Материалдар / «ҰБТ-де балаға психологиялық қолдау көрсету» ( 11 сынып ата-аналарына арналған коучинг–тренинг )
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«ҰБТ-де балаға психологиялық қолдау көрсету» ( 11 сынып ата-аналарына арналған коучинг–тренинг )

Материал туралы қысқаша түсінік
11 сынып ата-аналарына психологиялық көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Қырқүйек 2018
4525
11 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


«Бекітемін» ______

Мектеп директоры:

Қ. Х. Адилбекова

«___» ______2017 ж.









Тақырыбы:


«ҰБТ-де балаға психологиялық қолдау көрсету»

( 11 сынып ата-аналарына арналған коучинг–тренинг )







Дайындаған: педагог-психолог

Балымбетова А.С.
















2017-2018 оқу жылы

11 сынып ата-аналарына арналған

коучинг-тренинг жоспары

Мерзімі: 11. 01. 2018ж

Мұғалім: Балымбетова Айгерім Сагатбаевна

Ата-аналарға арналған коучинг-тренинг тақырыбы:

«ҰБТ-де балаға психологиялық қолдау көрсету»

Мақсаты:

  • Оқушыларды ҰБТ-де психологиялық қолдауда ата-аналарға көмек көрсету.

Міндеттері:

  • Оқушы мен ата-ана арасындағы байланысты күшейту;

  • Оқушылардың танымдық процессінің нәтижесімен ата-аналарды таныстыру;

  • Ата-аналарға психологиялық көмек беру;

Ресурстары: (материалдары, көздері)

Стикер, видеоролик «Звездочка на земле», тренинг-жаттығу, сауалнама, әдістеме.



Сергіту сәті.

Ата-аналарға ой салу.


Тұрсынбек Қабатов «ҰБТ»

Жоспар

  1. Ата-аналарға оқушылардың танымдық процессінің нәтижесімен таныстыру;

  2. Ата-аналардың стресске бейімділігін анықтау

Е. А. Литвак тесті.

  1. «Өмір шеңбері» тренинг

  2. ҰБТ-де балаға психологиялық қолдау көрсету.

Психологиялық кеңес.

  1. Ата-аналарға ситуациялық жағдаяттар;

  2. «Бес пайдалы кеңес» тренингінің нәтижесімен ата-аналарды таныстыру.


ҰБТ-де балаға психологиялық қолдау көрсету. Психологиялық кеңес.

Түйін: «Емтихан» латын сөзінен «сынау» деп аударылады. Дәл сол сынаудан 11 - сынып оқушылары әр түрлі жағдайда өтеді. Сынаудан жеңіл және тиімді өту үшін ата - аналар рөлі ерекше және де маңызды екенін түсініп отырсыздар.
ҰБТ - ті тапсыру қазіргі таңда жаңалық болмаса да, жасөспірімдерді, ата - аналарды күйзеліске әкелуі мүмкін. Сіз өзіңіздің қобалжуыңызды бала алдында қаншалықты жасырамын дегенменде жасыра алмайсыз. Сондықтан өзімізді ұстамдылыққа шақырып, ішкі күйзелісімізді білдіртпеуміз керек. Өйткені сіздің қобалжуыңыз балаға тез беріледі де, ал балада қобалжу пайда болып, өзіне деген сенімсіздікке бой алдырады.
Емтихан тапсырған кездегі сәтсіздіктер немесе сәттіліктердің барлығын жасөспірімнің өзіне артуға болмайды. Сол жауапкершілікке қол жеткізу үшін ата - ананың, ұстаздардың оны қоршаған ортасының ықпалы мен қолдауы ауадай қажет.

Стресс – адамның мазасыздығынан туындайтын көбіне өзі бейімделмеген жұмыстардың шамадан тыс болуына байланысты бейімделген психикамен организмнің өзгерістерге ұшырауына әкелетін процесс ретінде саналады. «Стресс» ағылшын сөзі, аудармасы «қысым, тартылыс, қысым келтіру» деген мағынаны білдіреді.
Стресс - ең басты сәтсіздіктің жауы. Ол үшін шындықты мойындатып, оған бейімделіп, шыңдалу керек. Мысалы: «ҰБТ ешқайда кетпейді, мен одан құтыла алмаймын, бұл сынақ менің өмірімде де болады» деп өзін үйретуде баласына ата - анасы ықпал ету керек.
Сынақ тәжірибесінде дәлелденгендей, кейбір ата - аналар алдын ала байбалам салып, шындықты көз алдына елестетудің орнына басқа әдістерді ойлап табуға жұмыстанады. Мысалы: таныс - тамыр іздеу, ақшамен шешіледі деген сияқты т. б бос әрекетке жол береді. Бұл баланың санасын улайды, босқа уақытын өткізеді. Ақыр соңында бала төмен ұпай жинайды.
Керісінше ата - ана баланың күн тәртібін қадағалап, дайындық курстарын жүйелі жоспарлап берсе, баланың басқа нәрсені ойлауға уақыты да болмайды. Себебі оның алдында бір мақсат бар. Бұл нәтижелі дайындық.

Ата-аналарға ситуациялық сұрақтар

І - топқа жағдаят
ҰБТ. Айтулы күн жақындаған сайын мектеп бітіруші баланың ұйқысы қашып, мазасыздана бастады. Ең алдымен ол мектептің, ата - анасы және өзінің абыройын ойлады. Осыған дейін тер төгіп дайындалған еңбегінің еш кеткенін қаламады. Оның үстіне ата - анасы баласына тым жоғары талап қойып отыр. ҰБТ күні ол төмен ұпай жинады. Баланың ата - анасы ретінде балаға қандай қолдау көрсетесіз. Оның төмен ұпай жинаған себебі?
ІІ - топқа жағдаят
Постер қорғау. Ата-аналарға «ҰБТ-де баланың жақсы көрсеткіш көрсетуі үшін балаға қалай көмектесе аламыз?» тақырыбында постер қорғайды.
ІІІ - топқа жағдаят
Сіздің 16 жасар қызыңыз және 2 жасар ұлыңыз бар.
Сіз екі мезгіл жұмыс жасайсыз. Қызыңыз биыл 11 сыныпқа келді. Алдында ҰБТ күтіп тұр. Әдетте, үй шаруасын тыңдырып, баланы да бағатын үлкен қызыңыздың күн тәртібін енді Сіз қалай өзгертесіз? Қызыңызға өз тарапыңыздан қандай қолдау көрсетіп, оның алдында күтіп тұрған емтиханға дайындалуына қалай жағдай жасайсыз?


Ата-аналарға Тұрсынбек Қабатовтың «ҰБТ» видеоролигі арқылы ата-аналарға баланың сабағына үнемі қадағалау жасау қажеттігі туралы ой салынады.














Ата-аналарға стресстің бала психологиясына кері әсері және одан арылу жолдары, ҰБТ-ге бала,а психологиялық қолдау кқрсету жолдары түсіндіріледі.






































Ата-аналардың баласымен қарым-қатынасын анықтау мақсатында ситуациялық жағдайлар беріліп, ата-аналар өз ойларын ортаға салады.


Ұсыныстар

  1. «Көп біріксе көл болады» демекші, егер оқушыға ата-ана, сынып жетекші, пән мұғалімі, психолог бәрі бірігіп көмек көрсетсе, жақсы нәтижеге жетуге болады.


Рефлекция

Ата-аналар тренинг сабақтан алған жағымды әсерлерімен бөліседі.

































Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!