ТУҒАН ӨЛКЕ ТАБИҒАТЫ

Тақырып бойынша 31 материал табылды

ТУҒАН ӨЛКЕ ТАБИҒАТЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

ТУҒАН ӨЛКЕ ТАБИҒАТЫ

Қалдыбай Кенжеқыз Құтмаханқызы

10 «Наурыз» б/б тәрбиешісі


Тақырыбы: «Туған өлке табиғаты»

Мақсаты: Отан, туған жер, туған тіл жайлы түсініктерін, оның табиғатының әсемдігі, байлығы жайлы түсініктерін тереңдету. Өз ойларын айта білу дағдыларын дамыту. Тіл байлықтарын, дұрыс сөйлеу дағдыларын дамыта түсу. Туған жерді, елді, қастерлеу, тілді бағалай білу, ата — ананы сыйлау, халқыңа пайда келтіру сияқты адамгершілік асыл қасиеттерге баулу. Дағдыларды қалыптастыру: Қимыл-қозғалыс, коммуникативтік, танымдық, шығармашылық, әлеуметтік-эмоционалды.

Инновациялық технология: Ойын технологиясы, динамикалық үзіліс, интеграция.

Әдіс – тәсілдері: Психотренинг, ойын, түсіндіру, сұрақ – жауап.
Құрал – жабдықтар: бейнежазба «Менің Отаным», ойын атрибуттары: «Менің көңіл-күйім» ойын-психотренингі, «Табиғат түстері» ойыны, «Жыл мезгілдерінің шатасқан табиғат құбылыстары» ойыны, «Таулар мен жазықтар» ойыны, «Тура санап құрастыр» ойыны, «Өрмекші торын сал» ойыны, «Мен туған жерімді аялаймын!» ойыны.


Тәрбиеші балалармен амандасып, көңіл-күйлерін сұрап, бүгінгі күні балабақшаға қалай келгендерін сұрап, бүгінгі ұйымдастырылған іс-әрекеттің ерекше болатынын айтып назарларын өзіне аударады. Ал ұйымдастырылған іс-әрекетін бірінші қызықты ойынмен бастайтынын айтады.

  1. Ойын-психотренинг «Менің көңіл-күйім»

Мақсаты: балалардың назарын аудару, ұйымдастырылған іс-әрекет алдында көңіл-күйлерін бақылау.

Шарты: Балаларға түрлі-түсті қаламдар мен кішкене бұлттар трафареттерін ұсынады. Оларды, яғни қағаз бұлттарды өздерінің көңіл-күйлеріне сәкестендіріп бояуды ұсынады:

Сары түс - көтеріңкі, көңілді, яғни күн сәулесіне сай;

Жасыл түс – жайлы, сабырлы көңіл-күй, яғни жасыл жайлау секілді;

Қызыл түс – ашулы, яғни от сияқты;

Көк түс - көңілсіз,суық, яғни мұз сияқты.

Shape1











Тәрбиеші балалардың бояған бұлттарын алып тақтадағы үлкен бұлтқа жабыстырады.

  • Бұл біздің «Көңіл-күй бұлтымыз», біз осы бұлтпен кең байтақ елімізді, туған өлкемізді шарлап, тамашалап келейік. Келісесіңдер ме? Балалар келіседі. Бұлтқа мініп ұшу имитациясы.

Бейнежазба «Менің Отаным».

  • Интерактивті тақтада еліміздің сұлу көрікті қалалары мен жайлаулары, көлдері мен ормандары, шауып келе жатқан жылқылар, ұшып келе жатқан қыран құстар және т.б. сұлу көріністер көрсетіледі.

Тәрбиеші балалармен еліміздің сұлулығын әңгімелеп, Отан туралы тақпақтары мен мақал-мәтелдерді айтқызады.

Жағдаят: Топқа табиғат қорғаушысы (скаут) кіреді. Балалармен амандасып, елін, жерін қастерлейтін, аялап көркейтетін болашақ ұрпақ екенін айта кетіп, ойын ойнауды ұсынады.

  1. Ойын «Табиғат түстері»

Мақсаты: түстердің табиғатпен байланысын нығайту, ұсақ қол моторикасын дамыту, логикалық ойлауын арттыру.

Шарты: балаларға карточкалар (саусақ ұштарында жасыл жапырақ, қызыл қызғалдақ, сары күн, көк бұлт, ақ мақта бейнеленген) мен конструктор майда бөліктері (саусаққа кигізілетін) беріледі. Балалар суреттегідей ретімен саусаққа конструктор бөліктерін кигізеді, яғни табиғат түсіне сәйкес.













Рисунок 13 Рисунок 14






















Ойын «Жыл мезгілдерінің шатасқан табиғат құбылыстары»

Мақсаты: жыл мезгілдері мен ондағы табиғат құбылыстары туралы білімдерін бекіту, өз ойларын айта білу дағдыларын, тіл байлықтарын, дұрыс сөйлеу дағдыларын дамыта түсу.

Шарты: балаларды төрт топқа бөлу, табиғат құбылыстар бейнеленген сүреттерді сұрыптап бөлу, әңгімелеу.

Тәрбиеші балаларды мақтап, елімізде таулар мен жазықтар туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу.

  1. Ойын «Таулар мен жазықтар»

Мақсаты: балаларды сергіту, жалпы моторикасын, бірқалыпты қозғалыстың графикалық көрінісін орнату.

Шарты: имитациялау, графикалық сызықтармен жүру:

  • Тау қандай? - биік (қолдарын жоғары көтеріп, максималды созылу);

  • Жайлау қандай? – тегіс (жерге жатып аяқ-қолдарын жазу, жерді сипау).

  • Олай болса, таулар мен жазықтарды қол ұстасып жүріп өтейік.



  • Жарайсындар, балалар! Сендер еліміздің болашақ қорғаушылары, кең байтақ жерімізді көркейтіп аялайтын патриоттарсындар. Ол үшін сендер өте білімді болуға тиіссіңдер. Табиғат құбылыстарын, жыл мезгілдерін, өлі және тірі табиғат туралы бәрін біледі екенсіндер. Олай болса, сендердің математикалық білімдерінді де тексергім келіп тұр. Өйткені, тек білімді адам ғана елімізге көптен-көп пайдасын тигізе алады.

  1. Ойын «Тура санап құрастыр»

Мақсаты: цифраларды білу, тура және кері санау, бөліктерді жинау, зейіндері мен ойлау қабілеттерін арттыру.

Шарты: берілген 1-10 дейін сандар жазылған таяқшаларды жинап құрастыру, нәтижесінде шыққан жануарды атау, оның үй немесе жабайы екенін айту.


  1. Ойын «Өрмекші торын сал»

Мақсаты: цифраларды білу, зейіндері мен ойлау қабілеттерін арттыру, қаламды дұрыс ұстап қолдана білу.

Шарты: берілген карточкадағы сандарды торда қосып шығу.




Балаларды мақтап, табиғатты аялап, қоқыстан тазартып тұру керектігін түсіндіріп, тағы бір ойын ұсыну.

  1. Ойын-эстафета «Мен туған жерімді аялаймын!»

Мақсаты: Ойлау қабілеттерін, зейіндерін арттыру, туған еліне қамқорлықпен қарауға, табиғатты ластамауға тәрбиелеу.

Шарты: эстафеталық жарыс арқылы қоқыстарды жинау, карточкадағы реттілікпен туған елінің көрікті жерлерін сәйкес қойып шығу (суреттегі түстер орнында Қазақстанның көрікі жерлері бейнеленген: Бәйтерек, Ханшатыр, Алматы Медеу мұз айдыны, Тараз қаласындағы Ж.Жабаевтың ескерткіші, т.с.с.).







Қорытындылау: Табиғат қорғаушысы балаларды мақтап, педагогтарға осындай ел болашағын тәрбиелеп өсіріп отырғанына ризашылығын білдіріп, жемістерді сыйға тартады. Педагог пен балалар табиғат қорғаушысымен қоштасып, өзара бүгінгі күннен алған әсерлерімен бөлісіп, бұлттарды бояйды (түспен көңіл-күйлерін көрсетеді). Кішкентай бұлттарды үлкен бұлтқа жабыстырып, балабақшаға бұлтпен ұшып қайтады.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.12.2023
125
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі