Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тынымбай Нұрмағанбетов « Анасын сағынған бала». Алданған арман

Материал туралы қысқаша түсінік
материал сабақ беретін мұғалімдерге үлкен көмек береді. Дайын жоспар жаңартылған бағытта жасалған.Сонымен қоса технологияларда шебер пайдаланылған. Ашық сабаққа да алуға болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

САБАҚ: 5

Мектеп: Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицейі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Авилгазы Биргул

Сынып: 5 «Б»



Сабақтың тақырыбы

Тынымбай Нұрмағанбетов « Анасын сағынған бала». Алданған арман

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

(5. Т/Ж2) әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау;

(5.Б/С3) шығармадағы кейіпкерді өзіндік құндылығы тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады: шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтайды.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: кейіпкерлерге өзіндік құндылығы тұрғысынан талдау жасайды.

Кейбір оқушылар орындай алады: эссе құрылымын сақтай отырып, әдеби эссе жазады.

Бағалау критерийлері

Әңгіменің негізгі тақырыбын дұрыс анықтайды.

Идеясын өз көзқарасы ретінде жеткізеді.

Кейіпкердің тұлғалық ерекшеліктерін түсіндіріп, эссе жазады.

Эссе құрылымын сақтайды.

Ойлау деңгейлері

Жоғары деңгей дағдылары

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады: тақырып пен идеяны түсіндіреді.

Кейіпкердің тұлғалық ерекшелігін талдай отырып, эссе жазады.

Пән лексикасы және терминология: жоңышқалық, топшылау, әдеби эссе

Диалог құруға, шығарма жазуға арналған пацдалы тіркестер:

Мақсат пен арман, үкілеген үміт, асқақ арман, сарғайған сағыныш, ана мен бала, көздегі мұң.


Құндылыққа баулу

Зайырлы қоғам жəне жоғары руханият.

Отбасы құндылықтары. Еркінділік, ашықтық, сыйластық.

Пәнаралық байланыс

Өзін-өзі тану, қазақ тілі, музыка, АКТ

Осыған дейін меңгерілген білім

Оқушылар әңгіменің композициялық құрылымы мен сюжетін біледі, кейіпкерлердің іс-әрекеті мен портретін салыстыра алады.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

2 минут

























8 минут





































Сабақтың ортасы

10 минут
















Шаттық шеңберін ұйымдастыру. Оқушылар үлкен шеңберге тұрады, кезектесіп тілек айтады.

О7-конечная звезда 1

1-топ «Сағыныш», Топ ««»»«есімше


7-конечная звезда 2

2-топ «Уәде»


қушылар қима қағаздар арқылы үш топқа бөлінеді.







7-конечная звезда 3

3-топ «Арман»











Мұғалімнің сабаққа кіріспе сөзі:

Бүгінгі сабақтан нені үйренгілеріңіз келеді?

Сабақтың мақсатына қалай қол жеткіземіз?

Сабақтың мақсаты мен жетістік критерийлерімен таныстырамын.

  1. Миға шабуыл. (Әр топқа сабақты бастау үшін әр түрлі тапсырмалар беріледі. )

1-топқа арналған тапсырма.

«Суреттер: не болды?» әдісі арқылы оқушыларға анасы тастап кеткен балалар және олардың көңіл-күйі, жағдайы туралы суреттер көрсетіледі. Оқушылар суреттерде не болып жатқанын және оның себептерін түсіндіреді.

2-топқа арналған тапсырма.

«.... қатысты 10 сөзді атаңыз» тәсілі арқылы оқушылар шығарманың өн бойынан Сержанның қандай көңіл-күйде болғаны жайлы он сөзді атайды.

(Болжамды жауаптар: сағынған, жылаған, уәдеге сенген, ән айтқан, ойнаған, еркелеген, армандаған)

3-топқа арналған тапсырма.

Музыкалық шығармадан үзінді беріледі, оқушылар қосылған ән мен сабақ тақырыбының қандай байланысы бар екенін анықтайды.

Группа 1 Топтық бағалау.1 2 3 1

Мағынаны тану


Топтық жұмыс.

Әр топ әңгіменің тақырыбы мен идеясын анықтау мақсатында берілген тапсырмаларды орындайды.

1-топтың тапсырмасы.

Б ерілген суреттерден әңгіме тақырыбына сай келетінін анықтаңыз. Әйел бейнесін шығармадағы ана бейнесімен байланыстыра отырып, шығарманың негізгі ойы мен басты идеясын анықтаңыз, сызбаға түсіріңіз.

дескриптор

Білім алушы


- берілген сурет нұсқаларының ішінен әңгімеге сай келетін тақырыпты белгілейді;

-әйел бейнесін шығарма мазмұнымен байланыстыра отырып, шығарманың негізгі ойы мен басты идеясын анықтайды;

-шығарманың тақырыбы мен идеясын кестеге түсіреді.



Себеп-салдарлық диаграммасы арқылы

Группа 2















2-топтың тапсырмасы. «Ақыл-ой картасы» әдісі арқылы берілген кестені толтырады. Әңгіменің негізгі тақырыбы мен идеясын анықтайды.


дескриптор

Білім алушы


- әңгімеге сай тақырып ұсынады;

-әңгімеден кем дегенде 3 құндылықты атайды;

-әңгімеден белгілі бір тұжырым шығарады;

Әңгімедегі ең басты идеяныы анықтайды.

Группа 4




















3-топтың тапсырмасы.

Шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау үшін келесі кестеге мән беріңіз, шығарма сюжетіне сүйене отырып, сұрақтарға жауап беріңіз, кестеге түсіріңіз.


Дескриптор

Білім алушы


-шығарманың тақырыбы мен басты идеясын анықтайды;

-басты идеясын талдайды



Қандай мәселелер көтерілді?

Шығармадағы мәселені ашатын үзінділер

Қандай үлгі-өнеге береді?










Мұғалімнің қолдау әрекеті:

Оқушыларға тапсырма орындау қиындық туғызған жағдайда, қосымша төмендегі үлгіні көрсетуге болады.


Қандай мәселелер көтерілді?

Шығармадағы мәселені ашатын үзінділер

Қандай үлгі-өнеге береді?

Сержанның анасын сағынуы

Есмағамбет баланың басынан құшырланып иіскеді. Оның осы ықыласы сезімін қозғағандай, бала жайнап, қуанып кетті...

Балаларды аялауға, жақсы көруге, қамқор болуға







Топтық бағалау: «Екі жұлдыз, бір тілек»

«Бағдаршам» әдісі арқылы кері байланыс жасалады.

Қызыл түс - тапсырманы орындау кезінде не кедергі болды?

Ж асыл түс- тапсырманы орындауға не көмектесті?

Сары түс- қандай әдіс тапсырманы орындау үшін жеңіл болады деп ойлайсыз

Жұптық бағалау. 1 2 3 1

Группа 6
























Қима қағаздар













































АКТ

https://www.

youtube.com

/watch?v

=FMubjBq4BhM















5 минут

Жеке жұмыс. Оқушылар әңгімедегі ананың іс-әрекет мен адамгершілігіне концептуалды кесте арқылы талдау жасайды.

Шығармадағы кейіпкердің тұлғалық ерекшеліктерін концептуалды кесте арқылы талдаңыз.


Кейіпкер

Өмірге қызығушылығы

(автор көзімен)

Адами қасиеті

(автор көзімен)

Ана





Өзара бағалау. Оқушылар бірін-бірі бағалайды.



















7 минут

Жеке жұмыс. Оқушылар алдыңғы толтырған концептуалды кесте талдауына сүйене отырып, берілген дескрипторға негізделген әдеби эссе жазады.


Талдауға сүйеніп, ананың тұлғалық ерекшелігін түсіндіретін әдеби эссе жазыңыз (120-130сөз).

дескриптор

Білім алушы


кейіпкердің тұлғалық ерекшеліктерін талдайды;

кіріспе бөлімде ана туралы өзіндік пікір білдіреді (20-25 сөз);

негізі бөлімде ана бойындағы адамгершілік қасиеттерін жинақтайды (30 сөз);

әр қасиетіне шығармадан дәлел келтіреді (30 сөз);

қорытынды бөлімде кейіпкердің бойынан өзіне үлгі алатын қасиеттерін айтып, ойын тұжырымдайды (20-25 сөз).


Өзін –өзі бағалау. Оқушылар дескриптор бойынша эссені жаза алған, алмағанын кестені толтыру арқылы анықтап, өзін бағалай алады.

«+», «-» белгісін қойыңыз.

Кейіпкердің тұлғалық ерекшеліктерін талдай алдым

 

Кіріспе бөлімде ана туралы өзіндік пікір білдіре алдым (20-25 сөз)

 

Негізі бөлімде ана бойындағы адамгершілік қасиеттерін жинақтап жаза алдым (30 сөз);

 

Әр қасиетіне шығармадан дәлел келтіре алдым (30 сөз);

 

қорытынды бөлімде кейіпкердің бойынан өзіне үлгі алатын қасиеттерін айтып, ойымды тұжырымдай алдым (20-25 сөз).





Сабақтың соңы

5 минут

Топтық жұмыс.

«Plus, Minus and Interesting» (PMI) әдісі арқылы сабақты бекітемін. (PMI) әдісі оқушылардың пікірлерді, аргументтерді келтіре отырып, тақырыпты талдауға негізделеді. Оқушлардың бастапқы пікірлерді толықтыруға мүкіндіктер береді. (PMI) арқылы оқушылар алғашында мән бермеген пікірлерін қайта қарастырып, оны жанды пірге айналдыруға қабілеттендіреді.

  1. Оқушыларға (PMI) мағынасын түсіндіру: Плюс- пайдалы, минус- жетіспеушілігі, I-әңгімедегі ең ұнаған қызықты сәт.

  2. Оқушыларға (PMI) шаблондарын таратып беру.

  3. Оқушылар шаблон бойынша жұмыс жүргізеді.

  4. Оқушылар қорытынды пікірлерін білдіреді.

  5. Қорытындылау және толтырылған шаблондарды салыстырамыз.

дескриптор

Білім алушы


оқушыларға (PMI) мағынасын түсініп, плюс- пайдалы, минус- жетіспеушілігі, I-әңгімедегі ең ұнаған қызықты сәттерін толтырады.

қорытынды пікірлерін білдіреді.

толтырылған шаблондарды салыстырады.



Plus

Minus

Interesting


















Топтық бағалау. «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы топтар өзара бағалау жүргізеді.



Сабақтың соңы

3 минут

Үй жұмысы:

1-тапсырма «Ана» туралы мақал-мәтелдер немесе өлең жаттап келеді.

2-тапсырма «Анасын сағынған бала» тақырыбында «Креативті әдіс» қолданып, қайтадан өздері әңгіме жазып келеді. Үздік жұмыстар қабырға газеттеріне және аудандық газетке, сайттарға ұсынылады.

3-тапсырма «Ана мен бала» тақырыбында сурет салып келеді.

Кері байланыс:


«Рефлексия пирамидасы»




Схема 2 Picture 1

Оқушылармен қоштасу.



Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.



Жалпы баға





Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:



2:



Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:



2:



Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?









Қысқа мерзімді сабақ жоспар





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.01.2019
4409
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12