Материалдар / Туған өлкем-жұмақ мекен Балқашым
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Туған өлкем-жұмақ мекен Балқашым

Материал туралы қысқаша түсінік
Балқаш қаласының тарихына тоқталып,Киелі өлкемізден шыққан шайырлардың өмір баяндарымен таныстыру.Суы шипа жері жұмақ Көкше теңіз Қарт Балқашымыздың қойнауындағы кен қазынасы жайлы толық мағлұмат беру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Қаңтар 2019
879
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақрыбы:Туған өлкем,жұмақ мекен –Балқашым.Мақсаты:Балқаш кентінің тарихы, құрылысы, оның бас өндіріс орны тау-кен іргетасының қалануы үрдісі жайлы, сондай-ақ табиғи ерекшеліктері, байлығы жөнінде және 80 жыл көлемінде қаланың өсіп даму барысы жайлы оқушыларға жалпы түсінік беру; Тәрбиелілігі: Оқушылардың еліне, Отанына деген суйіспеншілік сезімін арттыру, ұлттар арасындағы достық сезімдердің қалыптасуына, елдің бір тұтастығын сақтап қалу үшін күресе білуге тәрбиелеу. Жабдықталуы: Тақырыпқа сай слайдтар, видео ролик т.б.Сәлеметсіңдерме балалар?Көңіл күйлерің қалай?Жақсы ендеше тақтаға назар аударыңдаршы.Ненің бейнесін көріп тұрсыңдар?Балалар кеменің бейнесін көріп тұрғандарын жеткізеді.Жақсы ендеше осы кемемен саяхатқа шығып қайтайық.Қане бәріміз көзімізді жұмамыз.(экранда кеменің көлдің үстінде келе жатқан дауысы,шағалар шиқылы,көлдің толқыны естіледі).Ал балалар қане көзімізді ашайық біз қайда кеп тоқтадық екен көрейік.Экранда не деп жазылып тұр.Экранда Туған өлкем,жұмақ мекен Балхашым.Ендеше бүгінгі сабағымыз осы құтты қоныс Жұмақ мекенге айналған қарт Балхаш қаласына арнамақпыз..Өз туған жеріміз жайлы не білетіндіктеріңді аздаған сұрақтар арқылы байқап көрейік.1.Қаламызда қандай мерей той өтті? *Балқаш қаласы 80жылдығын атап өтті.2.Біздің мектебімізге қатысты қандай айтулы күнді білеміз?*Қаламыздағы мыс зауытының ашылуына үлес қосқан М.П.Русаков атамыз 125 жасқа толды.Оны қала көлемінде атап өттік.3.Қаламыздағы мәдениет сарайы кімнің атымен аталады?*Дәулескер күйші атамыз Мағауия Хамзин атында.4.Балқаш қаласының туған жылы,айы,күні?*Балқаш қаласының туған жылы қай,күні 1937жылы,11сәуірде ашылды.5.Қаламыздың қандай ескерткіштер ашылды?*75жылдыққа Қараменде би бабамызға ескерткіш көшесінің бойында бой көтерді.6.Балқаш көліне қандай өзендер құяды?*Іле,Қаратал,Лепсі. 7.Балқаш көлінің ең басты ерекшелігі: уының түрлі минерализациясында, егер оның батыс бөлігі тұзщы су болса, шығыс бөлігі тұщы сулы8.Балқаштың алғашқы қара мысы қай жылы алынды? *1938 жылы 24 қарашада9. Балқаш қаласындағы «Ағыбай Батыр» ескерткіші қай жерде орналасқан?Тәуелсіздік алаңында.10. Бектауата – Сарыарқаның оңтүстігіндегі тау. Балқаш қаласынан қанша км.шақырымда орналасқан? 60 км 11.Инженер, геолог М.Русаковтың басшылығымен Балқаш өңірін игеру қай жылы басталды? 1928 жылыжерлестерінің атақ пен ерлікке толы өмірін ұрпақ санасында жаңғыртып отыру біздер үшін қасиетті парыз.Қаламыз жайлы шағын видео роликке назар аударайық (Видео Таңшолпан)Жақсы балалар ал осы қаламыз жайлы ертеден келеи жатқан көптеген аңыз әңгімелер бар соларға тоқталып өтсек. Ерте-ерте ертеде Балқаш көлі жағасында қарама-қарсы қалалар болды. Керемет қалалардың бірі – "Бал" деп аталды, екіншісінің атауы – Қаш еді. Екі қала тұрғындары да дәстүрлі қолөнермен айналысты. Сүңгуіш халық көлдегі бақалшықтардан інжу, меруерт алып, жағаға шығатын еді.Күндердің күнінде құрлықта тұз таусылып қалды, тұз жетіспеушілігінен қарапайым халық жапа шекті. Сонда Қаш қаласының жұрты көл суынан тұз сүзіп алатын арнайы елек ойлап тапты. Күні-түні тұз сүзумен айналысып, інжу тастар теруге уақыт та қалмады.Қала көркейіп, байыды. Бірақ, бір қиыны, көлдегі тұз тез таусылып, су тұщы болып қалды. Қаш қаласының тұрғындары Бал қаласы одан да бай, көрікті қалаға айналғанын байқады. Оның құпиясы мынада: меруерт тасын алатын қабыршақтар тек тұзды суда болады, Қаш қаласы жағындағы су тұщы болып кеткендіктен бағалы тастар көлдің келесі жағына жылжып кеткен екен.Бал қаласының халқы Қаш тұрғындары немен айналысып жүргенін білді де, тұз таусылып қалар деп қорықты, тұз таусылса інжу тастар да болмайды. Сол себепті олар көрші қаламен келісіп, көлді екіге бөліп алды.Уақыт өте келе көлдің Қаш қаласына тиесілі бөлігі мүлдем тұщы болып қалды, тұз таусылды. Адамдар бұл қаладан үдере көшті. Көпшілігі Бал қаласына қоныс аударды. Ол жақта суды елеп-екшеуге, тұз алуға болмайды. Көшіп барған халық та меруерт іздеуге мәжбүр болды. Бал үлкен қала еді, Қаш қаласының тұрғындары да келіп қоныстанғасын, одан сайын үлкейе түсті. Қаладағы барлық адам меруерт, інжу жинаумен айналысты.Тұрғындары көшіп, тастап кеткен Қаш қаласы қазір жоқ. Қамалдары қирап, жел ұшырып кетті. Ал Балқаш көлі сол қалпы жартысы ащы, жартысы тұщы болып қалады.**Және екінші аңызда Балқаш қаласының атауы Балқия деген байдың қызымен байланысты болыпты.Ал ол туралы деректі мына таспадан қарап көз жүгіртейік.(Осы кезде видео көрсетіледі).Енді осы жәннәт мекеніміз жайлы жазған әңгіме,жаттаған өлең жырларың бар болса ортаға салыңдаршы.Қане кім айтады?Арнұр мен Балғын айтады.Рахмет балалар отыра қойыңдар. 1934 жылы Балқаш мыс зауыты жобасы, 1935 жылы қаланың жобасы бекітілді. Шартарапты жаңғыртып Қоңырат кеніші ашылғаны жергілікті қазақтарға қуаныш сыйлағанымен, оның түпкі мақсаты әлі орындалмап еді. Балқаш көлінің жағасындағы екі алаңға уақытша салынған тәжірибе зауытында жас инженерлер 1800 рет тәжірибе жасап, 1935 жылы 19 наурызда Қоңырат кенінен қара мысты тұңғыш рет бөліп алды. Бұл тарихи жаңалық Балқаш құрылысын күрт жандандырып, қаланың іргесінің тез көтерілуіне тікелей ықпал етті.1938жылы М.ПРусаков бастаған ғалымдар алғаш кен орнын ашу жайлы шешім қабылдады.Балқаш көлі демалыс пен саяхат үшін бірегей орын. Мұнда жыл сайын еліміздің әр түкпірінен мыңдаған адам келіп демалады. Өңір – әрі жылы, әрі күн сәулесі көп түсетін табиғаты жағынан Қазақстандағы тартымды жерлердің бірі. Шөлді болып келетін қуаң дала көл табанынан нәр алады. Бұл аймақ өзінің әсем көрінісімен, ерекше өсімдіктер және жануарлар дүниесімен белгілі. ХХ ғасырдың 50-жылдарына дейін бұл жерді жолбарыс та мекендеген. Балқаштың ақбалығы мен оның алабұғасы халықаралық Қызыл кітапқа енгізілген. Оңтүстік Балқаш жағасындағы қамыс тоғай арасын, өзен жағалауларын жыл сайын мыңдаған құс мекендейді. Солардың арасында мемлекет қорғайтын жиырмадан астам түрі бар. Бұл жерде қабан, құндыз, киіктер көптеп саналады. Осылай бір кездері қазақ ауылдары ғана қоныстанған Балқаш бүгінде адам танымастай өзгерді. «Ойында балығы, қырында киігі»ойнаған үлкен шаһарға айналды.Ал балалар сабағымыздың соңында Балқаш қаласының көрікті жерлеріне саяхат жасап қайтайық слайдқа назар аударыңыздар.Қортынды:Бүгінгі сабағымыздан не түсіндіңдер.Біздің қаламызда қандай кен орны бар екен?Ол қандай металдар өндіреді?Қаламыз неше жылдық мерей тойын атап өтті?Сонымен бүгінгі сабағымыз аяқталды.Туған жерімізді аялап құрметтеп жүрейік.Сау болыңыздар
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!