Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Туған жеріңнің туын көтеруге сен қандай үлес қосар едің?"

Материал туралы қысқаша түсінік
Отан туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Туған жеріңнің туын көтеруге сен қандай үлес қосар едің?

Ана құрсағынан шыр етіп, дүние есігін ашып, кіндік қаным тамған жерім - менің ауылым Кеңес. Осы қасиетті Моншақты - Ақкөл өңірінің ұлан байтақ даласынан шыққан бір тумасымын. Туған жер әр адамға ыстық, алыс кетсең сағынып, жүрегіңді елжіретер бір керемет қасиеті бар. Бұл қасиет менің бойымда да, туғаннан бері дарығанына еш күмәнім жоқ. Туған жеріме деген махаббатымды ешқандай сөзбен жеткізе алмаcпын.

Казактың қазақтығын сақтап келген - ауыл. Атам қазақ бастаған салт-дәстүрлердің де түп тамыры ауылдан басталған. Өкінішке орай, заманауи жиырма бірінші ғасырда салт -дәстүрлерді ұстамайтындар да бар. Бұл ащы болса да шындық. Ал, ауылымыз ата - бабаларымыз аманат етіп қалдырған әдет - ғұрыптарымызды сақтап, аса мән береді. Жүрегімде ауылым әрқашан ерекше орын алады. Жалпы, Отан сөзі - әр адамның жанына жақын, жүрегіне жылы тиер сөз емес пе?

Тарих-халықтың жады деп білемін, ол елімізді өркендетуге септігін тигізеді. Сондай-ақ, тарих біздің кешегісі мен бүгінгісіне көз жүгіртуімізге мүмкіндік береді. «Өзгені тану үшін, алдымен өзіңді тани біл!» атты жалпыадамзаттық қағида бекер айтылмаған, сірә. Сол себептен, әлем тарихын білу алдымен өз туған өлкеңнің, мен үшін ауылымның тарихын білуден бастау алатыны сөзсіз. Сондықтан, ауылым жайлы білетін тарихи мәліметтер күннен күнге артуда. Ауылымның тарихы мен өткен өмірімен танысу өзімді өте қызықтыратын мәселелердің бірі болғандықтан, бұдан еш жалыққан емеспін.

Өскен жер адамның жанына, сана сезіміне әсер етеді демекші, менің де өмірдегі армандарыма тікелей байланысты. Ал,бүгінгі арман -ертеңге қойған мақсат. Осы мақсатымның бірі теңізге тамған тамшыдай болса да Қазақстанымның дамуына үлесімді қосып, еңсесін көтеру. Мен бұны тек мақсатым ғана емес, тәуелсіздікті аңсап кеткен ата-бабаларыма деген адамгершілік парызым деп қабылдаймын.«Ел боламын десең, бесігіңді түзе», - деп ұлы Мұхтар Әуезов атамыз айтқан еді. Осыған сүйене отыра, елімнің дамуына бірінші қадам- ауылымның көркеюіне үлес қосу. Бүгінде мектебімнің абыройын асқақтатып, рухын көтеру үшін күш салудамын. Уақыт өте келе де, басты жоспарым-мектебімді көркейту. Себебі, сапалы білім алып,еңбек ету ең өзекті мәселелердің бірі.Осылайша "Ауылымның гүлденгені – Қазағымның гүлденгені " сөзі, өмірлік қағидама айналды.

Ауылым – алтын бесігім, түп төркінім десем, артық айтылған емес. Сөздің шыны керек, ауылым жайлы ой қозғағанымда жырлағым да, әндеткім де келеді. Туған өлкемнің тұнып тұрған әсем көрінісі мен бай тарихы бойыма еріксіз мақтаныш сезімін құяды. Ауылдың дамуына теңізге тамған тамшыдай болса да үлесімді қосып, еңсесін көтеруге тырысамын.

Елбасымыз өз мақаласында «Туған жерге деген сүйіспеншілік Туған елге-Қазақстанға деген патриоттық сезімге ұласады» деп айтқан болатын. Сондықтан, туған жерге туын тігетін азаматтардың, сүйіспеншілігі ұлғая беруін қалаймын. Өйткені, Қазақстан болашағы-осы жастардың қолында.Көзі ашық, көкірегі ояу білімді ұрпақ өз Отанын дамыту жолында аянбай тер төгуде. Мен де, бұл жастар қатарына қосылуға дайынмын деп зор мағынамен айта аламын.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.07.2021
8338
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12