Материалдар / «Туристік жорықтардағы кедергілерден өту техникасын терең жетілдіру»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Туристік жорықтардағы кедергілерден өту техникасын терең жетілдіру»

Материал туралы қысқаша түсінік
Туризм (франц. tourіsme, tour – серуендеу, жол жүру) – адамның бос уақытындағы саяхаты, белсенді демалыстың бір түрі. Туризм – халықтың рекреациялық қажеттілігін (денсаулығын жақсарту, күш-қуатын қалпына келтіру, т.б.) қанағаттандырудың ең тиімді жолы. Туризм адамдардың қарым-қатынасын, танымдық қабілетін арттырып, мәдениет пен өнердің дамуына, ел экономикасының өркендеуіне өзіндік үлесін қосып, ел мәртебесін әлемге танытуға мүмкіндік туғызады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Маусым 2022
380
2 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Келісілді» «Бекітемін»

ҚЖТС директорының Қалалық жас туристер

орынбасары стансасының директоры

________ Ногаева Б.К. ____ Бекбергенова А.И.

« » _______2022ж. « » _______2022ж.










Ашық сабақ тақырыбы: «Туристік жорықтардағы кедергілерден өту техникасын терең жетілдіру»







Өткізген: Нурмаганбет Нуржан Жалгасбайулы

қосымша білім беру педагогы




















Ақтөбе - 2022 ж

Сабақтың тақырыбы: «Туристік жорықтардағы кедергілерден өту техникасын терең жетілдіру»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Білімді қалыптастыру, оқушыларды біліммен хабардар етіп қана қоймай, олардың денсаулығын нығайту. Спорттық туризм бойынша білім-білік дағдыларын қалыптастыру. Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру арқылы алған білімдерін бағалау.

Оқушылардың өздерінің жетістіктерін өздерімен бірге талдап, өздік бағалау әдістерін ұйымдастыру.

Дамытушылық: Жеке тұлғаны дамыту, талдау, салыстыра білу қабілеттерін дамыту, оқу материалының ең бастысын, мазмұнын ажырату, классификациялау. Әрбір оқушыға көңіл бөлу арқылы дене бітімін, техникасын дамыту.

Спорттық туризмге қызықтыра ой қабілетін дамыту және спорттық туризмнің түрлерімен айналысуға оқушыларға мүмкіндік жасау, Қазақстан Республикасының спортшы жасөспірімдерін дамыту.

Тәрбиелік: Адамгершілік тәрбиесі (Қазақстандық патриотизм, ұлттық келісім ұғымдарын дұрыс қабылдау, үлкенге сый, кішіге жол көрсету).

Дене тәрбиесі (Жаттығулар арқылы жасөспірімдердің денсаулығын нығайту).

Сұлулық тәрбиесі ( Табиғат пен өнердегі сұлулықты түсінуге, әдептілік ережелерін бойына сіңірген шығармашылық қабілетін мүмкіндігінше дамыту).


Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақ әдісі: Топтық жұмыс, кезеңнен өту.

Сабақтың көрнекілігі: Туристтік құрал – жабдықтар, екзең түрлері.


Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру бөлімі

Кіріспе

II. Негізгі бөлім

III. Қорытынды бөлімі



Мұғалім сөзі:

Туризм (франц. tourіsme, tour – серуендеу, жол жүру) – адамның бос уақытындағы саяхаты, белсенді демалыстың бір түрі. Туризм – халықтың рекреациялық қажеттілігін (денсаулығын жақсарту, күш-қуатын қалпына келтіру, т.б.) қанағаттандырудың ең тиімді жолы. Туризм адамдардың қарым-қатынасын, танымдық қабілетін арттырып, мәдениет пен өнердің дамуына, ел экономикасының өркендеуіне өзіндік үлесін қосып, ел мәртебесін әлемге танытуға мүмкіндік туғызады. Ел ішінде саяхат жасау ішкі (ұлттық) Туризм, ал шетелге саяхатқа шығу халықаралық (шетелдік) туризм; саяхат мақсатына қарай: экологиялық, ойын-сауық, танымдық, спорттық, балалар туризмі; әлеуметтік мақсатына қарай: іскерлік (конгресс, жәрмеңке), этникалық, діни туризм болып бөлінеді.

«Спорттық туризм» жорықпен тығыз байланысты, ал жорық кезінде кездесетін кедергілер өте көп. Біздің мақсатымыз сол кедергілерден мойымай өту. Жорық кезінде жие кездесетін кедергілер: бөренеден өту, аспалы өткел, маятник, жарақаттанушыны тасымалдау, биіктікті бағындыру т.б. Айтылған кезеңдерден қиналмай, қатесіз өту үшін, бүгінгі сабақта кезеңнің құралдарымен танысып, қажетті әдістерді үйренеміз.


Сабағымыз үш кезеңнен тұрады:

I кезең: «Таныстыру» кезеңге керекті құрал – жабдықтармен таныстыру, пайдаланатын кезін айту.

Құрал – жабдықтар

  1. Жеке сақтандыру жүйесі. (Өзін сақтандыру үшін)

  2. Карабиндер. (Сақтандыруға, жіптерді бекітуге)

  3. Негізгі жіптер. (Өтуге, топтық сақтандыруды ұйымдастыруға)

  4. Жумарлар. (Жоғарыға көтерілуге)

  5. Сегіздіктер. (Астыға түсуге)



II кезең: «Кезеңдерді өту» құралдарды пайдаланып, айтылған әдіс бойынша кезеңнен өту.

Кезеңдер

  1. Маятник.

  2. Бөрене құлату.

  3. Жумармен көтерілу және тусу.

  4. Жарақаттанушыны тасымалдау.


III кезең: «Қорытынды» кезеңді өту барысында жасалған қателермен жұмыс және бағалау.



Мүмкін болатын қателер

  1. Сақтандырудың болмауы немесе дұрыс жасалмауы.

  2. Негізгі жіптің шешілмей қалуы.

  3. Байлаудың дұрыс болмауы.

4. Әдістердің қате болуы.

Бағалау

Жасаған қателер санына байланысты баға беру.


Қорытынды: Бүгінгі күннің міндеті – әрқайсымызда тәніміздің сау болуы, салауатты өмірдің дағдыларын игеру, бала кезден дұрыс дене шынықтыру негіздерін үйрену қажеттілігін тәрбиелеу. Қазіргі уақытта Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы адамды аурудан сақтау принципін ұсынады, ол біздің Республикада кең қолдау тапты.


Үй тапсырмасы: Кедергілерден өтудің жаңа әдістерін қарастыру.












Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!