Тақырып бойынша 11 материал табылды

Туындының физикалық және геометриялық мағынасы

Материал туралы қысқаша түсінік
сабақта Туындының физикалық және геометриялық мағынасын түсіндіру және есептер шығару жолын түсіну
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шоланова Гулзина , «Шетпе гимназиясы» ММ-нің

жоғары санатты математика пәні мұғалімі.

Туындының физикалық және геометриялық

мағынасы.Функцияның графигіне жүргізілген жанама.

10-сынып Алгебра

IV тарау .Туынды

«Шетпе гимназиясы» ММ

Сабақтың тақырыбы

Туындының физикалық және геометриялық мағынасы.Функцияның графигіне жүргізілген жанама

Сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары

Туындының физикалық және геометриялық мағынасын түсінеді.Функцияның графигіне жүргізілген жанаманың теңдеуін жазып, есептер шығаруға қолданады.

Сабақ мақсаты

Қозғалыстағы дененің t уақыт мезетіндегі жылдамдығы мен үдеуін табу, функция графигіне жүргізілген жанаманың бұрыштық коэффициентін табу.

АКТ –ны қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта.

Құндылықтарды дарыту

Өз бетімен оқу,өзара сыйластық,топта ынтымақтаса жұмыс жасау.


Пән аралық байланыс

Физика , геометрия, сызу.


Сабақтың кезеңдері


Сабақтың басы

Ұйымдастыру. Топқа бөліну. 4 топ: Функция, Аргумент,Өсімше, Туынды.

(Стикерлерге жазылған тапсырмалар бойынша әр бала өз тобына барады) Топ басшысы сайланады.



Үй тапсырмасы тексеріледі.



«Сұрақтар тізбегі»


Өтілген материалды есте қалдыру мақсатында интертақтадан сұрақтар көрсетіледі.


1. Туындының анықтамасы?

2. Қосындының туындысы?

3. Айырманың туындысы?

4. Көбейтіндінің туындысы?

5. Бөлшектің туындысы?

6. Тұрақты санның туындысы?

7. х-тің туындысы?

8. Дәрежелік функцияның туындысы?


Сабақтың ортасы



Топтық жұмыс

«INSERT» әдісі бойынша,жаңа сабақты топта оқып талдайды.

(- білемін; + жаңалық; - білмеймін; ?- білгім келеді;)

1. Функцияның туындысын табу арқылы оның физикалық және геометриялық мағынасын түсінеді.

Жолдың формуласы арқылы лездік жылдамдық пен удеуді табуды біледі.

Егер, t=2c болса, v=3·22+10·2=12+20=32 м/с

a=6·2+10=22м/с2

2. у=f(x) функциясының х0 нүктесіндегі туындысы оның осы нүктеден өтетін жанамасының бұрыштық коэффициентіне тең ,бұл туындының геометриялық мағынасын білдіреді.


1-мысал. y=2x² параболасына (1;2) нүктесінде

жүргізілген жанаманың бұрыштық коэффициентін табыңыз.

Шешуі:

f(x)=2 функциясынан:

f ʹ(x)=4х

f ʹ(xₒ)=f ʹ(1)=4·1=4 ,демек k=4 α =arctg4

Жанаманың теңдеуін мына алгоритм бойынша жазады:

  1. xₒ -ге сәйкес f (xₒ)-ді есептеу.

  2. f (x) функциясының туындысын табу.

  3. x-дегі туындының мәні f ʹ(xₒ)-ді есептеу.

  4. y= f (xₒ)+ f ʹ(xₒ) ·(x - x) формуласына қойып жанаманың теңдеуін алу.

2-мысал: f (x)=3x²-2x+5 функциясының xₒ=1 нүктесіндегі жанаманың теңдеуін жазыңыз.

  1. f (xₒ) =f(1)=1²-2·1+5=6.

  2. f ʹ(x)=6x-2.

  3. f ʹ(xₒ)= f ʹ(1)=6·1-2=4

  4. y= f (xₒ)+ f ʹ(xₒ) ·(x - x) =6+4(x-1)=6+4x-4=2+4x.

Бұдан жанаманың теңдеуі: y=4x+2


Бекіту жаттығулары

Оқулықпен жұмыс №192,194,195,196 есептер 4 топқа беріледі, әр топ жұмыстарын қорғайды.

«Тепе-теңдік дөңгелегі» әдісі

Ойды жинақтап, тақырып бойынша білімді қорыту үшін сұрақтар қою, оқушылардың қажеттіліктерін анықтау.

Ортаға шығып дөңгелене тұрып ,өзара формулалар мен анықтамаларды қайталау. Мысалы 1-ші бала : Үдеу дегеніміз-жолдың бірінші ретті туындысы, т.б ...

Сабақтың соңы

Қорытындылау

Шағын тест

  1. у=5х6 функциясы туындысы

А. 25 В. 30х6 С. 30х5 Д. 5

2. у= (2х-1)(2х+1) туындысы


А. 2 В. 10х2 С. Д.

3. функциясы графигіне x0=1 нүктесінде жүргізілген жанаманың теңдеуі

А. у=3х-3 В. у=3х-2 С. у=3х+3 Д. у=3х-1

4. . функциясының x0=1 нүктесіндегі туындысының мәні .

А.8,5 В.9,5 С.9 Д.10,5

Рефлексия

Кері байланыс «Екі жұлдыз ,бір тілек»

Үйге тапсырма №193,199



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.01.2018
3592
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі