Туған өлке табиғаты

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Туған өлке табиғаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала туған жердің табиғатына, табиғат ерекшелігін суреттей отырып табиғатты аялай білуге тәрбиелейді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Туған өлке табиғаты

Әркімнің өз жері- Мысыр шаhары

Қазақстанның қай бұрышын алсақ та табиғаты бай, көрікті аймақтары көз тартады. Мен әрқашан өз елімнің аспанмен астасқан тауларын, сарқыраған өзені мен көлдерін, кең мидай жазық алқаптарын, қазынаға толы жер қойнауын мақтан тұтамын. Осындай көрікті елі мен қазыналы жерінде дүниеге келіп, балалық бал дәурен шағымды өткеру мен үшін шын бақыт. «Әркімнің өз жері- Мысыр шаhары» деп халық даналығында айтылғандай өз жерімнің қасиетті топырағынан нәр алып, өмір атты теңізде шалқып ғұмыр кешу бақыты пешенемізге жазылған екен.

Менің туған жерім Абай облысы, Үржар ауданы, қасиетті Қарақол ауылы. Қарақол ауылы Жетісу жеріне жақын орналасқан. Ауылымыздың «Қарақол» деп аталуының өзіндік тарихы бар. Жоңғар шапқыншылығы кезінде қалың қол осы өзеннің жағасына келіп тоқтап, мөлдір суына шомылып, шіліңгір ыстықта салқындап демалған екен. Қалың қол жауынгерлерлері осы өзеннің салқын суына, маңайындағы майса шөптері мен көк шалғында жатып демалып, тамсанып өзенге рахаттана шомылып жатқан екен. Содан бастап Қарақол аталып кетіпті-мыс. Өзен Тарбағатайдың Ақшәулі тауынан бастау алатын ұзындығы 186 шақырымға созылған екен. Қарақол өзені Қарақол ауылының ортасын қақ жарып ағып барып, балығы таудай тулаған Сасықкөл көліне құйылады. Ал Қарақол өзені Қарақол ауылына дейін бидай өсіретін Таскескен, дәмі тіл үйіретін қарбызы бар Шолпан ауылдарын сумен қамтамасыз етіп, ауылымыздың ортасын қақ жара ағып, балық шаруашылығымен шұғылданып отырған Сағат ауылына да өз септігін тигізеді. Сондықтан ауыл тұрғындары берекелі өзен іретінде Қарақол өзенінің экологиясына баса назар аударады. Қарақол өзенінің жағасы жазда көк майса шөпке оранса, қыста суы қатып, балалардың шаңғы, шана тебетін айдынына айналады. Өзеннің қызығы жаз айларында басталады. Ауылымыз жазық жерде орналасқандықтан жазда шіліңгір ыстық болады. Суы мөп-мөлдір, жып-жылы болатындықтан ауыл тұрғындары кешқұрым осындай ыстықтан қорғанып, өзенннің суына рахаттана түсіп қайтады. Аулымыздың табиғаты жаз айларында жап-жасыл көк майса шөптен көйлек киіп, қызылды-жасылды гүлдерден десте таққан сұлу қыз іспетті бейнеге айналса, ал қыста аппақ мамық қалың қардан шапан киіп, аязда бетін үсік шалған қартқа айналады. Яғни жыл мезгілінің барлық кезеңіндегі табиғатқа жергілікті халық төзімділік танытып, қандай ауа райы болса да дағдыланып, бойлары үйреніп кеткен. Жаз айларындағы ауылымыздың көрінісі ерекше. Кешқұрым сылқым Қарақол өзенінің сылдырлаған мөлдір суына шомылған балалардың шуылы, өрістен азан-қазан болып қайтқан малдардың соңынан ерген қошқыл шаң, дамылсыз ұшып жүретін шыбыны мен шіркейі, тынымсыз жазғы ауыл тіршілігін көріктендіре түседі. Ауылымыз осындай ерекше бейнесімен көңіліміздің көрікті, әрдайым кеудемізге шырайлы ыстық тұрады. Сонымен қатар туған ауылымның тарихи жерлерінің болуы да кеудеме мақтаныш сезімін оятады. Атап айтқанда ауылымыздың сыртында орналасқан Бекбосын бидің шошақ болып соғылған мазары да қол бұлғап тұрған бойжеткен сынды әсер береді . Ұлы Абаймен сөз жарыстырып сынға түскен , Абай Құнанбайұлының өзі «Бекбосын шешен»деп ат берген, небары 35 жыл ғұмыр кешкен Бекбосын биді қазақ халқы әрқашан қадір тұтатын әділ, шешен тарихи тұлға. Қарақолдан шығып, қазақ еліне атағы мәлім болған Бекбосын Домбайұлы 1848-1883 жылдар шамасында құйрықты жұлдыздай қысқа ғұмыр кешкен екен. Алайда табиғаттың сыртқы ауа райының әсерінен мазардың сыртқы бейнесі жөндеуді қажет етіп тұр. Бір қызығы осы Бекбосын бидің мазарының маңайына жазда шыбын-шіркей көп жоламайды. Маңайында жер астынан шығып тұрған бұлақ суын, құдық ретінде қоршап қойған. Ол суды ішіп көрсеңіз сап-салқын, әрі қыста қатпайды. Осыған қарап-ақ қасиетті жер екенін дәлелдеп тұрғандай. Сондықтан да мен өзімнің туып-өскен жерімді Мысыр шаhарына теңеуімнің дәлелі осы.

Әрбір адам өз туған өлкесінің табиғатын қорғап, адамзат алдында оның құндылығын дәріптей алса онда Қазақстанның басты байлығы табиғаты күннен-күнге өркендеп, гүлдене түсері хақ. Біз туған өлкеміздің суының тұнық болуына , тауларының еңкеймей биік болуына әрқашанда жауаптымыз. Әй, адамзат, ендеше ата-бабаларымыздың аманат етіп кеткен туған жерімізді қолдайық, соңғы деміміз қалғанша қорғайық!

Абай облысы, Үржар ауданы, Қарақол ауылы

«Қарақол орта мектеп-бақшасы»КММ-нің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Дусарова Айман Доскеновна





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.03.2025
180
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі