Тыңдаушылардың өзіндік жұмысы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тыңдаушылардың өзіндік жұмысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Тыңдаушылардың өзіндік жұмысы Мақсаты: «Мейірімді жүрек» волонтерлік қозғалысының мектепішілік жобасын әзірлеу. Тапсырмалар: - мектепішілік волонтерлік қызметті ұйымдастыру мен басқарудың жалпы критерийлерін әзірлеу; - мектепішілік волонтерлік қызметтің негізгі бағыттарын анықтау; Күтілетін нәтижелер: - Волонтерлік қозғалысының алгоритмін құрастыра алады; - «Мейірімді жүрек» еріктілер қозғалысына мектепішілік жобаны құрастыра алады. "Мейірімді жүрек" волонтерлік қозғалысы жобасын әзірлеу Жобаның критерийлері: 1. Жалпы ережелер 2. Мектептің волонтерлер қозғалысының мақсаттары мен міндеттері 3. Волонтерлер қозғалысының қызмет бағыттары 4. Волонтерлер қозғалысының қызметін басқару және ұйымдастыру құрылымы 5. Волонтерлер қозғалысы мүшелерінің құқықтары мен міндеттері 6 Волонтерлер қозғалысының қаржылық қызметі 7. Волонтерлік қызметке қатысу себептері 8. Волонтерлердің өсиеттері; 9. Волонтерлер ережесі; 10. Волонтерлерліктің артықшылықтары және т.б.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тыңдаушылардың өзіндік жұмысы


Мақсаты: «Мейірімді жүрек» волонтерлік қозғалысының мектепішілік жобасын әзірлеу.

Тапсырмалар:

- мектепішілік волонтерлік қызметті ұйымдастыру мен басқарудың жалпы критерийлерін әзірлеу;

- мектепішілік волонтерлік қызметтің негізгі бағыттарын анықтау;

Күтілетін нәтижелер:

- Волонтерлік қозғалысының алгоритмін құрастыра алады;

- «Мейірімді жүрек» еріктілер қозғалысына мектепішілік жобаны құрастыра алады.



"Мейірімді жүрек" волонтерлік қозғалысы жобасын әзірлеу

Жобаның критерийлері:

1. Жалпы ережелер

2. Мектептің волонтерлер қозғалысының мақсаттары мен міндеттері

3. Волонтерлер қозғалысының қызмет бағыттары

4. Волонтерлер қозғалысының қызметін басқару және ұйымдастыру құрылымы

5. Волонтерлер қозғалысы мүшелерінің құқықтары мен міндеттері

6 Волонтерлер қозғалысының қаржылық қызметі

7. Волонтерлік қызметке қатысу себептері

8. Волонтерлердің өсиеттері;

9. Волонтерлер ережесі;

10. Волонтерлерліктің артықшылықтары және т.б.


«Мейірімді жүрек» волонтерлік қозғалысы


Волонтерлік – қызметтердің кең ауқымдылығы, ішіне өзара көмектің дәстүрлі пішіндерін және өзіне деген көмектің арттыруы болып келеді.


  • Волонтер – волонтерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға;

  • Волонтерлер тобы – осы Заңда белгіленген нормалар қолданылатын, волонтерлік қызметті бірлесіп жүзеге асыру мақсатында құрылған жеке тұлғалардың тіркелмеген ерікті қоғамдастығы;

  • Волонтерлік бағдарлама (жоба) – волонтерлік ұйым және (немесе) волонтерлер және (немесе) волонтерлер тобы орындайтын іс-шаралар мен күтілетін нәтижелер көрсетіле отырып, әлеуметтік бағыттағы, қоғамдық пайдалы міндеттерді шешуге бағытталған жүйелі шаралар кешені;

  • Волонтерлік қызмет - өтеусіз негізде жүзеге асырылатын, әлеуметтік бағыттағы ерікті, ерік қалауымен орындалатын қоғамдық пайдалы қызмет;



Волонтерлік қызметтегі жалпы ережелер


1.Волонтерлік ұйым – Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылған және волонтерлік қызметті жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым.


2.Волонтерлік қозғалыстың миссиясы – ерікті жастар ортасын қалыптастырып, физикалық және адамгершілік сауықтыруға үлес қосу.

3.Мектептегі волонтерлік топтары - білім алушылардың қайырымдылық, рухани, адамгершілік құндылықтарын дамытатын еріктілер тобы.

4. Еріктілер жасағы еріктілер қозғалысының идеяларын жүзеге асыруға өз келісімдерін береді, ерікті түрде қатыса алады.

Мақсаты мен міндеттері


Волонтерлік қызметтің мақсаттары:


  • жеке және заңды тұлғаларға көмек көрсету, азаматтардың денсаулығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау және сақтау, дене шынықтыруды және спортты дамыту, сондай-ақ қоғамдық игіліктерді қамтамасыз етуге бағытталған басқа да мақсаттар;

  • қоғамда азаматтық ұстанымды, өзін-өзі ұйымдастыруды, әлеуметтік жауапкершілік, ынтымақ, өзара көмек және мейірімділік сезімін қалыптастыру болып табылады.

     

Волонтерлік қызметтің міндеттеріне:


  • қоғамға әлеуметтік міндеттерді шешуге көмектесу;

  • волонтерлік қызметті ұйымдастыруға бағытталған азаматтық бастамаларды дамыту және қолдау;

  • халықтың әртүрлі нысаналы топтарымен және санаттарымен өзара іс-қимыл жасауда волонтерлік қызметтің рөлін арттыру жөніндегі шараларды әзірлеу және іске асыру;

  • волонтерлерге консультация беруді, ақпарат беруді және әдістемелік сүйемелдеуді ұйымдастыру және жүргізу;

  • волонтерлер топтарын - волонтерлік бағдарламаларды (жобаларды) және волонтерлік акцияларды орындаушыларды жасақтау;

  • волонтерлік қызметке оқытуды ұйымдастыру жатады.



Волонтерлер қозғалысының қызмет бағыттары:



Мақсаты: Рухани адамгершелік тәрбие бағытының басымдылығын айқындайтын қайырымдылық акцияларына, шараларға ерікті жастарды тарту, қайырымдылқ ізгі істерге баулу.


«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы

Мақсаты: Азаматтық патриоттық тәрбиеге бағытталған шараларды іске асыру, сондай-ақ мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағыттында еріктілерді тарту.


«Көмек» еріктілер жасағы


Мақсаты: адамдарға, қоғамға жақсылық жасауға көмектесу. Акцияларды жүргізуге, қамқорлық көрсетуге, мүгідек-балаларға және қарт адамдарға көмек көрсетуге талап көрсету.



Волонтерлер қозғалысының қызметін басқару және ұйымдастыру құрылымы


Еріктілер жасағына қабылдау: еріктілер жасағының мүшесі оқу бағдарламасында үлгерімі жақсы, өз еркімен жасақ құрамында жұмыс жасауға тілек білдірген оқушылар бола алады.


Еріктілер жасағының құрылымы:

Еріктілер жасағын жасақ басшысы мен оқушылардан тұратын Мектеп Кеңесі басқарады. Кеңес жалпы балалар ұжымына арналған іс-шараларды жоспарлап, олардың жүзеге асуын қадағалайды.


Волонтерлер қозғалысы мүшелерінің құқықтары мен міндеттері


Волонтерлер құқылы:

- ерікті түрде еріктілер қозғалысына кіру

- ерікті түрде волонтерлік топ құрамынан шығу

- өз қызметін өз бетінше жоспарлау және бастамашылық көрсету, жеке пікірін еркін білдіру

- егер ол ҚР заңнамасына қайшы келмесе, өз қызметін талпыныстарға, қабілеттері мен қажеттіліктеріне қарай жүзеге асыру

- топта Волонтерлік қызметті жүзеге асырудың нысандары мен әдістерін талқылау кезінде ұсыныстар енгізу

- өзін-өзі басқару органдарының қызметі арқылы волонтерлік топты басқаруға қатысу

Волонтерлер міндетті:

- өзінің волонтерлік тобының мақсаттарын, міндеттері мен принциптерін білу және сақтау және оның беделін нығайту

- Волонтерлік қозғалыстың негізгі идеяларын қолдау және дамыту

- темекі шегуге және алкогольге тұрақты теріс позициясының болуы

- тапсырылған жұмысты адал орындау

- волонтерлік қызметке дайындық деңгейін арттыру үшін сабақтарға, семинарларға, тренингтерге және т. б. қатысуға.



Волонтерлер қозғалысының қаржылық қызметі


  • Оқушылар жәрмеңкелер жасау арқылы түскен қаражаттарын ұсынады;

  • Еріктілерден түскен қаражаттар;

  • Заңды және жеке тұлғалардың қайырымдылық акциялары.


Волонтерлік қызметке қатысу себептері


Әрбір жеке тұлға ерікті түрде қатыса алады. Жомарт жандардың ізгі қасиеттерін үлгі ете отырып, қатысады. Адамгершілік құндылықтарына бойына сіңірген қолынан келгенше бар көмегін аямайтын жанашыр жандар өздерінің ақжүрек, адал ниеттерімен ерікті түрде қатысады.


Волонтерлердің өсиеттері



Ризашылық –мейірімділік бұлағы.

Еріктілік-ерлікпен тең!

Адазаттық құндылықтар барша әлемге!

Шапағатың тисін еліңе!


Волонтерлер ережесі


1. көмегіңе мұқтаж адамды тауып қол ұшын бер, қамқорлығыңа ал.


2. және қоршаған адамдарға пайдалы қызметтерде өзіңді аша біл.


3. күшің және сенің құндылығың сенің денсаулығыңда екенін есіңде сақта.


4.Өзіңді және жолдастарыңды сөзінен емес, нақты қарым-қатынасы мен іс-әрекетінен бағала.




Волонтерлерліктің артықшылықтары


  • Игі істің бастауы;


  • Еңбек өтілі есебінде қосылады.


  • Барша әлемге мейірімділік көзқараспен қарай алады.


  • Еріктілер ақы алмаса да, мемлекет тарапынан қолдауларға, тіпті марапаттарға ие болды. Бір сөзбен айтқанда, алғыс, ізглілік, жақсылық!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.11.2023
158
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі