Ұстаздық туған жерге,пәк махаббатым.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Алибаева Салтанат Абдувалиевна
«Үмбетәлі Кәрібаев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Кіріспе бөлімі
Төркін далам,мұнша неткен киелі ең,
Көп болмайды,күнде тартсам күй-өлең,
Қалықтасам сенің нәзік жолыңда.
Ата-анама сүйенгендей сүйенем!
Дана да, батыр да, ғалым да,анадан туады, ауылдан шығады.Ауыл-алтын бесік. Қазағымның даласы,кең байтақ ауылы осының бәрі-кеңісті жайлау, керемет өлке. Жұрыны ауылдан сәл ұзасақ жолын кілем жайылған жүгі,самал желі жаныңды баурап шақырады,бойыңды балқытады.Ата-анаңды асқар тауға шығарады.Біз бақытты ұрпақпыз,себебі ата-бабаларымыз қанын төгіп,жанын беріп аңсап кеткен.Тәуелсіздікке біз қос ғасыр тоғысында,жаңа ғасыр қарсаңында қол жеткізіп бостаңдықтың шарапатында ешкімге жалтақтамай еркін өмір сүріп келеміз.Өткен ғасырда ұлт бастауы- Ахмет Байтұрсынұлы. «Мен бұқтым жандым, сен бұқтың жандың кім істер қызмет»- деп ұлтына қызмет істер перзент іздеген, одан кейін, Ұлы туып, ұлы жолда қызмет етсе, одан зор ұлтқа бар ма ырыс- деп үндеу тастағанын қалай естен шығарамыз? Біз арғы бергі тарихты осылай еске түсіре отырып, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың өткен жылғы Қазақстан халқының жолдауындағы : «Кез келген ұлттың түп-тамыры ауылда жататынын естен шығаруға,тегін түгендеген адамға бағыт-бағдар »- деп санаймыз. Ауыл- біздің тұнық бастауымыз, алтын діңгегіміз, терең тамырымыз, үмітіміз, келешегіміз,асқақ арманымыз.
Негізгі бөлім
Атамекен- тарихы ұрпақ айтысы таусылмайтын дастан. Оны айтпаған ақын жоқ. Жырламаған жыршы жоқ. Әнге қоспаған сөздер жоқ. Қазақтың қай қасиеттігін айтсақ та, сөзін елінен, туған жерінен жоғары қойған емес.Ұлылардың ұлылығы да сол олар елінің, жерінің даңқын аспандатып кетеді. Шыңғыстауда әлемге әйгілеген перзенттері- Абай, Мұхтар, Шәкәрім, Бибігүл, Роза, Қарасазды әлемге әйгілеген Мұқағали.Дүниеге талай асуды алып келген кенші топыраққа әлемнің алыптары да паш еткен жер.
Батырлар мен ақындар елі деген киелі сөзге лайық жерұйығы-Жамбыл ауданы атамекен-алтын бесігінде. Қазақ ордасының алғашқы қазығы қағылып,қазаны қайнағанын ерекше мақтанышпен айтамыз.
«Жердің аты-тарихтың хаты»демекші,атамекенге сұқты көзін қадаған сыртқы жауларға қарап қаншама қаһарман бабаларымыздың әділетті соғыс жүргізгені белгілі.Ақбілектің күшімен, ақнайзаның ұшымен жаулардан жерімізді алып қалды.Олардың арасында даңқты Қарасай бабамен оның ерлік дәстүрін лайықты жалғастырған Қараш,Қастек,Қазыбек бек,Қасқары,Наурызбай,Өтеген,Сәмен,Саурық,Сұраншы,Сыпатай,Бекболат-тың есімдері бүгінгі ұрпақ үшін ұранға айналып,рухы ұлы істерге ұмтылдыруда.
Жамбыл ауылы-ән-жыр ауылы.Туған жерден нәр алған атақтыларымыз.Олай дейтініміз,әйгілі ауданымыздың атақ-даңқын талай елге танытқан асқақ өнер дүлдүлдері аз емес.Ақиық ақындар-Сүйінбай мен Жамбылдың өкшесін асқан Халық ақындары-Үмбетәлі Кәрібаев,Әсімхан Қосбасарұлы,Әлімқұл Жамбылов,ұлы компазитор Нұрғиса Тілендиев,талантты сазгер Әсет Бейсеуов,дарынды жазушылар Балғабек Қыдырбекұлы,Сейдахмет Бердіқұлов және басқа да ондаған игі жақсыларымыздың асыл бейнелерін құтты мекеніміздің ұл-қыздары санасында сақтап,жүрегінде жаттауда,әлі де солай болары анық.
«Әдет-әдет емес,жөн әдет»деген ғой.Осы тұрғыдан зерделегенде,нәрлі де мәйекті рухани уыздарымыздың бәрі де Тәуелсіздігіміздің тартуы екені даусыз.Өйткені,соңғы жылдардың өзінде халықтық дәстүр-салтымыз жаңарып,жаңғыру үстінде.Зейінімен зерделеп,пейілімен пернелей білсек,киелі өңірде туып өскен әр жанның кіндік қаны тамған өлкенің тарихын білуі,оны талбесіктен-жербесікке дейін қастерлеп,құрметтеуі әлімсақтан белгілі жайт.Қамшының сабындай қысқа ғұмырдың жақсысын асырып,жаманын жасырып,елі мен жері үшін шыр-пыр болып,бақилық болғандар арасында тау тұлғалы батырлар,алқалы топты аузына қаратқан әулие-әмбиелер,ақпа-төкпе жырымен әлемге мәшһүр болған ақындар,елінің ертеңін ойлаумен жар құлағы жастыққа тимей құс ұйқылы күй кешкен мемлекет,қоғам қайраткерлері,ғылым мен мәдениет көгінде жұлдыздай жарқыраған ғалымдар мен өнер саңлақтарының ізгілік іздері сайрап,шапағаты шалқып жатыр.Осы тұрғыдан қарағанда,Жамбыл жерінің әрқашан шоқтығы биік.Жаратқанның бізге осының бәрін үйіп-төгіп бергеніне шүкіршілік етіп,кезі келгенде кеудеңді асқақ сезім кернейтінін жасыруға болмас деймін.Жеріміз бен еліміздің атағын айдай әлемге айшықтаған жыр алыбы- Жамбылдың шарапаты тиіп,қай салада болмасын тізгін ұстаған,маңдай терін төккен,қарапайым,әрі қадірлі қарекетінің арқасында Алатаудай айбарға ие болған жерлестерімізді,сірә,түгендей де алмаппыз.Десек те,қасиетті,киелі топырақта дүние есігін ашып,ауданы,ауылы,отбасына деген ыстық махаббатының өзімен –ақ есімі елге танылған азаматтардың еңбегін,бейнетін неге қастерлемеске,оларды неге мақтан тұтпасқа!
Қалың нуым,
Тұнық суым,
Туған жерім-Қарғалы.
Ұл-қыздарым,жұлдыздарым,
Жырдың көркін жалғады-деп, Жырдың қара жорғасы атанған-атақты ақын,айтыскер Үмбетәлі Кәрібаев жырлағандай.Ауылымыз да,мектебіміз де,мұражайымыз да,саябақта ақынның атында.
Ауыл-анамыз.Ауыл-алтын бесігіміз.Елге тұтқа болған,жұрттың мақтанышына айналған әйгілі арыстарымыздың бәрі ауылдан шыққан.
Халықта мынадай бір аңыз бар.Қапияда жау қолына тұтқын боп түсіп,құлдыққа сатылған бұғанасы қатпаған жас бала жылдар өте келе,кіндік қаны тамған топырағын,әлпештеп өсірген ата-анасын ұмытуға айналады.Жат өлкеге бауыр басып,жақсы-жаманды бастан кешіп,төзімі мен ақыл-қайратының арқасында ақыры бөтен жұрттың билеушісі атанады.Жылдар жылжып өтіп,шау тартқан шағында ат арытып алыстан келген керуен туған жердің бір түп жусаннын жеткізеді.Жұпар иісі бұрқыраған жусан билеушісінің есіне бала күнгі ұмыт болған бейкүнә дәуренін,туған жер төсінде қызғалдақ теріп өскен мұңсыз күндерін қайта түсіреді.Көзінен жасы бұршақтап,санасында сартап болып жатқан сағыныш сезімі бұрқ етіп оянып,шыдас бермейді.Енді оның кесе-көлденең тұруы мүмкін емес еді.Талайларға арман болған тақ пен тәжді тәрк етіп,баққа,байлыққа да бұрылып қарамай,тұлпарына ер салып,туған жеріне суыт аттанған екен деседі.
Мәселен,Мұхтар,сенің Отырарың мен Шәкәрімнің қаншама жас жеткіншегі қазір де әлемнің төрт бұрышын шарлап кетті.Асанқайғының «Жер ұйықты іздегені»атты әңгімесінде жерге деген қасиетін,сағынышын,құрметтегенін айтуға болады.Әр жерді желмаямен аралап жүріп,ат қойып кеткенінде білеміз. «Атың барда ел таны желіп жүріп»деп бабаларымыз айтқандай,қажырлы,қайратты,шақта көкірек көзін ашып,дүниенің ойы мен қырын шолғанға не жетсін!
Десе де,Жер шарының қай жерінде жүрсең де-туған жер атты ұлы ұғым біреу.Сонымен рухани байланысыңды үзбесең ғана,айдарыңнан жел еспес.Өйткені өзге топырақ,өзге ауа,өзге су оның орнын толтыра алмас.
Қасиетіңнен айналайын туған жер!Бізсіз гүлдеп,бізсіз өмір сүре алар,ал біздің рухымыз онсыз биік самғамақ емес.Иә,туған жер барда-біз бармыз.
Қорытынды бөлім
Рухани жаңғыру –адам баласының оның ішкі әлемінің жаңаруы,сана-сезімі,жаңа өзгерісті қабылдай білуі.Рухани жаңғыруда өркениеттің өрге жүзуімен байланыстырамыз.Тарих сахнасына көз жүгіртсек,өскен ұлттың өрби түсуіне «рухани жаңғыру дәлел».Көне замандағы көрікті қалаларымыз,сән салтанатты таласқан ескерткіштеріміз,мәдени мұраларымыз айғақ болып табылады.Мақаланы оқи отырып,оның әрбір сөйлемінде бүгініміз бен болашағы жарқын Қазақстанға апаратын нақты жоспар,мақсат көрсетілгенін түсіндім.Елімізде әлеуметтік-экономикалық,саяси реформалар жақсы жүзеге асуда.Ал бұл мақаладағы рухани өрлеу,рухани жаңғыруды біздің дамуымыздың ең басты міндеттерінің бірі деп санаймыз.Әр халық,әр мемлекет ғасырлар бойы жаңғырып,жаңарып отырады.
Ал рухани жаңғыру мен жаңа білім берудің рөлі ерекше.Біз өзіміздің ұлттық ерекшеліктерімізді зерттей отырып,әлемде болып жатқан жаңалықтарды қабылдай білуіміз қажет. «Ел болам десең,бесігіңді түзе»дейді М.Әуезов.Әр адам өз әсері мен оның байлығының иесі болу үшін жаңа технологияларды меңгеріп,жаңаша өмір сүрудің жолдарын білуі тиіс.Ең бастысы,білім беруге қойылып отырған жаңа талаптарды орындауды көптеген жұмыстар жүргізіліп,жастардың үш тілде білім алуына,жаңа технологияларды білім беру жүйесіне енгізуде мектебімізде қолға алынып отыр.
Көкірегі сезімді,тілі орамды,
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін-деп,Абай атамыз айтқандай,өскелең ұрпаққа тәрбие беретін ұстаз мамандығы. «Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз»деген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін де мұғалім алдында үлкен жауапкершілік жүктеді.Өйткені әрбір мемлекеттің өркендеуіне,бәсекеге қабілетті болуының ең басты ошағы-ұстаз берген білімінде.Ұлт жоспарын орындауда әр саланың өзіндік үлесі болса,ұстаздар қауымы қосатын үлес жас ұрпақты жаңа қоғам мүшесі етіп білім мен тәрбие беруді жаңаша құру,оны осы Елбасының көрсеткен талаптарға сай орындау деп білемін. Кәсіби деңгейі жоғары,интеллектуалдық,шығармашыл мұғалім болу кез-келген мұғалімнің басты міндеті.Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың айтқанына сүйенсек «Бала оқытуды жақсы білемін деген адам әуелі балаларға үйрететін нәрселерді өзі жақсы білуі керек»-деген тұжырымында шығармашыл адам,түсінігі мол,ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол білікті ұстаз болу үшін үнемі ізденіс үстінде болу керек.Мен жаңашыл ұстаз болу үшін, үнемі өз біліктілігімді арттырып,басқа мұғалімдер мен тәжірибе алмасып отырамын.Сабақта үнемі әртүрлі жаңа әдіс-тәсілдерді енгізіп оқушының қызығушылығын,білім деңгейін арттыруға күш салып келемін.Оқушының білімін және шығармашылығын байқау барысында Абай,Мұқағали,Жамбыл,Илияс,Үмбетәлі,Есенқұл Жакыпбековтың аудандық,облыстық жыр мүшайраларына қатысып отырады.Жылда өтетін «Үмбетәлі оқулары»атты мүшайра өткізіліп отырады.Осы тұрғыда «Үмбетәлітану»үйірмесі сыныптан тыс өткізіледі.Оның айғағы,кез –келген оқушы ақынның 20өлеңін жатқа біледі.Оқушылар әсіресе, Үмбетәлі ақынның айтыстарын жаттаумен қатар,жұп болып қазіргі заман айтыстарын нақышына келтіріп айтады. «Ескіден қол үзбей,жаңаға қол жеткізгендер ғана мұғалім бола алады »деген екен Қытайдың дана ойшылы Конфуций.Сондықтан мұғалімнің басты міндеті оқытудың әдіс-тәсілдері үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологиялардың түрлерін меңгеру болып табылады.Қазіргі таңда жаңартылған бағдарлама бойынша сабақ беріп келемін.Сабағымда түрлі-әдіс тәсілдерді қолданып,қазақ халқының бойындағы жақсы қасиеттерді,салт-дәстүрді оқушының бойына сіңірткім келеді.Адам баласының өзінің ұзақ тарихында жасаған рухани,мәдени қазынасы,қымбатқа түскен,тәжірибесі соның ішінде көрегенділік деп аталатын адамгершілік, тәлімгерлік тағылымдары ұрпақтан-ұрпаққа осы ұстаздық үрдіс арқылы беріліп,жалғасын тауып келеді.Сол арқылы келешек ұрпақтың сапалы білім алуы қажеттілігін жадынан шығармай кәсіби мәдениетті жоғары білікті маман атану және білімді оқушы шығару.Оқушының білімділігін,жетістігін көру мен үшін бақыт.
Елбасымыздың Рухани жаңғыру саясаты бойынша «Туған жерге тағзым»атты бағдарламасын ұстаз ретінде қолдаймын.Мектебімізде Елім деген ер-азаматтар,ұл-қыздар ауылда өсіп,қияға қанат қағады.Лайым,болашақта да осы ауылдан ел басқарар ерлер, өнер майталмандары шыға берсін дей отырып,ауылымыздың гүлденіп ,ел іргесі аман болып жалғаса берсін демекпін! Баяндамамның соңын өз өлеңіммен туған жерге деген сағынышыммен аяқтағым келеді.
Ақын жүрек қызымын Қарасаздың,
Көкке өрледі,шалықтап арқада әнім.
Шөләдірдің бауырында еркін өскем,
Сағынышын ауылымның арқаладым.
Жетуге асығамын кетсем жырақ,
Жүрегім сағыныштан кетер тулап.
Дәндердей жарып шыққан қауызыңнан,
Жыр сабағын еліме өтсем сыйлап.
Өзің берген бойыма дарыным бар,
Оза келген түйректей арыным бар.
Қарыздармын, туған жер,барым саған.
Жырлатқан жүрегімнің жалынын,ал!
Ойымды қорыта келегенде, балаға білім ұшқынын сыйлау үшін,мұғалім жарық сәулесімен өзі нұрлана білу керек. Жаңа ғасыр мұғалімнің бойында сергектік,байқағыштық,сезімталдық,адалдық,табандылық және ұстамдылық сияқты қасиеттер мейірімділік атты ұлы ұғыммен ұштасып жатса ғана біз алға қойған мақсаттарымызға жетіп «ұлы ұстаз»деген ардақты атаудың шын иегері болатынымызға сенемін.
Ақынын да,батырын да,асылын да,ардақтысын да түлеткен –ауыл.Ол әркімнің мақтанышы.Ол-әр кеудеде тұрады.Жанарларда туады.Батырларды да,ақынды да,ана туады.Елім деп сіңірген ерлерде ауылдан шығады.Бірақ солардың баршасына нұрын сепкен, жаңашыл ұстаздардың шуағы.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Күмісжан Байжан «Жамбыл елінің жайсаңдары»кітабы
2.Ардагер ұстаз Н.Ж Жанайбековнаның қолжазбаларынан үзінділер.
3. «Туған жер» туралы арнаулар/өзімдікі/
4.Шыңғыс Айтматов «Ғасыр айрығындағы сырласу»кітабынан
5.Әуелбек Мұсаханұлының өлеңдерінен үзінді.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Туған жерге деген ұстаздық сагынышым баяндама

шағым қалдыра аласыз