Туыстық атаулар

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Туыстық атаулар

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдері тәрбие сағатында пайдалануға болады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Туыстық атаулар

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға туған - туысқандар, ағайындар туралы,

туыстық атаулар туралы мағлұматтар беру.
Оқушылардың ой - өрісін, танымдық процестерін, тіл

байлықтары мен есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Оқушыларды бауырмал, кішіпейіл, қонақжай, үлкен

кішіні сыйлай білуге тәрбиелеу.

Бір атадан әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат үзілмей тараса жеті ата болады.
Ең соңғы туажаттан жүрежат, жекжат, мүлдежат болып аяқталған. Осыларды ағайын, туысқан деп те атаған. Жеті атадан өніп-өскен адамдар қауым деп аталған.
Қазақ отбасында балаға туыстарын, нағашыларын, ата-бабасын, жеті атасын олардың өмірін, руын айтып отырады. Өз руының үлкен бабасы туралы айтады. Бұл баланы өскенде өз туыстарын жақсы білуге, сыйлауға үйретеді. Қазақтың баласына жеті атасын үйретудегі мақсаты – туысқанына үйленіп қоймасын дегені. Сондықтан әрбір қазақ жеті атасының есімдерін білуге міндетті болған. 
Ата-ана баласына кіммен (қай румен) қыз алысуға немесе тұрмысқа шығуға болатынын үйретеді. Бұл тәрбиенің қазақ отбасында мәні зор.
Ата-анасы үшін барлық балалары бірдей болғанмен, дәстүр бойынша әр баласының өз орны болған. 
Баланың үлкені – тұңғыш. Оны ата-анасы енші беріп, жеке отау етіп шығарған. 
Қазақ отбасында кенже бала – шаңырақ иесі. Кенже бала – жанұядағы ең кіші бала, кіші ұл. Кенже баланың өз жанұясы болғанымен де ата-анасымен бірге тұруы тиіс. Кенже бала – қара шаңырақ иесі. Қара шаңырақ – үлкен үй, әке-шеше үйі. Қара шаңыраққа барлық осы жанұяның балалары, туыстар келіп тұрады.

Бір отбасындағы туыстық атаулар

  • Ата - баланың әкесінің және анасының әкесі.

  • Апа - баланың әкесінің, сондай-ақ, анасының шешесі. Одан арғылары әже, үлы әже деп аталады.

  • Әке - баласы бар ер адам

  • Ана - балалы әйел, туған шеше.

  • Аға - бірге туған ағайындылардың ер жағынан жасы үлкені.

  • Іні - бауырлас ер адамдардың жас жағынан кішісі.

  • Бауыр - бірге туған қыздардың үлкендеріне бауырлас ер адамдардың жасы жағынан кішісі.

  • Әпке - бірге туған қыздардың жас жағынан үлкені.

  • Сіңілі - бірге туған қыздардың үлкендеріне жас жағынан кішісі.

  • Қарындас - бірге туған ағайынды ер адамдардан жасы кіші қыздар.



Туыстық қарым-қатынастағы атаулар

  • Абысын - ағайынды адамдардың әйелдері.

  • Бажа - бір адамның немесе ағайынды кісілердің қыздарына үйленген адамдар.

  • Бөле - бірге туған апалы-сіңілі кісілердің балаларының арасындағы туыстық қатынастың атауы.

  • Балдыз - әйел адамдардың жасы кіші туыстары.

  • Ене - ерлі-зайыптылардың аналары бір-біріне ене болады.

  • Құда - күйеу мен қалыңдықтың(ерлі-зайыпты адамдардың) аталары, әкелері.

  • Құда бала - құдасының баласы (ұлы) т.б. жасы кіші туысы.

  • Құдағи - Күйеу мен қалыңдықтың шешелері немесе әжелері (құдандал адамдардың әйелдері).

  • Құда-жекжат - ілік-шатыс құда адамдар.

  • Құдандалы - қыз алысып, қыз беріскен, сүйек шатысы бар адамдар.

  • Құдаша - ерлі-зайыпты адамдардың жасы кіші әйел туыстары (құдандалы адамдардың қыздары).

  • Жиеншар - жиеннен туған бала.

  • Жиен - күйеуге шыққан қыздан туған бала.

  • Жеңге - атаның, жасы үлкен туыстардың әйелі.

  • Жезде - туысқан адамдардың өзінен үлкен апасының күйеуі.

  • Күйеу - әйелдің ері, жұбайы.

  • Келін - ата-ана үшін баласының әйелі де, жасы үлкен ағалары мен туысқандары үшін інісінің әйелі.

  • Қайын - қыз алып, қыз берген екі елдің күйеу мен келінге туыстық қатынасын білдіретін сөз.

  • Қайын аға - ерлі-зайыптылардың туған және туысқан ағаларының оларға туыстық қатынасы.

  • Қайын ата - күйеу мен келіннің туған әкелерінің оларға туыстық қатынасы.

  • Қайын ене - күйеу мен келіннің туған шешелерінің оларға туыстық қатынасы.

  • Қайын бике - күйеу мен келіннің туған әжелерінің оларға туыстық қатынасы.

  • Қайын сіңілі - күйеудің қарындастарының әйеліне туыстық қатынасы.

  • Қайын іні - ерлі-зайыптылардың өздерінен кіші ұл бауырлары.

  • Қайын жұрт - қыз беріп, қыз алысқан екі елдің қыз бен күйеу жақындығын білдіретін сөз.



















 







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
3344
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі