«Туған өлкемнің тарландары» атты концерт сценарийі. Ақтөбе

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Туған өлкемнің тарландары» атты концерт сценарийі. Ақтөбе

Материал туралы қысқаша түсінік
«Туған өлкемнің тарландары» атты концерт сценарийі
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Туған өлкемнің тарландары» атты концерт сценарийі

Қазақ биі . А.Жұбанов «Би күйі»

1 -жүргізуші.

Армысыздар, құрметті жиылған көпшіл қауым, қадірлі қонақтар! «Туған өлкемнің тарландары» атты әдеби-сазды кешке қош келдіңіздер!

Алғашқы құттықтау сөзді гимназия директоры Тойшыманова Маржанкул Кенешбайқызына береміз.

2-жүргізуші:

«Туған жердің қадірін туғалы түзге шықпаған елдегі адам қайдан білсін?» – деп Ж.Аймауытов айтқандай, мен осы уақытқа дейін туған өлкемнен алыс кетіп, сағыныш сезімін басымнан кешіріп көрмеппін. Бірақ туған жеріме деген мақтаныш сезімім ерекше. Сол сезімнің жетегіне ере отырып, ұлттық-рухани тамырымызға нәр берген туған өлкем Ақтөбеден шыққан тарландар туралы азын-аулақ сыр шертелік.

1-ж: Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс.



2-ж: Дұрыс айтасың. Бүгінгі өткізілгелі отырған шарамыз да осыған арналмақ. Тарихымызда ойып тұрып орын алатын батырлар да, би-шешен, ақын-жазушылар, қоғам қайраткерлері, өнер иелерінен Ақтөбе өңірі кенде емес.Қызыл тілге ерік беріп, халқының қамын ойлаған ақын-жазушы, тіл мамандарын атап айтар болсақ, Мөңке би Тілеуұлы , Былшық би  (Құтаяқ Сейітұлы), Нұрпейіс Байғанин,Құдайберген Жұбанов, Ізтай Мәмбетов, Сағи Жиенбаев, Тобық Жармағамбетов, Тахауи Ахтанов, Қуандық Шаңғытбаев, Есенбай Дүйсенбай, Үмбетбай Уайдин, Қажығали Мұханбетқалиұлы, Бибігүл Иманғазина, Ертай Ашықбаев, Мейірхан Ақдәулетұлы, Бауыржан Бабажанұлы ...

1-ж: Бұл тізімді тізбектесек, шегіне жете алмаспыз. Одан да азды -көпті ел қамын жеген, ұлты үшін барын аямаған аға-апаларымыздың мұраларын көпке дәріптегеніміз абзалырақ болар.

2-ж: Әрине, алдымен сөз кезегін ақындардың шығармашылығына береміз.

Авторы аталып, өлеңдер оқылады. (Әдеби монтаж) 5-класс оқушылары

1-Ж:

Жүре бермей бір кеппен,

Өмір заңын үйреткен,

2-Ж:

Іс тындырып, түрлі еппен,
Кейінгіге үлгі еткен

Бірге: Тұлғаларға мың алғыс!

1-жүргізуші:

Ерлік еткен біз үшін,
Еңбек еткен біз үшін.
2-жүргізуші:

Еркелеткен біздерді,
Еркіндеткен біздерді.
Бірге: Тұлғаларға мың алғыс!

1-Ж: жерлестеріміздің мақтанышы, қызыл сөздің майын қалқып ішкен шешен бабамыз Мөңке бидің айтқанынан алар тәліміміз ұшан теңіз. Көріпкелдігімен ел-жұртты аузына қаратқан дана бабамыздың заман келбетіне қарап айтқан болжамын назарларыңызға ұсынамыз. /10-класс/.


2-Ж: Мөңке бидің болжамы шындыққа жанасымды болса да, кемшілігімізді түзеп, бойымызды тіктейік. Бабалар сақтандырған сара жолды ұстанып, бәріміз жақсылыққа құштар жан болайық . Жақсылыққа жаны құмар жастардың ішінен өз өнерін ортаға салмақ жас өнерпазды ортаға шақырамыз.

1-Ж. Өнердің айдынында самғаған,

Музыкалық дәстүрді ол жалғаған,

... өнеріне барша жұрт,

Ықылас пен құрметін арнаған. Жерлес композитор Бәкір Тәжібаевтың «Ақбұлақ» әні.

1-ж. 2ж, «Қаһарлы күндер», «Боран» романдарының авторы ,драма саласында шоқтығы биік шығармалар жазған қаламгерді білесің бе?

:Әрине, қаламыздың ортасындағы зәулім мәдениет орталығының бірі -облыстық драма театр сол драматург-жазушының есімімен аталады емес пе? Тахауи Ахтанов атындағы көшелер де жазушы есімін асқақтатып тұр. Мектеп бағдарламасында да жерлесіміздің шығармасы оқытылады. Тахауи Ахтанов есімі тек Ақтөбе халқына ғана емес барша елімізге танымал. Ендеше, «Күй аңызы» әңгімесінен көрініс тамашалаңыздар. 10-кластар.

ӘН: Н.Байғанин термесі

. Алдарыңызда -класс оқушысы халық ақыны Нұпейіс Байғаниннің ... термесін орындады.

. Әсем әнмен бойымызды бір сергітіп алдық. Ендігі кезекті бүгінгі күннің шығармашылығын дамытып жүрген Қазақстанның Мәдениет қайраткері Нұрлыбек Хайруллаұлы Жұбатқанның «Көжектің көжесі» қойылымына берейік.

1Ж: Қазақ музыкасының саласында өзіндік қолтаңбасын қалдырған Ахмет Жұбановтың «Ақ көгершін» әнін қабыл алыңыздар.

Хор. А.Жұбанов «Ақ көгершін»

2Ж: «Туған өлкемнің тарландары» атты өңірлік тұғаларды дәріптеуге арналған концерттік бағдарламамыз өз мәресіне жетті. Келесі кездескеше аман болыңыздар!





































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.04.2024
267
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі