Туған өлке-алтын бесік

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Туған өлке-алтын бесік

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материалды өлкетану қолданбалы курсы, факультатив сабағында көмекші құрал ретіде пайдалануға болады. Бұл материал жергілікті жердін табиғатын географиялық, биологиялық және химиялық тұрғыдан зерттеу жұмысы ретінде қарастыруға болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Туған өлкем-алтын бесік

Кең дала көремісін сонау жатқан,

Жібектей жасыл шөппен бетін жапқан

Аймағы маржан таулардың,

Аймағы бақша-баулардың.

Дүниедегі ең дара-

Асылым далам сен ғана.



Табиғат күллі тіршілік аталуының құтты қоныс мекені, алтын ұя бесігі, құт-беререкесі. Адам үшін табиғат – ең қасиетті де қастерлі ұғым. Өйткені, адамды дүниеге әкелетін аяулы жаны ана болса, адамзаттың анасы – Табиғат. Адам – табиғаттың бір бөлшегі әрі ғажап туындысы. Оның табиғатсыз өмір сүруі мүмкін емес. Себебі, ол өзіне керекті, қоректі заттын бәрін қоршаған ортадан алады. Сондықтан табиғат пен адамды бөліп қарауға болмайды. Осыған орай қоршаған ортаны қорғау мақсатында мен туған өлке табиғатына сипаттама беріп, тоқталуды жөн көрдім.

«Туған өлкем-алтын бесік» дегендей, Шұбар елді мекені Қазақстан аумағының оңтүстік-шығыс бөлігінде, Тоқсанбай, Қоянды жоталарының аралығын алып жатыр. Елді мекен солтүстіктен оңтүстікке дейін 12 шақырым, батыстан шығысқа дейін 11 шақырымға созылып жатыр. Шұбар өлкесі мүжілген және тегістелген қыраттардан, аласа таулардан тұрады. Тоқсанбай, Қоянды, Қотырқай жоталары тік жартасты болып келеді.

Тау массивтері палеозой жыныстарынан ( гранит, порфорит) құрылған. Жоталар арасындағы ойыстар дөнді-жалды, жазыққа жалғасады. Бұл өлкенің жер бедерінің қалыптасуында жыныстардың жату бағытымен үгілу үрдісі басты рөл атқарған. Жер бедерін екі геоморфологиялық ауданға бөлуге болады: І.- тау аралық жазықтар Аралтөбе және Шұбар елді мекендер аралығын алып жатыр. Орташа биіктігі 400-1000 м дейін.ІІ- Котырқай, Тоқсанбай, Қояндытау жоталарының тау беткейлері таудың өзен суларымен қатты тілімденген.

Метерологиялық мәліметтерге сүйенсек, бұл елді мекеннің климаты шұғыл контитентті. Континентік сипаты жылдық және тәуліктік температуралардың ауытқуларында байқалады. Жылдық орташа жауын-шашын мөлшері 608 мм. Жылы ауа массалары ықпалының әсерінен жылу мерзімі 132-160 күнге созылады.

Елді мекеннің топырағы аз гумусті және орташа гумусті қара қоңыр топырақты болып келеді. Сол себептен жартылай суармалы, картоп, астық тұқымдас дақылдардың өсіруге қолайлы. Егістік жерлер тыңайтылып отырады. Елді мекен маңында ірілі-ұсақты салалары бар Кескентерек, Аламан және Коктал өзендері ағады. Өзендердің арнасынан көтерілетін, таситын кезі-көктем, жаз мезгілдері, тартылатын кезі – қыс мезгілі.Өзен ағынының жылдамдығы 3м/с. Өзен суларының лайлығы 75 %. Елді мекендегі өсімдіктер жабыны жер бедеріннің ерекшеліктеріне, жер асты суларының терендігіне және топырақ түзілуіне байланысты сан алуан, әсіресі дәрілік өсімдіктерге бай, 150-ге жуық түрі өседі. Тау аралық жазықтарда азгумусті қара-қоңыр топырақта негізінен шөптесін өсімдіктер өседі. Мысалы: мыңжапырақ, шайқұрай, тау жуасы, сарымсақ, сасыр, тартаржапырақ, рауғаш. Еңістіктерде шалғындық өсімдіктері жайылып өсуде: шалғындық ақтонақ, қоңырот, қылтанақсыз арпабас, жоңғарқұртқашашы. Таулы үстірттерінде және беткейлерінде қазтамак, байғұт, жабайы бүлдірген өседі. Ағаш тектес өсімдіктерден қайын, қарағай, терек өседі. Бұта тектес өсімдіктерден шипалы қасиеті мол берікарақат, итмұрын, таңқұрай, арша өседі.

Жануарлар табиғат туындысы. Өлкедегі жануалар дүниесі алуан түрлі: балықтар, қосмекенділер, жорғалаушылар, Құстар, сүтқоректілер. Жабайы аңдарда кең таралған: түлкі, қарсақ, қасқыр. Жергілікті өзендерде «патша балығы- форель» кездеседі. Бұл өлке «Жоғарғы Көксу» қорықшасының аумағына кіретіндіктен ерекше қорғауға алынған жануарлар кездеседі: жергілікті жердің эндемигі- құйрықты қосмекенді жануар – Жетісу бақатісі, 1996 жылы Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген. Биік шындарда тау жолбарысы-ілбістер, қыран құстар мекендейді.

Жергілікті халық омарта шаруашылығы, ірі-қара мал, жылқы және қой шаруашылығымен айналысады.


























Тақырыбы: Туған өлкем-алтын бесік

Сабақтың мақсаты:1.Туған өлке табиғатына жалпы сипаттама беру, білімін

қалыптастыру.

2.Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту

3.Экологиялық, патриорттық тәрбие беру, туған жеріне,

еліне деген сүіспеншілікті арттыру.

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың түрі: панорамалық сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: баяндау, сұрақ-жауап, сатылай кешенді талдау.

Көрнекі-құралдары: интербелсенді тақта.

Сабақтың барысы:


І.Ұйымдастыру кезеңі

а) сәлемдесу

ә) оқушыларды түгендеу

б) оқушылар назарын сабаққа аудару


ІІ. Сабақтың тақырыбымен таныстыру

Шұбар ауылының табиғатына төмендегі жоспар бойынша слайдттар арқылы сипаттама беру.

Жоспары:

1.Географиялық орны

2.Геололгиялық құрылысы

3.Жер бедері

4.Климаты

5.Өзен-көлдері

6.Топырағы

7.Жануарлар дүниесі

8.Өсімдіктер дүниесі

ІІІ. 1-слайд- «Географиялық орны»

Шұбар елді мекені Қазақстан аумағының оңтүстік-шығыс бөлігінде, Тоқсанбай, Қоянды жоталарының аралығын алып жатыр. Елді мекен солтүстіктен оңтүстікке дейін 12 шақырым, батыстан шығысқа дейін 11 шақырымға созылып жатыр.

2 слайд- «Жер бедері»

Шұбар өлкесі мүжілген және тегістелген қыраттардан, аласа таулардан тұрады. Тоқсанбай, Қоянды, Қотырқай жоталары тік жартасты болып келеді. Тау массивтері палеозой жыныстарынан ( гранит, порфорит) құрылған. Жоталар арасындағы ойыстар дөнді-жалды, жазыққа жалғасады. Бұл өлкенің жер бедерінің қалыптасуында жыныстардың жату бағытымен үгілу үрдісі басты рөл атқарған. Жер бедерін екі геоморфологиялық ауданға бөлуге болады: І.- тау аралық жазықтар Аралтөбе және Шұбар елді мекендер аралығын алып жатыр. Орташа биіктігі 400-1000 м дейін.ІІ- Котырқай, Тоқсанбай, Қояндытау жоталарының тау беткейлері таудың өзен суларымен қатты тілімденген.

3 слайд – «Климаты»

Метерологиялық мәліметтерге сүйенсек, бұл елді мекеннің климаты шұғыл контитентті. Континентік сипаты жылдық және тәуліктік температуралардың ауытқуларында байқалады. Жылдық орташа жауын-шашын мөлшері 608 мм. Жылы ауа массалары ықпалының әсерінен жылу мерзімі 132-160 күнге созылады.

4 слайд – «Топырағы»

Елді мекеннің топырағы аз гумусті және орташа гумусті қара қоңыр топырақты болып келеді. Сол себептен жартылай суармалы, картоп, астық тұқымдас дақылдардың өсіруге қолайлы. Егістік жерлер тыңайтылып отырады.

5 слайд – «Өзен көлдері»

Елді мекен маңында ірілі-ұсақты салалары бар Кескентерек, Аламан және Коктал өзендері ағады. Өзендердің арнасынан көтерілетін, таситын кезі-көктем, жаз мезгілдері, тартылатын кезі – қыс мезгілі.Өзен ағынының жылдамдығы 3м/с. Өзен суларының лайлығы 75 %.

6-слайд – «Өсімдіктер дүниесі»

Елді мекендегі өсімдіктер жабыны жер бедеріннің ерекшеліктеріне, жер асты суларының терендігіне және топырақ түзілуіне байланысты сан алуан, әсіресі дәрілік өсімдіктерге бай, 150-ге жуық түрі өседі. Тау аралық жазықтарда азгумусті қара-қоңыр топырақта негізінен шөптесін өсімдіктер өседі. Мысалы: мыңжапырақ, шайқұрай, тау жуасы, сарымсақ, сасыр, тартаржапырақ, рауғаш. Еңістіктерде шалғындық өсімдіктері жайылып өсуде: шалғындық ақтонақ, қоңырот, қылтанақсыз арпабас, жоңғарқұртқашашы. Таулы үстірттерінде және беткейлерінде қазтамак, байғұт, жабайы бүлдірген өседі. Ағаш тектес өсімдіктерден қайын, қарағай, терек өседі. Бұта тектес өсімдіктерден шипалы қасиеті мол берікарақат, итмұрын, таңқұрай, арша өседі.

7 слайд – «Жануарлар дүниесі»

Жануарлар табиғат туындысы. Өлкедегі жануалар дүниесі алуан түрлі: балықтар, қосмекенділер, жорғалаушылар, Құстар, сүтқоректілер. Жабайы аңдарда кең таралған: түлкі, қарсақ, қасқыр. Жергілікті өзендерде «патша балығы- форель» кездеседі. Бұл өлке «Жоғарғы Көксу» қорықшасының аумағына кіретіндіктен ерекше қорғауға алынған жануарлар кездеседі: жергілікті жердің эндемигі- құйрықты қосмекенді жануар – Жетісу бақатісі, 1996 жылы Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген. Биік шындарда тау жолбарысы-ілбістер, қыран құстар мекендейді.

Жергілікті халық омарта шаруашылығы, ірі-қара мал, жылқы және қой шаруашылығымен айналысады.

ІV. Сабақты бекіту

Сұрақ-жауап арқылы

V. Бағалау

VI.Үйге тапсырма беру

Шұбар ауылы туралы интернеттен қосымша мағлумат жинау.








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.02.2018
905
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі