Қалай дұрыс тыныс алу
керек?
Мақсаты: Мұрын қуысының ерекшеліктерін сипаттау. Тапсырма
төменгі ретпен орындалады:
-
Мұрынға алақанды тосып, баяу тыныс
алу.
-
Оқушылардан нені сезінгендерін сұрап, ойларымен
бөлісу. Олар шыққан жылы демді сезінгендерін
айтады.
Оқушылар өз бетінше оқулықтағы сурет бойынша
мұрын қуысының ерекшеліктерімен танысады.
«Мен журналистпін» ойыны арқылы бір оқушы кейбір
оқушылардан «Әрдайым мұрынмен демалу зиянды емес пе?» – деп сұрап,
оған жауап алады.
Бейнеанимация көру.
Көргендерін сипаттау.
Тыныс алу жүйесі.
Оқушылар жұптасып
тыныс алу жүйесіне қандай мүшелер жататынын
талдайды. Талқыланатын сұрақтар:
-
Неліктен өкпені жұп мүше деп айтады? (Оң және сол
жақ жұптардан тұрады.)
-
Тыныс мүшелері қайда және неліктен олай
орналасқан? (Қабырға астында, көкірек
қуысында).
Оқушыларға ауаның ағзада таралу бағытын кескін
сызбада түрлі түсті нұсқарлар арқылы көрсетуді
тапсыру.
ҚБ. Смайликтер арқылы өзара
бағалау.
Зерттеу жұмысы.
Мақсаты: Дереккөз түрлерін анықтай алуды
үйренеді, тыныс алу жүйесі құрылысының ерекшелігі мен орналасу
ретін үйреніп, оларды атап көрсете алады, тыныс алу жүйесі қалай
құрылғандығын анықтайды, зерттеу жұмысы барысында модель
құрастырады.
Оқушыларды тақырыпқа сәйкес ұғымдарды пайдаланып
бірнеше топтарға біріктіру. Мысалы, «Өкпе» тобы, «Кеңірдек» тобы
т.б.
Ресурс таратып беру: қағаз парақтар,
поролон/киіз, мақта, жапсырма, фломастер.
Модель
жасау.
-
Тыныс алу жүйесінің қалай құрылғанын
қарастыру.
-
Ватман қағазға адамның шынайы көлемдегі кеудесінің сұлбасын
салу.
-
Адам кеуде қуысының сұлбасын салу.
-
Тыныс алу мүшелерін сызбаға орналастыру.
- «Мен зерттеушімін» бөлімін жүзеге асыру. Зерттеу
жұмысы барысында қандай дереккөздер пайдаландыңдар? Қай ақпарат
көзі пайдаланған тиімді болды?
-
Зерттеу жұмысын қорытындылау. Басқа топтардың нәтижелерімен
танысып, талдау. Өз жауаптарымен
салыстыру.
Модельдеу барысында қойылатын жетекші
сұрақтар:
-
Тыныс алу жүйесі қандай мүшелерден
құралады?
-
Мұрынның қызметі қандай?
-
Өкпе қайда орналасқан?
-
Өкпеге ауа қалай жетеді?
-
Қан
оттекпен қай жерде толығады?
ҚБ. «Галереяны шаралау» ойыны арқылы оқушылардың
жұмысын ауызша бағалау.
Сергіту сәті. Бейнежазбадағы әуен ырғағымен
билеу.
http://balapan.kaztrk.kz
Мұғалім-оқушы диалогі. Сен білесің
бе?
Оң
жақтағы өкпе сол жақтағы өкпеге қарағанда сәл үлкендеу болатынын
талқылау.
Жеке жұмысқа дәптердегі тапсырмаларды орындау
ұсынылады.
35-жұмыс парағы. «Тыныс алу мүшелері»,
37-б.
Тыныс алу – тыныс
шығару. Оқушылар сызба не мәтін
түрінде ағзадағы ауаның таралу бағытын түсіндіріп
береді.
Бағалау. Дескриптор:
Оқушылар:
-
Тыныс алғанда ауа
мұрынға өтетітін біледі;
-
Мұрын қуысында ауаның
жылынатынын түсінеді;
-
Мұрын қуысынан
кеңірдекке өтетінін, одан кейін кеңірдектен ауатамырларға өтетінін
біледі;
-
Дем шығарудың осы
бағытқа кері жүретінін
түсінеді.
Тыныс алу
жүйесі. Тыныс алу мүшелерінің
суретін салып, атын жазу.
36-жұмыс парағы.
«Тыныс алу мүшелері қалай жұмыс істейді?»,
38-б.
Тыныс алу
мүшелерінің қызметі. Оқушылар тыныс алу
мүшелерін олардың қызметінің сипаттамасымен
сәйкестендіреді.
Бағалау. Дескриптор:
Оқушылар:
-
Өкпенің ауадағы оттекті
қанға сіңіретін мүше екендігін
біледі;
-
Ауатамырлардың бірнеше
тармақтарға тарамдалған, ауаны өкпеге өткізетін мүше екендігін
біледі;
-
Кеңірдектің тыныс
алғанда және тыныс шығарғанда ауа өткізетін мүше екендігін
біледі;
-
Мұрын ауаны жылытып,
ылғалдандыратын мүше екендігін
біледі.
Жұмыс. Көмекші сөздерді
қолдана отырып, сөйлемдерді
толықтыру.
ҚБ Мұғалімнің жазбаша
қалыптастырушы бағалауы
|