Материалдар / Тығыздық, Дұрыс және дұрыс емес денелердің пішімдерін өзгерту.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тығыздық, Дұрыс және дұрыс емес денелердің пішімдерін өзгерту.

Материал туралы қысқаша түсінік
сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Маусым 2018
436
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Тығыздық

Мектеп: НЗМ ХБН Павлодар қ.

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Каримова Н.Б.

Сынып: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы

Дұрыс және дұрыс емес пішінді денелердіӊ көлемін өлшеу.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.2.2.6- әртүрлі пішіндегі қатты дененің немесе сұйықтың көлемін өлшеу үшін өлшеуіш цилиндрді (мензурка) қолдану.


Сабақ мақсаттары

Дұрыс және дұрыс емес пішіндегі қатты дененің көлемін анықтау әдісін сипаттай алады.

Жетістік критерийлері

Түсіну: Ығыстырылған су көлемінің дене көлеміне тең екендігін түсінеді;

Қолдану: Мензуркаларды қолданып әр түрлі пішіндегі денелердің көлемін анқытайды;

Анализ: Дұрыс пішіндегі денелердің көлемін өлшеудің әдісін талдай алады. Әр түрлі пішіндегі және дұрыс пішіндегі денелердің көлемдерін өлшеу тәсілдерін салыстырады және тәжірибе жасайды.

Синтез: Дұрыс емес пішіндегі денелердің көлемін өлшеудің әдісін ойластырады және жоспарлай алады.

Тілдік мақсаттар


Пәнге тән лексика мен терминология: масса, көлем, тығыздық, эталон, киллограм метр кубына, грамм сантиметр кубына, зат;

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Масса дегеніміз …

Көлем….. көрсетеді.

Тығыздық…. физикалық шама

Арнайы пәндік лексика мен терминология: Егер дене дұрыс болса, дене көлемін анықтау үшін ............................................... болады.

Егер дене дұрыс емес болса, дене көлемін анықтау үшін ............................................... болады.

Қазақша

Орысша

Ағылшынша

Масса

масса

Mass

Көлем

Объем

Volume

Таразы

Весы

Scale

өлшеуіш ыдыс

Мензурка

Measuring cylinder


Құндылықтарды дарыту



  • Мұғалім мен оқушының арасында және оқушылардың бір-бірімен сабақ бойы ынтымақтастықта болуы;

  • Мұғалім оқушыларды және оқушылар бірін-бірі әділ, әрі ашық бағалайды, бағалауларын негіздейді, кері байланыс береді;

  • Эксперименттік тапсырмаларды оқушылар өздігінен орындайды;

  • Оқушылар өз ойларын еркін айтады;

  • Оқушыларды ізденімпаздық қасиетке баулау;

  • Сабақ мақсаттарын айқындайды және түсінеді;

  • Оқушылар бірін-бірі тыңдайды, сөздерін бөлмейді.

  • Оқушылар бір-біріне өзара көмек және қолдау көрсетеді.

Пәнаралық байланыстар

Геометрия: көлемді анықтау;

Химия: денелердің әр түрлі заттардан тұруы;

АКТ қолдану дағдылары

https://www.youtube.com/watch?v=UlAutNU4yNY сайтты қолдану

Бастапқы білім



Жаратылыстану пәнінен дене және зат ұғымдарын әрі қарай физикалық мағынасын аша алады, және білімдерін қолдана алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

0-3 мин

Ұйымдастыру сәті: оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру.


Сабақтың ортасы

3-5 мин














5-20 мин































20-22 мин




















22-37 мин














37-42 мин


Қызығушылықты ояту:

Проблемалық сұрақ арқылы сабақ тақырыбына ену:

Геометриялық фигураларға назар аударып, олардың айырмашылы неде?

Көлем (volume) - зат немесе денемен кеңістіктегі алатын орнының сандық сипаттамасы.


Мұғалім сабақ мақсаттарын, жетістік крийтерийлерін оқушылармен бірге жетелейтін сұрақтар қоя отырып айқындайды.

-Оқушылар қалай ойлайсыздар бүгінгі сабақтың мақсаты қандай?

-Бұл мақсатқа жету үшін қандай жетіскік критерийлерін өз алдына қоярсыздар?

Оқушылар өзінің жауаптарын айтады, кейін тақтада айқындап көрсетеді.


Оқушыларға келесі сұрақтар қою арқылы мағынаны ашу:

- Көлемді анықтаудың қандай жолдары бар деп ойлайсыздар?

- Дене әртүрлі заттардан жасалған. Осы денелердің көлемі жайлы не айта аласындар?


  • ЭКСПЕРИМЕНТТІК ТАПСЫРМА: Дұрыс пішінді денелердің көлемін анықтау. Оқушыларға темірден, ағаштан және аллюминийден жасалған тік төртбұрышты білеушелер таратылады, оқушылар оның көлемін өлшеуіш лента (сызғыш) арқылы өлшейді.



Келесі проблемалық сұрақ арқылы дұрыс емес пішінді дененің көлемін анықтауға итермелеу: Архимедке мына тапсырманы шешуге көмектесіңдер. Ол үшін сіздерге өлшеуіш цилиндр керек болады. «Патшаның тәжін зергер таза алтыннан жасады ма, әлде алтын мен күмістің қоспасынан жасады ма?

Дұрыс емес пішінді дененің көлемін Vдене = V2 – V1 формуласымен есептеу керектігін түсіндіріңіз.

ЭКСПЕРИМЕНТТІК ТАПСЫРМА: Дұрыс емес пішінді денелердің көлемін анықтау

Оқушыларға қауіпсіздік ережесін айтып өту;

Оқушылар зертханалық жұмыстың мақсаты мен құрал-жабдықтарымен танысады;

Оқушылар зертханалық жұмыс бойынша өлшеулерді орындайды.

Оқушылар есептеулерді орындап, кестені толтырады.

Оқушылар зертханалық жұмыс бойынша сұрақтарға жауап беред. Оқушылар қорытынды жазады.


Оқушылар қалыптастырушы бағалау жұмысын орындайды. Кейін алдын ала дайындаған мұғалімнің жауаптарымен салыстырып өзін-өзі бағалайды.

Презентация















темірден, ағаштан және аллюминийден жасалған тік төртбұрышты білеушелер



Презентация


















Презентация


















Дұрыс емес пішінді денелер, мензурка.


Үлестірмелі қағаз

https://www.youtube.com/watch?v=UlAutNU4yNY


Сабақтың соңы



42-45 мин

Оқушылар бір парақша қағазға бүгін сабақта

  1. Мен білдім

  2. Мен есіме түсірдім

  3. Мен білмедім

  4. Мен түсінбедім

Пункттері бойынша өз ойларын жазады.

Үй жұмысы: 9 жаттығу, оқулық.











Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы



Оқушылар жеке дифференциалданған жаттығуларды орындау, тәжірибе жасау кезінде көмек көрсетіледі.

Жеке жұмыс жаттығулары

Зертханалық жұмыс

Физика сабақтарында қауіпсіздік техникасы

Сабақ бойынша рефлексия

Барлық оқушылар:

Оқушы дененің өлшемдерін, көлемін анықтау үшін құрал-жабдықтарды қолдана алады

Көпшілігі орындай алады: Оқушы эксперимент бойынша мәліметтер жинағын дұрыс іске асыра алады.

Оқушы қорытынды кестені дұрыс толтырады

Оқушы дұрыс пішінді дененің тығыздығын анықтау әдісін дұрыс сипаттайды.

Оқушы дұрыс емес пішінді дененің тығыздығын анықтау әдісін дұрыс сипаттайды.

Кейбір оқушылар: анализ және синтезді бойынша берілген тапсырманы өздігінен дұрыстап, бағалай алады. Күрделі есептеулерді еркін орындайды.

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаттары шынайы, қол жетімді, өлшеулі. Балық оқушылар сабақ мақсатына жетті. Сабақтағы дифференциация дұрыс ойластырылған, уақыт кезендері ұсталынды. Сабақ жоспарынын ауытқулар болған жоқ. Алайда кейбір оқушылар берілген ақпаратты жылдам менгереді және қолдана алады, ал кейбір оқушыларға уақыт қажет.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Оқушылардын көпшілігі эксперименттік тапсырмасын орындай алды.

2: Бекіту, барлық оқушылар тапсырмаларын орындап сабақ мақсатына жетті

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында, белсенді оқыту әдістерін қолдануды көздеу.

2: Жоғары деңгейдегі ойлау қабеліттерін қалыптастыру мақсатында, тапсырмалар санын арттыру.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Тапсырмаларды баяу орындаған бір оқушыға көніл бөлу, онымен жеке қосымша сабақтарда жұмыс жасау.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!