|
Ұйымдастыру кезеңі (7
мин)
|
- Сәлеметсіңдер ме
балалар!
- Бүгінгі
сабағымызды жақсы көңіл күймен бастайық.
- Алдымен
миымызға шабуыл жасайық
«Миға
шабуыл»
-
Би дегеніміз
кім?
-
Олар қандай қызметпен
айналысқан?
-
Қазақтың үш биін білесіңдер
ме?
- Жарайсыңдар балалар, ендеше біз бүгінгі
сабағымызда Ұлы жүздің төбе биі – Төле
би туралы білетін
боламыз.
- Биылғы жыл еліміздің
тарихында ерекше рөл атқарған ұлы тарихи тұлғаларды еске алуға
байланысты оқиғалар мен мерейтойларға бай. Биыл Төле би
Әлібекұлының туғанына 360
жыл.
|
Оқушылар мұғаліммен
амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша
орындарына отырады.
|
презентация
|
|
Сабақ басы (13
мин)
|
Ұлы жүздің биі – Төле
би
Орта жүздің биі – Қазыбек
би
Кіші жүздің биі – Әйтеке
би
Т өле
би – қазақтың мемлекет, саяси және қоғам
қайраткері, Аға жүздің биі, шешен (шешен) және ақын.Қазақ халқының
үш ұлы биінің (билерінің) бірі Қазыбек
би және Әйтеке
бимен бірге «Жеті
жарғы» заңдар жинағының
авторлары.
Төле би туралы
бейнероликті тамашалайық
-
Төле
Әлібекұлы Жамбыл облысы,Шу ауданының Жайсан жайлауында дүниеге
келген
-
Т өле би өз елінің, шығыстың аңыз-әңгімелерін,
қисса-дастандарын еркін меңгерген.
-
15 жасынан бастап,ел билеу
ісіне ынтасы ауған.
-
Шымкентте, Түркістанда,
Ташкентте билік басында болған.
-
Төле би 1756 жылы Ташкентте
жерленген.
|
Оқушылар өз ойларын ортаға
салады
Төле би туралы берілген
ақпараттармен танысады
Бейнеролик көріп, олан
алған әсерімен бөліседі
Сұрақтарға жауап
береді
|
презентация
|
|
Ортасы (20
мин)
|
Тәуке ханның «Жеті
жарғысы»
Төле би Тәуке хан тұсында
Әйтеке және Қазыбек билермен бірге «Жеті жарғы» заңдар жинағын
жасаған.
1 . Жер дауы
2. Жесір
дауы
3. Құн
дауы
4. Бала тәрбиесі және
отбасы
5. Қылмыстық
жауапкершілік
6. Рулар арасындағы
жауапкершілік
7. Ұлт қауіпсіздігін
қамтамасыз ету
Ой-толғау
Төле би неліктен
«Қарлығаш әулие»
атанған?

- Осы аңызды білесіңдер ме? Өз
ойларыңды ортаға салыңдар
Төле бидің өсиет толғауын
оқу

«Төле бидің
батасы»
Б ір үйдің баласы
болма
Көп үйдің санасы
бол
Бір елдің атасы
болма
Бар елдің данасы
бол
Бір тонның жағасы
болма
Көп көлдің ағысы
бол
Ақты ақ деп
бағала
Қараны
қарала
Өзегің талса өзен бойын
жағала
Өзіңе өзің кәміл
бол
Халқыңа әділ
бол
Жауыңа қатал
бол
Досыңа адал бол!
НАҚЫЛ
СӨЗДЕР
Шешендіктен не пайда, Артында сөзі
қалмаса?
Батырлықтан не пайда,
Халқына қайран қылмаса?
Хандықтан не пайда,
Қарашасын жалмаса?
Молдалықтан не пайда,
Шариғатты өзгертіп,
Нашарларды алдаса?
Біліп айтқан сөзге құн
жетпейді,
Тауып айтқан сөзге шын жетпейді.
Атадан ұл туса игі,
Ата жолын қуса игі.
Өзіне келер ұятын,
Өзі біліп тұрса игі.
Жаудан бұққан немені,
Ортасына қуса игі!
Адамның басшысы - ақыл, шолушысы - ой, жетекшісі
- талап, қорғаушысы - сабыр, сынаушысы - халық, таусылмайтыны -
арман, ең қымбаттысы - ар сақтау, бәрінен ардақтысы - өмір сүру,
соның ішінде ең тәттісі - сыйластық.
Тұзаққа түскен бұлбұлдан еркін
жүрген торғай артық.
ТӨЛЕ БИДІҢ
КЕСЕНЕЛЕРІ

|
Оқушылар Жеті жарғы заңдар
жинағымен танысады
Қарлығаш әулие аңызын еске
түсіреді
Төле бидің толғауын оқып,
ондағы өсиетті түсінеді
Оқушылар Төле бидің батасын
оқиды
Нақыл сөздерін оқып ондағы
маңызды ойды түсінеді, өз ойларын ортаға
салады
Төле бидің
кесенелері жайлы біледі
|
Презентация
Бейнеролик
Нақыл
сөздер
Интерактивті
тақта
|
|
Соңы
|
Қорытынды
Төле бидің өмірлік ұстанымы «Тура биде туған
жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген сөзі адалдық пен
парасаттылықтың,туралық пен әділдіктің биік өлшемі. Нақты осы
қасиеттері бүгінгі өскелең ұрпақ үшін таптырмас өнеге. Төле бидің
өмірі дүниеге жаңа қадам басқан жастардан бастап, ересек тұлғаларға
дейін рухани ұстаным бола
алады.
Кері
байланыс
«3
Қ»
Қызық
Қиын
Құнды
Оқушылар сабақтан
алған әсерлерімен «3
Қ» стратегиясы арқылы
бөліседі
|
Сабақтан алған әсерлерімен
бөліседі
|
презентация
|