400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Туған тілім тірлігімнің айғағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мемлекеттік тіл қазақ тілі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Туған тілім- тірлігімнің айғағы

Тіл мемлекетіміздің тірегі ұлттық болмысымыз. Ана тіліміз - қазақ тілі еліміздің іргетасы десекте аздық етпес. Қазақ елінің болашағы тілімізбен салт- дәстүріміз,ұлттық болмысымыз қашанда бірінші орында болу керектігін ұмытпағанымыз абзал. Тіліміздің тазалығы, шұбарламай өз тіліміз қазақ тілінде сөйлеу, елімізде өмір сүріп жатқан әр аз азамат пен азаматшаның борышы деп ойлаймын. Туған тілім- тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы,

Өссе тілім менде бірге өсемін,

Өшсе тілім, менде бірге өшемін!- деп, ақын Ә. Тәжібаев ағамыз жырлағандай тіл қашанда қадірлі , қастерлі болмақ. Сондықтан әр адам өз ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға , орынсыз шұбарлануына жол бермеуі тиіс. Тәуелсіздік алғаннан бері тіл саясатыда қолға алынды. Ана тілін білу- ана тілін сақтаудың қажетті шарты. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті , Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев « Қазақстандықтардың басын біріктіруші фактор-қазақ тілі, сондықтан мемлекеттік тілдің мәртебесін баршамыз бірігіп көтеруіміз керек» деген болатын. Мемлекет басшысы Қасым –Жомарт Тоқаевта Қазақстан халқына арналған жолдауында « Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезең келді деп есептеймін. Бірақ мұндай дәрежеге жету үшін бәріміз даңғаза жасамай, жұмыла жұмыс жүргізуіміз керек» деп, қазақ тіліне қатысты өз ойымен бөліскені мәлім.

Туған тілі қазақ тілі болсада өзге тілде сөйлеп, өз тілінде сөйлей алмайтын қаракөздеріміз, қандастарымыз аз емес. Өзге тілді қиналмастан үйреніп алуға құштар, өзінің туған тіліне көз жұма қарайтындарда баршылық. Туған тілдің абыройын асқақтату- әрбір адамзаттың борышы. Осы тұста Елбасының « Қазақ пен қазақ қазақша сөйлессін»,-деген сөздері назарға алынса ғой.

Ұлттың ұлт болуы үшін бірінші шарт- ана тілінің болуы. Тәуелсіз ел болып қалу үшін ана тіліміздің болашағы басты парыз санаған абзал. Тәуелсіз Қазақстанның болашағы-қазақ жастарында, келер ұрпақта. Ана тілімізде сөйлеп, ұлттық болмысымызды сақтайық.



Қарағанды қаласы

№34 жалпы білім беретін мектептің

қазақ тілі мен қазақ әдебиеті

пәнінің мұғалімі

Кусенова Жанерке Сагинтаевна

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
9 ақпан
334
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі