Материалдар / "Туыстық қарым - қатынас - баға жетпес байлық"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Туыстық қарым - қатынас - баға жетпес байлық"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата аналар жиналысы
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні:

01.11.2024

Тақырыбы

«Туыстық қарым – қатынас – баға жетпес байлық»

Мақсаты

Туыстық қатынастың маңыздылығы туралы түсіндіру;

Отбасылық құндылықтарды дәріптеу; адам өміріндегі рөлі туралы түсініктерін қалыптастыру; туыстық қатынастар туралы түсініктерін дамыту;

ата-бабаға деген құрметке тәрбиелеу.

Жұмыс түрі

Дөңгелек үстел

Жоспар

Кезеңдері

Жоспарланған жаттығу түрлері

Барысы


І.Ұйымдастыру кезеңі: 1. Тыңдаушылармен сәлемдесу

2.Тыңдаушылардың зейінін аудару.
Модератор : Қайырлы күн, құрметті ұстаздар , ата – әжелер , ата – аналар! Біз сіздермен «Туыстық қарым – қатынас – баға жетпес байлық» деген тақырыпта ой қозғайтын боламыз.

ІІ. Тренинг



Модератор : Тренинг (5 минут) «Сіздер... білесіздер : Бірақ... білмейсіздер». Іс – шараға қатысушы аталар, әжелер өздерін таныстыру мақсатында тренингке қатысады. Олар өздерінің ата , әже ретінде атқарып жүрген маңызды істерімен таныстырады.
Мысалы :
1.Сіздер менің
қамқор ата екенімді білесіздер , бірақ 10 немерем бар екенін білмейсіздер.
2.Сіздер менің
қатал екенімді білесіздер, бірақ немере десе, ішкен асымды жерге қойып уақытымды соларға арнайтынымды білмейсзідер.
3.Сіздер менің 9 немерем бар екенін білесіздер, бірақ немерелеріме атқа мінуді үйреткенімді білмейсіздер. (Бұл шартты түрде алынған мысалдар, аталар, әжелер білетін, білмейтіндерді қалауына қарай өзгертіп айтады).
Конақтарға сөз беріледі.
Модератор : Рақмет, ата – әжелер!

ІІІ. Ой қозғау

























ІV Практикалық бөлім

Модератор : Құрметті қонактар, экранға назар аударайық.
Бейнебаян «Туыстық қарым – қатынас – баға жетпес байлық».
Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса ата - ананың, баланың міндетін атқару ғана емес, береке - бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз.

Ата мен ана – бала тәрбиесінің қамқоршысы, өнегесі.
Ата - асқар тау,
Ана – бауырдағы бұлақ,
Бала жағасындағы құрақ

Ата мен әже – әкенің әкесі мен шешесі. Көптеген немерелер атасы мен әжесінің тәрбиесінде өседі. Ержеткенде атасы мен әжесіне қолғанат болып, көмектеседі. Әжесін немерелер тыңдап, құрметтеп, сыйлайды.
Әке мен ана – баланы дүниеге әкелуші, асырап - бағушы, тәрбиелеп - өсіруші, ең жақын қамқор адамдар. Бала – ата - ананың ұрпағы, өмірінің жалғасы, қуанышы, үлкен үміті.
Модератор : Бүгінгі күн өмірде ағайын адамдардың бір-бірімен тіл табыса алмай, бір – бірін мәңгі көрместей болып, ат – құйрығын кесісіп жатқан жайттар жиі кездеседі. Туыстық қарым – қатынасымызды нығайтудың орнына, үзуге бейім болып барамыз. Ағайын – туыспен той мерекелерде ғана кездесіп қалғанымыз болмаса, арнайы жолға шығып, жүздесіп қайтуды ұмыта бастадық. Осының салдарынан ағайын арасы бірте – бірте суып бара жатқандай. Неліктен деп ойлайсыздар? Ойларыңызбен бөлісе кетсеңіздер!
Қатысушалыр ойларымен бөліседі.

Модератор: Қазақ дәстүрінің ішінде қаймағы бұзылмаған салттың бірі – табақ тарту рәсімі. Қонағына қой сойса да, кәдесінен жаңылмаған қазақ халқы той-томалақ болсын, тума – туыс, құда – жегжат, келген қонағына сыйлы асы – етті кәделеп ұсынған. «Ата сөзі – ақыл көзі» демешкі өздеріңізден әр табаққа қандай

ет тарту керектігі туралы ақыл – кеңестеріңізді тыңдай кетсек. Сөз тізгіні өздеріңізде.
Қазақ халқында мал сою – үлкен өнердің бірі. Мал сойғанда оны жығып, төрт аяғын мықтап байлап, бауыздайды, терісін сыпырып, бас, сирағын алғаннан кейін төс етін бөлек сылып алады, жас төстікті тұздап, үйіту, пісіру, бөліп жеу, үлкендерге ауыз тигізу салты бар.

Сол сынды табақ тарту да – өнер. Құтты қонақтардың алдына жасалған табақтар тартылады. Қазақта еттен табақ тартқанда оның ерекше құрмет дәрежесін білдіретін бірнеше табақ аттары бар. Осындай табақтарды жасау үшін, осы табақтарды жасағанда әдет-ғұрып пен салт-сананы білетін адам болған жөн. Әр табақ атына, маңызына қарай жасалады.
Жиын-тойларға сойылған малды қонақтарға арнайды. Малдың әр мүшесінің атаулары бар. Қонақтарға сол мүшелерден бөлінетін сыбағалары бар. Сыйлы қонақтарына ең жақсы жерін атап салады. Қонақ келсе, қазан көтерген қазақ халқы қазанға еттерін атап салып, табақ жасағанда аталып жасалып, сый табақтары тартылады.

Табақ бас табақ, орта табақ, сый табақ, аяқ табақ деп төртке бөлінеді. Тағы да төменде беріліп отырған табақтың түрлері бар. Әр қайсысы табақ иелеріне қарай жасалады.

Ет пісіп дайын болған соң, ет бөлуші кісіге қай қонаққа табақ тарту керектігін айтады. Табақ жасаушы кісі қамыры салынған дайын табаққа қадірлі қонаққа арнап бас, жамбас, қазы-қарта, жал-жая, құйрық, сүбе, әсіпті бөліп-бөліп, адам санына қарап жасап береді. Табаққа жылқы, сиыр, қой еттерін араластырып салады.
Ата – әжелер сөз алады.

Құда табаққа – жылқы, сиыр, қой еттері кіреді. Мүше еттерден тоқпан жілік, жамбас, омыртқа салынады. Құдаларға құйрық-бауырды жеке дайындайды. Бауыр мен құйрықты тілшелеп кесіп, пияз, қаймақ, айран араластырып жасайды.

Құдағи табаққа – жақ, қазы-қарта, қарын, тоқ ішек, асықты жілік, жылқы, сиыр, қой еттерін салады. Қазақ халқы малдың жағын құдағидың сыбағасы деп береді.

Жеңге табаққа – асықты жілік, сүбе, қабырға, мойын омыртқа, қазы-қарта, құйрық, өкпе, үлтабар салынады. Ұлтабар – келіндердің сыбағасы. Ұлды қастерлейтін қазақ халқы осы мүшені ұлдың анасы келіндікі деп бөлген.

Беташар табаққа – сүбе, төс ет,  қарын, ащы ішек, құйымшақ, мойын омыртқа кіреді. Мойын омыртқа – жас келіннің сыбағасы.

Күйеу табаққа – төс, тоқпан жілік, қабырға, омыртқа еті, жылқы қазысы, қарта, жауырын, қой еті кіреді. Төсті қазақта күйеу сыбағасы дейді. Күйеу болып қайын жұртына бірінші рет келген күйеу жігіт «Күйеу табаққа» ақы беріп сатып алатын салт бар.

Қыз табаққа – құйымшақ, тоқпан жілік, беломыртқа, құйрық, қабырға, жылқы, сиыр, қой еттері кіреді. Тағы да қыздарға жүрек, тіл, бүйрек салынады.

Құрдас табаққа – тоқпан жілік, омыртқа, сүбе, қабырға, қазы, құйрық салынады.

Аяқ табаққа – еттің басқа мүшелерінен жасалады. Бұл табақ ауыл адамдары мен көмекші адамдарға жасалады.

Бала табаққа – беломыртқа, қабырға, бүйрек, бақай, асықты жілік, жылқы, сиыр, қой еттері салынады.
Қалыптасқан дәстүр бойынша бас ұстаған қонақ әуелі өзі бір кесіп ауыз тиеді де, содан кейін табақтастарына құйқа үлестіріп, тегіс ауыз тигізеді. Осыдан соң жарым жарты құйқасын сақтай отырып орта табақтағы жасы үлкен адамға ұсынады.
Кейіннен басты мал иесінің өзіне ұсыну салты қалыптасқан.
Рисунок 1 Рисунок 5 Рисунок 6 .

Сергіту сәті

Сергіту жаттығуы.

Бүгінгі дөңгелек үстелде жақсы көңіл-куйде болдым десеңіз аяқты еденге соғайық.

Адамгершілігі мол адамдар орнымыздан тұрайық.

Осы мектеп туралы жақсы ой пікірдегі адамдар бәрі керемет деп айқайлаңыздар.

Бүгінгі  кездесуге қуаныштылар ду қол шапалақтайық!

Рефлексия

Модератор: Туыстық қарым-қатынас - бір-біріне қол үшін беріп, көмек көрсету тұрғысында да өзінің кең пейіл бауырмалдығымен, дархандылығымен, жомарттығымен байқалады. Бейнероликте көрсетілгендей, отбасылық, туыстық қарым-қатынас бірінші отбасынан, ата-анадан басталады. Сондықтан да, осы қасымыздағы ата-анамызды, туыстарымызды бағалай білейік!









































«№5 мектеп – лицей» КММ



«Даналық мектебі» жобасы аясында өткізілген
«Туыстық қарым - қатынас – баға жетпес байлық» тақырыбында
4 сынып ата – аналарының жиналысы.

Picture 5

Жауаптылар:
4а Л.Ж.Дәрменқұлова
4б Ж.Ә.Тыныштықова
4в И.Н.Кожамуратова
4г А.С.Мұхамбедиярова



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!