Материалдар / Туған жерім мақтанышым !
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Туған жерім мақтанышым !

Материал туралы қысқаша түсінік
ашық сабақ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
541
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Туған жерім – мақтанышым!

Мақсаты: Балалардың туған жерге өз еліне, туған өлкеге деген сүйіспеншіліктерін, патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Тілге деген қызығушылықтарын арттырып, сөздік қорын молайту.

Балаларға «тәуелсіз», «егемен» сөздердің мағынасын кеңінен түсіндіре отырып, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

«Тұңғыш президент» мерекесі жайлы айта отырып, бүлдіршіндерге елбасының жасаған еңбектері жайлы жалпы ұғым беру. Отанға, деген сүйіспеншіліктерін арттыру.



Заттық дамыту орталығы: Қазақстан картасы, слайд(қалалардың көркем жерлері).

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, тақпақ, ойын, сергіту сәті, қорытындылау, мадақтау.

Билингвалды сыңары: Отан-Родина-Homeland,қала-город-city

-Балалар біздің республикамыз қалай аталады?

-Біздің отанымыздың президенті кім ?

-Қазақстан республикасының рәміздерін атаңдаршы?

- Қазақстан республикасының бас қаласы, астанасы қай қала?

Біз қай тілде сөйлейміз?

Әрбір жанға өзінің отбасы туған туыстары, жолдастары ыстық болса, Отан да адам баласына солай ыстық.

Отан деген - сенің туып өскен, кіндік қаның тамған жер, ата-анаң, досың.

Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер бар.

Отан – алтын бесігің. «Отаны жоқтық – нағыз жоқтық»- деп, дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау – әрбір азаматтың бірінші міндеті.

- Балалар қалай ойлайсыңдар, адам үшін ең қымбат не?

-Ал, Отан дегеніміз не?

- Өте жақсы айттыңдар балалар. Сонымен бірге Отан деген біздің ана тіліміз. Біз Қазақстанда тұрамыз. Сондықтан ұлттық тіліміз – қазақ тілі.

- Отан, тіл туралы кім тақпақ айтады?

Мақал-мәтел:

1. Отан үшін отқа түс-күймейсің.

2. Ел іші алтын бесік.

3. Отансыз адам - ормансыз бұлбұл.

Слайд( Тараз қаласының көрікті жерлері)

1.Отан деген туған жер

2. Отан деген менің қалам

3. Отан деген балабақшам

4. Отан деген отбасым

5. Отан деген атам, әжем, әкем, анам.

Е Кәусәр

Аялап ару ананы,

Өсірген еркін баланы.

Бесігін болып тербетіп,

Отаным- Қазақстан.

Айбатыр

Толтырған гүлге даланы,

Жайнатқан ауыл, қаланы.

Ардақты ата мекенім,

Отаным – Қазақстан!

Ақан

Ана тілін ақтаңдар,

Ана тілін сақтаңдар.

Ана тілімен безеніп,

Ата берсін ақ таңдар.

Сергіту сәті

Тәуелсіз елдің тірегі

Біз боламыз жүрегі

Артқа қадам баспаймыз

Тек алдыға-алдыға бастаймыз.

Қыран құстай қалықтап

Болашаққа самғаймыз.



Ойын: «Ойлан, тап!»

Қорытынды:

Біледі : Отанымыздың кең байтақ екенін .

Игереді: Отан-Родина-Homeland,қала-город-city.

Түсінеді:Туған жерге,туған өлкеге деген сүйіспеншілікті.













































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!