Материалдар / Туған өлке
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Туған өлке

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға елінің байлығы,алуан түрлі табиғаты туралы түсінік беру,туған өлкеге деген сүйіспеншілігімен бірге мақтаныш сезімін ұялату.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Шілде 2018
633
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мақсаты:Балаларға елінің байлығы,алуан түрлі табиғаты туралы түсінік беру,туған өлкеге деген сүйіспеншілігімен бірге мақтаныш сезімін ұялату.

Балалар қонақтармен және бір-бірімен жылы лебіздер айтып сәлемдеседі.

Қуан, шаттан, алақай!

Қуанатын күн келді.

Күліп шықты күн бүгін,

Қайырлы таң, қайырлы күн!

Армысыз,қайырымды Аспан-ата!

Армысыз, мейірімді Жер-ана!

Армысыз, шұғылалы нұрлы күн!

Армысыз, балабақша дос-жаран!

-Балалар, бір жылда неше мезгіл бар?

-Төрт мезгіл бар. Олар:Күз,Қыс, Көктем,Жаз.

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Күз.

-Күзде неше ай бар екен,қане атап жіберейікші.

-Қыркүйек, қазан, қараша.

Күз туралы кім тақпақ айтады?

Мади: Ой, балалар, балалар.

Қоңырқай күз болыпты.

Қурап жапырақ солыпты,

Ел егінін орыпты.

-Дұрыс айтасыңдар.

Тәрбиеші: Қазақстанның табиғаты көркем, бар сұлулықты өң бойына жинап алған өлке. Биік таулар, айдын шалқар өзен, көлдер, ормандар, жазықта әсем далалар да біздің жерімізде.

Балалар біз қай мемлекетте тұрамыз?

-Қазақстанда.

Қазақстан-өте үлкен республика.

Біздің Қазақстан кең байтақ, бай өлке.

Ержан: Айдың шалқар көлім бар,

Ну орманды елім бар.

Күннен күнге көркейген,

Менің байтақ елім бар.




Нұрбақыт:Көгінде күн нұрын төккен,

Жерінде гүл жұпар сепкен.

Неткен сұлу, неткен көркем!

Осы менің туған өлкем!

Ақбата:Алтын дәнді даласы бар,

Ақ күмістей қаласы бар.

Неткен сұлу, неткекн көркем!

Осы менің туған өлкем!

Әубәкір:Түлігі өскен алуан-алуан,

Төс алқабы малға толған.

Неткен сұлу, неткен көркем!

Осы менің туған өлкем!

Айым: Ер еңбегі шалқып тасқан,

Ел еркіндеп бақыт тапқан.

Неткен сұлу, неткен көркем!

Осы менің туған өлкем.

Тәрбиеші:Балалар бізде заводтар,фабрикалар, шағын кәсіпорындар,қазақстанның түрлі қалаларында орналасқан.

Мысалы:Алматыда-алма,Қостанайда-бидай, Қарағандыда-көмір,Шымкентте-мақта,Қызылордада-күріш,Балқашта-мыс.

-Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын шешуін табыңдар.

Ғаламды болжап білуге,

Ғарышқа айлап кететін.

Ғаламат ерлік көрсетіп,

Ғажап ат алып келетін.

Ол кім? (Ғарышкер)

-Міне балалар аспан әлеміне біздің Байқоңырдан ұшады.

-Біздің Қазақстанның ғарышкерлері кімдер?

-Талғат Мұсабаев, Тоқтар Әубәкіров.

Сергіту сәті:

Жалғыз саусақ тіпті де,

Ұстай алмас жіпті де.

Екі саусақ бірікті,

Ине қолға ілікті.

Үш саусағым орамды,

Жүгіртеді қаламды.

Өнерлі екен он саусақ,

Қала салсақ, жол салсақ.


Санамақ санау.

Бір дегенім бесіке,

Шықтық одан өсіп.

Екі деген-Елім,

Дала,тауым, көлім.

Үш дегенім-Үміт,

Үміт артар жігіт.

Төрт дегенім- Төзім,

Төзе білем өзім.

Бес дегенім-Бақыт,

Бағалайтын уақыт.

Алты дегенім –Ақыл,

Тындағаның мақұл.

Жеті дегенім- Жалау,

Жүректегі алау

Сегіз дегенім-сөзің,

Серт беретін кезің.

Тоғыз дегенім-тоқтау

Елдің жоғын жоқтау.

Он дегенім-Отан,

Қорға,соны, ботам.

Дұрыс айтасыңдар Отан өсіп келе жатқан жас ұрпақтын қолында, яғни сендердің қолдарыңда.

«Туған өлкем» тақырыбында өзінің туып-өскен жері туралы гүл құрастыру.

-Туған өлке деген не?

-Біздің туып өскен жеріміз.

-Сендердің туған өлкелерің қалай аталады?

-Көктөбе.

-Ауылымызда не өседі?

-Қызылша,бидай,қарбыз,жүгері т/б.

-Сендер туған өлкені қалай аялайсыңдар?

-Тазалықты сақтаймыз, тал егіп, гүл өсіреміз.

-Болашақта туған өлкенің қандай болғанын қалайсыңдар?

-Бұрынғадан да көркейіп,болашақта үлкен балабақша болсын.

Тәрбиеші: Әркімнің туған жері өзіне ыстық және көркем болып көрінеді.Туған жердің табиғатын аялап, құрметтеу керек.

Хор:» Атамекен»



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!