушыларға туған жеріміздің әсемдігін айта отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу . 

Міндеттері:

1. Білімділік: Оқушыларға туған елін жақсы көруді үйрету

2. Дамытушылық: Оқушылардың туған жеріне қамқорлық жасау қасиеттерін дамыту.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды бауырмалдыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)

1.bilim-all.kz

2.https://infourok.ru


Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Т – ережесі:

  1. Тәртіп.

  2. Талап.

  3. Тыныштық.

  4. Тазалық.

  5. Татулық.
    Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

Жағымды күйге келу.

 «Сәлемдесу» ойыны: Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен. 

2. Үй тапсырмасы.

1. №28 – сабақ. 5 – тапсырманы орындау.

2. Келесі сабақ. №29 – сабақ, «Жайдары жаз» аңызын оқып келу Сұрақтар:

Жазда табиғат қалай түрленеді?

Адамдар күн нұрына, гүлдер мен құстарға неліктен қуанады?

Жазда балалар немен айналысады?

Жазғы табиғат адамға несімен қызықты?

Өзің тұратын жердің жазғы табиғаты қандай? Айтып бер.


3. Сабақтың дәйексөзі.

Ел іші-алтын бесік.

Халық мақалы

Сұрақтар:

1. Өз туған жерлеріңнің қандай артықшылығын білесіңдер?

2. Ата-бабаларыңның туған жері туралы не білесіңдер?

3. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?

 


4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы).

Жер – біздің ортақ үйіміз


Жер басып жүрміз, бәріміз,

Ол біздің ортақ үйіміз.

Мәңгілік келген сәніміз,

Табиғат берген сыйымыз.


Бұзбасын ешкім сәнімізді,

Жүректе нала қалмасын.

Ауыртып менің жанымды,

Үйімде соғыс болмасын!


Жер басып жүрміз бәріміз,

Ол біздің ортақ үйіміз.

Әуелеп шықсын әніміз,

Күмбірлеп шықсын күйіміз.


Көбейсін тойлар елімде,

Даламыз нұрмен көгерсін.

Кіршіксіз ашық көгімде

Шарықтап ұшсын көгершін.

Күн төккен ғажап шуаққа,

Жайсыншы сәби алақан.

Болсыншы нұрға бала таң,

Атсыншы күліп жаңа таң.


Көк белдің кешіп шалғынын,

Көктемнің көріп жаңбырын,

Сіміріп өстім таң нұрын,

Ризамын саған, тағдырым!


Шаттыққа шексіз бөленіп,

Адамға сенсін бүгін ел.

Жақсылықпенен көгеріп,

Дөңгелей берсін жұмыр жер.


  • Халықта «Жер-ана тіршілікке нәр беріп, анамыздай асырап жатыр» деп айтып жатады, осы оймен келісесіңдер ме? Өз ойларыңмен бөлісіңдер.

  • Өз Отанымызға, туған жерімізге риясыз сүйіспеншілікті қалай білдіреміз?

  • Сендер жер-ананы қалай аялап жүрсіңдер?

  • Туған жерді көркейтуге қандай үлес қосып жүрсіңдер?



5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

4-тапсырма Өздерің тұратын жердің қыс, көктем, жаз, күз мезгілдеріндегі ұнайтын көріністердің суретін салыңдар


  1. Топпен ән айту.

Менің өлкем

Өлеңін жазған Нұрсұлтан Әлімқұлов

Әнін жазған Ибрагим Нүсіпбаев

Көрікті өлкеме қарашы,

Тізілген орман-тау, қаласы.

Алтай мен Атырау арасы –

Қазақтың кең байтақ даласы.

Жерімде әрқашан мереке,

Еңбек пен достықтан басталған.

Дәулеті шалқыған береке,

Кең далам – жазылған дастарқан.


7. Үй тапсырмасы.

1. №29 – сабақ. 2 – тапсырманы орындау.

2. Келесі сабақ. №30 – сабақ, «Туған өлкем» өлеңін оқып келу

8. Сабақтың қорытынды сәті.

Тыныс алуға зейін қою.

Баяу музыка қойылады.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3]. Рахмет!

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.










Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.05.2021
645
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі