Материалдар / "Туған күнінмен, балақай" ойын-сауық сценарии

"Туған күнінмен, балақай" ойын-сауық сценарии

Материал туралы қысқаша түсінік
іс-шараларды өткізуге мектепке дейінгі қызметкерлерге, тәрбиешілерге көмектеседі
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Кадырова Венера Равильевна

Музыка жетекшісі

40 «Нұрлан» бөбекжай-бақшасы

Шымкент қаласы

«Туған күніңмен, балақай!»

Мерекеге сай безендірілген залға әдемі гүлдер, түрлі – түсті шарлар, жалаушалар ілінген.


Көңілді әуенмен залға балалар жиналады.


Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, бүлдіршіндердің «Туған күніңмен, балақай» ойын – сауық кешіне қош келдіңіздер!  Балалар қараңдаршы, бүгін дала қандай керемет! Күн нұрын төгіп тұр. Айналамыздың барлығы жайнап тұр. Ал, біздің алдымызда тұрған балалар қандай әдемі, бірінен – бірі өткен. Көздері күлімдеп, көңілдері тасып, ерекше нұрлануда. Өйткені.....

 
            Көгілдір көктемде,
            Күн нұрын төккенде.
            Бақшамызда балалардың
            Туған күні мереке.


Музыка әу
енімен туған күн иелері ортаға келеді.


Балалар: Туған күндерің құтты болсын!


Тәрбиеші:(халық әні «Еркем – ай» әуенімен)


Еркем, еркем еркем – ай,
Еркелеген еркем – ай,
Еркелеген еркемді,
Еркелетсем бе екен – ай?
Төрге шықсын Арай қыз,
Төрге шықсын еркем – ай.
Түйдей жасты Назерке,
Бірге шықсын еркем – ай.
Еркем, еркем еркем – ай,
Айдай сұлу екен – ай.
Елдің көркін кіргізер,
Арулар болар ма екен – ай?
Төрге шықсын Бекарыс,
Төрге шықсын еркем – ай.
Өр мінезді екен – ай,
Ер намысын қорғайтын
Батыр болар ма екен – ай?


Туған күн иелері: Айзере, Даурен, Нурай

Тәрбиелі баламын,
Ақылдымын данамын.
Қайырлы таң, болсын деп,
Амандасып аламын.
Баршаңызды құрметтеп,
Басымды иемін.

Тәрбиеші:
Өте жақсы, жарайсыңдар. Туған күн иелері өздеріңе арналған әдемі безендірілген орындыққа отырыңдар. Енді, балаларымыздың өздерінің достарына, туған иелеріне арнаған тақпақтарын тыңдайық. 


Дәурен:
Қандай әсем сөздері,
Күлімдейді көздері.
Кн нұрына шомылып,
Гүл жайнайды жүздері.


Жансұлу
Талай қызық той өткіздік
Бірақ орны ерекше.
Достарымның туған күні,
Бүгінгі той ерекше.


Ильяс:
Бірге ойнап, бірге күліп,
Күні бойы жүреміз.
Қалам алып, сурет салып,
Би де билей білеміз.


Ән: «Туған күніңмен!»


Тәрбиеші: Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын, сендер шешуін табыңдар. 


Өзі ақылды, өзі аппақ,
Балдай тілі тәп – тәтті ақ.
Әже, мама, папасының
Атасы мен ағасының
Айы кім?


Балалар:Арай.

Тәрбиеші: Жүгіріп шығып алдыңнан,
Қуана сәлем беретін.
Жатырқамай еркелеп,
Бәрін жақсы көретін
Бұл кім?


Балалар:Назерке.


Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Олай болса Айзерні, Олай болса Нурайні,
Дәуренді Құттықтаймыз бәріміз.

Би: «Қуыршақтар»


Таңғажайып сәт: Күлдірген келеді.


Күлдірген:  Сәлеметсіздер ме балалар! Мерекелерің құтты болсын! Сендер фокустарды жақсы көресмеңдер ме? Олай болса қарандар...


Фокустар

Күлдірген: Балалар, фокстар сендерге ұнады ма? Енді балалар менің сиқырлы қаламдарды алып «Күлкілі жүздерді» осы шарларға салайық

(ойынға шыққан балаларға бір-бір шардан таратады)


Ойын: «Күлкілі жүздер»


Күлдірген: Қандай тамаша! Өнерлі балалар екенсіңдер! Мен де құр қол келген жоқпын.

Туған күн иелеріне сыйлық алып келдім. (Балаларға сыйлықтар беріледі).

Тәрбиеші:
Балалар біздің бүгінгі ойын – сауық к
ешіміз өте жақсы қызықты өтті. Туған күндерің құтты болсын! Дендерің сау болсын! Сау болыңдар!  

08 Мамыр 2021
1711
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі