Материалдар / Туған өлкем
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Туған өлкем

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ: Туған өлкем
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Желтоқсан 2020
395
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Менің сүйікті Көкшетауым!
Сабақтың мақсаты:Туған өлкеге,қалаға деген сүйіспеншілігін арттыру.
Көшелер,ескерткіштер,мемлекеттік мекемелер 
туралы әңгімелесу. Қоршаған ортада мінез-құлық 

Әдіс-тәсілдер: Әңгіме,сұрақ-жауап,ойын, тақпақтар.
Сабақ барысы: Алдын-ала жұмыс: Қаланың көрікті көшелерін,ескерткіштерін көрсетіп таныстыру. Сұрақ-жауап арқылы кіріспе әңгіме.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны ойналады.
Барлығымыз тұрып Әнұранды айтамыз. 
Балалар, біз қандай Республикада тұрамыз?
Қазақстан Республикасында тұрамыз.
Астанамыз қай қала?
Астана қаласы.
Ал, біз қай қалада тұрамыз?
Көкшетау қаласында тұрамыз.
Тәрбиеші Көкшетау қаласы туралы әңгімелейді.
Балалар, қаланың атауы Көкшетау тауына байланысты қойылған. Көк тау деген сөзден шыққан. Ерте заманнан бері Көкшетау жері туралы көптеген аңыздар және өлеңдер шығарылған. Осы өңірден талай атақты ұлы тарихи тұлғалар шыққан. Мысалға, Ақан сері, Біржан сал, Абылайхан, Кенесары, Қабанбай,Бөгенбай батырлар, Батыр Баян және т.б. көптеген дүрілдеген есімдерді еске түсіруге болады. Бұл жерлердің тарихында елімізде,жерімізде болып өткен қым-қиғаш оқиғалар барлық кезеңдік сәттерді басынан кешірді. Ұлы Отан соғысы жылдарында Көкшетауға әскери госпитальдар, қорғаныс өнімдерін шығаратын зауод,фабрикалар қоныстады. Бәрі Майдан үшін!.,Жеңіс үшін! деген қағидамен өмір сүрді.
Батырлардың атымен көшелер аталды, мұражай мен мемориалдық кешендер ашылды. Тың игеру жылдарында мәдениет,денсаулық сақтау, білім берудің негізгі нышандары мен әуежай,теміржол және автовокзалдар ашылды. Жаңа мөлтек аудандар пайда болды. 
1999 жылы 8 сәуірде қала астаналық Ақмола облысының орталығы болды. Осы жылдардан кейін көптеген өзгерістер болып, әртүрлі жүйелер жедел қарқынмен дамып келеді. Қаланы және қоршаған әсем табиғатты, жарқын да келелі келешек күтіп тұр! 
Суретпен жұмыс: Қаланың мекемелері,көшелері оқуорындары,
демалыс саябақтар жөнінде әңгімелейді.
Балалар, сендер орталық алаңға бардыңдар ма?
Онда кімдерге арнап ескерткіштер қойылған?
Демалыс саябағында нелер бар?
Біздің қаламызда бұдан басқа бірнеше мектептер, мәдени орындар,оқу орындары және балабақшалар бар.
Қане, кім айтады Еркемай балабақшасы қай жерде, қай көшеде орналасқан?
Сендер өздерің тұратын көшелеріңді білесіңдер ме?
Кім өзінің тұрақты мекен жайын толық айтып бере алады?
Ал енді шаршаған болсақ, Сергіту сәтін жасайық:
Тербеледі ағаштар, 
Алдынан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар,
Үп-үлкен боп өседі.
Балалар,сендер балабақшадан кеткен соң, мектепке барасыңдар, мектепті бітіріп,жоғары оқу орнына түсесіңдер, оны аяқтаған соң біреуің мұғалім,біреуің дәрігер, құрлысшы т.б. мамандық иесі болып, осы біздің қаламызды көркейтуге еңбек етіп, үлес қосасыңдар.
Ойын: Туған қалаға саяхат
О/м: Туған қала,онда қандай мамандық иелері тұратындығы, көлік түрлері, ондағы мәдени орындар жөнінде балалардың білімдерін бекіту.
О/ш: Белгі бойынша суреттерді табу.
О/б: Жүргізуші 4 бағыттағы суреттерді таратып береді: 
1-де қала тұрғындары;
2-де адамдар еңбегі;( құрлысшы, почтальон,жүргізуші) 
3-де көлік түрлері (автобус,машина);
4-де мекемелер мен мәдени орындар;
Белгі бойынша суреттердің мазмұнын әңгімелеу толық әңгімелеу керек.Әр топтың балалары сурет бойынша жүргізушінің сұрақтарына толық жауап беруі тиіс. Толық жауап берген топ жеңіске жетеді.
Суреттерді ауыстыру арқылы қайталап ойнауға болады.
Ал, енді балалар, кім Көкшетау туралы тақпақ біледі?
1 бала: Жаса,жаса Көкшетауым,
Жасыл желек бауларым.
Жақсы көріп аялашы,
Қоныстанған бар қауым!
2 бала: Арайланшы,Көкшетауым, 
Асқақтасын жыр-әнің.
Сенемін мен қасиетіңе,
Болашақтыі жақ шамын!
3 бала: Көрсем-ау деп Көкшені
Талай адам көкседі.
Көрген кезде Көкшені
Қуаныштың жоқ шегі!
4 бала: Қуаныштың шоқ шегі
Көргендерге әрдайым.
Сұлулығы Көкшенің
Қақтыратын таңдайды.

Қорытынды: Белсенді қатысқан балалардың аттарын атап өтіп, барлық балаларға алқа тағып тәрбиеші сабақты аяқтайды.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!