Туған өлкем. Өтебай Тұрманжанов . (әдебиеттік оқу пәнінен ашық сабақ)

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Туған өлкем. Өтебай Тұрманжанов . (әдебиеттік оқу пәнінен ашық сабақ)

Материал туралы қысқаша түсінік
Туған өлкем. Өтебай Тұрманжанов Мақсаты: 1. Өтебай Тұрманжанов туралы мағлұмат беру. Оның «Туған өлкем» өлеңін түсініп, мәнерлеп оқуға үйрете отырып, ұлттық құндылық туралы түсінікті кеңейту. 2. Оқушылардың сыни тұрғысынан ойлау мен жазу дағдысын дамыту. 3. Оқушылардың Отанға, туған өлкеге деген сүйіспеншілігін арттыру, туған жерді сүюге тәрбиелеу. Сабақ типі: Жаңа білімді меңгерту Сабақ түрі: кіріктірілген сабақ (әдебиеттік оқу – өзін - өзі тану ) Көрнекілік: «Қазақстан» туралы слайд, сөзжұмбақ «Туған өлкем», Бақыт ағашы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні:Әдебиеттік оқу 
Тақырыбы: Туған өлкем. Өтебай Тұрманжанов 
Мақсаты: 1. Өтебай Тұрманжанов туралы мағлұмат беру. Оның «Туған өлкем» өлеңін түсініп, мәнерлеп оқуға үйрете отырып, ұлттық құндылық туралы түсінікті кеңейту. 
2. Оқушылардың сыни тұрғысынан ойлау мен жазу дағдысын дамыту. 
3. Оқушылардың Отанға, туған өлкеге деген сүйіспеншілігін арттыру, туған жерді сүюге тәрбиелеу. 
Сабақ типі: Жаңа білімді меңгерту 
Сабақ түрі: кіріктірілген сабақ (әдебиеттік оқу өзін - өзі тану ) 
Көрнекілік: «Қазақстан» туралы слайд, сөзжұмбақ «Туған өлкем», Бақыт ағашы

Сабақтың барысы: 
Ұйымдастыру

Қызығушылығын ояту.

Армысың шапағатты күніміз,

Армысың мейірімді жеріміз.

Армысың ағайлар мен апайлар,

Алдыңызда өзіңіздің балаңыз.


Үй жұмысын тексеру:

«Туған тілім» өлеңін мәнерлеп айту.

«Тоқта,кадр»ойыны


Сөзжұмбақты шеш. Туған өлкем. 
1. Рәміз. (Ту) 
2. Киелі құс. (Аққу) 
3. Сені оқытып, білім берген кім? (Мұғалім) 
4. Мейірімді жан. (Ана) 
5. Жылдың үшінші айы ( Наурыз) 
6. Ең терең қандай көл( Тереңкөл) 
7. Алып жануар. (Піл) 
8. Аласың білім неден? (кітап) 
9. Киелі сан. (Жеті) 
10. Бұрынғы Астана.( Алматы) 


Жаңа сабақпен таныстыру: «Туған өлкем»

Сабақтың мақсаты: Өтебай Тұрманжановтың өлеңін түсініп, мәнерлеп оқу, ұлттық құндылық туралы түсінікті кеңейту.

Автордың өмірбаяны:

Өтебай Тұрманжанов 15желтоқсанда 1905жылы Бөген ауданында Жалғызағаш ауылында өмірге келген.Балалар жазушысы.Ал 1978жылы Алматыда қайтыс болған.

Оқулықпен жұмыс. Туған өлкем. 
Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқы.



Сергіту сәті 

1. Өлеңдегі ақын сезіміне сай келетін сөздерді ата. 
- Қуаныш 
- мақтаныш 
- өкініш 
- шаттық 
2. Ақын туған жердің күні, гүлі туралы не дейді? 
3. Алтын дәнді дала, ақ күмістей қала дегенді қалай түсіндің? 
4 Туған өлке тағы несімен көрікті? 
5. Туған жерді көркейту үшін сен қандай үлес қосасың? 
6. Тізбектей оқыту. 

Көрініс
(Аяғын ақырын басып Ата шығады. Орындыққа келіп, демалып отырады. Осы кезде жүгіріп немересі шығады).
Немересі: Ата, не ойлап отырсыз?
Атасы: Ә, балам, атаң не ойламайды дейсін! Сенің болашағынды ойлаймын. Еліміздің болашағы жайлы, өткен өмір жайлы ойлаймын, қуанамын!
Немересі: Ата, «өткен өмір» деген не?
Атасы: Ә, балам, «өткен өмір» деген сонау ежелгі бабаларымыздан бергі өткен өмір жолы, тарихы емес пе?
Немересі: Ол қандай болған?
Атасы:
Ендеше тыңда, балам, атаң бір сөйлесін:
Болмаса да оқыған тарихшы атын,
Жинадым ескілерден тарих хатын.
Мақсатым – кейінгі ұрпақ ұмытпаса,
Айтылған аталардың аманатын.
Есімі еш адамның өшпейді екен,
Артында ұрпақ жүрсе өздерінде,
Ұмыттырмас «Жеті атасын» парыз екен,
Бұрыңғылар ұрпақтың қамын жеген.
«Білмеген жеті атасын жетесіз» деп,
Өткендерін қалай да білесін деген.
Сондықтан, балам, сен де өз тарихынды, жеті атанды білуге тиіссің. Сонау ерте кезде біздің ата - бабаларымыз 29 қазақ руының басын қосып, халық болып қалыптасуының негізгі болғаннан басталмай ма бұл тарих?

Немересі: Ата, туған жер деген не?

Атасы: Балам туған жер деген сенің туған өлкең, ойнап өскен ауылың, кіндік қаның тамған жер. Сен туған жеріңді аялап, көз қарашығындай сақтауың керек.

Немересі: Ата, мен түсіндім, мен туған жерімді жақсы көремін, Қазақстанымды ешкімге бермеймін, оны қорғайтын азамат болып ер жетем.

Атасы: Жарайсың, балам. 

Атамекен аясы – адамның жан саясы.

Халық даналығы.

Атамекеннің тамаша табиғаты, кең даласы, толқыған теңізі, жасыл орманы, ұшқан құстары, жүгірген аңдары қашан да ата – бабаңа деген сағынышыңды басады.
«Атамекен аясы – адамның жан саясы» деген осы. Осындай жаның сая табатын мекеннің табиғатын аялау керек.


1- оқушы:

Қасиетті Қазақстаным, мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім, Жерім, Отаным, бақ-дәулетім,
Болашағым, өнер - білім, өркенім.


2-оқушы:

Қазақстан деп аталады Отаным,

Мен отанын сүйетұғын ботамын.

Әрбір адам еңбек ету арқылы,

Көркейтеді, құрметтейді Отанын.


Мақал-мәтелдерді талдау. 

Отансыз адам - ормансыз бұлбұл.  

Отан үшін еңбек етсең 
халқыңның сүйген ұлы боласың.

Отаны бірдің жүрегі бір, 
Жүрегі бірдің тілегі бір. 

Отанын сүйген отқа жанбайды, суға батпайды.

Шығармашылық жұмыс. 
Ақын сөздерін пайдаланып, туған өлкең туралы өлең құрастыр. 
Неткен сұлу, неткен көркем, 
Осы менің туған өлкем. 
...................................... 
....................................... 

Ойын: Адасқан сөздер. Сызықтарды дұрыс жүргізіп, адасқан сөздерді орнына қойып оқы. 
Абай Мұхтар 
Әуезов Қартқожа 
Жүсіпбек Ғылым таппай мақтанба 
Ахмет Ыбырай 
Кел, балалар оқылық! Мағжан 
Жүмабаев Байтұрсынұлы 
Жамбыл Жансүгіров 
Күн шыққанда Жабаев 

Ойын: Бақыт ағашы. 
Мақсаты: Отанға деген өз тілегіңді арнау. 
Шарты: Жапыраққа өз тілегіңді жазып, ағашқа орналастыру. 
Бекіту. Ой толғаныс. 
- Өлең қалай аталады? 
- Өлеңді кім жазған? 
Үйге тапсырма. «Туған өлкем» өлеңін жаттау. 
Бағалау. 

2 Аманқарағай орта мектебі



















Тақырыбы: Туған өлкем. Өтебай Тұрманжанов 

.

(әдебиеттік оқу пәнінен ашық сабақ)

















Сынып жетекшісі:Рахметова Г.К.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.06.2018
1635
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі