Тыңдалым дағдысында қолданылатын әдістер
Қазақ тілінің жаңа оқыту әдістері арқылы біз білім деңгейі, ой өрісі дамыған, тіл арқылы өз ойын еркін жеткізе алатын, туындаған мәселелерді шеше білетін, шынайы өмірге бейім жаңашыл ұрпақ тәрбиелейміз. Оқушылар оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым дағдыларын қалыптастыра отырып, еркін қарым-қатынас жасауға, сын тұрғысынан көзқарасын білдіруге, өз ойын жеткізіп, шешім қабылдауға дағдыланады. Қазақ тілінде берілген кез келген ақпараттарды тиімді қолдана отырып, өзіне қажетті мәліметті ала алады. Әрбір оқыту әдісі белгілі бір мақсатқа жетудің құралы болып табылады.Тілді кіріктірілген бағдарлама арқылы оқытудың негізгі мақсаты – сөйлеу әрекетінің түрлерін ( айтылым, жазылым, тыңдалым, оқылым ) меңгерте білу.
Тыңдалым дағдысы бойынша негізгі ойды түсіну, ақпаратты анықтау, түсінгенін практикада қолдана білу бағаланады; Осылардың ішінде басқа дағдыларды қалыптастырудың негізгі алғышарты – тыңдалым әрекеті болып табылады. Өйткені күнделікті өмірде оқушы көптеген ақпаратты сағат сайын естіп, көріп тыңдайды. Бірақ кез келген ақпаратты тыңдау арқылы түсіну сөйлеу әрекетін қалыптастырады. Егер оқушы өзіне керек мәліметті тыңдау арқылы тауып үйренсе, ол басқа үш дағдыны (айтылым,жазылым,оқылым), яғни айтылып жатқан мәліметті түсінеді; өз пікірін білдіре алады және басқалармен қарым-қатынас жасай алады; тақырыпқа қатысты деректі түсініп оқиды; көтерілген мәселеге өз көзқарасын жазбаша жеткізе алады. Ал тыңдалым дағдысы дегеніміз не? «Тыңдалым – «аудирование» деген терминнің білдіретін мағынасы – «есту арқылы түсіну». Бұл айтылған не техникалық ақпараттарға жазылған аудио мәтіндегі сөздерді, сөйлемдерді тыңдай білудің нәтижесінде қабылдау және түсіну деген ұғым».
Тыңдалымның мақсаты оқушыны: Аудиожазбаның мазмұнын түсінуге, белгілі бір ақпаратты қабылдауға, мәтін детальдарын түсінуге, айтылған ойды толық түсінуге, сөйлеушінің сөзін еш қиындықсыз ұғынуға, ауызекі, анық құрылмаған сөйлеу тілін өзге адамдардың көмегінсіз түсінуге, бұқаралық ақпарат құралдары мен телерадио бағдарламаларды еркін, түсініп қабылдауға таныс және бейтаныс тақырыптағы сөйлесімнің негізгі ойын түсінуге, т.б. үйрету.
Тыңдалым дағдысын қалыптастыруға бағытталған әдіс – тәсілдер қолдандым. Атап айтар болсам:
1. «Айқайлап диктант
оқу»: әдісі. сынып оқушылары екі топқа
бөлінеді. Бірінші топ оқушыларды мәтінді айқайлап оқиды. Екінші топ
оқушылары бір ғана оқушыны тыңдап, диктант жазуға тырысады. Осы
арқылы оқушылар ерікті зейінді қалыптастырады әрі өмірге
бейімделеді. Оқушылар аудиоматериалды екі рет мұқият тыңдайды
(ол сюжетті мәтін,өлең,публицистикалық ақпарат болуы
мүмкін).Тыңдалымнан өздеріне таныс емес сөздерді жазып алады,сөздік
арқылы аударады. Аудионы тағы екі рет тыңдап, жазбаның мазмұнын
толық түсінуге тырысады. Сыныппен ой бөліседі. Осы әдісті жүйелі
қолдану – оқушылардың тыңдау арқылы түсіну дағдысын
қалыптастырады.
2. «Синонимдерді тап»
әдісі. оқушыларға сөздер
ұсынылады.Олар тыңдалған мәтіннен осы сөздердің синонимдерін тауып,
жауап парағына белгілеуі керек. Осы арқылы оқушылардың тыңдау
әрекеті мен сөздік қоры дамиды.
-
Аяқталмаған сөйлем
Оқушыларға тақырыпқа қатысты мәтін оқимын. Оқушылар топпен не жеке (жұппен) бірлесе мәтінді өз ойларымен аяқтайды. Мұны әр түрлі тақырыпта сергіту сәті ретінде де алуға болады Мысалы:
«Баяғыда сөз табы деген қарияның зат есім деген ұлы болыпты. Ол ортасына беделді, жаны жайсаң адам екен. Егер елінде екі адам бір – бірімен келіспей қалып жатса Зат есімге барып шешуін табады екен.....» ары қарай оқушы аяқтаы керек.
-
Тізбектелген ереже
Бір оқушы тақырып бойынша бір тұжырым айтады. Екінші оқушы оның айтқанын қайталап, өзінің тұжырымын айтады. Үшінші оқушы алдыңғы екі оқушының айтқанын қайталап, өзінің тұжырымын айтады. Сөйтіп жалғаса береді. Кезегінде айта алмаған оқушы шығып кетеді.Шығып кеткен оқушы тақырып туралы түсінбеген дегенді білдіреді.
-
Жасырын сөз.
Оқушылар тақырып бойынша сөз жасырады. Оны сипаттайды, сол сипаттама арқылы басқа оқушылар жасырынған сөзді табады. Сипаттауда айтатын сөздерге шектеу қою арқылы немесе қимыл арқылы көрсетуді ұсынуға болады. Мысалы жасырылған сөзді 3 сөз арқылы сипатта деген сияқты.
-
Дөңгелек стол
Оқушылар екі топқа бөлінеді. Топ оқушысының бірі жаңа тақырыпты қатыстыра отырып 1 сөйлем айтады. Екіншісі оның айтқан ойын әрі қарай жалғастырып, екінші сөйлемді айтады. Соңында мәтін шығады. Екінші топ мәтін не туралы екенін айтып береді және мәтінге тақырып қояды, сөйлем ішінен жаңа тақырыпқа байланысты сөздерді табады. Барлық айталған тапсырмаға бір ғана оқушы жауап бермейді. Топ мүшелерінің барлығы қатысады.
-
«Кір жаятын жіп»
Өтілген тақырып бойынша мәтін оқимын. Мәтін ішінен керекті сөзді тауып кір жаятын жіпке ілу керек. Соңында кім қанша сөз ілгенін тексеремін. Бұл әдістің мақсаты оқушының тыңдау дағдысын қалыптастыру және есте сақтау қабілетін қалыптастыру.
-
Мен не естідім?
Бір оқушыға мәтін оқытамын. Оқушылар тыңдаған мәтін ішінен сөз табының қай түрі көп кездескенін табу керек. Және екі тақырыптың ұқсастығы мен айырмашылығын табу керек.
-
Тыңдайтын үшбұрыштар
Оқушылар үш адамнан тұратын топта бірлесіп жұмыс істейді:
СПИКЕР мұғалімнің нұсқаулығы бойынша тақырыпты түсіндіреді (немесе проблема туралы өз ойымен бөліседі).
ИНТЕРВЬЮЕР мұқият тыңдайды және егжей-тегжейін анықтау үшін сұрақтар қояды.
ХАТШЫ үдерісті бақылайды және «спикерге» де, «интервьюерге» де кері байланыс береді.
-
Ақпараттағы ақаулық
Өткен тақырыпқа байланысты ақпарат оқылады. Оқушылар қате ақпаратты тауып стикерге жазады және А4 орматына жапыстырады. Әр оқушыға жеке – жеке формат таратылады.
-
«Есте сақтайық» әдісі
Оқушылар екі топқа бөлінеді. «Бастаймыз» деген кезде, топтың бір қатысушысы сурет тұрған үстелдің үстіне жақын келеді де өзіне берілген суреттен көп ақпаратты есте сақтауға тырысады. Сол сурет бойынша тақырыпқа байланысты топпен бірігіп отырып әңгіме құрастырады. Бұл ойнынға 7 минут уақыт беріледі.
Ереже:
1. Командадан бір адам ғана өз орнын бір рет тастап шыға алады.
2. Сіз үстел басында болғанда ештеңе жаза алмайсыз.
3. Үстел басында тұрып, өз командаңызға ақпаратты дауыстап айта алмайсыз.
12. «Төрт сөйлем» әдісін. Тыңдаған материалдан қажетті ақпаратты іріктеп алуға дағдыландыру мақсатында қолданады.
1. Пікір. Тыңдаған мәтін бойынша өзіндік пікірін бір сөйлеммен жазады.
2. Дәлел. Өз пікірін бір сөйлеммен дәлелдейді.
3. Мысал. Пікірін өмірмен байланыстырып, мысал келтіреді
4. Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды шығарады.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тыңдалым дағдысында пайдаланатын әдістер

шағым қалдыра аласыз