Материалдар / ҰБТ-ға дайындық Құқық негіздері (9 сынып)
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ҰБТ-ға дайындық Құқық негіздері (9 сынып)

Материал туралы қысқаша түсінік
ҰБТ-ға дайындалуға арналған әдістемелік құрал (9 сынып)
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Шілде 2024
594
2 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

1.
2.

3.

4.
5.
6.

7.

8.
9.
10.

11.
12.
13.
14.
15.
16.
17.
18.
19.
20.

«Құқық» түсінігі
Қоғамдық қатынастарды реттеуде қолданылатын жүріс-тұрыс ережелері – Әлеуметтік
нормалар
Әлеуметтік нормалар:
Жалпыға міндетті мінез құлық ережесі;
Адамдардың қарым қатынастары арқылы қоғамда пайда болады;
Осы нормалардың көмегімен дұрыс, оңды көзқарастарын қалыптастырады;
Қоғамдағы тұрақтылық пен тыныштықты қамтамасыз етеді.
Әлеуметтік норма түрлері: Салт дәстүрлер, әдет ғұрыптар, мораль ережелері, діни
ережелер, құқық нормалары, этикалық ережелер, корпоративтік ережелер, саяси
ережелер, эстетикалық ережелер
Заңда бекітілген мінез құлық ережелері -Құқық нормалары
Құқық- мемлекет орнатқан және оның күшімен қорғалатын, жалпыға бірдей
қоғамдық қатынастарды реттейтін тәртіп нормаларының жиынтығы
Қоғамдық қатынастарды реттеу, қоғамды жөнге салу, тұрақтылыққа қол жеткізу, адам
мен азаматтың бостандығы мен құқығын, демократияны жүзеге асыру-Құқықтың
мәні
Құқықтың белгілері: Нормативтік, жүйелілік, жалпыға бірдей міндеттілік,
формальды анықтылық, мемлекеттің қамтамасыз етуі, құқықтың еріктілік
сипаты, реттеушілік, динамизм.
Құқық нормаларынан, мінез құлық ережелерінен тұратын белгісі Нормативтік.
Құқықтың бір бірімен байланысқан және нақты бір жүйеде орналасқан нормаларынан
тұратын белгісі Жүйелілік.
Жынысына, тегіне, ұлттық ерекшелігіне, әлеуметтік дәрежесіне, тұрмыстық деңгейіне,
дініне, саяси көзқарастарына қарамастан, бәріне бірдей міндетті болып табылатын
белгісі Жалпыға бірдей міндеттілік.
Құқық заңдар және басқа да нормативтік құқықтық ережелер түрінде ресми қалыпқа
енетін белгісі Формальды анықтылық.
Құқықтық нормалар бұзылған жағдайда мемлекет мәжбүрлі түрде шара қолдана
алатын белгісі Мемлекеттің қамтамасыз етуі.
Құқық нормаларында мемлекеттің еркі айқындалатын белгісі Құқықтың еріктілік
сипаты.
Құқық қоғамдық қатынастардың реттеушісі болып табылатын белгісі Реттеушілік.
Құқық қоғаммен бірге дамитын белгісі Динамизм.
Құқықтың негізгі функциялары: реттеушілік функциясы, қорғаушылық
функциясы
Құқықтың қосымша функциялары: тәрбиелік функциясы, идеологиялық
функциясы
Дұрыс мінез-құлық ережелерінің қалыптасуына бағытталған функциясы Реттеушілік.
Адам мен азаматтың еркіндігі мен құқығын қорғауға бағытталған функциясы
Қорғаушылық
Құқықтық ережелерді орындауда адамның санасына ықпал ете отырып, дұрыс
ұстанымдарды қалыптастырады - Құқықтың тәрбиелік функциясы.

21. Қоғамда әрбір адамға қажет болатын нақты бір идеяларды, теорияларды
қалыптастырады - Құқықтың идеологиялық функциясы.
22. Құқықтық нормалар моральдық нормалармен тығыз байланысты.
23. Мораль (адамгершілік) — жақсылық пен жамандық, әділеттік пен әділетсіздік,
адалдық пен арсыздық туралы адамның түсінігі мен сеніміне негізделген, адамның ісәрекетін реттеп отыратын нормалар мен ұстанымдар жүйесі.
24. Мораль — қоғамдық қатынастардың ең сенімді және күшті реттеушісі.
25. Құқықтық нормаларды мемлекет бекітеді және кепілдік береді.
26. Нормалар жалпыға бірдей міндетті заңдар және нормативтік-құқықтық актілер
түрінде көрініс табады.
27. Мораль туралы ғылым-этика.
Құқықтық мемлекет
1. Құқықтық мемлекет қазіргі заманғы өркениет дамуының жоғарғы сатысы және оның
басты жетістіктерінің бірі.
2. Қоғам мен жеке тұлғаның құқықтық қорғалуын өзінің басты мақсаты етіп қоятын
мемлекет -Құқықтық мемлекет.
3. Құқықтық мемлекет идеясы алғашқы рет заңды түрде бекітілді -АҚШ
Конституциясында (1787 жылы) және Францияда (1789 жылы) «Адам мен азамат
құқығы» Декларациясында.
4. Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабында жазылған: «Қазақстан
Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік
мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы — адам және
адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары».
5. Құқықтық мемлекет қағидаттары: Адам құқығы мен бостандығының үстемдігі
қағидаты; Билікті бөлу қағидаты; Заңның үстемдігі қағидаты; Сот пен заң
алдында барлығының теңдігі қағидаты; Мемлекет пен жеке тұлғаның өзара
жауапкершілігі қағидаты; Соттардың тәуелсіздігі қағидаты.
6. Құқықтық мемлекетте адамның өмірі мен бостандығы, құқығы жоғарғы құндылық
болып табылатын қағидат-Адам құқығы мен бостандығының үстемдігі қағидаты.
7. Заңдылықты қамтамасыз етіп, билікті шамадан тыс пайдалануға жол бермеу үшін
қажет қағидат -Билікті бөлу қағидаты.
8. Барлық азаматтардың, лауазымды тұлғалардың, мемлекеттік органдардың, қоғамдық
институттар мен ұйымдардың заң талаптарын тең дәрежеде орындау қажеттігін
білдіретін қағидат - Заңның үстемдігі қағидаты. Конституция дегеніміз — жоғарғы
заң. Кез келген заң істерін Конституция нормалары негізінде шешу керек.
9. Әр адам өз құқығын жүзеге асыра алады және әр адам өз құқығын қорғау үшін сотқа
арыздана алатын қағидат - Сот пен заң алдында барлығының теңдігі қағидаты.
10. Жекетұлғаның да, мемлекеттің де заң талаптарын орындауы қажеттігін білдіретін,
оны бұзғандары үшін жауапкершілікке тартылатын қағидат- Мемлекет пен жеке
тұлғаның өзара жауапкершілігі қағидаты
11. Соттардың сот төрелігін іске асырушы негізгі органдар екендігін білдіретін қағидатСоттардың тәуелсіздігі қағидаты.
12. Сот бағынады: тек қана Конституция мен Заңдарға.
13. ҚР Соттары қалыптасады -тұрақтылық негізінде.

14. Құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам туралы айтып кеткен: ежелгі ойшыл,
философ, шығыс данышпаны Әл Фараби «Қайырымды қала тұрғындарының
көзқарастары» атты трактатында.
15. Құқықтық мемлекет құру жолында көптеген кедергілерді шешу үшін қарастырылған:
Қазақстан Республикасында түрлі мемлекеттік бағдарламалар.
16. Мысалы, 2017 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы. Бұл бағдарламаға сәйкес
Қазақстанды күшті және жауапты адамдардан

тұратын біртұтас елге айналдыру үшін қоғамның түсінігі, санасы өзгеруі тиіс.
17. Құқықтық мемлекеттің қалыптасуы байланысты: қоғамға, әр адамға, лауазымды
тұлғаларға, мемлекеттік органдар мен билікке.
Азаматтық қоғам
1. Жеке тұлғалар мен топтардың мүддесін қанағаттандыратын адамгершілік, діни,
ұлттық, әлеуметтік экономикалық, отбасылық қатынастар мен институтардың
жиынтығы- Азаматтық қоғам.
2. Азаматтық қоғамның басты идеясы— субъектілердің: азаматтардың, ұйымдардың,
институттардың, бірлестіктердің тәуелсіздігі мен еркіндігі, дербестігі.
3. «Азаматтық қоғам» ұғымын қалыптастырды: өткен заманның ұлы ойшылдары
Аристотель, Цицерон, Г.Гроций, Т.Гоббс, Д.Локк, Гегель, К.Маркс т.б.
4. Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет идеялары туралы айтқан қазақ ойшылдары:
Абай, Шәкәрім, Ә.Бөкейханов
5. Азаматтардың өз меншігі, жекеменшік, мемлекеттік меншік құрайды: азаматтық
қоғамның экономикалық негізін.
6. Құқықтық мемлекет, демократия, жариялылық, тәуелсіз БАҚ (Бұқаралық ақпарат
құралдары) құрайды: азаматтық қоғамның саяси негізін.
7. Түрлі әлеуметтік қауымдастықтар құрайды: азаматтық қоғамның әлеуметтік
құрылымын. Бұл жерде маңызды рөл атқарады: жекеменшік дамуы және орта тап.
8. Азаматтық қоғамда адамдар бірлестігінің түрлі институттары бар. Оларды мынадай
негізгі топтарға бөлуге болады:
9. Жекетұлғаның өмірлік қажеттіліктерін өтеуге қажетті қаражат алатын ұйымдар—
еңбек институты;
10. Жекетұлғаның ұрпағын жалғастыруға, рухани және физикалық тұрғыдан дамуға т.б.
деген қажеттіліктерін өтеуге бағытталған ұйымдар—отбасы институты;
11. Жекетұлғаның қоғам өмірін басқаруға деген қажеттіліктерін өтеуге бағытталған
ұйымдар—саяси институт;
12. Жекетұлғаның түрлі қажеттіліктері мен мүдделерін қанағаттандыру үшін құрылған
ұйымдар—қоғамдық институт.
13. Қазақстандағы саяси партиялар: «Нұр Отан», «Ақ жол», «Қазақстан коммунистік
партиясы».
14. Партиялардың мақсаты — мемлекеттік билікке әсер ету, мемлекеттік билік үшін заң
аясында күрес жүргізу, қоғамның мүдделерін қорғау.
15. Отбасы— маңызы өте жоғары, азаматтық қоғамдағы басты институт.

16. Отбасы мемлекеттің ерекше қамқорлығында. Мемлекет отбасының берік болуына,
дамуына мүдделі.
17. Азаматтық қоғам құқықтық мемлекеттің дамуымен қатар туындайды және
шындыққа айналады.
18. Азаматтардың құқығы мен еркіндігі сақталады, олардың мүдделері мен құқығын іске
асыруға, мемлекеттік шешім қабылдау үдерісіне қатысуға жағдай жасалады Азаматтық қоғамда.
Конституциялық құрылым негіздері
1. Мемлекетті ұйымдастырудың Конституциямен бекітілген нақты формасы, нақты тәсіліКонституциялық құрылым
2. Әлеуметтік, экономикалық және саяси құқықтық қатынастар жүйесі-Конституциялық
құрылым негізі.
3. Конституциялық құрылым негізі- ҚР Конституциясымен және басқа да
конституциялық құқықтық актілермен бекітілген және қорғалады.
4. Құқықтың жетекші саласы-Конституциялық құқық.
5. Конституциялық құқық реттейді: конституциялық құрылымның негізін, жеке
тұлғаның құқықтық жағдайын, мемлекеттік құрылым мен билік түрін.
6. Елдің негізгі заңы Конституция.
7. ҚР Конституциясы қабылданған: 1995 жылы 30 тамыздағы референдумда.
8. Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізілген: 1998, 2007, 2011 және 2017,
2019, 2022 жылдары.
9. «Жалпы ережелер» деп аталатын бірінші тарауда баяндалады: конституциялық
құрылымның негіздері.
ҚР Конституциясының 1-бабы
Республика қызметінің түбегейлі принциптері: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық;
бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму; қазақстандық патриотизм; мемлекет
өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен, оның ішінде республикалық
референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу.
Қазақстан-республика
ҚР Конституциясының -3 бабы
Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы - халық. Халық билікті тікелей республикалық
референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды
мемлекеттік органдарға береді.Қазақстан Республикасында билікті ешкім де иемденіп кете
алмайды. Билікті иемденіп кетушілік заң бойынша қудаланады.Халық пен мемлекет атынан
билік жүргізуге Республика Президентінің, сондай-ақ өзінің конституциялық өкілеттігі
шегінде Парламенттің құқығы бар. Республика Үкіметі мен өзге де мемлекеттік органдар
мемлекет атынан оларға берілген өкілеттіктері шегінде ғана билік жүргізеді.
ҚР - демократиялық мемлекет.
Халық Конституцияны қабылдайды, мемлекет басшысы мен Парламентті тікелей сайлайды,
өкілеттілік мерзімі өткеннен кейін оларды ауыстыра алады. Мемлекет жеке азаматтардың
мүддесіне сай әлеуметтік жағдайына, тегіне, ұлтына қарамастан оларға сөз еркіндігін, тілі
мен ұлтын таңдау еркіндігін, бірлестіктерге бірігу еркіндігін беріп, мемлекеттік қызметке тең
дәрежеде кіруіне жағдай туғызады.

ҚР - зайырлы мемлекет.
Діни мекемелер мен діни наным-сенімдер мемлекеттен бөлінген; мемлекеттік немесе
міндеттелген дін жоқ; діни негізде партия құруға тыйым салынған; әр азамат ар-ұждан
еркіндігіне құқылы, яғни діннің қай түрін болса да қабылдауға, басқа дінге өтуге немесе
ешқандай дінді ұстанбауға құқылы.
5-бап. Республикада басқа мемлекеттердің саяси партиялары мен кәсіптік одақтарының
қызметіне, діни негіздегі партияларға, сондай-ақ саяси партиялар мен кәсіптік одақтарды
шетелдік заңды тұлғалар мен азаматтардың, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың
қаржыландыруына жол берілмейді.
Шетелдік діни бірлестіктердің Республика аумағындағы қызметі, сондай-ақ шетелдік діни
орталықтардың Республикадағы діни бірлестіктер басшыларын тағайындауы Республиканың
тиісті мемлекеттік органдарымен келісу арқылы жүзеге асырылады.
ҚР - құқықтық мемлекет.
1-бап. Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік
мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі,
құқықтары мен бостандықтары.
3-бап. Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен заңдар негізінде заң
шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік
жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР - әлеуметтік мемлекет.
– мемлекет адамға қызмет етеді;
– мемлекет жеке бір топтарға емес, тұтастай қоғамға қызмет етеді;
– мемлекет қиындықтар мен игіліктерді барлық азаматтарға біркелкі бөліп беруге
тырысады;
– мемлекет
әлеуметтік салаға (білім беру, денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет, әлеуметтік
жұмыспен қамтылу, еңбекті қорғау, халықтың өмір сүру деңгейі төмен топтарына
қолдау көрсетіп және әлеуметтік қамсыздандыру) қолдау көрсетеді;
– мемлекет азаматтардың күнкөріс деңгейін қамтамасыз етуін, өмір сүруге қажетті
жағдайлар туғызуын, оның ішінде өмірі мен денсаулығына экологиялық қауіпсіздікті
қамтамасыз етуін талап етуге құқылы екенін мойындайды;
– мемлекет қоғамда экономикалық еркіндікке жағдай туғызуды міндетіне алады.
ҚР- унитарлы (бөлінбейтін, біртұтас) мемлекет.
Унитарлы мемлекеттің құрамында автономия немесе басқа да мемлекеттік құрылымдар
болмайды. Мұнда біртұтас Конституция, біртұтас құқықтық жүйе, бірыңғай азаматтық,
бірыңғай Парламент, Үкімет, атқарушы органдар жүйесі және сот жүйесі болады.
Қазақстанның бүкіл аумағы әкімшілік-аумақтық бірліктерге бөлінеді.
Қазақстан Республикасы — президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет.
Республикада президент ең жоғарғы лауазымды тұлға болып саналады.

40-бап. 1. Қазақстан Республикасының Президенті - мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі
және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық
қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға. 2.
Республиканың Президенті - халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның
мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі.
3. Республика Президенті мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін
және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасы — егеменді мемлекет. Бұл біздің еліміз ішкі және сыртқы істерін
жүргізуде басқа елдерге тәуелді емес дегенді білдіреді. Қазақстан халқы біртұтас.
10. Қазақстанда құрылды: Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА).
11. Ассамблеяны басқарады: Қазақстан Республикасының Президенті.
12. ҚХА-ның басты мақсаты — мемлекеттің ұлт саясатын жүзеге асыру, Қазақстан
Республикасында қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету және қоғамдағы
мемлекеттік және азаматтық институттардың этносаралық қатынастар саласындағы
өзара әрекеттестігінің тиімділігін арттыру.
13. Саяси әрекеттер мен саяси пікірлер еркіндігі, көппартиялылықтың болуы,
азаматтардың қандай да бір партияға кіру немесе ешқандай партияға тіркелмеу
құқығының болуы- саяси көптүрлілік (плюрализм).
14. Конституциялық құрылым негіздерін, жекетұлғаның құқықтық жағдайын, басқару түрі
мен мемлекеттік құрылымды реттеп отыратын құқықтың жетекші саласы—
Конституциялық құқық.
15. Адамның мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған, заңмен қорғалатын ықтимал
мінез-құлық өлшемі— Адамның құқықтары мен бостандықтары.
16. Аса маңызды мәселе бойынша бүкілхалықтық дауыс беру— Референдум
Адам мен азамат құқықтары мен еркіндіктері
1. Туа салысымен пайда болатын, болжалды жүріс-тұрыс өлшемі— Адам құқығы.
2. Адам құқығына жататындар — өмір сүру құқығы, еркіндігі мен жеке өміріне
қолсұқпаушылық тәрізді табиғи және ажырамас құқықтар мен бостандықтар
жиынтығы.
3. БҰҰ Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясы қабылданды - 1948 жылы 10
желтоқсанда. 30 баптан тұрады және БҰҰ-ның барлық мүшелеріне міндетті болып
есептеледі.
4. Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясының мағынасы:
Бұл — мемлекеттің демократиялығы мен ізгілігінің үлгісі.
Бұл — түрлі мемлекеттердің Конституциясын құруға арналған үлгі.
БҰҰ-ға мүше болған мемлекеттер оны адам құқықтарының өлшемі деп
қабылдап, оған қосылды.
Бұл — мемлекеттер ұмтылатын биік мұраттар.
5. Адам құқығы концепциясы үш ережеден құрылған: әрбір билік шектеулі; әр
адамның өз әлемі бар, оған ешкімнің араласуына болмайды; әр адам өз құқығын
қорғау үшін мемлекетке жүгіне алады.
6. БҰҰ Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясы нақты құжат болу үшін
қабылдады - қосымша пактілер:Азаматтық және саяси құқықтар туралы

Халықаралық Пакт және Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар
туралы Халықаралық Пакт. Бұл үш құжат аталады Адам құқықтары туралы
Халықаралық Билль.
7. БҰҰ әзірледі:Адам құқықтары туралы Конвенциялар.
8. Конвенциялар: нәсілдік кемсітушілікті жою, әйелдерге қатысты кемсітушілікті
жою, бала құқығы туралы және т.б.
9. Адам құқықтары екі негізгі принципке сүйенеді: теңдік пен еркіндік.
10. Адам мен азаматтың құқықтары мен еркіндіктері көрсетілді - Қазақстан
Республикасы Конституциясының II бөлімінде. Ол 29 баптан тұрады, көптеген
бөлігі нақты құқықтар мен бостандықтарға нарналған.
11. Қажетті, дұрыс мінез-құлық шаралары— Адам міндеттері. Бұл шаралар Қазақстан
Республикасының Конституциясында бекітілген, мемлекетпен және қоғаммен
қамтамасыз етіледі.
12. Қазақстан Республикасы Конституциясының 27, 34–38-баптары:
Әркім Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа
адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге
міндетті.
Әркім республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті.
Заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді
төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады.
Қазақстан Республикасын қорғау – оның әрбір азаматының қасиетті парызы және
міндеті.
Қазақстан Республикасының азаматтары тарихи және мәдени мұралардың сақталуына
қамқорлық жасауға, тарих пен мәдениет ескерткіштерін қорғауға міндетті.
Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат
байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті.
Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу — ата-ананың етене құқығы
әрі міндеті.
Кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата-аналарына
қамқорлық жасауға міндетті.
13. Адам мен азамат құқықтары мен еркіндіктері: жеке (азаматтық), саяси, әлеуметтікэкономикалық, мәдени.
14. Азаматтық немесе жеке құқық -адамның жеке өмірін қорғайды.
15. Саяси құқық пен бостандық- мемлекет азаматтарына ғана тиесілі және оларға елдің
қоғамдық және саяси өміріне қатысуға міндетті болып табылады

16. Экономикалық құқық пен бостандық- адамның экономикалық саладағы заңды
мүмкіндіктерін анықтайды
17. Әлеуметтік құқық— белгілі бір материалдық немесе материалдық емес игіліктерді
мемлекеттен алуға ұмтылу мүмкіндігі

18. Адамның мәдени құқығы— адамның мәдени және ғылыми салада әрекет жасау
мүмкіндігі.
19. Адамның мәдени құқығы тұлғаның рухани дамуын қамтамасыз етеді.
20. Адам құқығын шектеу — адам бостандығының шегі, мінез-құлқының шегарасы.
21. ҚР Конституциясының 39-бабында шектеулер енгізіледі: конституциялық
құрылымды қорғау;қоғамдық тәртіпті қорғау;адамның құқықтары мен
бостандықтарын қорғау;халықтың имандылығы мен денсаулығын сақтау
мақсатында.
Мемлекеттік органдардың конституциялық жүйесі
1. Мемлекеттік билік органдары біртұтас жүйе.Олар мемлекеттің бөлінбес бір бөлігі
және мемлекеттік басқарудың негізі .
2. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, Қазақстан Республикасы —
президенттік басқару түріндегі унитарлы мемлекет.
3. Республикада мемлекеттік билік – біртұтас
4. Билік үш тармаққа бөлінеді: атқарушы, заң шығарушы және сот билігі.
Қазақстан Республикасының Президенті
Мемлекеттік органдар жүйесін басқарады: Қазақстан Республикасының Президенті.
Президент ерекше орын алады: біртұтас биліктің бөлінуі және тежемелік әрі тепетеңдік жүйесінде.
5. Президентті сайлайды халық.
6. Президент қамтамасыз етеді:тәуелсіздіктің, аумақтық тұтастықтың және ел
қауіпсіздігінің кепілін, Конституцияның сақталуын және мемлекеттік билік
тармақтарының келісіп жұмыс істеуін.
7. ҚР Президенті сайланады-жеті жылға.
8. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
сайланды-1990 жылы 24 сәуірде.
9. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің халыққа
арнаған үндеуінде Қазақстан Республикасының Президенті ретіндегі өкілеттігін
тоқтататындығы жөніндегі шешімін жариялаған уақыты—2019 жылы 19 наурызда.
Мемлекет басшысы қызметін одан әрі жалғастыру мәселесі Конституция бойынша
шешілді.
10. Қазақстан Республикасы Конституциясының 48-бабына сәйкес, мемлекетті басқару
міндеті президенттік сайлау өткенге дейін жүктелді- Парламент Сенатының
төрағасы Қ.Тоқаевқа
11. Қасым-Жомарт Тоқаев ант қабылдап, Қазақстан Республикасының Президенті
қызметіне кірісті- 2019 жылдың 21 наурызында.
12. Астана қаласының атауы Нұр-Сұлтан болып өзгертілді—2019 жылғы 23 наурыздағы
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың №6 Жарлығымен.
13. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды-2019
жылы 9 маусымда өткен кезектен тыс сайлауда
14. Тумысынан Қазақстан Республикасының азаматы; Қырық жасқа толған; Мемлекеттік
тілді еркін меңгерген; Соңғы 15 жыл Қазақстан Республикасының аумағында тұрған;
Жоғары білімі бар Республика азаматы-ҚР Президенті бола алады.
Қазақстан Республикасының Парламенті

15. Қазақстан Республикасының заң шығару функциясын жүзеге асыратын Республиканың
ең жоғарғы өкілетті органы—Қазақстан Республикасының Парламенті .
16. Қазақстан Республикасы Парламентінің құқықтық мәртебесі бекітілген Конституцияның IV бөлімінде (49–63-бб.)
17. Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі палатадан тұрады — жоғарғы палата —
Сенат және төменгі палата — Мәжілістен.
18. Сенат Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен құралады: әр облыстан,
республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының
астанасынан екі адамнан өкілеттік ететін депутаттардан.
19. Президент сайлайды-Сенаттың 15 депутатын.
20. Сенат депутаттарын сайлау іске асады: жанама сайлау негізінде жасырын дауыс беру
арқылы.
21. Сайланған депутаттардың жартысы қайта сайланады: әр үш жыл сайын.
22. Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі — 6 жыл.
23. Мәжіліс 107 депутаттан тұрады.
24. Мәжілістің 98 депутатын сайлау іске асады: жалпы, тең дәрежедегі, тура сайлау
негізінде жасырын дауыс беру арқылы.
25. Мәжілістің 9 депутатын сайлайды: ҚХА.
26. Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі- 5 жыл.
27. Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын және оның аумағында соңғы 10
жыл бойы тұратын жекетұлға-Парламент депутаты бола алады.
28. 30 жасқа толған, жоғары білімді, еңбек өтілі 5 жылдан кем емес және сол облыстың
аумағында, республикалық маңызы бар қалаларда немесе Қазақстан Республикасының
астанасында 3 жылдан кем емес уақыт тұратын жекетұлға-Сенат депутаты бола
алады.
29. Парламент депутатына қойылатын талаптарға лайық, 25 жасқа толған жекетұлғаМәжіліс депутаты бола алады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі
30. Атқарушы билікті жүзеге асырады-Үкімет.
31. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құқықтық мәртебесі бекітілген -Қазақстан
Республикасы Конституциясының V бөлімінде (64–70-бб.).
32. Алқалы орган және өзінің қызметінде Республика Президентінің алдында жауаптыҮкімет.
33. Конституцияда қарастырылған жағдайларда, Парламент Мәжілісі мен Парламент
алдында жауапты.
34. Қазақстан Республикасының Президенті құрады және Премьер-Министр басқарадыҮкіметті.
35. Үкіметтің құрамына кіреді -17 салалық министрлік, екі агенттік.
Қазақстан Республикасындағы сот билігі
36. Сот билігін жүзеге асырады:Республиканың Жоғарғы соты, республиканың жергілікті
және басқа соттар жүйесі.
37. ҚР соттарының құқықтық мәртебесі бекітілген-Қазақстан Республикасы
Конституциясының VII бөлімінде (75–82-бб.).
38. Жергілікті соттарға жататындар:

1) облыстық және оған теңестірілген соттар (Республика астанасының
қалалық соты, республикалық маңызы бар қалалардың қалалық соттары);
2) аудандық және оған теңестірілген соттар (қалалық сот, аудан-аралық сот).
39. Қазақстан
Республикасында
басқа
да
соттардың
құрылуына
болады:
мамандандырылған соттардың (әскери, қаржылық, экономикалық, әкімшілік,
кәмелетке толмағандардың істері бойынша және т.б.).
40. Сот билігі жүзеге асырылады:сотта іс жүргізудің азаматтық, қылмыстық және заңмен
белгіленген өзге де формалары арқылы.
41. Сот билігі жүзеге асырылады: Қазақстан Республикасының атынан
42. Сот билігі өзіне мақсат етіп қояды: азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын,
бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды, Республика Конституциясының,
заңдарының, өзге де нормативтік-құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының
орындалуын қамтамасыз етуді.
43. Қазақстан Республикасында сот билігін тек қана сот жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының сот жүйесі:
44. Жоғарғы сот— азаматтық, қылмыстық және өзге де істер жөніндегі жоғарғы сот
органы
45. Жергілікті соттар—облыстық, аудандық, қалалық
46. Басқа да соттар—әскери, қаржылық, экономикалық, әкімшілік, кәмелет жасына
жетпегендердің ісі бойынша
Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқаруы
47. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару бекітілген -Қазақстан
Республикасы Конституциясының VIII бөлімінде (85–89бб.).
48. Жергілікті мемлекеттік басқаруды жүзеге асырады: жергілікті өкілетті және
атқарушы органдар.
49. Жергілікті өкілетті органдар — мәслихаттар — тиісті әкімшілік-аумақтық
бөліністегі халықтың еркін білдіреді және жалпы мемлекеттік мүдделерді ескере
отырып, оны іске асыруға қажетті шараларды белгілейді, олардың жүзеге асырылуын
бақылайды.
50. Жергілікті атқарушы органдар — әкімдер — Қазақстан Республикасының атқарушы
органдарының бірыңғай жүйесіне кіреді. Тиісті аумақтың мүддесі мен даму қажеттілігін
ұштастыра отырып, атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатын жүргізуді
қамтамасыз етеді.
51. Барлық мемлекеттік органдар бір-бірімен өзара әрекеттесіп, елдің Конституциясы мен
заңдары негізінде жұмыс істеуі тиіс.
Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі
1. Құқықтық демократиялық мемлекеттің маңызды белгісі—Лауазымды тұлғаларды,
мемлекеттік билік органдарын, сонымен қатар тұрғындарды өзін-өзі басқару
органдарына азаматтардың тікелей дауыс беру арқылы сайлауы.
2. Сайлауға қатысу іске асады: 18 жастан бастап ерікті түрде.
3. Сайлауға қатыса алмайды-Сот арқылы әрекетке қабілетсіз деп танылған, сонымен
қатар сот шешімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырған
азаматтар.

4. ҚР Конституциясына сәйкес халық билікті жүзеге асырады: тікелей республикалық
референдум арқылы және еркін сайлау арқылы
5. Билікті жүзеге асыруды тапсырады: мемлекеттік органдарға.
6. Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Конституциялық заң қабылданды1995 жылы 28 қыркүйекте
7. Сайлау кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттеп отыратын
конституциялық-құқықтық нормалар жиынтығы—Сайлау құқығы.
8. Сайлау құқығы — азаматтардың саяси құқықтарының бірі.
9. Белсенді сайлау құқығы— Қазақстан Республикасы азаматтарының сайлауға,
анықтап айтқанда, Президент сайлауына, Мәслихат және Мәжіліске депутаттар
сайлауға және жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлауға қатысуға құқығы.
10. Пассивті (енжар) сайлау құқығы— ҚР азаматтарының Конституцияда және
Конституциялық заңда бекітілген сайлау туралы шектеулерді сақтай отырып, аталған
органдарға сайлану құқығы.
11. Қазақстан Республикасы азаматтары сайлауға қатыса алады: жалпыға бірдей, тең
және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы.
12. Жалпыға бірдей сайлау құқығы Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу
тегіне, әлеуметтік лауазымы мен мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне,
ұлтына, тіліне, діни қатынастарына, наным-сеніміне немесе басқа да
жағдайларына қарамастан сайлауға қатыса алатынын білдіреді.
13. Қазақстан Республикасында сайлау өтеді-теңдік жағдайында.
14. Республикадағы сайлауда дауыс беру -жасырын түрде жүргізіледі. Осы мақсаттарға
сәйкес дауыс беру бюллетенін жабық кабина ішінде толтыру қарастырылған.
15. Сайлау жүйесі мен сайлау құқығы бір-бірімен өзара тығыз байланысты.
16. Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесіне Конституция және Конституциялық
актілерде қарастырылған Президентті, Парламент пен Мәслихат депутаттарын,
жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлау тәртібі кіреді.
17. Тар мағынадағы сайлау жүйесі дегеніміз — дауыс беру нәтижесіне байланысты
кандидаттар арасында мандат үлестіру.
18. Сайлау жүйесінің үш негізгі түрі бар:мажоритарлы, пропорционалды (шамалас)
және аралас мажоритарлы-пропорционалды.
19. Көпшілік дауысқа ие болған адам сайланған болып есептеледі-Мажоритарлы жүйеде.
20. Пропорционалды жүйе қолданылады: қазіргі заманда әлемнің 60-тан астам
елдерінде.
21. Пропорционалды жүйе пайдаланылады: көпмандатты сайлау округтерінде.
22. Мажоритарлы-пропорционалды жүйе екеуінің де жағымды жақтарын қамтиды.
Мұндай жағдайда депутаттық мандаттардың бір бөлігі мажоритарлы, ал екіншісі
пропорционалды жүйенің ережелеріне сәйкес беріледі.
23. Қазақстанда сайлау жүйесінің екі түрі де қолданылады: пропорционалды сайлау
жүйесі, қатыстық және абсолютті көпшіліктің мажоритарлы жүйесі.
24. Егер дауыс беруге сайлаушылардың 50 пайызы қатысқан болса, сайлау өтті деп
саналады.
25. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 50%-нан астамы дауыс берген жағдайда ғана
кандидат сайланды деп есептеледі.

26. Республикада сайлауды бір жүйені құрайтын-сайлау комиссиялары
ұйымдастырады және өткізеді. Оған кіретіндер:
—Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиялары;
—Аумақтық сайлау комиссиялары;
—Аймақтық сайлау комиссиялары;
—Бөлімшелік сайлау комиссиялары.
27. Сайлау — елдің егемендігін білдіретін, биліктің бастауы ретіндегі оның саяси
рөлін көрсететін өзекті механизм.
28. Сайлау — барлық адамдардың ерік-жігерін білдіру мүмкіндігі.
29. Сайлау:
—азаматтардың саяси өкілеттігін қамтамасыз етуге;
—олардың мүддесін білдіруге;
—қоғамдағы пісіп-жетілген қайшылықтарды шешуге;
—саяси элитаның құрамын жаңартуға;
—қоғамдық игіліктер ұстанымдарын қайта қарастыруға немесе бекітуге;
—мемлекеттің саясатына ықпал етуге;
—биліктің заңдылығын нығайтуға, қоғамды біріктіруге және шоғырландыруға;
—азаматтардың саяси жағынан білімді болуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
30. Республикадағы сайлау -Республика азаматының сайлауға және сайлануға деген өз
құқығын еркін пайдалану негізінде жүзеге асады.
31. ҚР-ның әр азаматы сайлау кезінде өз ойын білдіруге құқылы.
Азаматтық құқық түсінігі
1. Мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастарды реттеп отыратын құқықтық нормалар
жиынтығы— Азаматтық құқық.
2. Оның мақсаты — қоғамда экономикалық қатынастарды дамыту және азаматтық
құқық субъектілерінің заңды мүддесін қорғауды жүзеге асыру.
3. Мүліктік қатынастар мен жеке мүліктік емес қатынастар реттеледі-Азаматтық
кодекспен.
4. Азаматтық кодекс екі бөлімнен тұрады: Жалпы және Ерекше.
5. Жалпы бөлім қабылданды-1994 жылғы 27 желтоқсанда
6. Ерекше бөлім қабылданды- 1999 жылы 1 шілдеде.
7. Азаматтық құқық субъектілері — азаматтық құқықтық қатынастарға
қатысушылар.
8. Азаматтық құқық нормаларымен реттеледі:субьектілердің құқықтары мен
міндеттері, өзара іс-әрекеттері.
9. Азаматтық құқық субъектілеріне жататындар:
—жекетұлғалар (Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдік азаматтар,
азаматтығы жоқ тұлғалар).
—заңды тұлғалар — ұйымдар, кәсіпорындар, коммерциялық және
коммерциялық емес ұйымдар. Заңды тұлғалар кәсіпкерлік қызметпен
айналысады;
—мемлекет — мемлекеттік билік органдары, лауазымды тұлғалар және
жергілікті өзін-өзі басқару органдары.
10. Азаматтық құқық қағидаттары — осы құқық саласының негізгі идеялары. Олар
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің Жалпы бөлімінің 2-бабында
көрсетілген.

11. Азаматтық құқық қағидаттары:
азаматтық-құқықтық қатынас субъектілерінің теңдігі;
меншікке қолсұқпаушылық;
азаматтық-құқықтық келісімшарт бостандығы;
жеке істерге мемлекет пен үшінші жақтың араласпауы;
тұтынушылар мен кәсіпкерлерді азаматтық-құқықтық қатынастардың негізгі
субъектілері ретінде қорғау;
несие берушінің заңды мүддесі мен құқығын қорғау;
азаматтық құқықтардың қорғалуы.
12. Азаматтық-құқықтық қатынас субъектілерінің теңдігі қағидаты- азаматтық
құқыққа ие болуда, оны іске асыру мен қорғауда азаматтық-құқықтық қатынас
субъектілерінің барлығы тең және тәуелсіз болуы
13. Меншікке қолсұқпаушылық қағидаты-меншік иесінің өз мүлкін заңмен тыйым
салынбаған, кез келген мақсатына жету үшін еркін, өз қалауынша пайдалана алуы
14. Келісімшарт бостандығы қағидаты-кез келген тұлға өз қалауы бойынша және
сыртқы біреудің мәжбүрлеуінсіз келісімшарт жасай алады (немесе жасамайды);
келісімшарт жасағысы келетін тарапты таңдай алады; келісімшарт түрін таңдай алады;
келісімшарттың шарттарын анықтай алуы.
15. Азаматтық-құқықтық келісімшарт: өзара келісіммен және ерікті түрде жасалған
келісімдер.
16. Жеке істер мен жеке өмірге басқа біреудің қисынсыз араласуына жол бермеу
қағидаты- әрекетке қабілетті азаматтардың немесе заңды тұлғалардың өз мүліктерін
пайдалануға, кірістерін бөлісуге, табыстарын пайдалануға басқару және билік
органдарының, ата-аналардың, басшылардың және басқа да тұлғалардың араласуына
тыйым салуы.
17. Кәсіпкерлер мен тұтынушылардың құқықтарын қорғау- экономиканы және
кәсіпкерлікті дамыту.
18. Заң тұтынушылардың мүддесін қорғайды.
19. Кез келген азаматтық міндеттеменің қажетті тұлғасы және ереже бойынша міндеттеме
бұзылған жағдайдағы жәбірленуші тарап— Несие беруші.
20. Несие берушіні қорғау борышкерге барлық орындалмаған немесе тиісінше
орындалмаған міндеттемелердің салдарын жүктеу
21. Несие берушілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау қағидаты- несие
берушіні кездейсоқ орындалмай қалған міндеттемелер тәуекелінен және несие
берушінің алдындағы өз міндеттемесін бұзған борышкердің кінәсін дәлелдеу
машақатынан босату.
22. Азаматтық кодекс жауапкершілік жүктейді: борышкерге ақша қайтаруды
кешіктірген әр күні үшін тұрақсыздық айыбын өтеу түріндегі.
23. Қазақстан Республикасының Конституциясы азаматтардың өз құқықтарын қорғау
құқығына баса назар аударуы (13-бап)-Азаматтық құқықтардың қорғалуы.
24. Азаматтық құқықтарды қорғау жөніндегі негізгі орган—Сот.
25. Азаматтық құқық бұзылған жағдайда субъект мемлекеттік соттан бөлек жүгіне алады:
арбитраждық (үштік) сотқа.
26. Материалдық және процессуалдық жағдайлар сақталса, бұндай сотқа жүгінуге
болады. Ал сақталмаған жағдайда арбитражды соттың шешімі мемлекеттік соттың
шешімі секілді міндетті орындалуға жатады.
27. Кейбір жағдайда заң азаматтық құқықты өздігінен қорғауға мүмкіндік береді.
Мысалы, кепілпұлды ұстап қалу туралы (АК-тің 338-бабы), қарсы міндеттемені
орындауды тоқтата тұру (АК-тің 284-бабы)

28. Азаматтық құқықтарды қорғаудың ең әмбебап тәсілі — келтірілген шығынды өтеуді
талап ету.
29. Азаматтық құқық пәнінің екі түрі бар. Олар: мүліктердің азаматтық айналымына
қатысты қоғамдық қатынастар; мүліктің нақты құны бар—мүліктік
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!