Материалдар / Туризм 7 сыныпқа арналған мақала
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Туризм 7 сыныпқа арналған мақала

Материал туралы қысқаша түсінік
7 - сыныпқа арналған
Авторы:
18 Маусым 2024
158
0 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Сабақтың тақырыбы: Туризм түрлері мен бағыттары.


ҚАУ мектебінің қазақ тілі

мен әдебиеті пәнінің оқытушысы

Асқарова Гүлзада Байсарықызы


Сабақтың мақсаты: 1. Туристiк қызмет көрсету — туристiк саяхат кезеңiнде және осы саяхатқа байланысты туристiң қажеттіліктерiн қанағаттандыру үшiн маңызы зор қызметтер (орналастыру, тасымалдау, тамақтандыру, экскурсиялар, туризм нұсқаушылары, гидтер (гид-аудармашылар) көрсететін қызметтер және сапар мақсатына байланысты көрсетілетін басқа да қызметтер түрімен (туроператорлық; турагенттік; экскурсиялық; туризм нұсқаушысының қызмет көрсетуі) танысу;

2. Сауатты жаза білу, жаттығу жұмыстарын жасағанда сөйлемдегі сөздер тәртібін дұрыс сақтауға машықтандыру, тіл байлықтарын дамыту, сөздік қорды молайту.




1 -тапсырма. Мәтінді оқыңыз.

Х алықаралық туризм келу және шығу туризмі болып бөлінеді. Шығу туризмі — тұрғылықты бір аймақта тұратын тұлғаның басқа елге саяхатқа шығуы, кету туризмі — басқа елде тұрғылықты тұратын тұлғаның аймақ бойынша саяхаты. Туризм өзінің ішкі ұйымдық сипаты бойынша жоспарлы және өзіндік болып бөлінеді. Жоспарлы туризм — туризмді ұйымдастырушы, туризм саласындағы кәсіпорындар ұйымдастырушылық негізде әзірлейтін және жүзеге асыратын туризмнің барлық түрі. Жоспарлы туризм мемлекеттік заңдық және нормативтік актілермен реттеледі. Ол жаппай туризмнің әлемдік индустриясының негізін құрайды.

Ө зіндік туризм — туристердің белсенді қозғалу қимылдарын қолдана отырып іске асыратын саяхаты. Сонымен қатар туристік қызметтің мамаңдандырылған және элеуметтік туризм, таймшер, альтернативті туризм деген түрлері бар.

Туризм түрлерi:

Экологиялық туризм

Танымдық туризм

Емдеу-сауықтыру туризмi

Iскер туризм

Спорттық туризм және демалыстың белсендi түрлерi

Мамандандырылған тур аясында барған жердің мәдениетін, табиғатын зерттеумен, сондай-ақ саяхаттаушылардың кәсіби және әр түрлі спорттық-туристік қызығушылықтарымен, қауіпсіздік ережесін міндетті түрде сақтаумен байланысты. Саяхат – адамдардың танып білу мақсатында жер бетіндегі қозғалысы. Саяхаттың бір түрі туризм болып саналады.

Саяхаттың басты мақсатына байланысты келесі турларды бөліп көрсетуге болады:

демалуға немесе қанағаттануға арналған турлар. Бұл демалыс пен туризмнің көп, жаппай тараған түрі;

демалыс және сауықтыру мақсатында шипажайларға турлар. минералды суды ішуге,ваннаны қабылдауға мүмкіншілігі бар отельдер, кемпингтердегі сауықтыру орталықтары;

сергуге арналған турлар. Бұл — белсенді ойындар кешені (гольф, крикет, кегли), атқа міну, аттракциондарға бару (Диснейленд, дельфинарий, жануарлар саябағы), мейрамхана, дансингтер, дискоклубтар, дүкендер, казинолар;

ауылдық туризм— табиғатпен оңашада болу, таза ауа, тамақтануға арналған экологиялық таза өнімдер, күнделікті жағдайды өзгерту, өмір мәдениеті;

жарнамалық таныстыру сапары. Оның жағдайымен танысу үшін көбінесе туржетекшілер мен туроператорлар немесе туристік агенттіктер жіберіледі.

экскурсиялық-танымдық туризм —мұражайлар, ескерткіштер,әдемі қалалық ландшафттар.

әдемі тау массивтеріне бару, тауларда серуендеу, тамаша ландшафттарды, күннің шығуы мен батуын қызықтау, Гранд Каньон (АҚШ);

экотуризм — туризмнің жаңа саласы, қоршаған ортаға минималды әсерін тигізетін туризм.



2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз:

  1. Жоспарлы туризм дегенді қалай түсінесіз?

  2. Халықаралық туризм нешеге бөлінеді?

  3. Экологиялық туризмнің танымдық туризмнен қандай айырмашылығы бар?

  4. Сергуге арналған турда немен айналысады?

  5. Минералды суды ішуге, ваннаны қабылдауға мүмкіншілігі бар отельдер, кемпингтердегі сауықтыру орталықтары –қай турға тиесілі?

3-тапсырма. Жағдаят, тығырықтан шығар жолды табыңыз.


Сіз Қазақстанның машина бармайтын таулы аймақтарына саяхат жасадыңыз, көлік түрі: қайық, есек, түйе, арқан. Тауға қандай көлікпен шығасыз?


4-тапсырма. Үлгі бойынша сызбаны толтырыңыз.


Туризм атаулары

сипаты

1.

ауылдық туризм

табиғатпен оңашада болу, таза ауа, тамақтануға арналған экологиялық таза өнімдер, күнделікті жағдайды өзгерту, өмір мәдениеті

2.



3.



4.



5.



6.




5-тапсырма. Берілген сөз тіркестерімен сөйлемдер құраңыз.


Саяхатқа бару, сапарға шығу, билет сатып алу, жол жүру, жолға жиналу, қажетті заттарды дайындау, әуежайға(теміржол вокзалына) бару.



6-тапсырма. Төменде берілген мәліметтер бойынша шағын әңгіме құрыңыз.

Қонақүйде қонақтарға қызмет көрсету түрлері:

  • қонақүйге алдын ала тапсырыс беру;

  • қонақтарды қабылдау, тіркеу;

  • қонақтарға тамақ жеткізу қызметі (нөмірді тазалау;

  • қонақтарға қосымша тапсырыстарын жеткізу қызметтері.


7-тапсырма. «Халықаралық қонақ үй қызметі қандай болу керек?» деген тақырыпта тендерге қатысу үшін жазған жобаңызды қорғаңыз.


__________________________________________________________________

___________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

_ ____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________





8-тапсырма. Сөйлемдегі сөздерге тиісті жалғауларды жазыңыз.


Қонақтар... тіркеу және орналастыруда, жеке қонақтар..., туристік топтар... және шетел азаматтары... қабылдаудың әртүрлі тәртібі бар. Негізгі мақсат – қонақ бабын табу, сұранысын толық қанағаттандыра алу. Шетелдік қонақтарды қабылдау барысы...ВИЗА мәселесі...басты назар аударылуы керек. Визалық құжат... немесе туристік топтарға жекеленген құжат ретінде беріледі.



9-тапсырма. Жағдаят. Сіз туроператор ретінде суретте көрсетілген бағдар бойынша қай елге саяхат жасауға кеңес берер едіңіз




10-тапсырма. Оқыңыз қызық! Өз көзқарасыңызды айтыңыз.


Дамыған Жапон елінің мамандары Берлиндегі көрмеде туристік агент қызметін атқаратын роботты таныстырды. Оның тіпті Чихира Канаэ деген есімі бар. Ол ондаған тіл біледі және рейсті тіркеуге, қонақ үйдегі нөмірді брондауға көмектеседі. Сондай-ақ іші пысқан саяхатшылардың көңілін көтеруге де қабілетті. Жаңа робот көптеген сұрақтардың жауабын жақсы біледі .


11-тапсырма. Қонақүйдің кіре берісінде отырған қызметкермен бөлменің қолайлылығы туралы сөйлесіңіз.


________________________________________________________________

________________________________________________________________

________________________________________________________________

________________________________________________________________

_____________________________________________________________________

_______________________________________________________________________

________________________________________________________________________


12-тапсырма. Жағдаят. Сіздің бөлмедегі серігіңіз байқамай қолың жаралап алды. Алғашқы көмек көрсету үшін не істейсіз?


_ _________________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________


13-тапсырма. Қазақстанның киелі жерлерін көрсете отырып, жарнама жазыңыз.


Жарнама


______________________________________________________________________

_________________________________________________________________

_________________________________________________________________





14-тапсырма. Мына сөздердің антонимін жазыңыз.


Тиімді -........

Жоспарланды -.....

Қолайлы жағдай - .....

Көркем - .......

Мүмкіндік -.....

Тиімді дамыту - ....



Тест тапсырмалары

1.Сөйлемді аяқтаңыз. Халықаралық туризм ... және ..туризмі болып бөлінеді.

  1. келу, кету

  2. кету, шығу

  3. келу, келмеу

  4. келу, шығу

2.Туризм тарихын неше кезеңге бөлетінін анықтаңыз.

  1. 2

  2. 4

  3. 5

  4. 3

3.Демалыс пен туризмнің көп тараған түрін табыңыз.

  1. демалуға немесе қанағаттануға

  2. демалыс және сауықтыру

  3. жарнамалық таныстыру сапары

  4. экскурсиялық-танымдық туризм

4.Дұрыс құрылған сөйлемді анықтаңыз.

  1. Жолаушы қауіпсіздік ережесін сақтауы керек.

  2. Жолаушы ережесін қауіпсіздік сақтауы керек.

  3. Жолаушы қауіпсіздік ережесін керек сақтауы .

  4. Жолаушы қауіпсіздік ережесін керек.

5. Портье қызметін көрсетіңіз. .

a) бөлме кілтін беру

b) қонаққа бару

с) тамақ беру

d)кино көрсету

6. Туристерді орналастыру орындарын белгілеңіз.

  1. жатахана

  2. жалдамалы пәтер

  3. қонақүй

  4. менеджердің үйі





Глоссарий

қазақша

орысша

ағылшынша

мамандандырылған

специализированный

specialized

салыстырмалы

сравнительный

comparative

дүниежүзілік

мировая

world

Жолсерік

проводник

File

салааралық

межотраслевое

cross-sectoral

сауықтыру орталықтары

оздоровительные центры

health centers

қауіпсіздік ережесі

Правила техники безопасности

safety Rules

танымдық туризм

познавательный туризм

cognitive tourism

ұйымдық сипаты

характер организационный

The nature of the organizational

Емдеу-сауықтыру

Лечение и реабилитация

Treatment and rehabilitation


ОБӨЖ: « Қазақстан туристерді несімен қызықтырады?» тақырыбына презентация жасаңыз


БӨЖ: Сөздікті пайдалана отырып, «Саяхаттан алған әсерім» атты әңгіме жазыңыз.


Әдебиеттер:


1. Сұрағанова С. К., Сабатаева Б. О. Туризм менеджменті: туризм мамандығына арналған оқулық. - Алматы: 2012

2. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі. Қазақстан туризмi, 2006-2010: стат. жинақ. - Астана, 2012

3. Павлодар облысындағы туризм және қонақ үй шаруашылығының дамуы, 2012=Развитие туризма и гостиничного хозяйства в Павлодарской области, 2012. - Павлодар, 2011. - 23 с.

4. Ердәулетов С.Р. Туризм географиясы: туризмология негіздері пәні бойынша оқу құралы. - Алматы: Қазақ университеті, 2011

5.Сұрағанова С.Қ. Туризмдегі туристік қызметтің негіздері. - Астана: Елорда, 2011

6. Алиева Ж.Н. Туризмология негiздерi. - Алматы: Қазақ Ұлттық университетi,2011

7.Данияров Т.А. «Туризмдегі сервистік қызмет көрсетудің ерекшеліктері мен болашағы», Шымкент, 2013



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!