Туған жерім

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Туған жерім

Материал туралы қысқаша түсінік
Шығарма: Туған жер. Туған жерге деген махаббат пен жалпы менің түсінігім баяндалған. 11 сынып оқушысы Даир Камила Жанатқызы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Туған жер


Туған жер - әр адам баласының ойында жылу сезімдерді толғандыратын, туған күннен бастап жүрегінде болатын әсем әрі ерекше жер. Өзіннің туған жерінді басқа жермен теңеудің мәң - мағынасы жоқ. Себебі, туған жер болмысы ерекше, икемі ешкімге ұқсамас, жүрегінде жылу толқының елжірететін жер. Әр біреуіміз туған жерімізге басқаша ықыласпен қарап, оның әр түйірін сүйеміз. Осы сүйіспеншілік біздің бойымызда туған күннен бастап қалыптастады. Жердің әр гүлі, бұтағы, топырағы, жәндіктері мен биоалуантүрлілігі біздер үшін бағалы. Мәселен, ол біздің ата - бабамыздан қалған, үлкен және ұзақ тарихты қамтитын саналы ұрпақтың болмысы. Туған жер туған бауырдай. Сен оны үнемі бауырында сақтап сағынасын, мәпелейсін, аялайсын, бауырынды ойлағандай тек жақсы ойда болып, болашағы үшін уайымдайсын. "Туған жер тұғырым" деп атам қазақ бекер айтпаған. Мәселен, әр адамның туған жерге деген ыстық сезімі, оны өмірдің бояуы ретінде көруі ерекше көрінеді. Біз ұлт болашағы үшін ғана емес, туған жердің де болашағы үшін уайымдаймыз. Адам баласы туып өскеннен бері өз ғұмырын осы туған жерінде өткізіп, бала кезінін, бозбала кезінін ең қызықты сәттерін, басынан өткен қиын әрі есте қаларлық ыстық сезімдерін осы туған жерінде өткізеді. Туған жерде өткізілген сәт тек қана естелік емес, бұл ерекше сезімді сезіндіре алатын, қайран өмірдің жылуын көрсететін, көзге жас әкелетін мейірімсіз күндер.


Менің туған жерім тәуелсіз Қазақстан Республикасы. Қазақстан Республикасы мен үшін еш бір елге тең емес ел. Себебі, менің туған жерім өзіннің көрікті орындарымен, әсем жерлерімен, тарихы терең, мәдениеті мен салт - дәстүрі теңіз толқынымен бірдей ерекшеленетін ел. Сонымен қатар, ол өзінің пайдалы қазбаларымен, сарқылатын және сарқылмайтын қазбаларымен бай. Мен Қазақстанда туылып, бүгінгі таңға дейін осында өсіп келемін. Болашақта туған жерімде білім алып, елді әр қырынан таңытамын деген мақсатпен жүремін. Себебі, туған жерді сүйіп,оны аялап, басқа жерге тәңті ету әр азаматтың өмірлік міндеті. Туған жер мен үшін ерекше ықылас пен сезімді таңытады. Менің ойымша, бұл елдің құндылығына және жеке тұлғанын өмірлік құндылығына байланысты. Туған жерім туралы әлеуметтік желілерде, ел аузында айтылғанда жан - дүниемде патриоттық сезіп тулап, ерекше ықыласқа бөленемін. Себебі, елімде өткізілген әр сәт жүрегімде ыстық сезімді оятып, мейірімсіз күндерді есіме алады, бұл жақсы сезім Қазақстан Республикасының дұрыс жолда екенің, ұлт болашағының зор екендігін көрсетеді.


Менің еліме деген махаббатым ерекше. Кішкентай кезімнен бастап журналистика мамандығына түсу арманым еді. Мәселен, бұл мамандық арқылы мен теңіз толқыныңда жүріп, ақпарат толқынымен алмаса аламын, елімді сан қырлы жағынан көрсетіп, үлкен дәрежеге жеткізе аламын, әлеуметтік желілерде орнап жатқан мәселелерді көтеріп, оларды шешуге ұмтыламын, бүгінгі таңдағы толқуға түскен мәселерлерді шешуге ұмтыламын. Мені барлық осы ерекше толғанысқа, жылу сезімге әкелетін, жүрегімде шабытымды оятатын туған жерімнің жемісі. Адам өзінің саналы ғұмырын өзіне және осы туған жеріне арнайды. Ата - бабаларымыз сияқты туған жер болашағын ойлап, оны үлкен белестерге жеткізу керек. Бұл патриоттық сезім, ерекше ықылас осы туған жерге деген махаббатан, сүйіспеншіліктен басталады. Егер осы сезімді адам баласы кішкентай кезінен бастап үйреніп, түсінсе, тәлем - тәрбие арқылы санасына қабылдаса, ел болашағы зор болады. Менің туған жерім әрқашан жарқын, әсем әрі көрікті, өз тарихымен ерекшеленетін жерлердің бірі еді, қазір де елім биік белестерден көрініп, республиканың ішкі, сыртқы саясаты, әлеуметтік, экономикалық қырлары күннен - күнге жақсаруда. Елбасы Қасым Жомарт Тоқаевтің бастамасымен Қазақстан Республикасы жақсы нәтижелер көрсетіп жатыр.


Осылай қорытындылай келе, туған жер - әрбір адам баласы өмірінде туған күнінен бастап жылу сезімді оятатын, болмысы ерекше, қайран өмірдің ыстық сезімдерін көрсететін орындардын бірі дегім келеді. Әрбір тұлғанын өмірге деген шабыты мен құлшынысын көтеретін, өмірлік, мәдени, отбасылық құндылықты түсіндіретін жер. Қай дүниенің қырында болсан да туған жеріндей жер болмайды. Мәселен, туған жеріннің ыстық топырағы мен айналасы әрдайым жүрекке ыстық ықыласты баулап, үнемі жадында ұстайды. Мен туған жерімді осылайша сүйіп, оны биік белестерден көрсеткім келеді, ел болашағы мен ұлт болашағын ойлап, туған жерімді үнемі жан - дүниемде сақтап, тек қана жақсы қырынан дамытамын.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.04.2022
892
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі