Материалдар / Тығыздық масса
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тығыздық масса

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімге қажет сабақ жоспар жаңартылған бағдарлама бойынша
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Желтоқсан 2018
752
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Физика пәнінен сабақ жоспарының үлгісі (ҚМЖ)

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Тығыздық Мектеп: Новопавлов ЖОББМ

Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Саламатов Қ.Т

Сынып: 7-сынып Қатысқаны: 20 Қатыспағаны: 0

Сабақтың тақырыбы

Денелердің өзара әрекеттесуі. Масса және денелердің массасын өлшеу

Осы сабақта қолжеткізетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.2.2.11 электронды, серіппелі, иінді таразылардың көмегімен дененің массасын өлшеу.

Сабақтың мақсаты


Оқушылардың бәрі: өзара әрекеттесу құбылысын, масса ұғымын, өлшем бірлігін, формуласын біледі, таразы түрлерін атай алады.

Оқушылардың көпшілігі: формуланы пайдалана отырып, есептер шығарады.

Кейбір оқушылар: өзара әрекеттесу құбылысын өмірмен байланыстыра отырып тұжырымдайды.

Бағалау критерийі

-өзара әрекеттесу құбылысын, инерттілік ұғымын түсінеді;

-масса ұғымын, өлшем бірлігін біледі;

-таразы түрлерін атай алады;

- денелердің өзара әрекеттесуі кезінде алатын жылдамдықтары әрекеттесетін денелердің массаларына тәуелділігін біледі;

-формуланы пайдалана отырып, есептер шығарады.

-таразы түрлерімен дененің массасын өлшей алады.

Тілдік мақсаттар

Өзара әрекеттесу, инерттілік, масса анықтамасын ауызша және жазбаша тұжырымдайды, денелердің өзара әрекеттесуі кезінде алатын жылдамдықтары әрекеттесетін денелердің массаларына тәуелділігінің формуласын жаза алады, таразы түрлерін айтады.

Лексика мен терминология

Өзара әрекеттесу, инерттілік, масса, электронды, серіппелі, иінді таразылар,

Диалогтік

Мен былай ойлаймын ....

Менің көзқарасым бойынша .....

Мен білемін, ...

Меніңше масса бұл ...

Масса .... тәуелді.

Масса ..... өлшенеді. (өлшем бірліктері)

Сіз келісесіз бе?

Құндылықтарға баулу

Құндылықтарға баулу Жалпыға бірдей Еңбек қоғамы арқылы іске асады

Пәнаралық байланыс

Математика

Тақырып бойынша алдыңғы білім

жылдамдық, масса, таразы.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері


Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы

(3 минут)



Оқушылармен амандасу. Психологиялық дайындық.

Физикалық шамалардың атаулары «Жылдамдық», «Жол», «Уакыт», «Масса» арқылы топқа бөлу.


Физикалық шамалардың атаулары «Жылдамдық», «Жол», «Уакыт», «Масса» жазылған топшама

Сабақтың ортасы

(10 минут)

W = обучение всего класса

G = групповая работа

I = индивидуальная работа

E = учебный эксперимент

D = демонстрация учителем

f = поддержка формирующей оценки

= советы по технике безопасности












(15 минут)



































































(15 минут)

«Ой қозғау» әдісі (f) (W+G))

- Оқушылардан өздері алдыңғы сабақтардан білетін масса және жылдамдық ұғымдары туралы сұралады, талқыланады.

- Электронды оқулықтан өз ойларын тәжірибені көру арқылы дамыта алады.

- Суреттер бойынша өз ойларын айтады жəне оның себебін түсіндіреді.

  • Қайық –Адам (екі дене өз жылдамдықтарын өзгертеді),

  • Бала мен ересек адамның өзара әрекеттесуі. Неге олардың жылдамдықтары әртүрлі?

Тақырыппен, сабақ мақсатымен және күтілетін нәтижемен таныстыру.


Жаңа тақырыпты «Пирамида» әдісі арқылы меңгереді, постер қорғайды.

Денелердің бір-біріне әрекет етуі өзара әрекеттесу болып табылады. Мысалдар:


Егер дене басқа денемен әрекеттесуі кезінде жылдамдығын азырақ өзгертетін болса, онда бұл денені инерттілеу деп атайды. Әр түрлі денелердің инерттілігін салыстыру үшін масса деп аталатын физикалық шама пайдаланылады. Дененің инерттілігін сипаттайтын физикалық шама масса деп аталады. Масса дененің инерттілігінің өлшемі болып табылады. Масса скалярлық шама болып табылады, оны m әрпiмен белгiлейдi.

Тәжірибе:

Рисунок 1

Жоғарыдағы тәжiрибелерден мынадай қорытынды туындайды: екi дененiң массаларының қатынасы олардың өзара әрекеттесуi кезiнде алған жылдамдықтарының модульдерiнiң қатынасына керi пропорционал болады, яғни

Бiрлiктердiң халықаралық жүйесiнде (SI) масса бiрлiгiне килограмм (кг) алынған.Бұл – платина мен иридийдiң қорытпасынан құйылып жасалғанцилиндр түрiндегi эталондық гiрдiң массасы. Килограмның халықаралық үлгiсi Париж қаласының жанындағы Севр қаласындағы эталондар мұражайында сақтаулы Тұрмыста дененiң массасыноның басқа дене­лермен әрекеттесуi арқылы емес, таразыға тартып өлшеу арқылы анықтаған қолайлы (сурет 3.9).

Дененi таразыға тартып өлшеу теңестiру принципiне негiзделген. Әртүрлi гiрлер жиынтығын пайдалана отырып, таразыны тепе-теңдiк қалпына келтiруге болады.

Таразының тепе-теңдiк жағдайында дененiң массасы гiрлердiң массасына тең болады. Мас­саны өлшеу үшiн килограмның мыңдықжәне миллиондық үлесi – грамм және миллиграмм, сондай-ақ массасы үлкен дененi өлшеу үшiн цент­нер (ц), тонна (т) бірліктері пайдаланылады.

1 ц = 100 кг = 102 кг.

1 т = 1000 кг = 103 кг.

1 г = 0,001 кг = 10-3 кг.

1 мг = 0,000001 кг = 10-6 кг.

Таразылардың көптеген түрi бар. Желдiң сәл лебiн сезетiн таразылардан бастап, темiржол вагонын өлшеуге арналған таразылар болады. Олардың iшiнде өздерiңе таныс мектептегі иінді таразылар (сурет 3.9, а) және азық-түлік дүкендерінде пайдаланатын электрондық таразылар да (сурет 3.9, ә) бар. Әртүрлі иінді таразылардың жұмыс істеу принциптері 37-параграфта сипатталған

ҚБ. Топтар бірін бірі «Басбармақ» арқылы бағалайды


Оқушылардың эмоционалдық аймағын арттыру мақсатында «Қызыл өрік» сергіту сәтін ұйымдастыру.

Сараланған тапсырмалар: деңгейлік тапсырмалар.

Жұптық жұмыс. «Көршіңмен кеңес» әдісі

А деңгейі

1 Массалардың төменде берілген мәндерін килограмм арқылы өрнектеңдер: шыбынның қанаты 0,00005г; теннис добы 2,5г; футбол добы 400г; автомобиль 1,45т.

В деңгейі

2 Роликті коньки киген екі бала бір-бірінен кері итеріліп, қарама-қарсы жаққа қарай сәйкес 3 және 4 м/с жылдамдықпен сырғанап кетті. Екінші баланың массасы неге тең?

Дескриптор: Оқушы

- есептің берілгенін жаза алады;

- ХБЖ-не айналдыра алады;

- күш моментінің формуласын біледі;

- моменттер ережесінің формуласын біледі;

- формуланы түрлендіре алады:

- математикалық есептеулер жүргізеді;

- есептің жауабын жазады.

С деңгейі

Тапсырма 1 (Практикалық тапсырма)

Берілген жүктің массасын суретте көрсетілген таразылардың көмегімен анықтаңыз. Алынған мәндерді салыстырып, қорытынды жасаңыз: қай таразы көмегімен алынған мән дәлірек болды? Неліктен?

Дескриптор

- дененің массасын электронды, серіппелі, иінді таразыларды қолданып өлшейді;

- таразылардың өлшеуі қателігін анықтайды;

- алынған мәндерді салыстырып, қорытынды жасайды.


ҚБ. Топтар бірін бірі «Смайликтер» арқылы бағалайды.


Қабілетті оқушыларға қосымша тапсырма.

А4 парақтарының бір бумасының ішіндегі бір парақтың массасын анықтау әдісін ұсыныңыз.

Дескриптор

- Бір парақтың массасын анықтау әдісін ұсынады.

ҚБ. Ауызша ынталадыру.





Физика 7-сыныпқа арналған электронды оқулық



Суреттер















Оқулық

Р.Башарұлы

Алматы «Атамұра» баспасы, 2017


http://www.bilimland.kz/kk/content/lesson/11064-denening_massasy_zat_tyhyzdyhy






















































бейнеролик





Деңгейлік тапсырмалар жазылған үлестірме топшамалар















Таразылар, жүк.












Электронды таразы

Сабақ соңы

(3 минут)










Рефлексия

Оқу дағдыларының деңгейі: білу, түсіну, қолдану, талдау

Бағалау критерийлері: Оқушы

-өзара әрекеттесу құбылысын, инерттілік ұғымын түсінеді;

-масса ұғымын, өлшем бірлігін біледі;

-таразы түрлерін атай алады;

- денелердің өзара әрекеттесуі кезінде алатын жылдамдықтары әрекеттесетін денелердің массаларына тәуелділігін біледі;

-формуланы пайдалана отырып, есептер шығарады.

-таразы түрлерімен дененің массасын өлшей алады.


«Табыс баспалдағы» әдісі арқылы сабақты қорытындылаймыз. Тақтадағы «Табыс баспалдағына» стикерлерге жазып жапсырады.

Жасай

аламын ...




Білемін….



Түсінемін…..


















стикерлер


Саралау – Сіз қандай тəсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасын сақтау

Оқушылар тақырыпты жетік меңгеру үшін тілдік мақсаттың, лексика және терминология, диалогтік тармақтарын қолданамын.

Сабақта «Ой қозғау», «Пирамида», «Көршіңмен кеңес» белсенді оқу әдістерін қолданамын.

Саралау тәсілдерінің ішінен: тапсырма (деңгейлік тапсырмалар), қарқын (қабілетті оқушыларға қосымша тапсырмалар), диалог және қолдау көрсету (көмекті қажет ететін оқушыларға қолдау көрсетемін, ынталандыру жұмысын жүргіземін) тәсілдерін қолданамын.

Оқушыларды ынталандыру және қалыптастырушы бағалауға жетелеу деңгейлік тапсырмалар беремін, «Смайликтер», «Басбармақ», ауызша мадақтау әдістерін қоданамын. «Табыс баспалдағы» әдісі арқылы сабақты қорытындылаймын.

Бейнеролик арқылы «Қызыл өрік» ойсергіту сәтін өткіземін.

Физикалық құралдармен жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік сақтау ережелерін сақтауын, партада дұрыс отыруын қадағалап отырамын.

Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?


Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.

2.

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!